Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет53/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   277
 
 
ҚЫРЫ МЕН СЫРЫ МОЛ ӘРІПТЕС ТУРАЛЫ ОЙ-ТОЛҒАУ! 


47 
 
Жұмажанова Т.Қ. 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, п.ғ.д.  
 
 
Түйіндеме:  Мақалада  ғалым  Фаузия  Оразбаеваның  ғалымдық,  ұстаздық,  әдіскерлік  қыры 
қарастырылады. 
 
Резюме:  В  статье  рассматриваются  научные,  педагогические,  методические  особенности  ученого 
Фаузии Оразбаевой. 
  Annotation:  The  article  deals  with  the  scientific,  teaching,  methodical  feature  of  the  scientist  Fauzia 
Urazbaeva. 
 
Білім беруді,  тәрбие  беруді жан-жақты  ізгілендіру  барысында үзбей  еңбек  етіп  келе жатқан Фаузия 
Шамсиқызының еңбегі ерекше екеніне сеніміміз өте мол. Өзінің қашанда ізденгіштігі, сапасы мол білімі, 
табандылығы, қазақ тіл біліміне деген құштарлығы әр кезде-ақ көрініс тауып, бір-біріне үнемі сабақтасып 
жататын.  Әсіресе,  тіл  мәртебесі  сөз  болғанда:  «Тіл  ‒  асыл  қазынамыз»,  «Ұлттық  құндылықты  білу  ең 
алдымен  қазақ  тілін  терең,  тиянақты  меңгеру  екенін  ешқашан  ұмытпауымызға  болмайтынын  жақсы 
түсінуіміз  керек»  деген  сөздері  кімге  болса  да  ой  тастайтыны  белгілі.  Ол  қашанда  «Сөзі  жоғалған 
жұрттың өзі де жоғалады» деп, қынжыла айтқан Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздеріне үнемі баса 
назар  аударып  үлкен  мән  бере  қарайтын.  Кей  кездерде  басқа  ұлт  өкілдерінің  қазақ  тілінде  еркін 
сөйлегендеріне қатты қуанатын. «Йә, қазақ елінде тұрып, сол тілді меңгере білу зор бақыт емес пе» дей 
келе,  оларды  мысалдау  мен  дәлелдеуді  қатты  ұнататын.  Шет  елдерде  сапарлас  болып  жүріп  бір 
байқағаным,  қашанда  осы  зерттеуші  ғалым  қарапайымдылық  пен  ізгіліктің  айнасы  іспетті.  Оның  тіпті 
салиқалы, байсалды түрде айтқан әр пікірлерінде терең, мағыналы ой өргізе білгендіктен өзінде еріксіз 
сол  мәселе  жайында  пікір,  әңгіме  қозғауға  тура  келеді.  Бүгінде  бергеннен  әлі  де  берері  көп  ұстаз-
ғалымның  қазақ  тіліне  деген  үлкен  құрмет  сүйіспеншілігі,  сондай-ақ  әдебиетке  деген  айрықша  ынта-
ықыласы үнемі жан дүниесінен байқалып тұрады. Іс-сапар кезінде мен кейде: «Сен ақынның жарысың, 
сондықтан  әдебиетті  айырықша  сүйесің,  оны  тілден  бөліп  жармау  керектігін  жақсы  ұғынасың»,  ‒  деп 
айтатынмын. Ол келісе отырып, мойындайтын. 
 
Кезінде  «Адамзаттың  Айтматовы»  атанған  ұлы  жазушы  1997  жылы  жарық  көрген,  мемлекеттік 
сыйлық лауреаты Н.Оразалиннің «Құралайдың салқыны» атты өлең жинағына: «Өлең – адам  ойы мен 
сезімнің  тұңғиық  сырларын  тербейтін  мәңгілік  пен  шексіз  қозғалыстың  құдіретті  көзі  екенін  естен 
шығарма» деп пікір жазған еді. Бұл пікір поэзияға деген үлкен ой-дүниені аңғартқандай емес пе?!. Осы 
жинағында ақынның өзіне арналған өлең жолдарынан үзінді келтірсек: 
«Келмедің, жаным, өмірге мынау бекер біз, 
Біреуге – күрмеу, біреуге бал мен шекерміз 
Біреуге – асыл, біреуге жасық көрініп, ғұмыр кешерміз... 
Өмірден  бірге  өтерміз»  деген  сөздерде  ақынның  жан-дүниесі,  асыл  сезімі,  жүрегінің  лүпілі  анық 
сезілгендей емес пе?! Йә, өзің тіл маманысың, тілдік талдауларды өте жоғары деңгейде көрсете білесің, 
демек, әдебиет әлемі сен үшін алынбайтын белес емес. Фаукен, сенің қоңыр дауыспен ән салғаның қандай 
жарасады!.  Кім  де  болса  тыңдағысы  келе  береді.  Бұл  да  сенің  жан-жақты  екеніңді  анықтағандай  бір 
көрініс  қой.  Әрқашан  да  бағалы  ой  мен  салиқалы  Фаукеннің  пікірі  кімді  де  болса  тәнті  еткендей. 
Арамызда  осындай  «ақырын  жүріп,  анық  басатын»  ғалым  қыздардың  болғанына  қатты  сүйсінеміз. 
Амандығын тілейміз, жасай берсін демекпіз.  
 
