Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Ф.Оразбаева «Қ. Жұбанов – қазіргі қазақ тілі кафедрасының негізін салушы»[6], «Қ. Жұбанов



Pdf көрінісі
бет198/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   277
Ф.Оразбаева «Қ. Жұбанов – қазіргі қазақ тілі кафедрасының негізін салушы»[6], «Қ. Жұбанов 
еңбектеріндегі  тілдік  қатынас  мәселесі»[7],  «Қ.  Жұбанов  еңбектеріндегі  тілге  көзқарас»[8],  «Қ. 
Жұбановтың  педагогикалық  мұрасы:  лингводидактика  және  әдістеме»[9]  т.б.  мақалаларында 
қазақ тілінің теориялық ерекшеліктері мен әдістемелік мәселелерге кеңінен тоқталады.  
Сонымен  қатар,  С.Аманжоловтың:  «Тіл  -  амал  құрал  оның  арқасында  адам  бірімен-бірі  қарым-
қатынасқа  енеді,  пікір  алысады  және  бірін-бірі  түсініседі.  Тіл  ойлаумен  тікелей  байланысты 
болғандықтан,  сөзді  және  сөйлемдегі  сөздердің  бірлігінде  ойлау  ісінің  жетістіктерін  тіркеп  отырады. 
Демек,  адамның  дүние  танудағы  жетістіктері  сөзде,  сөйлем  құрылысында  тіркеледі,  сөйтіп  адам 
қоғамында пікір алысуға мүмкіндік жасайды» [10;90] – деген пікірін толықтырып, қарым-қатынас адам 
психологиясының  да  қатысуымен  жүзеге  асатындығын  Ф.Оразбаева  «Тілдік  қатынас»  атты  еңбегінде: 
«Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі болғанымен, тілсіз ой жүзеге аспайды. Сондықтан да тіл – 
қоғамдық  объективті  шындықты  танудың,  оны  өмірде  пайдаланудың  құралы  болып  табылады»[2;66]-
дейді.  Ғалым  С.Аманжоловтың  ғылыми  мұрасын  «Профессор  С.  Аманжолов  және  тіл  теориясы: 
өзектілігі, болашағы» [11],  «Профессор Сәрсен  Аманжолов мұрасының маңызы мен өзектілігі»[12] т.б. 
мақалаларында зерделейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет