Тақырыбы:“Математика кафесі



бет10/16
Дата24.01.2023
өлшемі1,78 Mb.
#62628
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
мат кафе (бітті)

Рене Декарт(фр. René Descartes [ʁəˈne deˈkaʁt], лат. Renatus Cartesius; (1596-1650жж.) — француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды. Ол дуализмдік (қоснегізді) идеалистік философия жүйесін жасап, әйгілі "Ойлағандықтан бармын" (ойлау болмысты анықтайтын бірегей негіз) нақылын тұжырымдады. Ол анық, толық ақиқатқа жету үшін "бәрінен күдіктену" әдіснамасын жасап, қазіргі заманғы батыс философиясының рационализм бағытының көшбасшысы болды.



Қайтыс болған күні:

11 ақпан 1650

Қайтыс болған жері:

СтокгольмШвеция патшалығы

Азаматтығы:

Франция

Ұлты:

Француз

Шығармашылығы

Шығармалардың тілі

Француз тілі

Мектеп/дәстүр

Декартшыл философия, Ұлықұрлық рационализмі

Бағыты:

Еуропа философиясы

Кезең:

XVIIғ. философиясы - Жаңа дәуір философиясы

Негізгі қызығушылығы:

метафизикаэпистемологияматематикамеханикафизика

Негізгі пікірі:

"Ойлағандықтан бармын" (Cogito ergo sum); методтуралы; Шегіне жеткізе күдіктену; Декарт координата жүйесі, Декарт дуализмі, Құдай барлығына онтологиялықсипаттама және дәлел беру; Еуропалық жаңа философияның негізгі мәселелері.

Ықпал еткендер:

ПлатонАристотельАнсельмФома АквинатОккам, Суарез, Мерсенн

Ықпалды жалғастырушылар:

Спиноза, Арно, Мальбранш, ЛоккЛейбницКантГуссерльСартрХайдеггер.

Қотаңбасы:



Ғұмырбаяны[өңдеу]
1596 жылы 31 наурызда Рене Декарт францияның Туреньдегі Эндр-Луарада (Лаэ, қазір "Декарт" деп аталады,) дәрежесі төменірек ақсүйек отбасында дүниеге келіпті. Әкесі Joachim сол Лаэдегі Бретань парламентінің мүшесі болып сайлаған екен. 1 жасында 
Декарттың шешесі өкпе туберкулезі ауыруынан қайтыс болады. Бала Декартқа шешесінің ауруы жұғып кеткендіктен, денесі әлжуаз, көп ауыратын бала болып өсіпті. Шешесі қайтыс болған соң әкесі басқа қыстаққа кетіп, сонда қайта үйленіпті. Декартты нағашы әжесі бағып өсірген екен. Ол әкесін сирек көріпті, бірақ әкесі оған экономикалық жағынан қамсыздандырып, жақсы тәрбие алуына заттық мүмкіндік жасап беріпті. Бұл оның тұрмыстық істерге назарын аудармай, өз арманына талпынуына мүмкіндік берген көрінеді.
1606, не 1607 жылы Декарт Ла-Флештегі иезуиттік қоғамның Королдік колледжіне түсіп білім алған. Онда ол математика, физика қатарлы пәндерді үйренген. Тіпті сонда әйгілі ғалым Галилео Галилейдің жұмыстарымен де танысқан көрінеді. 1616 жылы желтоқсанда аталған оқу орынын тамамдап, әкесінің қалауы бойынша адвокат болу үшін Пуатье университетіне заң мамандығын үйренеді. Университеттен кейін ол жұмыс таңдауда екіойлы болып, "Дүние деген ұлы кітаптың даналығын" оқу үшін еуропаны аралап көруге бел байлайды.

Декарт
Декарт былай деген болатын:



"Мен университетке мол білім алып, көкейімдегі сұрақтарыма жауап табамын, түрлі мәселелерді шешім ететін қабілетті игеремін деп түскен болатынмын. Университет бітіргенде байқасам, өзімнің дұрыс ойлай алмайтын, жаттанды сөз сөйлейтін, неге сенерін білмеген, білімі таяз топасқа айналыппын. Енді мен нағыз білімді дүние-өмірдің ұлы кітабынан алуға тиіспін."



1618 жылы Рене Декарт әскери қызмет өтеу үшін Нидерландтың Нассаудағы Морис қосынына тіркеледі. Бірақ Нидерланд және Испания ортасында соғыс тоқтату келісімі жасалғандықтан, ол осы бос уақытында математикалық білімін жетілдірумен болады.
Декарт өмір сүрген мезгілде латын тілі оқымыстылар тілі болды, ғылым мен философия латын тілінде жазылғаны белгілі. Сол дәстүр бойынша Декарт өз кітабына латынша атымен Renatus Cartesius деп қол қойған екен. Сондықтан кейде оның атындағы координата Картезий координатасы деп те аталады.
Оның математика мен физиканы біріктіру ойы осы Нидерландта әскери қызмет өтеп жүргенде пайда болады. 1618 жылы 10 қарашада жолдағы жарнама тақтайшасынан Фландрии тіліндегі мәселе есепті көріп қатты таңырқап, бір кісіге аталған есепті латыншаға аудартып алады. Оған көмектескен кісі одан 8 жас үлкен Isaac Beeckman деген кісі екен. Ол да математика мен физикаға ерекше қабілетті болып, біртіндеп Декарттың ұстазына айналады. 4 айдан кейін Декарт оған "Сіз мені бейғамдық ұйқысынан ояттыңыз ..." деп хат жазады және осы аралықта математикадан ашқан 4 жаңалығын жеткізеді. Оның әскери өмірі осылайша физика, алгебра, геометрия, логика, медицина қатарлы салаларда үйрену және ізденіс жасаумен өтеді.
1621 жылы Декарт әскерден қайтады.
1622 жылы 26 жастағы Рене Декарт әкесінен қалған мұраны түгел сатып жіберіп, сол қаражатқа еуропаны 4 жыл бойы аралаумен болады және 2 жыл Италияда болып, соңында Парижге оралады.
Ол кезде Францияда шіркеудің ықпалы күшті болып, діни мәселелерді еркін талқылауға жол қойылмайтын. Сондықтан 1628 жылы Нидерландқа қайта орапған Декарт сонда 20 жыл тұрады. Осы аралықта ол өзінің көптеген философиялық және ғылыми еңбектерін жазады. «Әдіс жөніндегі пікірлер», «Метафизикалық толғаныстар» («Бірінші философиялық толғаныс» деп те аталады), «Философия ережелері» қатарлы әйгілі туындыларын осы мезгілде жазып, еуропаның сол замандағы ең ықпалды философына айналады.

Декарт және Швеция ханшайымы Кристина (сол жағында)
1649 жылы Декарт Швеция ханшайымы Кристинаның ұсынысымен Стокгольмде ханшайымның жеке ұстазы болады. Бірақ осынау "аю, мұз және жартасы бар өңірде" өкпе қабыну ауыруына шалдыққан ұлы ойшыл, 1650 жылы 11 ақпанда 54 жасында дүниеден озады.
1663 жылы оның кітаптары Рим мен Парижде бірдей тиым салынған кітаптар қатарына енеді. Тек бір ғасырға жуық уақыт өткенде, 1740 жылы ғана Парижде бұл шектеу күшін жояды. Өйткені сол кезде францияға Исаак Ньютонның ғаламдық жүйе туралы ілімі кең тарап, Декарттың идеялары мен ғылыми жетістіктері балама ретінде қолдау таба бастайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет