210
жылдары қоғамда өзекті болған мәселелерге қатысты жазылған мақалаларын алуға болады. Мәселен,
«Жаһандану және қазақ тілі», «Мектеп – ұлтты, ұлысты тәрбиелеу кепілі», «Тіл мен рух», т.б [1].
Білім беру саласында ертеден белгілі «Нені оқыту керек?» және «Қалай оқыту керек?» деген үлкен
проблема бар. Көп жағдайда «нені оқытумен» айналысатындар теорияның қатаң постулаттарының
шеңберінен шықпай, ал «қалай оқытуды» қарастыратындар жоғарыда айтып өткен мақсат-құралдардың
аясынан аспай жатады. Ал, Фаузия Шамсиқызының ғылыми-әдістемелік еңбектерімен танысқан, ол
кісіден тәлім алған шәкірттер апайдың «нені оқыту» мен «қалай оқыту керектігін» шебер жымдастырып,
тілді оқыту әдістемесін ғылыми негіздеп, «
мақсат-құрал-ереженің» бірізді сапалы жүйесін жасағанын
анық көреді. Кезінде дүниенің төрт бұрышын бағындырған ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын былай
деген екен: «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден
өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» [2]. Иә, біз Ф.Ш.Оразбаеваның тікелей шәкірті болмасақ та,
студент болып тіл мен әдістеме ғылымына байланысты пайымды дәрістерін тыңдамасақ та, ол кісіні
өзімізге ұстаз санаймыз. Себебі, біздің сүйікті апайымыз өзінің зор талғамы мен мәдениеті, тектілігі мен
әдебі арқылы бізге өмірді тануды, жанында жүрген ізгі адамдармен тілдік қарым-қатынас жасауды,
уақытты бағалауды, өз бойындағы ғылыми әлеуетті тиімді де толық пайдалануды үйретті, сонымен бірге
бүтіндей ұжымды басқарған сындарлы саясаты арқылы қол астындағылармен қарым-қатынас жасаудың
мәдениетін көрсетіп, ұстаздық келбетіміздің кескін-келбетінің қалыптасуына әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: