махаббат, ғаделет, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан тәңірінің ісі. …Бұл ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ғақил. Біз
жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді көріп-көріп, ақылмен
байқап сезбесек». Хакім Абай айтқан "Алланың хикметі" – ақиқат дүние. Адамға ақиқатты тану, ғылым
жасау өзі ізденіп отырған дүниесін," жасалып қойған нәрселерді" ақылмен байқап сезу арқылы келеді.
Абайдың сөзіне жүгінсек, ақиқатты тану кез-келген адамның еншісіне берілмейтін қасиет. Себебі ақиқат
дүниені "біреу анығырақ сезсе", беру сезіне алмайды. Ғылымды "ғаделет, махаббат сезім" бар және " дүние болмысын сезініп, көзбен көріп, ақылмен білген" адам ғана жасай алады. Қазақ тіл білімі саласында Абай қара сөзінде сипаттаған қасиетті өн-бойына сыйдырған парасат-пайымы жоғары
ғалымдар бар. Сондай ғалымдардың бірегейі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР