Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет142/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   277
Байланысты:
1 2019

    Бұл бет үшін навигация:
  • Keywords
 
Ключевые слова: учитель, педагог, научное руководство, человеческие ценности. 
 Annotation:The article sets out the basic principles of the education of human qualities and the humanization 
of the scientist and teacher Fauzia Orazbaeva. 


129 
 Keywords: teacher, scientific adviser, human values. 
 
Ұстаз туралы мақала жазу мен үшін соншалықты күрделі болады деп ойламаппын. Әр нәрсенің басын 
бір шолып, қай қырынан жазсам екен деген түрлі сауалдар пайда болды.  
Иә,  менің  ұстазыммен  алғашқы  таныстығым  1997  жылдың  қыркүйек  айынан  басталады.  Абай 
атындағы  Алматы  мемлекеттік  университетіне  мақсатты  жолдама  алып,  жастықтың  жалынымен  алып-
ұшып 215 кабинеттің есігін қағып кіргеніміз, әлі күнге есімде. Төрде жылы жүзді, биязы апай күлімсіреп, 
қай  жақтан,  қандай  мақсатпен  келгенімізді  сұрай  бастады.  Менің  қасымда  курстас  құрбым  Бақыт 
Қасенова бар еді. Біз өзімізбен ала келген құжаттарымызды көрсетіп, аспирантураның күндізгі бөліміне 
келгенімізді, екі жыл орыс аудиториясында қазақ тілінен сабақ бергенімізді, 1 жыл Қыздар педагогикалық 
институтында тағлымдамадан өткенімізді, барлық кандидаттық минимумдарды тапсырып қойғанымызды 
айттық. Сонда Фаузия апай: «Сендер орыс аудиториясында қазақ тілінен сабақ берсеңдер, сөйлеу әрекеті 
туралы түсініктерің бар ма? Қандай ақпарат білесіңдер?» – деп сұрағаны әлі есімде. Орыс, шет тілдері 
мұғалімдерімен  бір  кафедрада  жұмыс  істегендіктен,  сөйлеу  әрекетінің  түрлері  туралы  біраз 
ақпаратымыздың  бар  екендігін,  өзімізше  айтып  дәлелдеп  бақтық.  Бізбен  біраз  пікір  алмасқаннан  кейін 
ұстаз  өзінің  бізге  ғылыми  жетекшілік  жасайтынын,  зерттеу  жұмысымыздың  сөйлесім  әрекетінің 
түрлеріне байланысты болатындығынан хабардар етті. Сонымен қандай ғылыми жетекшіге түседі екенбіз 
деген үрей де қорқыныш та, толқу да сап тиылды.  
Кафедрадан  шығып,  Шәкәрім  атындағы  Семей  педагогикалық  институтының  соңғы  курсында  біз 
оқыған  жылдары  декан  орынбасары  болып  қызмет  атқарған  Гүлжихан  Шахарман  апайымызды 
кездестіріп, Фаузия апаймен арада болған әңгімемізді ерекше қуаныш сезіммен айтып шықтық. Гүлжихан 
апай  да  өте  жақсы  ғылыми  жетекшіге  тап  болғанымызды,  Фаузия  апайдың  тақау  арада  кафедра 
меңгерушісі  болғандығын,  мінезі  көркем  тамаша  адам  екендігін  айта  келе,  бізге  сәттілік  тілегені  де 
есімде.  
Иә,  жылдар  жылжып,  өмір  керуені  көше  береді.  Ұстазымнан  үйренгенім  өте  көп.  Ең  алғаш  өзімше 
ғылыми мақала жазып, алып келгенім, 1-сыныптың оқушысы сияқты әкелген мақаламды қызыл пастамен 
түзетіп,  10  рет  қайтарғаны,  әр  түзетуді  көрген  сайын,  намыстан  ұялғаным  да  есімде.  Одан  кейінгі 
тексертуге әкелген мақалаларымның ұстаз тарапынан мақтауға ие болғаны маған қанат бітірді, күш берді, 
жігерлендірді. Менің ғылыми стилімнің қалыптасуына ұстазымның сіңірген еңбегі орасан.  
Аспирантураның күндізгі бөліміне түскеннен кейін бізді қасына шақырып, ғылыми мақала, ғылыми 
жұмыс  қалай  жазылатындығын,  ғылыми  зерттеу  жасау  үшін  неден  бастау  қажеттігін,  «тайға  таңба 
басқандай»  үйретті,  кеңес  берді.  Фаузия  апай  докторлығын  енді  қорғаған,  енді  шәкірт  тәрбиелеу  ісіне 
көңіл  бөле  бастаған  кезінде  алғашқы  шәкірттерінің  бірі  болып,  аспирантурада  оқу  бақыты  маған 
бұйырған  екен.  Менің  «алғырлығым»,  «шапшаңдығым»,  «пысықтығым»,  «жауапкершілігім», 
«іскерлігім»,  «адалдығым»,  т.б.  ұстазыма  ұнаған  болу  керек,  алғашқы  жылдары  мені  қасына 
оқытушылыққа  алатынын,  өзіне  жақын  шәкірт  ретінде  көргісі  келетінін  айтты.  Мен  де  ұстаз  айтқан 
талаптарға сай болу үшін еңбек еттім.  
Еліміздің түрлі оқу орындарынан келген бірнеше аспиранттармен бірге университеттің жатақханасына 
орналастық.  Әр  аспиранттың  ғылыми  жетекшісі,  зерттеу  саласы  әр  түрлі.  Арамызда  болатын  жиын-
тойларда,  туған  күн  кештерінде  бір-біріміздің  ғылыми  жетекшілеріміз  туралы  да  сұхбаттасамыз.  Бірі 
мақтайды,  бірі  ғылыми  жетекшісінің  пендешілігін  айтып  даттайды.  Сол  кездегі  аспиранттардың 
арасындағы бәсекелестіктің туындауы - ғылыми жетекшілерінің беделінің жоғарлылығы, адами қасиеті, 
рухани жан тазалығы, пендешілік өмірден ада болуы сияқты маңызды қасиеттерге кеп тірелетін. Мен бұл 
өлшем бойынша әр қашан бірінші орында тұрдым десем, артық айтпаспын.  
Сонымен  аспирантураға  түскеннен  кейін  алғашқы  көктем  мерекесі  де  келіп  жетті.  Жатақханадағы 
аспирант достарымыз ғылыми жетекшілерін құттықтауға кірісіп кетті. Біз де сол көштен қалмайық деп 
Ұстазымызға  бір  шоколад  алып  құттықтай  келгеніміз  есімізде.  Сондағы  Ұстазымыздың  «Өздерің 
жатақханада  тұрасыңдар.  Ата-аналарың  қастарыңда  жоқ.  Неге  ақша  шығарып  шығынданасыңдар.  Бұл 
ақшаға  жақсылап  қою  күрең  шәй  ішіп,  дұрыс  тамақтанбайсыңдар  ма?  Енді  маған  сыйлық  жасауға 
талпынсаңдар, мен сендерге ғылыми жетекші болмаймын», - деген сөзі әлі күнге дейін есімнен кетпейді. 
Бұл мен үшін өмірлік мектеп сабақтарының бірі де бірегейі боп қала берді. Сол күннен бастап, қандай 
мереке болсын, сыйлық жасау керек деген қоғамның дерті біздің қасымыздан сырт айналды.  
1999 
жылдың  мамыр  айы  да  келіп  жетті.  Ұстаз  50  жасқа  толды.  Қасымда  Бақыт  құрбым  екеуіміз 
ұстазымызды мерейлі тойымен құттықтау үшін қолымызда бір кәрзеңке гүлімізбен үйінің алдына келдік. 
Ұстаздың  үйінің  мекен  жайын  кафедрадан  алғанбыз.  Құттықтап  апарып  берейік  десек,  үйіне  кіруге 
жүрегіміз  дауаламайды.  Қолында  гүл  шоғы  бар  бір  жылы  жүзді  апайды  көріп,  өзімізді  таныстырып, 
әкелген гүлімізді сол апайдан беріп жібердік. Ертеңінде ұстазымыз үйдің алдына келіп тұрып, үйге кіріп 


130 
қонақ  болмағанымыз,  дастарқаннан  дәм  татпағанымыз,  қазаққа  жат  қылығымыз  үшін  бір  «ұрысып» 
алғаны есімде. 
Иә,  мен  ұстазым  Фаузия  апайдың  қасында  жүріп,  қызығы  мен  жауапкершілігі  зор  өмір  мектебінен 
өттім, шыңдалдым, тәрбиелендім, жақсы істерді үйренуге, адами қасиеттерді бойыма сіңіруге тырыстым. 
Осынау өмір соқпағында мені тағдыр осы аяулы жанмен табыстырды, жолымыз үйлесті. 
Филология және педагогика салалары бойынша докторлық және кандидаттық диссертация қорғайтын 
ғылыми  кеңестің  техникалық  және  ғалым  хатшысы  болған  жылдары  еліміздің  түкпір-түкпірінен 
диссертация  қорғауға  келген  әр  түрлі  адамдармен  жұмыс  істедім,  құжаттарын  тексеріп,  Комитеттің 
талабына  сай  келуін  қатаң  қадағаладым.  Диссертациялық  кеңестің  төрағасы  ретінде  Фаузия  апайға  да 
үлкен жауапкершіліктер жүктелетін. Адам болғаннан кейін түрлі жағдайлар болып тұрады. Құжаттарды 
рәсімдеу  барысында  қойған  талаптарды  түсінбей  орындағысы  келмейтін  кейбір  әріптестер  де  кездесіп 
жатады. Әрине, ол өмір ғой. Сондай бір сәтте менің қатты ренжіген сәтімді көріп, Фаузия апайдың мені 
сабырлыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке үйреткені есімде. «Мен де талай арыстанның бетін қайтарып 
отырмын ғой, сен де менен үлгі алсаңшы» дегені әлі күнге дейін көкейімде сайрап тұр. Содан бері мен де 
талай «арыстанның» бетін қайтаруға тырыстым. Бұл да ұстаздан алған өмір сабақтарының бір көрінісі еді.  
Ұстаз бен оқытушының арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Кез келген арнаулы білімі бар 
адам  оқытушы  боп  қызмет  етуі  мүмкін.  Ал  нағыз  ұстаз  болу  жан  тазалығын,  ар  тазалығын  сақтаған 
адамның пешенесіне ғана жазылмақ.  
Әр жастың жүрегіне жол тауып, келешекте адами қалпын сақтап қалатын білімді, білікті елінің ертеңін 
ойлар ойлы азамат тәрбиелеп шығару да нағыз ұстаздың қолынан келмек. Ұстаз қандай болу керек? 
«Ұстаз – ұлт ойының діңгегі. Діңгегі берік ойдың ертеңі ерен, болашағы жарқын. Ұстазға деген құрмет 
– 
қазақ елінің руханиятына деген құрмет. Құрмет әлсіреді деген сөз діңгектің босай бастағаны. Діңгегі бос 
ойдың ұлт болашағы мен халық еретңіне қызмет ете алмайтыны анық. 
...Сондықтан қазіргі ұстаз – білім беруші, тәрбиелеуші, өмірге бағыт бағдар беруші, ұйымдастырушы, 
тең дәрежеде пікірлесуші, оқушының жан-дүниесін түсінуші, әрі сыпайы тәрбиеші, әрі білімді мұғалім, 
әрі мейрімді ана, әрі қамқор әке және сырлас жетекші» [1, 91] екендігін, яғни ұлттың болашағы, алтын 
діңгегі – ұстазға байланыстылығын Фаузия Шәмсіқызы айқын, нақты жеткізіп отыр.  
 
Демек, ұстаздың ой өрісі, дүниетанымы кең, білімді, жан жақты, өз мамандығына сай, соны сүйетін өз 
ойын алдында отырған білім алушыларға анық тұжырымдап, нақты түсіндіре білу керектігіне, екіншіден, 
мұғалімнің  ары  таза,  инабатты,  иманды,  парасатты  болу  қажеттігіне  аса  мән  беріп  отырғандығын 
байқауға болады. Ендеше ұстаз болу үшін қандай талап болу керек деген барлық критерийлердің Фаузия 
ұстаздың  өзінің  бойында  қалыптасқандығы  және  осы  үйлесімділік  қасиеттерді  өзгелердің  де  бойынан 
көргісі келетіндігі сөзсіз. Ұстаз сөзімен айтқанда, «үйлесім – ой мен парасаттың, талғам мен танымның 
жемісі» [1, 72]. 
 
Өзі басқарған кафедрадағы ұжымның студенттер арасында таза болуына, студенттерден ақша жинау 
сияқты былық істерге араласпауына ерекше көңіл бөлді. Фаузия апай басшы ретінде педагог мәртебесіне 
лайықты болуымызға мән берді.  
 
Шығыс  ойшылдарының  пікірлерінде  адамның  тұлғалық  жеке  дара  қасиеттері  оның  өмірлік 
мүмкіндіктерінің  рухани  жолмен  жүзеге  асуы  арқылы  жанданатыны,  ал  ұлы  Абайдың,  Шәкәрімнің 
пайымдауларында  адам  жаны  неғұрлым  таза  болса,  оның  іс-әрекеті  соғұрлым  кемел  болатыны,  адам 
өмірін мазмұнды етіп, бақыт сезіміне бөлейтіні дәлелденіп, жан тазалығы үшін рухани жолға түскендер 
адами қасиетке ие екендігі айтылған.  
 
Иә,  Фаузия  Шәмсіқызының  адами  қасиеті,  болмыс  бітімі,  адамгершілік  қырлары,  ізгіліктілігі, 
парасаттылығы менің де ұстаз, ғалым, педагог ретінде қалыптасуыма ықпалын тигізді.  
 
Мұғалім  еңбегінің  әлеуметтік  мәніне,  елдің  мәдени  өміріндегі  белсенді  рөліне  кезінде  қазақ 
зиялылары  көп  көңіл  бөлген.  Ахмет  Байтұрсынұлы:  «Жақсы  мұғалім  мектепке  жан  кіргізеді,  басқа 
кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді» деген екен. Ендеше ұстаздың бойынан да 
осы  қасиеттерді  көруге  болады.  Өзі  басқарған  ұжым  мен  тәрбиелеген  шәкірттері  арасында  адами 
құндылықтарға толы ерекше құрмет пен сыйласымдылықтың орын алуына игі әсер етті. 
 
Фаузия  апай  меңгерушілік  жасаған  жылдары  кафедрадағы  ерекше  ауанның  қалыптасқандығы 
соншалық,  жұмысқа  бару  үшін  асығушы  ек.  Фаузия  апай  іс  сапардан  оралып,  жарқырап  кафедраға 
кіргенде  анамыз  алыс  сапардан  келгендей,  ерекше  сезімге  бөленіп,  біз  де  қатты  қуанатынбыз.  Бұл  – 
боямасыз шындық, ақиқат. Белгілі әдіскер ғалым, ұстаз Д. Әлімжанов: 
Қасиет таза адамның жүрегінде 
Шыншылдық  жанмен  сүйген  тілегінде,  -  деген  екен.  Иә  ұстазымыз  –  Фаузия  апайдың  бойындағы 
қасиет – ананың сүтімен, әкенің парасатты тәрбиесімен дарыған қасиет болар. «Тәрбие көзі тектен... Бұл 
жалпы адамзат баласымен бірге жасасып келе жатқан жазусыз қағида» [1, 73], - деп Фаузия апайдың өзі 


131 
айтқандай,  мұғалімдер  отбасында  тәрбиеленген  ұстазымыздың  ұлағаттылығы,  көркем  мінезі, 
сабырлылығы,  адамилығы  осы  мөлдір  бұлақтан  сусындап  өскендігінен,  тектілігінен  бастау  алғандығы 
хақ.  
Фаузия апай асыл ана, аяулы жар ретінде де бізге үлгі-өнеге болды десек артық айтпаспын. Қазақтың 
біртуар  ақиық  ақындарының  бірі  Нұрлан  аға  екеуінің  арасындағы  ерекше  үйлесімділікке  толы 
сыйластықтарын,  жарасымды  әзіл-қалжыңдарын,  нәзік  иіріммен  астасқан  сүйіспеншіліктерін, 
құрметтерін, сырға әрі жырға толы назын көріп, біз де үлгі алуға тырыстық.  
 
Қазақ жастарының бойына қазақтың бірегей, қайталанбайтын ұлттық құндылықтарын сіңіріп өсіруде, 
жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез құлықтарын қалыптастыруда, рухы жоғары азамат ретінде 
тәрбиеленуінде ұстаз-ғалымның еңбегі орасан. 
 
Адам  баласы  Алла  тағала  сыйлаған  қамшының  сабындай  қысқа  ғұмырында  жақсылықтар  мен  игі 
істерге  талпынады.  Ар  алдындағы  басты  қағида  бұл  өмірге  адам  болып  келген  соң  адамдық  ат  пен 
қасиетке  дақ  түсірмеу.  Осындай  өлшемдер  тұрғысынан  қарағанда  сондай  аяулы  жандардың  қатарына 
Фаузия Шәмсіқызын жатқызар едім. Ұстаз сөзімен айтқанда, «Әр дәуір мен әрбір ұрпақ жадында сирек 
кездесер  болмыс  бітімімен,  қайталанбас  қалпымен  сақталатын  адамдар  болады.  Ғылымда,  әдебиетте, 
өнерде,  саясатта,  қоғамдық  өмірде  өзінің  туа  бітті  дарынымен  оқшау  көзге  түсіп,  бойындағы  бар  ізгі 
қасиеттерін ұлтының іргелі істеріне, үлкен мақсаттарына бағыштаған мұндай перзенттерін халқымыз қай 
кезде де шексіз қадірлеген, тұлға тұтқан» [1, 50]. 
 
«Ұлттың  ең  ұлы  байлығы  –  тілі.  Тілді  қадірлеу,тілге  қызмет  ету,  тілді  уақыттың  аласапыранынан 
сақтау үшін күресу - сол тілде сөйлейтін ұлттың, ұрпақтың міндеті» [1, 87] деген қағиданы басшылыққа 
алған ұстазым Фаузия апай қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясының дамуына көп еңбек 
сіңірді. Тілді қатысымдық бағытта үйрету жолында аянбай еңбек етті, әлі де берері мол.  
Ана тілі – қазақ тілі – мемлекеттік тілдің дамуы жолында ерен еңбек етіп келе жатқан ұстазым Фаузия 
апай барда, оның тәрбиелеген сан мыңдаған шәкірттері мен үзеңгілес әріптестері, тіл жанашырлары барда 
тілдің  мәртебесі  өсетіні  даусыз.  Оған  дәлел:  «Өткен  ғасыр  мен  өткен  ғасыр  ортасындағы  ұлт  тілін 
алаңдатқан  сауалдарды  түгендей  отырып,  жаңа  бағыттағы  тіл  салаларын  зерттеп  зерделеу  –  бүгінгі 
міндетіміз. Олар, атап айтқанда, мыналар:  

Қазақ тілінің сөздік қорын жүдетпеу; 

Қазақ тілінің табиғаты мен жаратылысына жасалып жатқан қиянатты шабуылдарға тосқауыл қою; 

Қазақ тілінің мәдени болмысын сақтау үшін атқарылар шараларға мұрындық болу; 

Тіл атты ең ұлы ұлттық байлығымызды сақтау; 

Тілді қадірлеу, 

Тілге қызмет ету. 
Демек, тілді сақтау – ұлт пен ұлысты, ел мен жерді сақтаудың алтын қазығы бола отырып, қазақ халқы 
үшін қазіргі жағдайда әлемде өз орнын бекітудің алғышарты да болып табылады. Өйткені тіл – адамзат 
болмысындағы ең басты құндылық» [1, 88]. Яғни А.Байтұрсынұлы айтқандай, «ел бүгіншіл, менікі ертең 
үшін» деген ұстанымды негізге алған тіл жанашыры Фаузия апайдың ұлт тілінің сақталуы үшін аянбай 
күресіп келе жатқандығы көз алдымызда.  
...Адал мақсат көрсетіп, еңбек етші 
Риза  болсын  көргенде  ел  сүйсініп,  -  деп  Д.Әлімжанов  айтқандай,  бар  ғұмырын  ұстаздық  пен 
ғалымдыққа  сарп  еткен,  Фаузия  апайдың  алған  асуын,  жеткен  биігін  тізіп  жеткізе  алмаспын.  Менің 
мақсатым – Фаузия апайдың шәкірті ретінде өзім көрген ұстаздық келбетінің кейбір қырлары туралы сыр 
тарқату еді.  
Ендеше,  бүгінгі  мақаланың  әлқисасы  болған  аяулы  ұстаз,  педагогика  ғылымдарының  докторы, 
профессор,  ҚР  ҰҒА  кореспондент  мүшесі  Фаузия  Оразбаева  және  оның  бойындағы  өнегелі  де  ізгі 
қасиеттер ХХІ ғасырдағы ұстаз келбетінің кісілік кескін-кейпін айқындайтын, даралайтын тұлға ретінде 
келер ұрпаққа өнеге бола бермек.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет