Үй тапсырмасы:Өзің ұнатқан ғалымның геометриядағы ашулары туралы мағлұмат білу және ашқан теоремалары болса дәлелдеп көрсет.
САБАҚ БЛОКТАРЫ ○
Тақырып жоспары: 1.Фалес туралы маңызды мәлімет
2. Фалестің өмірбаянына шолу.
3. Фалестің іскерлігі
4. Астрономия ғылымына қосқан үлесі
5. Геометрия ғылымына қосқан үлесі
6.Фалестің таң қалдырған ашулары
Милет қаласынан шыққан ежелгі грек философ, математигі. Иондық философияның өкілі және Еуропа ғылымы бастау алатын милет мектебінің негізін салушы, Грецияның жеті данасының бірі.
5 – слайд Өмірбаяны
Б.з.д V ғасырдан бастап Фалесті дана, ғұлама деп есептеген.
Көзі тірісінің өзінде Фалеске “философия атасы ” деген атақ берген.
Фалес саудагерлікпен айналысқандықтан көп саяхаттаған. Кей жылдары Египетте, Фива және Мемфисте тұрған. Онда абыздардан сабақ алып, су тасқынының болу себептерін зерттеген, пирамида биіктігін өлшеуді көрсеткен. Нақ Фалес геометрияны гректерге алып келген деп есептелінеді
6 – слайд Іскерлігі
Лидия королі Крез қол астында әскери инженер қызметінде жүріп, әскердің өзеннен өтуі үшін Милет қаласының тұсынан су қоймасын және су каналын салдырған.
Фалес Милет қаласында ұзақтықты анықтайтын құрылғы құрастырған. Бұл құрылғы арқылы теңізде жүріп кемеден жағалауға дейінгі ара қашықтықты есептеген.
Замандастары Фалестің жағдайы жоқтығы оның философиясының қажетсіздігін көрсетеді деген. Бірақ сол жылы жұлдыздарды бақылау арқылы зәйтүннің көп өнім беретінін түсінген Фалес, қомақты кіріске кенелген. Осылайша, Фалес, философияның маңызын көрсеткен.