Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет230/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   277
Байланысты:
1 2019

 
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ЖАЙЛЫ ТОЛҒАНЫС 
 
Шадиева Н.Х. 
Еуразия гуманитарлық институтының доценті,   
педагогика ғылымдарының кандидаты 
Нұр-Сұлтан қаласы 
 
Әр адамның өмірінде ұстазы болған қандай жақсы! Ұстаз – тек білім беруші емес, адамды өмірге 
бейімдейтін, өмірдің заңдылықтарын үйрететін адам. Білімді, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана 
біреуге  ұстаз  бола  алады.  Мені  тағдыр  жүзінен  мейірім  төгілген  ұстазбен  ғылым  жолында 
табыстырды.  Фаузия  Шәмсиқызы  Оразбаева  –  ғылымдағы  ұшқыр  ойларымен,  тың  әрі  жаңашыл 
идеясымен,  адами  асыл  қасиеттерімен,  ақыл-парасатымен,  өзінің  мағыналы  өмір  жолымен,  ішкі 
рухани байлығымен маған Ұстаз. Ол - қазақ тілін ең алғаш комуникативтік тұрғыдан оқыту идеясын 
ұсынып, елеулі жаңалық ашқан ғалым, қазақ тілі теориясы мен оқыту әдістемесі ғылымында өзіндік 
қолтаңбасы  бар,  қалыптастырған  ілімі  бар  ұстаз-ғалым.    Қазақ  тіл  білімінде  тілдің  қатысымдық 
қызметін зерттеп, алғаш рет ғылыми негіздерін анықтаған – Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы. Фаузия 
апайдың  бұл  саладағы  еңбегі  -  тілдік  қатынастың  теориялық  проблемаларын  зерттеуге  арналған 
алғашқы ізденістердің бірі. Сондықтан тілдік қатынас туралы теорияны қазақ ғылымына тұңғыш рет 
енгізіп,  осы  саланың  іргетасын  қалаушысы  Ф.Оразбаева.  Ғалым-ұстазымның  еңбегінде  сөйлесім 
әрекетін  бес  түрге  бөліп  қарастырады.  Олар:  оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым,  тілдесім. 
Бұлардың  барлығы  –  әдістемелік  ізденіс  жолындағы  жаңаша  терминдер.  Бұл  терминдерді  ғалым-
ұстаз  ғылыми  айналымға  қосып  қалыптастырады.  Қазіргі  таңда  бұл  ұғымдар  қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесінде өте актуалды екендігі күн сайын дәлелденуде. «Білімге айналмаған ғылым – пайдасыз 
ғылым»  деп  жазады  Құдайберген  Жұбанов.  Демек,  қазақ  тілі  теориясы  мен  әдістемесі  ғылымында 
Ф.Оразбаеваның сіңірген еңбегі, өз алдына қалыптастырған тағылымы «пайдалы ғылым» болғаны.  
Ф.Ш.Оразбаева  еңбегінде  атап  көрсеткендей,  тіл  үйрету  кезінде  грамматикалық  материалдар 
жеке-дара  бөлінбей,  сөздің  формасымен,  мағынасымен,  қолданысымен  қатар  оқытылғанда  ғана 
пайдалы болады. Апайдың осы айтылған ойы өзге тілді аудиторияға қазақ тілін оқыту әдістемесіне 
бетбұрыс жасады. Бұл да ғалымның ғылымдағы ұшқыр ойлылығын көрсетеді.  
 
«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың 
қас  жауы,  ол  келешекте  оның  барлық  өміріне  апат  әкеледі»  деген  екен  әл-Фараби  бабамыз.  Осы 
ойдың  тереңіне  үңіліп  қарасақ,  ұстаз  –  бізге  білім  ғана  емес,  тәлім-тәрбие  беретін  негізгі  тұлға. 
Фаузия апай мені алғаш танысқан күні-ақ өзінің білімділігімен, жылы шырайымен, шынайы сөзімен 
баурап алды. Ол кісінің ғалымдығы ғана емес, адами келбеті де өзгеше көрінді маған. Фаузия апайды 
бір  көргеннен-ақ  жүзінен  бір  шуақ  шашып  тұрғаны  байқалады.  Жылы  жүзі,  сыпайы  мінезі,  сөйлеу 
мәнеріндегі  сүйкімділігі  адамды  ерекше  сезімге  бөлейді.  Ұстаздық  болмысын  даралай  түсер 
жылылық пен  ілтипаты  –  өз алдына.  Апаймен  әр әңгімелескен  сайын  рухани  тазарып,  жан  дүнием 
кеңейіп  қалғандай  болады,  бірауыз  сөзі  көңіліме  қашан  да  қанат  бітіреді.  Апайдың  мейірбан  жүзі, 
парасат-ақылы, сырбаз мінезі тек мені емес, бәрін де бірден баурап ала алады.    
«Жақсы мінез – адамның  сауыты» дегенде халқымыз  көркем мінездің адам өмірінде жақсылыққа 
бастайтынын айтады. Мен ұстазымның бойынан қазақ қыздарына тән биязылықты, сабырлылықты, 
кішіпейілдікті, үлкенді аға, кішіні іні деп тұратын ізеттілікті көрдім. «Оқу – инемен құдық қазғандай» 
дегендей,  ғылым-білімнің  аса    ерен  еңбекпен,  маңдай-термен,  көз  майын  таусар  ізденіспен  келері 
белгілі.  Сондай  сәттердегі  апайдың  аса  сабырлылығы,  төзімділігі,  адамдармен  қарым-қатынаста 
сыпайылығы сұлу мінезінің көрсеткіші деп білемін. Ұстазымыз ұзақ  жылдар бойы Абай атындағы 
Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің  «Қазіргі  қазақ  тілі  теориясы  және  әдістемесі» 
кафедрасының  меңгерушісі  қызметін  атқарды.  Кафедрада  ірі  істерді  атқарушы  түрлі  мінезді 
әріптестерімен де оңай тіл табысып,  бір адамдай іске жұмылдыруы аса шеберлікпен қатар, жібектей 
мінезінің арқасы деп  білемін. Мені жұмысқа алар кезде де апай маған бір талап қойды. Ол, әрине, 
адамгершілік  еді.  Кафедра  мүшелерінің  арасындағы  сыйластықты  қалыптастыра  білген  Апайдың 
адам бойындағы адамгершілік қасиетті жоғары  бағалайтынын барлығы біледі  екен. Жаратушының 
берген  ұлы  сыйын  бағалай  білетін  Фаузия  апай  кафедраны  ұйымшылдықпен  басқара  білді.  Біздің 