Зерттеуші-ғалым туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген ұлттық сезімдерді тәрбиелей отырып, 
бүкіл адамзат қауымының тілі, әдебиетіне деген қызығушылығына әсер ететінімізді өте жоғары бағалай 
біледі. Еңбек жолында Фаузия Шамсиқызы қазақ тілінен әдістеме-дидактикалық материалдарды орнымен 
пайдалана білудің, тілдік талдаудың жолдарын анықтап, бірнеше ғылыми-зерттеу еңбектерін жазды. Бұл 
еңбектердің  өз  құнын  ешқашан  жоймайтыны  белгілі.  «Тілдік  қатынас  теориясы  мен  әдістемесі»,  1996 
жылы «Тілдік коммуникация мен қатысым әдісінің ғылыми-эстетикалық негіздері» бойынша қорғалған 
докторлық жұмысын пайдалануда әр ұстаз-шәкірттің ризашылығы мол.  
 
Зерттеушінің жастардың өзіндік  ойлау, өзіндік пікірде болуын, тұжырым жасай білулеріне аса мән 
беретініне  Римде  болғанда  «Сапиенца  университетінде»  сабаққа  қатысқанымызда  әбден  көзім  жетті. 
Магистрлердің  диссертациясының  бет  саны  60-70-тен  аспайды,  бірақ  өзіндік  тұжырым  пікірге  өте  бай 
екенін көрдік. Фаузия Шамсиқызы болса: «Міне, бізге де осы керек», - дей қатты назарға ала білді. «Біз 
қашанда  сабақты  түрлендіріп  өткізіп,  тіл  дамыту,  сөйлеу  мәдениетіне  баули  білуді  бір  сәтте  естен 
шығармауымыз  керек»  дегенді  айта  отырып,  жазбаша  тіл  дамытудың  жолдарын  кезеңмен  аша  білді. 
Ғалым әдемі, әдеби сөйлей білудің негізі оқыған шығармада жатқанын түсіну керектігін жеткізді. Сондай-


48 
ақ, халық тіл байлығын жете меңгергенде ғана іске асатынына тоқталды. Сондай-ақ тіл мәдениетіне үнемі 
дағдыландыру, көркем әдеби тілін жетілдіруде қазақ тілі сабағының маңызы, орны айрықша екенін жете 
түсіндірді. Осы мәселе туралы мыңдаған студенттер де қатты ризашылықтарын білдірді. 
 
Демек,  ұстаздар  жұмыс  барысында  жастардың  мәтінді  оқытуда  көркем  шығарманың  тілін,  сөйлеу 
мәдениетін қалыптастыруда үзбей еңбектенуі қажет. Қашанда болмасын тіл мен әдебиетті жете меңгерту 
үшін қолданылатын жұмыс түрлері өте көп. Олардың атқарылатын қай-қайсысы болмасын тілдің қыр-
сырын  толық  ашуда  өз  үлестерін  қосары  сөзсіз.  Сабақ  барысында  тіл  дамытуға  арналған  қазақ  тілі 
сабақтарында  ауызша  немесе  жазбаша  шағын  суреттеме-эссе,  шығарма,  шығарма-пікір  жаздыруға 
болады.  Сондай-ақ,  мақал-мәтел,  шешендік  сөздердің  үлгілерін  үлгі-тірек  ретінде  қалай  пайдалануға 
болатынын  ғалым  айқындап  көрсетеді.  Фаузия  Шамсиқызы  өзгетілді  аудиторияда  да  қолданудың 
жолдарын  саралап  көрсетіп,  оқулықтарында  толық  дидактикалық  матриалдар  жүйесін  жасады.  Демек, 
оқушыларымыз  қазақ  тілі  этикасын  түсіне  отырып,  оны  қолдануға  дағдыланып,  оның  мазмұн-мәнін 
ашуға  тырысты.  Зерттеуші  тілді,  білімді  жетілдіруде  оқушылардың  дайындық  деңгейіне  көңіл  бөліп, 
сөйлеу үлгілерінің түрлерін жан-жақты мысалдар арқылы жеткізе білді. Фаузия Шамсиқызының жылдар 
бойы үзбей жүргізген жұмыстары өз жемісін табуда. Ұстаздар үшін үлкен қазына әлі де жалғаса берері 
сөзсіз демекпіз.  
 
Ғалымның  тіл  мәселесіне  қатысты  еңбектері  жан-жақты  сараптала  келе,  мол  асыл  қазына  ретінде 
пайдаланылуда. Бұл мәселелер төңірегінде көптеген еңбектер жазылды. Әлі де жазыла берері сөзсіз. Йә, 
ақын  жырлағандай:  «Бақыт  деген  ‒  баптап  өскен  жемісінің  өнуі  айналаңда  ақ  ниетті  адамдардың 
болуы...» дегендей өз еңбегінің жемісі халық игілігіне айналатынына қуанады. Зерттеуші ғалым қызымыз 
бүгінде қай ортада болмасын өзінің айрықша білімділігімен қашанда көзге түседі. Денің сау болып, шам-
шырақтай жайнап, арамызда жүре бер!... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет