116
оқытушының жеке дайындық деңгейін тереңдетуге де, танымын кеңейтуге де, сол арқылы маманның
білімі мен біліктілік дағдыларын жан-жақты дамытуға да көмектеседі.
Симон Боргтің айтуына қарағанда, соңғы уақытта қызығушылық тудырып жүрген проблемалардың
қатарында «
language teacher cognition», яғни тіл мұғалімдерінің танымын зерттеу, олардың білім беру
жүйесіне ықпалын зерделеу маңызды болып отыр. Ғалым қабылдауында «тілді оқытатын мамандардың
ойлау кеңістігі, білімі мен сенімі, оқыту тәжірибесі (
what language teachers think, know and believe, and of
its relationship to teacher’s classroom practicies)
олардың аудиториядағы белсенді де шешуші қызметтерін
негіздейтін» ұғымдар болып табылады [2; 1]. Аталған пікірдің жалғасы ретінде Марион Уиллиямс
бастаған зерттеушілердің тіл үйретушілердің психологиясын талдаған еңбегіне назар аударуға болады.
Үйрену/меңгеру мен білім берудің (
learning & education) арасындағы айырмашылықты басшылыққа ала
отырып, ғалымдар үйренуді білім берудің маңызды бөлігі тұрғысынан зерделеумен қатар, оны
үйренушілер өмірімен тығыз байланыс құрайтын құндылықтар жүйесі, үйретуге негізделген өнегелі
дағдылар тоғысы деп қарастырады. Авторлар: «
кейбір үйрету әрекеттері, шын мәнінде, өзінің басты
функциясын атқармай жатады, яғни үйренушілердің өміріне қажет құнды арнасын жоғалтып алып
жатады (they lack a real value to life of the learner)» [3; 6],-деп тұжырымдайды. Мәселенің негізінде тиімді
оқытудың (
effective teaching) 1984 жылы ұсынылған 9 түрлі фактілері мен 1992 жылы дәйектелген 10
түрлі категориялары салыстырыла тілге тиек болған. Алғашқы мәселелердің тізбегі: ұсынылатын
ақпараттың (презентацияның) анықтығы; оқытушының энтузиазмы; дәріс барысында қолданылатын әдіс-
тәсілдер мен әрекеттердің алуандығы; жетістікке бағдарланған (archievement-oriented) дағдылар;
негізделген материалдарды (criterion materials) үйрену мүмкіндігі; студент идеяларына қолдау көрсету
(acknowledgment & stimulation of student ideas);
сынның болмауы (lack of criticism); дәрістің басында және
өн бойында құрылымды комментарийлерді қолдану және студенттердің жауаптарын бағыттап отыру
(guiding of student answers) –
сияқты оқыту әрекеттерін топтаса, араға 10 жылға жуық уақыт сала
категориялар – ұнайтын атмосфера (enjoyable atmosphere), қызығушылық пен уәжделген амалдардың
қолданысы (an interesting and motivating way), студенттердің қиындықтарына көмектесу, өзіне деген сенім
мен үміттерін күшейту (to raise their expectations of themselves), білімдегі жеке дарындылығын көрсету
(demonstrating personal talents of knowledge) –
секілді ұғымдармен толықтырылды.
Талдауға арқау болар бұл тізбек, біріншіден, білім беру жүйесіндегі әр кезеңнің өз ерекшелігін
сипаттауға себепкер болса; екіншіден, кіріккен жаңа ұғымдардың көмегімен маңызды жаңа
ұстанымдардың күн тәртібіне қойылғанын дәлелдеуге мүмкіндік беріп отыр. Осыған орай, өткен ғасыр
еншісіндегі А.Байтұрсынұлы ойларының өміршеңдігіне таңғалмау мүмкін емес. Ғұлама тілші: «
Үйрену
Достарыңызбен бөлісу: