213
ұйымдастыру керектігіне: «бұл жөнінде қойылатын бірінші мақсат бір оқиға, құбылыс, я зат туралы өз
ойын айтып (яки жазып) білдіруге дағдыландыру керек» деп жазады. Сондай-ақ, оқушыларды жазылым
әрекетіне үйретудің мынадай түрлерін ұсынады:
-
тақырыбы белгіленіп, басы басталған шығарманы аяқтау;
-
аяғы ғана айтылған шығарманы толықтырып жазу;
-
сурет бойынша шығарма жазу;
-
табиғат құбылыстарын байқау нәтижесінде шығарма;
-
жазу қателерін оқушылардың өздеріне түзеттіру;
-
көрген-білгені туралы шығарма. Бастауыш сыныпта тіл дамыту әдістемесінің негізін салған
әдіскер ғалым С. Рахметованың, мектепте сауат ашудың әдістемесін зерттеген М. Жұбанованың,
лексиканы оқыту бойынша Г. Уәйісованың, сауат ашу кезеңінде тілді дамыту қарастырған Ә.Е.
Жұмабаеваның, шығармашылық арқылы тіл дамытуды зерттеген Б. Қабатайдың, сөйлеу дағдыларын
оқыту жолдарын зерттеген Ф. Оразбаева мен Р. Рахметованың ғылыми еңбектері бастауыш сынып
оқушыларының жазылым дағдыларын дамытудың әдістемелік негіздерін анықтауға, зерттеуге қажетті
теориялық білімді іріктеуде негізге алынады.
Бүгінде бастауышта қазақ тілін оқытудың жаңартылған мазмұнында мәтінмен жұмыс жасаудың түрлі
жолдары көрсетілген. Бастауышта қазақ тілін оқыту мақсат-міндеттеріне сай сауатты жазылым дағдысын
қалыптастыру үшін бірнеше жазба жұмыстары жүйелі жүргізілуі тиіс. Мұндай жазба жұмыстарына
жататындар:1. Жазбаша жаттығулар. 2. Қысқа мәтіндер. 3. Жазбаша бақылау жұмыстары. 4. Диктанттың
түрлері. 5. Жазбаша ойындар.6. Іс-қағаздар үлгілері. 7. Мазмұндама. 8. Сөздікпен жұмыс. 9. Шығарма.
Бұл жазба жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, оларға қойылатын
заңдылықтар мен ұстанымдарды басшылыққа алады. Педагогикада дидактикалық ұстанымдардың
ғылымилық, жүйелілік, бірізділік, теорияның практикамен байланысы, пәнаралық, қызығушылықты ояту,
көрнекілік т.б. түрлері қолданылатыны белгілі. Аталған дидактикалық ұстанымдар әрбір баланың жеке
тұлғалық қасиетінің дамуына жағдай жасап, қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сауат ашуда мәтінмен жүргізілетін жазба жұмыстары мынадай жазылым әрекеттерін қамтиды және
жазылым дағдыларын дамытуда төмендегідей оқу мақсаттарын басшылыққа алады: дыбыс пен әріпті
тану және ажырату; жоспар құру, оқыған, тыңдаған материалдың мазмұнын жазу; мәтінді түрлі формада
құрастыру; түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу; қатені табу және түзету; каллиграфиялық,
графикалық нормаларды сақтау; орфографиялық нормаларды сақтау; грамматикалық нормаларды сақтау
[5].
Оқушылардың жазылым әрекетін дамыту нәтижесі тапсырмалардағы мәтіннің тақырып мазмұны мен
оны орындаудың тәсілдеріне байланысты көрінеді. Мәселен,
«Сөз ойыны». Ойынның мақсаты:
Оқушылардың сөздік қорларын арттыру. Ойынның шарты: Өлеңдегі әріптерді пайдаланып, басқа сөз
жасап шығару.
Балаға да,
Ағаға да –
Пайдасы мол аңдағанға.
Қызықты бұл ойын түрі,
Қызықтайық біз де мұны.
Бұрын ойнап көріп пе едің?
Жеке бір сөз әріптерін
Алды – артына таратамыз,
Жаңа сөзге жаратамыз:
«Балмұздақтан» пәлен сөзді,
«Тоқылдақтан» түген сөзді,
«Оспақшылдан» он бес сөзді,
«Жүзтаныстан» жүз бес сөзді,
Құрастырып, тіл ұштаймыз,
Сөз ойынын қызықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: