Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет38/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   277
Байланысты:
1 2019

 
Ключевые слова: национальное воспитание, национальный дух, языковая коммуникация, традиция, 
преемственность, новаторство, коммуникативная теория, антропоцентрическое направление. 
  Annotation:  The  article  presents  the  scientific  and  analytical  characteristics  of  scientific  and  pedagogical 
activity,  communicative  theories  and  methodology  in  Kazakh  linguistics  in  the  works  of  professor  F.  SH. 
Orazbayeva. 
 Keywords:  national  education,  national  spirit,  language  communication,  tradition,  continuity,  innovation, 
communicative theory, anthropocentric direction. 
 
2015 
жылы Астанада қазақ хандығының 550 жылдығына арналып, ұлттық тарихымыз ұлықталған кең 
мәдени-қоғамдық  шара  аясында  «Қазақ  хандығы  тұсындағы  ханымдар  мен  арулар»  атты  халықаралық 
ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  
Конференцияда нақты тарихы-шежірелік  деректерге сүйеніп, қазақ тарихында орны бар, аты қалған 
ханымдар мен ел аналарының тұлғасы ашылған көптеген баяндамалардың мазмұны тәуелсіз мемлекеттің 
жаңа ұрпағының рухын көтеруімен  құнды  болды. Қазақ хандығы мен мемлекеттілігін қалыптастырып, 
дамытуға өзіндік үлестерін қосқан ханымдар мен арулардың  ел алдындағы  еңбегін, отбасындағы орны 
мен тағылымдық мұрасын байыптау мәселесі қазіргі қазақ мемлекеті үшін де аса маңызды екендігі айқын 
дәлелденіп, зиялы қауымға ой салды.  
Бұл  үдерістің  тамырына  бойласақ,  қазақ  дүниесін  құраушы  ұлттық  құндылықтарының  бірі  ретінде 
сипатталатын  «қазақ  әйелі»  ұғымы  көркем  сөз  бен  тарихи-мәдени  дереккөздерде  Құртқа,  Қарашаш, 
Домалақ ана, Бопай т.б. бейнелері арқылы айшықты таңбаланғаны белгілі.  
Қай  заманда  да,  әйел  –  отбасын  ұрпағымен  көркейтіп  отыратын  жан  жылуының  ошағы,  елдік 
дәстүрдің  мәйегі,  ынтымақ  пен  бірліктің,  береке  мен  ырыстың  ұйытқысы.  Қазіргі  таңда  да  еліміздегі 
тұрақтылық пен тұтастықты ұстап, рухани сананы жаңғыртып тәрбиелейтін отбасындағы да, қоғамдағы 
да сенімді тұғырдың бірі – әйел тұлғасы.  
Осы ойдың қазығы «рухани жаңғыру» бағдарына сай анықталатын дәстүр жалғастығы мен жаңғыру 
үрдісінің тарихи-мәдени негіздеріне байланса, бұл дәстүрдің қазіргі замандағы құндылығы – оның қазіргі 
Қазақстан қоғамында жалғастық табуы.  
Атап  айтқанда,  қазіргі  қоғамда  мемлекеттік  қызметтерде,  ғылым,  білім,  мәдениет  т.б.  салаларда 
тұлғалық  орындарын  алған,  үлгілі  отанасы  ретінде  танылған,  заманауи,  зиялы  қазақ  әйелдері  асыл 
аналарымыздың бойындағы қазақ әйелдеріне тән болмысын сақтап қана қоймай, жаңа заманның үрдісіне 
және  қоғамдық-әлеуметтік  ортасы  мен  рухани-мәдени,  интеллектуалдық  деңгейіне  сай  толысып, 
қалыптасқан шоғыр ретінде айқындалды.  
Осы ойымды қоғамның басқа сан түрлі салаларына қатысты емес, өзіме жақын тілді зерттеу мен оны 
оқыту жүйесіндегі белгілі тұлғалардың болмысы арқылы дәйектегім келеді. Міне, кеше ғана «Ұлы дала 
тұлғалары»  жобасының  аясында  95  жылдық  торқалы  тойы  өткен  тіл  білімінің  абыз-анасы,  академик 
Р.Ғ.Сыздық  –  қазақ  сөзінің  құдіреті  арқылы  төл  болмысымыз  бен  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасқан  ұлттың 
тарихы, мәдениеті, таным-тәжірибесі қалай айшықталып жеткенін терең зерделеп, соған сай қалыптасқан 
ұлттың «ауызша дамыған әдеби тілінің» кестесін танытқан ұлттық тілдік тұлға.  
Шын  мәнінде,  сөз  құдіреті  арқылы  қазақтың  құдіретін  танытқан  академик  Р.Сыздықтың  ғылыми 
қазынасының  тілтанымдық  кеңістіктен  асып,  елтанымдық,  рухани-әлеуметтік  мазмұнмен  үндескен 
қажырлы  еңбегін  «мың  өліп,  мың  тірілген»  қазақ  тарихындағы  батыр  аналарымыздың  ерен  ерлігімен 
барабар деп айтуға болар.  
Қазіргі  қазақ  тіл  білімінің  көшбасшысы,  Рәбиға  апамыздың  құрдасы,  замандас-әріптесі  академик 
Ә.Қайдар  ғалымға  өз  өлеңдерін  арнаған  талай  ақынның  жырларын  қазақ  қызына  тән  сұлулығы  мен 
тартымдылығы  үйлескен  нәзік  жан  деп  қана  сүйсініп  қоймай,  сонымен  қатар  ер  азаматқа  тән 
қажырлылық пен мақсаткерлікті бойына сіңіре білген, жұмыстың көзін табу қабілеті мен көрегенділігіне, 


33 
кісіні  таңқалдырарлық  деңгейде  дамыған  ғалымның  шеберлігіне  де  тағзым  еткені  деп  түсіндірсе,  ұлы 
Абайдың тілінен қорғаған диссертациялық еңбегін ғылымдағы айрықша сипаттағы ерлік деп бағалайды. 
Бір қуаныштысы, осындай аға буынның феномендік тұлғасы, өмірлік өнегесі мен ғалымдық  ізденіс 
өрісі,  ұстаздық  ұлағаты  өздерінен  кейінгі  бүгінгі  ұрпақтың  шығармашылық  болмысы  мен  ғалымдық 
мұратында  жалғастық  табуда.  Және  ең  бастысы,  абыз-анамыздың  ізін  басып,  «ана  тілі»  деп  аталған 
асылымызды жан-жақты зерттеп жүрген қазақ қыздарының қарасының көптігі. Бірақ қатарымыздан оза 
шығып, бір бойында ұстаз ~ ғалым ~ қайраткер ~ ана ~ әже т.б. қасиеттерін тұтастырған бірегей тұлға – 
Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университетінің  профессоры,  педагогика  ғылымдарының 
докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы I дәрежелі сыйлықтың лауреаты, ҚР 
БҒМ-ның «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, педагогика ғылымдары Халықаралық 
академиясының  академигі,  ҚР-не  үміткерлеріне  мемлекеттік  тілден  емтихан  алушы  «лингвистикалық 
комиссиясының» хатшысы (1999, 2005, 2011, 2015 ж.ж.) Фаузия Шәмсиқызы Оразбаева. 
Ұлы  дала елінің  ертеңгі ұрпағына тіл арқылы ұлттық құндылықтарды игертіп, оқытуға бағытталған 
профессор Ф.Оразбаеваның өмірі мен ғылыми-педагогикалық қызметі де «Ұлы дала тұлғалары» аясында 
қарастыруға әбден лайық. Ғалым еңбектерінде ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен және жаңа дәуірдің 
ізгі мұраттарымен үндескен осы жоба идеясының тұғыры қаланып, жас ұрпаққа дұрыс білім беру, оқыту 
жүйесінде дәстүр мен жаңашылдықты заманауи талаптардың өзара бірлігі мен тұтастығы белгіленген. 
Осымен  байланысты  қазақ  руханиятында  өзіндік  орны  бар  ғалым-тұлға  академик  Р.Сыздықтың 
«ғаламындағы» тектілік пен қайраткерлік мінезінің профессор Ф.Оразбаеваның ғылыми-шығармашылық 
қызметіндегі үндестік туралы тағы бір талантты ғалым қызымыз профессор Т.Ермекованың: «Қазақ тіл 
ғылымында өзіндік орны бар, өз бойындағы білімі мен қажыр-қайратын ұстаздық, ғалымдық жолға арнап 
тілді құрметтеу арқылы ұлтты құрметтеудің ғажайып үлгісін көрсету нәтижесінде қайраткерлік дәрежеге 
жеткен қазақтың ғалым қыздары Рәбиға Сыздық пен Фаузия Оразбаевалардың есімдері айрықша аталары 
хақ»  деген  тұжырымынан  асырып  айту  қиын.  Екі  тұлғаның  үндестігін  профессор  Т.Ермекова 
«жарасымды  жалғастық»  деп  анықтап,  тілді  құрылымдық  жүйеде  зерттеуді  оны  үйрету  ісімен 
сабақтастыратын,  күнделікті  тәжірибедегі  қолданыстық  сипатын  да  танытуды  мақсат  ететін  еңбегінің 
негізінде профессор Ф.Оразбаеваны синкретті тұлға деп атайды.  
Қасиетті  ана  тілінің  киесін  отбасылық  тәрбие  негізінде  бала  кезінен  бойына  сіңірген,  ал  кейін  тіл 
тереңіне  бойлаған  саналы,  ұлтжанды  тілші-ғалым  «тілдің  негізгі  қоғамдық  қызметі  –  қарым-қатынас 
құралы»  деген  жалпы  да,  жалаң  қағида  мемлекеттік  тілдің  өрісін  кеңіте  алмайтынын  түсінді.  Осымен 
байланысты  күнделікті  тәжірибеге  сай  жан-жақты  ізденістер  мен  зерттеулер  нәтижесінде  қоғамдағы 
қарым-қатынас үдерісіндегі тілдің қызметін жаңа сапалық деңгейде анықтап, антропоөзектік парадигма 
өрісінде қарастыратын тілдік қатысым туралы коммуникативтік теорияның ғылыми-әдіснамалық негізін 
жасау ғалым ~ ұстаз ~ әдіскер ~ қайраткер өмірінің негізгі арқауына айналды. 
Осы тұрғыдан қарасақ, ғалым зерттеулерінің тұтас  тінін тіл иесінің болмысымен тығыз  байланыста 
қарайтын  антропоөзектік  қағида  құрайды.  Өз  сөзімен  дәйектесек:  «Сөйлеу  арқылы  ұғынысу,  түсінісу 
дегенді  нақтылай  келіп,  оның  жай  ғана  қарым-қатынас  дегеннен  гөрі  тамыры  тереңге  кеткен,  өмірде 
өзіндік  орны  бар,  қооғамның  дамуы  үшін  ең  қажетті  қоғамдық-әлеуметтік  ақпараттардың  жиынтығы 
арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдық қатынасының түп қазығы». 
Осы  қағиданың  негізінде  қазақ  тіл  біліміндегі  коммуникативтік  теорияның  ғылыми-әдіснамалық 
негіздерін  және  қатысымдық  бірліктердің  тілтанымдық,  елтанымдық,  мәдениеттанымдық  аспектілерін 
антропоөзектік  парадигмада  анықтау  профессор  Ф.Оразбаеваның  іргелі  еңбектерінің  негізінде 
қалыптасуда.  
Оны  Ф.Оразбаеваның  әр  жылдарда  жазылған  ғылыми  зерттеулері  мен  тіл,  діл,  ел,  ұлт,  қоғам 
мәселелеріне  қатысты  мақалаларының  мазмұны  мен  тақырыптарынан  да айқын  көруге  болады:  «Тіл  – 
рухани  құндылық»,  «Жаһандану  және  қазақ  тілі»,  «Ұлтты  сүю  –  ұлылық  тағылымы»,  «Сөз  –  ұлттың 
мәңгілік тұмары» т.б. 
Олай  болса,  тіл  –  адамның  танымдық  қызметінің  нәтижесі  ретіндегі  күрделі  жүйелі  құрылымдық 
туынды.  Сондықтан  тіл  арқылы  адамның  мынадай негізгі  қызметтері  іске  асатыны  белгілі:  өзгертуші, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет