қазақ тілін үйрету жүйесіне пәрменді өзгерістер енгізу аса қажет болып отырған дер кезінде ұсынды. Ф.Оразбаева қалыптастырған ғылыми-әдістемелік мектепте қазақ тілін әрі қатысымдық, әрі
танымдық бағдарлы оқыту мәселелері жан-жақты зерттелуде. Қазақ тілін қатысымдық-танымдық
тұрғыдан оқыту мәселесі бойынша Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен докторлық диссертация жұмысы да
қорғалды [9]. Ұстаз ілімін жалғастырған еңбектерде қазақ тілін үйретуде қатысымдық-танымдық
бағдарлы оқыту технологиясын дамыта отырып, лексикалық бірліктерді танымдық бағдарлы оқыту,
сөйлесім мәтіндерін меңгерту тапсырмаларын қатысымдық бағдарлы құру мәселелері тереңнен зерттеліп,
оқу үдерісіне енгізіліп, тиімділігі дәлелденуде.
Ұстазымыздың қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін асқақтауға қосқан елеусіз үлесін мақтанышпен
айта келіп, деніне саулық, еңбегіне жеміс тілеймін.