Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет195/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   277
Байланысты:
1 2019

Аннотация:  В  данной  статье  автор  подробно  описывает  вклад  профессора  Ф.Ш.Оразбаевой  в 
развитие  казахского  языкознания.  Кроме  того,  в  статье  рассматривается  анализ  трудов  и  точка  зрения 
профессора  на  представителей  языкознания  начала  ХХ  века  А.  Байтурсынулы,  К.  Жубанова, 
С.Аманжолова.  
Annotation: In this article the author describes in detail the contribution of Professor F.Sh.Orazbayeva to the 
development  of  Kazakh  linguistics.  In  addition,  the  article  considers  the  analysis  of  the  works  and  the  point  of 
view  of  the  Professor  on  the  representatives  of  linguistics  of  the  early  twentieth  century  A.  Baitursynuly, 
K.Zhubanov, S. Amanzholov. 
 
Қазақ  елінің  қилы  тарихында  ұлттық  идеяны  қалыптастыру  мақсатында  еңбек  етіп,  қуғын-сүргенге 
ұшырап,  құрбан  болған  қайраткерлер  аз  емес.  Олардың  қатарына  әдебиет,  мәдениет,  тіл  қазынасын 
зерделеп,  артынан  мол  мирас  қалдырған  ғалымдарымызды  жатқызамыз.  Сонау  ХХ  ғасырдың  басында 
жаны қыршыннан қиылған тілшілеріміздің еңбектері Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдары 
шаң  басқан  мұрағаттардан  қайта  шығарылып  жаңғырды.  Сонымен  бірге  жаңашыл  бағыттар,  ғылыми 
көзқарастар  қазақ  тіл  білімінің  негізін  салушы  тұлғаларымыздың  пікірлерімен  қайта  зерделеніп,  жаңа 
парадигмалардың қазақ тіл білімінің алаңына келуіне себепкер болды. Қазақ тіл білімінің негізін салушы 
тілші  ғалымдардың  еңбектерінде  көрініс  тапқан  ғылыми  ой-түйіндерді,  ұлттық  нақышымызды 
айқындайтын  зерттеулерді  жаңа  парадигмаға  негізделген  тіл  білімімен  ұштастырып,  ғылыми 
көзқарастарын  халыққа  танытып,  өз  зерттеулерінде  теориялық  және  практикалық  қазақ  тілін  жаңа 
деңгейге көтеру жолында еңбектеніп жатқан ғалымдарымыздың бірі – профессор Ф.Оразбаева.  
Профессор  Ф.Ш.  Оразбаева  қазақ  тіл  білімінің  бастау  көздері  болып  табылатын  А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Жұбанов, Т.Шонанов, С.Аманжолов және қазақ әдебиетінің майталмандары Ж.Аймауытов, М.Дулатов, 
М.Жұмабаев т.б. тілшілер мен әдебиетшілер еңбектеріндегі тілдік қарым-қатынасқа, тілдік танымға және 
әдістемеге  қатысты  көзқарастарын,  терең  пайымдарын  әрдайым  зерттеулеріне  арқау  етіп,  бүгінгі 
заманның  құндылығы  ретінде  танытты.  Ол  жайында  профессор  Ф.Оразбаева:  «Жиырмасыншы  ғасыр 
басында  ел тәуелсіздігін, ұлт мүддесін қорғау жолында еңбек  еткен, көш бастаған Алаш арыстарының 
ұстанымдарына сүйенсек, олар аманаттаған: «Өмір мұраты – азаттық», «Адам мұраты – тәрбие», «Ұрпақ 
мұраты  –  білім»  деген  қағидалар  қазіргі  ХХI  ғасырда  Ұлы  дала  елін  сақтаудың,  адамзаттық 
құндылықтарды игерудің, келешек ұрпақты өркениетке жеткізудің негізгі бастауы, қайнар бұлағы болып 
табылады»[1;  38]  -дей  келе,  А.Байтұрсынұлы  еңбектерін  талдап:  «А.Байтұрсыновтың  құнды  пікірлері 
тілдегі  әдістеме  мәселесіне  ғана  қатысты  айтылып  қойған  жоқ.  Сонымен  қатар  тілдің  теориясын,  оқу, 
жазу, сөйлеу жүйесіне байланысты ойлары да, сөйлемнің құрылысы мен ерекшеліктерін тұжырымдайтын 
көзқарастары да қазіргі тіл білімінде ерекше орын алады» [2; 11] – деп бағалады. 
Профессор Ф.Оразбаева «Ұлтты сүю – ұлылық тағзым» дей келе, еліміздің жаһандану кезеңіндегі жас 
ұрпаққа  қазақ  тіл  білімінің  бастаушысы  Ахмет  Байтұрсынұлының  еңбектерін  танытып,  тілтанымдық, 
әдістемелік  ой-пікірлерін  ұсына  отырып,  А.Байтұрсынұлының  мұғалімдерге  қажет  қағидаларын 
көрсетеді:  


178 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет