Ключевые слова: языкознание, личность, методика, учитель, потенциал, постулаты. Annotation:This article comprehensively reveals the pedagogical and research activities of a well-known
linguist scientist, methodologist-mentor, doctor of pedagogical sciences, professor, corresponding member of the
Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan F.Sh. Orazbaeva.
Keywords: linguistics, personality, methodology, teacher, potential, postulates.
Қазақ білімі мен ғылымында өзіндік қолтаңбасын қалдырған, қазақ тілтанымы мен әдістемесінде іргелі
зерттеулер жүргізіп, сүбелі еңбектер жазған әдіскер-ғалымдарымыздың бірі де бірегейі – Фаузия
Шамсиқызы Оразбаева. Ф.Ш.Оразбаевадай ұлт зиялысының тұлғалық болмыс-бітіміне, ұстаздық ұлағаты
мен кәсіби шеберлігіне сипаттама беру үшін, әрине, бір мақала жазу аздық етеді деп ойлаймыз. Себебі,
ғалым-әдіскердің ғылыми орта үшін аса қажетті әрі маңызды, танымдық қуаты мол, ұлағаты зор
еңбектерінің өзі біраз нәрседен хабар береді.
«Адам баласын заман өсіреді» дейді Хакім Абай отыз жетінші қара сөзінде. Ал мынау заманның өзін
де қалыптастыратын – Адам. «Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват» дейді тағы да
данышпан ұлы Абай [1, 31]. Бұл енді – мына өмірдегі бұлтартпас аксиома. Кейде бір адамнан жұрт біткен
басын ала қашып, қарадай безіп жүрсе, енді бір адам бір көрген жанның өзін магнитше тартып, жанына
жақын жүруіне ықпал етеді. Фаузия апайдың осындай асыл қасиеті барын біз алғаш көргенде-ақ
байқадық. Шыны керек, алғаш апай бізді жұмыс барысында қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы
атанған қарт ҚазПИ-ге шақырғанда, біз ол кісіні сыртынан педагогика ғылымдарының докторы,
профессор, т.с.с көптеген атақ-дәрежесі мен беделді марапаттары бар адам ғой, суық жүзді, асқақ,
өркөкірек, кіді мінезді жан болар деп ойлаған едік. Өйткені, біз бұғанға дейін ол кісімен жүзбе-жүз
кездесіп, тілдесіп көрмеген болатынбыз. Апайды тек өзіміз дәріс беріп жүрген «Тілдік қатынас негіздері»
пәнінен жазылған оқулығы арқылы ғана танып-білетін едік. Алайда, Фаузия апайды көрген сәттен-ақ «не
деген жүзі жылы, мейірбан адам» деп түйсіндік. Апайымыз көрген бетте әрқайсымыздың атымызды атап,
«Пәленше деген сен бе едің?» деп жылы жымиып, өзі отырған креслосынан тұра сап екі қолын бірдей
ұсынып амандасты. Жұмсақ, әуезді дауысы мен әманда күлімсіреп тұратын сұлу келбеті адам баласын
бірден баурап алады екен. Кездескенде «ананы олай деп айтамын, мынаны былай деп айтамын» деп
топтап-жұптап, тізбектеп келген ойдың бәрі апайды көрген сәтте-ақ бірден табиғи қалыпқа түсе қалды.
Күнде көріп, тілдесіп жүрген сыралғы жанның алдында тұрғандай болдық. Оның үстіне Фаузия апай
бәзбіреулерше бас салып жұмысты айта жөнелмей, ең алдымен тұрмыс-тіршілігімізді, бала-шағаның
жағдайын сұрап, жұмыс ауанына содан кейін ғана ауысты. Ғалым өзі жасаған оқу бағдарламасы бойынша
жазылып жатқан оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы мен жұмыс барысын рет-ретімен таныстыра
бастағанда, келешекте жасайтын жұмыстың жоспары сол жерде-ақ өзінен-өзі туа бастағандай еді. Біздің
апаймен алғаш кездескен сәтіміз осындай әсерлі болып еді. Кейінірек жұмыс барысында бір-бірімізбен
етене араласып, бұрыннан таныс-біліс адамдардай, тіпті бір туғандардай болып тығыз байланыс
орнаттық. Бұл да – апайымыздың өзіне ғана тән тектілігінің бір белгісі. Өзін қоршаған адамдарды үлкен-
кіші, дәрежесі бар-жоқ деп бөлмей, жанына жақын тартуынан шығар... Ұлылардың ұлысы бабамыз Әбу
Насыр әл-Фараби айтқандай, «Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген,
естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да
аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-
намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен
ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» [2]. Бізге ұлы
ғалымның дәл осы сөздері Фаузия апайымызға арналып айтылғандай болып көрінеді. Себебі, Фаузия
апай – тек тілші-ғалым, әдіскер, тәрбиеші ұстаз ғана емес, сонымен бірге адам жанын терең түсінетін,
еңбекқор адамды бағалайтын, адал жанды құрмет тұтатын, өзгелерден жан жылуын аямайтын
қайталанбас тұлға.
Бүкіл ғұмырында «Тіл – біздің айбынды құралымыз, тіл – біздің айдынды ұлы мұрамыз. Қазақ тілінің
арқасында ұлы ойшылдарымыз тіл арқылы дүниені тану мен бағалаудың өзгеше үлгісін қалыптастырды,
халық ретінде, ұлт ретінде өмір сүрудің тілдік кеңістігін жасады. Тұлғалар тіл үшін күрессе, тіл олардың
абыройының асып, аспандауына мүмкіндік жасады» деген қағидатты ұстанып келген ғалымның қазақ
209
тілтанымына қосқан еңбегі өлшеусіз [3, 8]. Оған дәлел ретінде ғалымның 1979 жылы «Қазіргі қазақ
тіліндегі сын есімді синонимдер» тақырыбында жазылған кандидаттық диссертациясын атауымызға
болады. Бұл еңбегінде ол қазақ тіліндегі синонимдерді тек лексикологияға ғана қатысты құбылыс ретінде
қарастырып, оларды түрлері мен типтеріне қарай топтастырып қана қоймай, сонымен бірге тіліміздегі
синонимдердің өзге де салалармен байланысын тереңірек саралаған, атап айтқанда, синонимдердің
семасиологиялық, сөзжасамдық, стилистикалық қызметін жан-жақты зерттеген. Тағы да ғалымның
ерекше атап өтер бір еңбегі – тілдік қатынас теориясының негізін қалыптастыруға байланысты жазған
зерттеуі. Ғалым ЖОО «Тілдік қатынас негіздерін» теориялық пән ретінде ғана енгізіп қойған жоқ,
сонымен бірге алғаш рет тіл білімінде тілдік қатынастың өзіндік ерекшелігіне сипаттама беріп, құрамы
мен бірліктерін анықтап, ғылыми айналымға сөйлесім әрекеттерінің терминдерін, яғни, тыңдалым,