жүргізіп келіп, 1996 жылы «Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Теоретик-әдіскер ғалымның бұл зерттеуі - қазақ тіл біліміндегі тілдік қатынас теориясының ғылыми негіздерін қалаумен қатар тұңғыш рет «оқушы
мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін
қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың
жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде
іс жүзіне асыратын» қатысымдық әдістің әдіснамасын ұсынған еңбек болды [2]. Қазақ тілін екінші тіл ретінде үйрету әдістемесі кенжелеп дамып, құрылымдық, аударма- грамматикалық бағыттан аса алмай келген кеңес дәуірінде осы мәселенің өзектілігіне көңіл аударып, теориялық ізденістерін антропоөзектік бағытқа қарай бұрып, тілдің басты коммуникативтік қызметін жаңаша тұрғыда зерттеген ғалым Ф.Оразбаева мұнымен де шектеліп қалмай, өзі теориясын қалыптастырған қазақ тіл білімінің жаңа саласы – тілдік қатынастың әдістемелік теориясы мен қатысым әдісі арқылы қазақ тілін оқытудың да негізін қалады. Ғалымның осы лингвистика мен әдістеме сынды екі ғылым арнасын бір жерге тоғыстырған зерттеу еңбегі А. Байтұрсынұлы атап көрсеткен «мәніс білім» мен «әдіс білімнің» бір жерге қатар