Оның қызметінің тарихынан тағылым ала отырып, бүгіндері жаңа мыңжылдықтың жолына түсе отырып, адамзат баласы қауіпсіздікке, тұрақтылыққа және дамудың беріктігіне ұмтылуда.Ұлы Жібек жолы бүкіл әлемге танымал жол болатын. Батыс пен Шығысты, бітімгерлік пен ынтымақтастыққа ұмтылған халықтарды өзара байланыстырған бұл жол мәдени - экономикалық көпір іспетті еді.Қазіргі уақытта осы көне керуен жолын жаңғыртудың, халықаралық мәдени - экономикалық байланыстағы рөлінің маңызы жөніндегі еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Ежелгі жібек жолының жалпы сұлбасымен XXI ғасырда мұнай - газ құбырлары тартылады, солар арқылы Орталық Азияның мұнай мен газы экспортын дамыту Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат, бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді», - деп көрсетіп берді. Бүгінде ежелгі алып мемлекеттер жоқ және географиялық шекаралары да өзгер¬ген, ал онда тұрып жатқан адамдар әйтсе де өмірлік маңызы бар экономикалық өзара әрекеттесуге мұқтаж әрі көрші халықтардың өмірі мен мәдениет танымын көксеп келеді. Тарихи, экономикалық және табиғи байланыс, сонымен қатар діни ортақтық халықтардың жақындасуында маңызды рөл атқарады. Елдер арасындағы жан-жақты байланыстарды орнату шеңберінде Жаңа Жібек жолын құруды күшейту, шын мәнінде, үйлесімді дамуға, бейбітшілікке жетуге және халықтардың жарасымды өмір сүруіне бағытталған.