207 
жұмыста жарқын әрі жайдары жүруімізді қалыптастастырды. Кейде кісінің өмірінде көрініс табатын 
күрделі кезеңде де керемет күш беретін қасиетті сөздерімен санаңа сабыр береді. Жақсы сөз сөйлеуді 
парыз деп санайды. Жұмысқа қуанып барып, қуанып қайтатынбыз. Біз-бірімізбен шүйіркелесіп, тату 
отбасындай  атмосфера  болды.  Мен  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінде 
жұмыс істеген кездерімді, дәлірек айтсам Апайдың қасында жүрген кездерімді (2001-2007 жылдар) 
өмірімнің ең бақытты шағы, тағылымы мол жылдар, бүкіл өміріме азық кезеңі деп санаймын. 
Жан  Жак  Руссо:  «Ұстаз  болу  –  өз  уақытын  аямау,  өзгенің  бақытын  аялау»  деп  ұстаздық  етудің 
машақатын осылайша түсіндіреді. Университеттің, деканаттың, кафедраның қыруар шаруасы болса 
да, түрлі  жиналыстар күтіп тұрса да, апай шәкірттеріне (аспиранттарына) уақыт табатын. Әр аптаның 
дүйсенбі  күнін  аспиранттарына арнап,  олардың  жұмысын  тексеріп,  ғылыми  бағыт-беріп  отыратын. 
Әр  аспирантының  жазған  жұмысын  мұқият  тексереді,  дұрысын  да,  бұрысын  да анықтап  көрсетеді. 
Зерттеу  жұмысының  тақырыбымен  мазмұнының  ұштасуына,  тақырыптың  ашылуына,    баса  назар 
аударатын.  Аспиранттар  мен  ізденушілер  жазған  тақырыбынан  алшақтап  кетсе,  оны  толықтыру, 
өңдеу жолын нақты көрсетеді, әлі де іздендіре түседі. Менің ең алғашқы ғылыми мақаламды апайдың 
тексергені есімнен кетпейді.  4 беттен тұратын мақалама апай 4 бет комментарий жазған. Қып-қызыл 
болып  түзеткен.  Сол  арқылы  әр  сөйлемнің  ойды  жеткізуге  атқарар  қызметін  түсіндірді.  Апайдың 
нұсқаған  бағыты  бойынша  мақаланы  қайта  өңдеп  жаздым.  Дегенмен  бірнеше  өңдеуден  өткеннен 
кейін ғана апай мақаланы баспаға беруге ұсынды. Мен сияқты апайдың қаншама аспиранттары мен 
ізденушілері  бар.  Әрқайсысын  ғылымға  баулудан,  үйретуден  жалықпады.  Бәріміз  апайдың  маңына 
жинала  қалсақ  еркелетіп,  ойымызға  тұсау  салмай  еркін  сөйлегенімізді  қалайтын.  Өмірдің  көшінде 
кейде  бәсеңдеп  қалсақ,  рухтандырып  отыратын.  Басқа  жетекшілердің  аспиранттары  бізге  қызыға 
қарайтын. Біз оны іштей сезетінбіз. 
«Мұғалім  өзінің  білімділігімен,  жүріс-тұрысымен,  жайдары  мінезімен,  тіпті  сырт  пішіні,  киген 
киімімен  де  оқушысына  жақсы  мағынада  қатты  әсер  етеді»  [8]  деген  Мәлік  Ғабдуллиннің  сөзі 
мұғалім,  ұстаз  ішкі  табиғатымен  ғана  емес,  сыртқы  болмысымен  де  сұлу  болу  керектігін  меңзейді. 
Фаузия апайдың киген киімі, жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауы, үнемі әдемі қалпын сақтауы, өн бойына 
ерекше талғаммен қарауы – мен  үшін өнеге. Иә, оның айыбы жоқ деп ойлаймын, тіпті, киген киімі 
де, таққан әшекейлері де менің өмірлік ұстанымыма айналғандай. 
Фаузия  апайдың  ғалымдық,  басшылық,  ұстаздық  қырымен  қатар  әйел,  ана,  жар  ретінде  берер 
тәлімі бар. екендігін  ол кісімен араласа жүріп  байқадым. Арқа сүйер азаматы белгілі жазушы, ақын, 
қоғамға  танымал  тұлға  Оразалин  Нұрлан  ағаймен  көтерген  шаңырағы  -  тәлім-тәрбие  ошағы    деп 
айтуға  болады.  Нұрлан  ағайды  қалай  сыйлайтыны,  бар  жағдайын  жасап  қойып,  өзі  де  оған 
еркелейтіні сондай жарасымды көрініп, оны өзіме үлгі тұтамын. Апай отбасылық өмірде де бақытты. 
Үйде аяулы ана, асыл жар, әдемі әже. Апай жұмыста тынбай еңбектеніп, қызметте көшбасшы, шебер 
ұйымдастырушы бола білсе де, үйде азаматынан әрқашан бір саты төмен тұратын ақылды әйел деп 
танимын. Ол кісі үшін отбасының амандығы, берекелі тіршілігі – ең маңызды мәселе. Фаузия апайым 
өзінің  ұрпағын  саналы  азамат  ретінде  тәрбиелеп  өсіріп,  бала  тәрбиесінің,  отбасын  ұстау 
қағидаларының,  руханият  әлеміне  қызмет  ету  сынды  құндылықтардың  үлгісін  көрсетуімен  қазақ 
қоғамында әйел адамның отбасының ұйытқысы екенін дәлелдегендей.  
Біз  Фаузия  Шамсиқызы  ұстазымызға  қарап  бой  түзеп,  білікті  маман,  шынайы  ғалым,  қадірлі 
әріптес, аяулы жар, ардақты ана болуды армандадық. Сол арманымызды бүгінде іске асырып келеміз.  
Шәкірттерінің  сүйіспеншілігіне  бөленген,  олардың  жанына  нұр  құйып,  өмірде  өзі  де  бақытты 
болып,  өзгелерді  де  бақытқа  жеткізсем  деп  жүретін,  шетсіз-шексіз  құрметке  лайық  Ұстазыма  ұзақ 
өмір тілеймін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет