келуінің жарқын үлгісі бола алады. Ф. Оразбаева өзінің осы зерттеуі арқылы дидактиканың басты
ұстанымы – теорияның практикамен байланысын көрсетіп, іс жүзінде жүзеге асырған ғалым болды.
Тілдің «барлық ерекшеліктерінің ішіндегі ең маңыздысы және бастысы» саналатын «қатысымдық
қызметі» Ахаң айтқан «тірлік шарасына» жұмсалады. Олай болса, тілдің осындай ерекше қызметі жайлы
білім құрғақ сөз - «мәніс білім» дәрежесінде қалып қоймауы керек екенін, оны өмірде қолданудың «әдіс
білімі» де қатар ұсынылуы керек екенін көрегендікпен болжады, жан-жақты зерттеп, айтылым, жазылым,
оқылым, тыңдалым, тілдесім үдерістерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің
әдістемелік жүйесін қалады.
«Адамдар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, дыбыстық таңбалар жүйесінің жиынтығы
арқылы ойды жарыққа шығарудың құралы» саналатын тілдегі қатысымдық құбылысты зерттеуге
бағытталған еңбегінде ғалым Ф.Оразбаева: «Тілдік қатынастың қоғамдық негізі қарым-қатынас құралы
тілдің қоғамдағы рөлі мен мәніне байланысты. Қазақ тілінің қатысымдық ерекшелігін зерттеуде
оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың, қазақ тілінің қоғамдық мәнін жете түсіндірудің ерекше
маңызы бар. Бұл – біріншіден, жалпы дүниеге деген танымдық көзқарастың негізінде танылса, екіншіден,
қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қатынас құралы ретіндегі алатын орнына байланысты
қарастырылады», - деп жазады [3].
Жоғарыда аталған «Баулу мектебі» мақаласында А. Байтұрсынұлы мәніс білім мен әдіс білімнің
айырмашылығын көрсету мақсатында: «Тіршіліктің ең оңай ісі – қазық істеу немесе қарындаш ұштау.
Бірі шотпен, екіншісі пышақпен істеледі. Шотты қалай ұстап, қалай жону мәнісін түсіндіріп, әбден
білдіргенмен, шот шауып, пышақпен жонып әдісін алмаған адам қазықты да дұрыстап істей алмайды,
қарындашты да дұрыстап ұштай алмайды», - деген мысал келтіреді [1]. Демек, тілдің құрылымы мен
мәнін, тарихы мен бүгінін теориялық тұрғыда құр сипаттап, мәніс білім беріп қана қою жеткіліксіз, тілді
қатысымдық тұрғыдан меңгеріп, өмірдің түрлі тілдік жағдаяттарында прагматикалық тұрғыда оңтайлы
қолдана білуге баулу қажет. Теориялық (мәніс) білім танымдық бағдарлы оқыту кезінде, ал практикалық
(әдіс) білім коммуникативтік бағдарлы оқыту кезінде жүзеге асады.
Тілдің қызметі тек қатынас құралы ретінде шектеліп қалмайды, одан әлдеқайда маңызды. Қатынас
адамдардың ұжымдық іс-әрекетінің негізгі сипаттамасын және ұжымдағы тұлғаның әрекетін көрсетеді,
сондықтан тұлғаны тәрбиелеудің күшті факторы ретінде саналады. Шынында да, іс-әрекет (еңбек) және
қарым-қатынас – адамның әлеуметтік тұрмысының, оның өмір сүру салтының екі жағы, қатынас таным
үдерісімен тікелей байланыста дамиды. Сондықтан қатысымдық бағдарлы оқытудың мәні мен маңызын
113
жоғары көтере отырып, ғалым Ф.Оразбаева дәстүрлі әдістемеден бері келе жатқан тілді танымдық
бағдарлы оқытуды да қолдайды.
Ф.Оразбаева бұл мәселеге қатысты: «Танымдық лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат
қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып білудің ғылыми-теориялық негіздерін
қарастырады. Сондықтан қазақ тілін оқытуда танымдық лингвистика ілімі білім мазмұнының танымдық
бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным үдерісіне қатысты
білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады», - деп жазды [4].
Танымдық бағдарлы оқыту тіл үйренушіге ұсынылатын тілдік және сөйлесімдік бірліктері арқылы сол
тілді қолданушы елді, халықты, ұлтты, оның материалдық және рухани байлығын танытуды көздейді.
Қазақ тілін оқыту сабақтарында елтанымдық, ұлттанымдық деректерді қатысымдық әдіс арқылы
тартымды, қызықты етіп ұсыну мақсаты қойылады. Ұлт тарихы, мәдениеті, тұрмыс-салты, дүниетанымы
жайында терең біліммен қаруланған, жан-жақты, білікті, нағыз ұлтжанды, танымдық әрі қатысымдық
бағдарлы сабақтарды ұйымдастыруға ұйытқы бола алатындай өзінің де кәсіби құзыреттілік деңгейі
жоғары маманға көмекке келеді. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен шыққан «Деңгейлік қазақ тілі»
оқулықтарында тіл арқылы ұлттың ой-арман, сана-сезім, мақсат-мүддесін, басты құндылықтарын
танытуға, қазақ ұлтының әлемді тілдік бейнелеуінің сырларын түсіндіріп, басты құндылықтарын
меңгертуге бағытталған мәтіндер жүйесі, қатысымдық бағдарлы оқытуға негізделген дискурсстық,
аутентивті мәтіндерді меңгертуге арналған сөйлеу жаттығулары ұсынылады [5].
Лингвистикада «тіл» мен «сөйлесімнің» дихотомиясы белгілі. Тіл - статикалық күйге ие, сөйлесім -
динамикалық үдеріс. Тіл дегеніміз – сөйлесімді тудыру ережелерінің жиынтығы болса, сөйлесім дегеніміз
–
осы ережелерді тілдік қатынаста қолдану. Тіл – адам санасы мен танымын, мәдениеті мен
психологиясын жинақтаушы, сөйлесім формасында жеткізуші феномен. Тіл сөйлесім арқылы жүзеге
асады. Ф.Оразбаева: «Қатысымдық байланыс бар жерде сөйлесім арқылы қарым-қатынас бар. Тілдік
қатынастың қай түрі болсын, сөйлесімнің кез келген түрін іске қосады. Сонымен, сөйлесімді жүзеге
асыратын – тіл де, оның іске асуына жағдай жасайтын – қарым-қатынас. Тіл мен сөйлесім бір ортақ
жүйенің екі бүтін құрамы болса, қарым-қатынас, яғни, қатысым – олардың шарты. Сонымен, сөйлесім
дегеніміз – тіл арқылы дыбысталып айтылатын, ойды жарыққа шығаратын, қатысымдық мәні бар, әрі
әлеуметтік, әрі даратүрлік құбылыс», - деп атап көрсетеді [3]. “Адам тіл арқылы нені жеткізетінін
білгенімен, тілді және сөйлесім процесін өзіне бағындыра алмайды. Сөйлесім әрекеті, адамның сөйлеу
тілі өзіне бағынышты емес, ол – жаратылыстан пайда болған ерекше құбылыс” [6].
Сөйлесім әрекеті мидың сенсорлы аймағының қызметі мен мидың функционалды өсіп-өрбуіне тікелей
байланысты. Мидың негізгі бөлімі екі (оң және сол) ми сыңарынан тұрады. Адамның сөйлесім әрекеті
оның миының жартышарларының жаратылысына қарай, бір жартысының екіншісіне қарағанда басым
қызмет атқаруына байланысты көрініс беретіні ғылымда дәлелденген. Бір жақ ми сыңарының әрекеттерге
ерекше жауапты болып, белгілі бір үстемдік орталыққа айналуы латериализация құбылысы арқылы
жүзеге асады. Латериализация - адамның дамуымен бірге жетіліп отыратын табиғи құбылыс, бөгде тілді
меңгерудегі бұл құбылыстың маңызы ерекше. Соған байланысты тіл үйренушілердің қатысымдық
әлеуетін анықтау мақсатында олардың миындағы қос жартышарлардың қызметіне қарай тілдік және
сөйлеу типтерін айқындап алу қажеттілігі туындайды. Адам миының қос жартышарларының ойлау
әрекетінде атқаратын қызметін тіл үйрету үдерісінде дұрыс пайдалану – сапалы нәтижеге жылдам қол
жеткізудің басты алғышарты. Адам миындағы қос жартышарлардың үйлесімді қызметі тұлғаның
танымдық әрі қатысымдық құзыретін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл жөнінде Ф.Оразбаева: «Тілдік қатынастағы вербалды және когнитивтік әрекеттердің бірлестігі
адамзаттың қоршаған ортаны, әлемді тіл арқылы бейнелеп, оны зерделеп тануына мүмкіндік жасайды,
таным тілден көрініс тауып, адам ойын сыртқа шығарады. Адамның танымдық әлеміндегі тілдік және
тілдік емес жүйесі қатысымдық және танымдық құрылым ретінде коммуникация мен когницияның
зерттеу нысандарын біріктіре отырып, тілдік қатынас пен таным процесін бір-бірімен сабақтастырады,
тоғыстырады», - деп жазады [4].
Психологтар мен физиологтардың зерттеулеріне сүйенер болсақ, адамның таным үдерісі оның
миының қосжартышарының алма-кезек қызметі арқылы жүзеге асады. Тек екі жарты шардың
қызметіндегі басымдық әр адамда әр басқа болады. Мысалы, біреуде оң жақ жартышардың, ал екінші
адамда сол жақ жартышардың басымдық рөл атқаруы сол адамның ойлауы мен қабілетіндегі ғана емес,
іс-әрекет, мінез-құлқындағы, тіпті санасындағы өзгерістерге себепкер болады. Тілдік және сөйлесімдік
құзыреттілік пен қабілеттіліктің сипаттамасы ғылымда шет тілін меңгерудің танымдық-лингвистикалық
және қатысымдық-сөйлесімдік үлгілеріне сәйкес келетін дихотомия түрінде берілген.
М.К.Кабардов шет тілін оқытуда тілді меңгерудің когнитивті-лингвистикалық үлгісі үшін тиімді
болатын когнитивті-бағдарлық оқыту мен тілді меңгерудің коммуникативті-сөйлесімдік үлгісі үшін
114
тиімді болатын коммуникативті-бағдарлық оқыту түсініктерін енгізді. М.К.Кабардов тіл үйренушілердің
мұмкіндіктеріне қарай үш типі - қатысымдық-сөйлесімдік, танымдық лингвистикалық және аралас
(танымдық-лингвистикалық) болады деп атап көрсетеді [7]. Қатысымдық типтің табиғи ерекшелігіне
оның миының оң жақ жартышары айырықша басым болуы және жүйке жүйесінің елгезектігі мен әлсіздігі
тән. Ал когнитивті типке оған керісінше, миының сол жақ жартышарының айырықша басым болуы және
жүйке жүйесінің енжарлығы мен күштілігі тән. Аралас тип осы аталған психологиялық және
психофизиологиялық параметрлердің шамамен тең дәрежеде келуі арқылы көрініс табады. Қатысымдық
тип бірінші сигналдық жүйеге ие болып келіп, сөйлесім әрекетіне бейім келеді, ал когнитивтік
(танымдық) тип екінші сигналдық табиғатқа ие бола отырып, лингвистикалық теорияларды жақсы
меңгереді. Қазақ тілін үйретуде тілдік (когнитивті) үдерістер қазақ тілін меңгерумен байланысты болса,
ал қатысымдық (сөйлесімдік) қызметі осы тілді қолданумен байланысты.
А.Байтұрсынұлы: «Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын
орнының керек қылуына қарай», - деген болатын [8]. Тілші-әдіскер ғалым Ф.Оразбаева қатысым әдісін
Достарыңызбен бөлісу: |