тұлғасын танытады.
106
Тіл атқаратын қызметтердің бәрінің негізі – тілдік қатынаста жатыр. Осы тілдік қатынас, қатысым
әдістемесі ғалымның негізгі зерттеу бағытын айқындаған тақырыбына айналады. Тіл біліміндегі
қатысымдық бірліктердің негізгі аспектілерін жете талдаған «Тілдік қатынас» [1] еңбегінде ғалым тілдік
қатысым әдістемесін теориялық жағынан негіздеп қана қоймай, оны іске асырудың әдіс-тәсілдерін жан-
жақты талдап, нақты үлгілерін ұсынып, типтік оқу бағдарламаларын жасап, монография, оқулық, оқу
құралдарын жазып, тілдік-әдістемелік терминдердің қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігін жасайды.
Сөйтіп ғалым тілдік қатынас мәселесіне жаңаша қарап, осы салаға қатысты терминдерді тұрақтандыруға
күш салады. «Тілдік қатынас» еңбегі ғылыми ортада қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде сапалы қызмет
етуіне көмектесетін, түсіндіретін, сүйенетін теориялық-әдістемелік негіз деп бағаланады.
Құнды еңбектер ойып алып пайдалана беретін қазына іспетті. Осы орайда ғалым шәкірттеріне тілдік
қатынастың тұнып тұрған тұғырлы мәселелерін кертіп алып бере отырып, әдістеме ғылымында өз
мектебін қалыптастырады.
Ұлттық кодтың түп тамыры – мемлекеттік тілде жатыр. Рухани тамырын тереңнен тартқан тұлға осы
мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасын қалыптастыруда қыруар шаруа атқарады. Тілді
үйретудің тетігі мықты әдіснамалық негізде екендігін ескеріп, қазақ тілін коммуникативтік-деңгейлік
оқытудың бірегей моделін, ұтымды әдістерін, қазақ тілін меңгертудің алты деңгейлік кешенін ұсынады.
Осы мақсатта жазылған «Деңгейлік қазақ тілі» (5 том) деп аталатын тілді қатысымдық тұрғыдан
деңгейлеп оқыту – өркениет көшінен қалмауға ұмтылу екендігін бағамдататын еңбегі де заман талабына
толық жауап береді. Олай дейтініміз, бұл ғылыми-әдістемелік зерттеуде бүгінгі білім беру
парадигмасында тілді толық инновациялық технологиялық мүмкіндіктермен оқыту көзделеді [2].
Есейген сайын артыңа қарап, бар-жоғыңды түгендеп, еліңе де, өзіңе де есеп беретін сәт туады. Осы
орайда ақыл-парасаты тұла бойынан есіп тұратын, жаны шуақты, қаламы қуатты ғалымның мерейтойы
тұсында, яғни 2019 жылы, монографиялары, оқулықтары, әдістемелік құралдары, мазмұнды мақалалары
мен баяндамалары, эссе-толғаныстары қамтылған бес томдық еңбегі жарық көреді.
«Ой өрнегі – сөз» (1 том) деп аталатын еңбегіне алғашқы ғылыми зерттеулері топтастырылған.
Еңбектегі «Оғыз нама – ерлік дастаны» зерттеуінде түркі жұртының тарихындағы орны ерекше
дастанның көркемдік сипатын саралап, ғылыми айналымда әлі толық таныла қоймаған тарихи тұлғалар
туралы өзіндік пікір айтуы, сол кездің өзінде-ақ жас ізденушінің ғылымға салған соқпағының соқталы
екендігін байқатады. Оның жалғасы қазақтың қара сөзінің кемел болмысын одан әрі көркемдендіре
түсетін «Қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» деп аталатын «сұлу» тақырыпты зерттеуге ұласады [3].
«Тіл туралы ойлану – бәрі туралы ойлану» деген екен Ә.Кекілбаев. Тіл – ұлттың бүтін бір құндылығы,
мәңгілік байлығы. Тіліміздің тағдыры сынға түсіп отырған қазіргі заманда да, тіпті болашақта да, тілдің
тынысы тарылмау үшін бір сәтке тыным алып жайбарақаттыққа салынуға болмайтындығын сезініп, оны
мәңгілік етудің жолын іздеуден шаршамайтын ғалымның «Тіл кеңістігі» [4], «Тілтамыр» [5] еңбектеріне
тіл туралы толғамдары топтастырылған. Сондай-ақ осы еңбектердегі ұлт, ұлттық діл, қоғам, жаһандану
тұсындағы ана тіліміздің жағдайы жайлы тәпсірлеген толымды ойлары бүгінгі замана бедерінен сыр
шертеді.
Сонымен бірге мәңгілік болудың жолы ақыл мен ілім-білімде екендігін, ұлт тірегі – жастарымыздың
білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді бойына сіңірген, елжанды, мемлекетшіл азаматтар
ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында жазылған «Тіл мен рух», «Арыстар аманаты – тіл», «Тіл –
рухани құндылық», т.б. мақалалары ұлтымыз бірегей тарихи мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып,
уысынан шығармаса екен деген игі ниетті көздейді.
Тіл жанашыры «ең әуелі, тілімізді қорғай отырып, оның мемлекеттік тіл ретінде мәртебесі түбегейлі
бекіп, тамыр жаюына ата-ана, тәрбиеші, оқушы, оқытушы, қызметкер – бәріміз бірдей жауап беруге
тиістіміз» [5, 47],-деп балабақшадан бастап, білім беру сатыларында осы тұлғалардың функционалдық
міндеттерін санамалап көрсете отырып, ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырады. Аталған
еңбектердегі ұлт алдындағы ұлы міндеттерін адал атқарған алып тұлғалар туралы толғаныстары да өз
алдына бір төбе.
Сондай-ақ ғалым мемлекеттік тілдің мәртебесін бекіту бағытында бірнеше ғылыми жобалардың
авторы, жетекшісі ретінде де айтулы істер тындырады. Атап айтқанда, тілді игерудің халықаралық
үлгілері мен Еуропалық стандарттары негізінде тұңғыш жазылған қазақ тілін үйренуге арналған 6
деңгейлік оқу-әдістемелік кешеннің, электрондық оқулықтардың жетекшісі және авторы, Халықаралық
орталықтармен бірігіп жасалған қазақ тілі DEMO курсы авторларының бірі (2007).
Ұлт руханиятына қызмет етіп келе жатқан тұлғаның қайраткерлік іскерлігіне тамсанасыз. 1979 жылы
филология ғылымдарының кандидаты атанса, 1996 жылы педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін
иеленеді. 1999 жылы ЖАК профессоры, 2013 жылы ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Ресей педагогика
ғылымдары Халықаралық академиясының академигі (2009) атанады.
107
Үлкен ұйымдастырушы, кадрдың қадірін білетін білікті басшы болмасаң, ұжымды басқару деген де
оңай шаруа емес. Профессор Фаузия Шәмсиқызы ұзақ жылдар бойы, яғни 1997 жылдан бастап күні
кешеге дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ тiлi теориясы және әдiстемесi кафедрасының
меңгерушiсi қызметін абыроймен атқарды. Осы университеттің оқу-әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi
проректоры (1991–1993) болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың (1989–1990), Абылай хан атындағы ХҚжӘУ-дің (1998–2000), Абай
атындағы АлМУ-дың (1997–2001), Қырғыз Білім академиясы мен Қырғыз МУ жанындағы ғылыми
диссертациялық кеңестердің мүшесі (2008–2011) және Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы
диссертациялық кеңестің төрағасы (2001–2010) қызметтерін атқарды.
Тіл теориясы мен әдістеме ілімін тел ұстаған ғалым ғылымдағы ғұмырында қырық ғылым кандидаты
мен он бір ғылым докторын тәрбиелеп, отандық ғылымды көтеруге бір кісідей атсалысады.
Елбасымыз мемлекеттік тілден емтихан тапсырған сын сағаттарда да үш мәрте «Лингвистикалық
комиссияның» мүшесі әрі хатшысы (1999, 2005, 2011) болады.
Қорыта келгенде, жетпіс жасқа жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей боп жетіп отырған аяулы ұстаз,
өзіміз әрдайым құрметпен қарайтын мықты ғалым, қайраткер тұлға Оразбаева Фаузия Шәмсиқызын 70
жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз.
Қазақтың ірі ақыны Нұрлан Оразалиндей ағамыздың жары болу үшін де ірілік керек шығар. Себебі
әйел баласының басқа тірлігін былай қойғанда, ақынға жар болуының өзі бір басқа бақыт болғанымен де,
қиындығы да жетерлік болар. Үйде де, түзде де осындай нардың жүгін көтеріп жүрген қазақтың қайсар
қызына амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Жер бетіндегі мұхиттар мен теңіздер қанша алып болса да, оларды жалғайтын тынып ағатын тұнық
Достарыңызбен бөлісу: |