Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет248/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   277
Байланысты:
1 2019

Annotation:The  article  presents  practical  tasks  that  reveal  the  ways  and  methods  of  assimilation  of  ethno-
cultural texts through reading. The scientific and theoretical  justification  of the article  is based  on the  works  of 
scientist F. Orazbayeva and justified by references. When mastering ethno-cultural texts through reading activity, 
the  priorities  of  cognitive  reading  activity  and  its  implementation  provide  for  the  importance  of  tasks  aimed  at 
achieving the goals and correct work with the reading goals enshrined in the curriculum. 
 
Қазіргі  техника  мен  ғылымның  қарыштап  дамуы  заманында  оқу-тәрбие  үрдісін  ізгілендіру  күн 
тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру – жеке тұлғаның еркін 
дамуы  үшін  оның  бойында  жалпы  азаматтық  құндылықтардың  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін 
дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс. 


223 
Қай  салада  болмасын,  ондағы  жұмыстың  нәтижесі  сапасымен  өлшенеді.  Мектептегі  сан-саналы 
жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында болатыны даусыз. Бүгінгі білім беру сапасы – бұл 
қоғамымыздың  ертеңі.  Сол  себепті  ел  болашағының  ертеңі  мен  бүгіні  ұлттық  құндылықтарға 
бағдарланған сапалы білім мен оны үйлестіруші мұғалімге байланысты болмақ. Осы орайда оқушының 
танымдық,  шығармашылық  қабілетін  дамыту  —  мектеп  мұғалімдердің  алдында  тұрған  жауапты 
міндеттердің бірі. 
 
Қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ.Жұбанов қазақ тілі сабақтарында оқушыларға тілді тек 
құрылымдық  тұрғыдан  игертіп  қоймай,  сонымен  қатар  сөз  бен  сөйлеудің,  тіл  мен  ойлаудың 
байланыстарын да танытып отырудың қажеттігін айтқан. [1, 96] 
Профессор  Ф.Оразбаева  қазақ  тілін  танымдық  тұрғыдан  оқытудың  мақсатын  –  «тіл  біліміндегі 
танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгерту арқылы теория мен практиканы ұштастыра отырып тіл 
үйренушінің ой-өрісін кеңейту»,- деп тұжырымдайды. [2, 116]  
Сонымен  қатар  профессор  қазақ  тілін  танымдық  тұрғыдан  оқытудың  бірнеше  алғышарттарын  атап 
көрсетеді: 
1. 
Қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын бағдарламаға сәйкес тілдік қағидаларды басшылыққа ала отырып, 
жалпы адамзатқа тән қасиеттермен сабақтастықта оқыту; 
2. 
Сабақ  барысында  жеке  тұлғаның  психологиялық  жай  күйін  ескеру,  оның  есте  сақтау  қабілетін, 
жадысын, қабылдау дағдысын, сөйлеу әрекетін жетілдіру; 
3. 
Сабақтағы  материал  сынып  шеңберінен  шығып,  табиғи  орта  мен  қоғамдық  өмірмен  байланыста 
оқыту; 
4. 
Тілдік және қатысымдық бірліктердің мағыналық ерекшеліктерін нақты мысалдармен түсіндіріп, әр 
сөздің мағыналық реңкін тіркес пен сөйлем құрамында қолдана отырып, сөзді әр түрлі жағдаятқа сәйкес 
бейнелі  жеткізуге  үйрету  арқылы  оқушының  танымдық  қабілетін  жаттықтыруға  болатынын  айтады. 
[2,119] 
Тілді  оқыту  сабақтарында  оқушылардың  танымдық  әрекеті  мен  шығармашылық  қабілеттерін 
арттыруда  мәтіннің  алатын  орыны  ерекше.  Соның  ішінде  этномәдени  мәтінді  оқып-үйренуде  оқушы 
өзінің  шығармашылық  ойлау  қабілетін  дамытып,  сол  оқыған  туындысы  негізінде  дұрыс  пайымдаулар 
жасауға ұмтылады. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың аялық білімдері мен білім, іскерлік 
дағдылары қалыптасады. Халықтық педагогика негізінде тәлім-тәрбие алады.  
 
Этномәдени мәтіндерді  оқылым әрекеті арқылы жүргізуде тиімді әдістерді таңдап алудың,  оқылым 
әрекетінің маңызын айқындаудың мәні зор.  
Профессор Ф.Оразбаева оқылым теориясын «графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер 
мен  тіркестердің  мағынасы  мен  мазмұнын  ой  мен  сананың  нәтижесінде  қабылдай  отырып,  сауатты, 
дұрыс,  мәнерлеп,  ұғынықты  оқу  және  одан  қажетті  деректі  түсініп,  сұрыптап  алу»,-  деп  түсіндіреді. 
Сонымен қатар оқылым процесіне қатысатын төрт негізгі компонентті ажыратып көрсетеді. Олар: 
1. 
Көру мүшелері 
2. 
Ойлау мүшелері 
3. 
Тілдік тұлғалардың таңбалық тізбегі 
4. 
Қатысымдық тұлғалардың мағыналық тізбегі. 
Сонымен  қоса  әдіскер  оқылым  түрлерін  қолданылу  мақсаты  мен  тапсырмалық  көрсеткішіне  қарай 
бөлген: 
 
Танымдық оқылым; 
 
Зерделік оқылым; 
 
Ізденімдік оқылым; 
 
Көрсетімдік оқылым. [3, 97] 
Танымдық оқылымда – мәтіннің барлық мазмұны тұтас есте қалмай, соның ішінен өзінің қабілеті мен 
қажетіне қарай ең маңыздысын ұғып пайдаланады.  
Зерделік оқылымда – оқушы берілген материалды не мәтінді толық түсініп оқуы керек. 
Ізденімдік  оқылымда  –  оқушы  мәтін  ішінен  өзіне  керек  фактіні,  сілтемені,  хабарды  іздеп  тауып,  ең 
керектісін пайдаланады.  


224 
Көрсетімдік оқылымда – берілген ақпаратты жүйелеп қарап шығып, оның не туралы екенін қысқаша 
анықтап біледі. [3, 99]  
Камбурн  (1988)  оқылымға  арнап  мәтін  таңдаған  кезде  мәтін  деңгейіне  мән  берумен  қатар  оның 
мазмұны да қызықты болуына назар аударған жөн деп тұжырымдайды. Себебі мәтін оқушы деңгейіне сай 
келіп,  әрі  оқушы  үшін  қызықты,  мыңызды  болса,  оқушының  ол  мәтінді  зерделеу  үдерісі  де  табысты 
болады.  
Карелл  (1998)  оқылым  әрекетін  жүргізуде  тиімді  әдіс-тәсілдерді  таңдай  білу  маңызды  екенін  атап 
көрсетеді. Оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығуларды:  
1. 
Мәтінді оқудың алдында (оқылым алды); 
2. 
Мәтінді оқу кезінде (оқылым кезі); 
3. 
Оқығаннан кейін (оқылым соңы) деп жіктейді. [4, 29]  
Осы  іс-әрекеттер  жүйесін  этномәдени  мәтіндерді  оқыту  барысында  «5  –  5  –  1  »  әдісін  пайдалану 
арқылы іске асыруға болады. Мысалы:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет