Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет60/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   277
Байланысты:
1 2019

Keywords: synonym, words, with a common meaning, current language, methodology, word usage. 
 
Сөз  қазақ  сөзінің  қадірі  мен  құдіретін,  қазақ  сөзінің  жүйесі  мен  өрнегін,  ана  тілінің  байлығы  мен 
рухани құндылық екендігін – осылардың баршасын танытып, тереңдете сезіндіріп, мойындатқан, бүгінгі 
таңдағы белгілі ғалымның лексикология, лексикография, тіл тарихы, тілді оқыту әдістемесінің теориясы 


52 
мен  практикасының  ғылыми  әдіснамасы  тәрізді  сан  алуан  салалардағы  байыпты  ғылыми 
тұжырымдарының қалыптасуының бастауы болған еңбек жөнінде болмақ.  
Бұдан  отыз-қырық  жылдай  бұрын  ғылыми  талқылауға  ұсынылған  «Қазақ  тіліндегі  сын  есім 
синонимдер» атты зерттеудің мазмұнында баяндалған және анықталған мәселелер мен ой-пікірлер қазіргі 
ағымдағы  қазақ  тілінің  жай-күйіне  қатысы  жағынан  да,  ана  тілінің  тағдыршешті  қазіргі  проблемалары 
тұрғысынан қарағанда да, барынша өзекті.  
Жұмыстың өзектілігі бүгінгі таңдағы бірнеше басым бағыттармен ұштасады. 
Қазақ  тілінің  мәртебесі  мен  қолданылу  аясына  қатысты  заңнамалық  құжаттарда  да,  ғалымдар  мен 
қалың  жұртшылық  тарапынан  да  «сөз  мәдениеті  төмендей  түсті»  деген  пікір  айтылып  келеді  [1].  Бұл 
жайттың  себептері  де  баршылық:  бір  жағынан,  мәдениетаралық  коммуникация  қазақтілді  қауымның 
ауызша  сөйлеу  мәнеріне  де  әсер  етті,  екіншіден,  көптілділіктің  қатарласа  өмір  сүруі  ауызша  немесе 
жазбаша  сөйлесуде  қазақ  сөзінің  құнарын  пайдаланудан  гөрі  «аралас  тілмен»,  қарапайымдап  ақпарат 
алмасуды қалыптастырды, ал бұл қазақ сөзінің сан қырлы мағынасы мен мақсатты реңктерін ығыстыра 
түсті.  Кей  пікірлерде  бұл  жайтты  қазіргі  қоғам  мүшесінің  көркем  әдебиетті  оқу,  оқығанда  да  түсініп, 
түйсініп оқу жайының бәсеңдегенімен байланыстырады. Қалай болғанда да, «қиынын тауып қаламасаң, 
байлауын  тауып  ұстатпасаң,  сөз  (сөйлеу)  сөгіліп  кетеді»  деп  өз  кезінде  тілші  қауымның  ұстазы 
Қ.Жұбанов [2, 148] айтқандай, кей тұстарда ойды жеткізер сөздің сөгіліп, шашырап қалатын тұстарын, 
сөз  жауапкершілігін  сезінудің  азайғанын  баршамыз  да  байқаймыз.  Рухани  жаңғыруды  мақсат  еткен 
қазіргі  мұраттардың  бастысы  –  тілді  ұлттық  болмыстың  шынайы  негізі  ретінде  таныта  отырып,  ана 
тілінде  бар  сөз  байлығын  қолданысқа  шығару  арқылы  тілдің  өміршеңдігін  сақтап  қалу.  Ал  сөз 
байлығының қазыналы көзінің бірі – өзара мағыналас-мәндес лексемалар екендігі белгілі.  
Осындай  қысқаша  ойлардың  негізінде  жоғарыда  аталған  еңбекте  маңызды,  қазірге  дейін  актуалды 
пікірлер қорытылғанын атап айту жөн. Ең алдымен зерттеудің авторы өзара мағыналас-мәндес сөздердің 
(синонимдердің)  бір  қабатын  –  заттың,  құбылыстың,  ұғымның  сынын,  сапасын,  қасиетін  білдіретін 
сөздерді (сын есімдерді) даралап бөліп алып, бірнеше аспектіде талдайды. Еңбекке қатысты баса назар 
аударатын  жайттың  негізгісі  мынада:  әрине,  басқа  түркі  тілдерінде  де,  қазақ  тілінде  де  синонимдерге 
арналған  зерттеулер  жеткілікті  деуге  болады,  алайда  олардың  басым  денінде  өзара  мағыналас-мәндес 
сөздер  құрылымдық  лингвистика  тұрғысынан  қарастырылғанын  байқаймыз.  Ал  біздің  сөзімізге  арқау 
болып  отырған  еңбектің  құнды  жағы  синонимдердің  функционалдық,  семантикалық,  стилистикалық, 
доминанттық-перифериялық  тұрғыдан  зерделенуі.  Осы  бағыттағы  алғашқы  ізденістер  соңғы  жылдары 
кең  өріс  ала  бастаған  лингвомәдениеттану,  когнитивті  лингвистика  салаларының  аспектілеріне  барып 
тіреледі. Еңбектің құндылығының, актуалдылығының бір мәнісі осында.  
Мәселен,  құрметті  /  аса  құрметті,  қадірлі,  аса  қадірлі,  қадірменді,  ардақты,  аяулы,  жоғары 
мәртебелі  тәрізді  өзара  мәндес  сөздердің  арасында  функционалдық,  стильдік,  контекстуалдық 
айырмашылықтар бар; бұл сөздердің барлығына ортақ айрықша құрмет көрсетудің образды мағыналары 
болғанымен, жағдаятқа, арналатын адамның жас мөлшері, адресанттың адресатқа қызмет, жұмыс бабы, 
лауазым субординациясы, туыстық қарым-қатысы жағынан қолданысқа түскенінде,  олардың  бірнешеуі 
бірін-бірі теңбе-тең алмастыра алмайды. Немесе ұғымтал / зерек / зейінді / алғыр және тұнық / мөлдір 
тәрізді қатарлар, бір қарағанда, абсолютті синоним болып көрінуі мүмкін. Алайда олар функционалдық 
тармақтарда сараланып қолданылады. Бұларға қатысты автор семантикалық талдау жасаған: «тұнық сөзі 
судың немесе  сұйықтықтың белгілі бір  уақыттан кейін тұнып барып тазаланғандығын білдірсе,  мөлдір 
оның әрқашан таза екендігін  көрсетеді... ұғымтал, зейінді деген  сөздер айтқанды ықыласпен ұғып, тез 
түсінетін  қасиет  болса,  алғыр,  зерек  деп  айтқанды  тез  түсініп  қана  қоймай,  оны  өзбетінше  әрі  қарай 
дамыта  білушілікті  айтады»  [3,  263-264].  Осылайша  семантикасын  нақтылау  арқылы  зерттеуші  қазақ 
ұлтының  когнициясына  тән  белгілерді  айқындай  түседі.  Өйткені  қалай  болғанда  да  бұл  мысалдарда 
негізгі мәдени концептілердің этномәдени семантикасы [4]; тілдік фактілердің ұлт өкілінің санасындағы 
менталды репрезентациясы, білім-түсініктің, қоршаған ортаны қабылдаудан жасалған тәжірибенің тілдегі 
модель түріндегі көрінісі бар. Жалпы, біздің сөзімізге өзек болып отырған зерттеуде семантикалық талдау 
арқылы  ұлт  мәдениеті  мен  ұлт  тілі  арасындағы  байланыстың,  лингвомәдениеттану,  когнитивистика 
мәселелеріне қазақ тілтанымында алғаш рет біртіндеп енудің бірнеше тұжырымдары тиянақталған. Бұлай 
деуімізге бірнеше дәлел айтуға болар еді: а) зерттеу нысанасының өзі сын есім синонимдер арқылы ұлт 
өкілінің ойсанасында әлем жөніндегі білімнің қаншалықты шоғырланғанын көрсетеді; ә) мағыналық және 
экспрессивтік-стильдік  реңктері  айқын  немесе  көмескі  синонимдерге  лексикалық-семантикалық, 
функционалды-стильдік  талдау,  әрі  талдауларды  нақты  мысалдармен  бекіту  сөз  қолданыстың  ұлттық 
сипатын, сөз мағынасындағы мәдени ақпараттың көлемі қаншалықты екендігін танытады.  
Қазақ  сөз  мәдениетінің  қазіргі  жайына  байланысты  академик  Р.  Сыздық  сән  мәрте  «жанайқайын» 
айтты да, жазды да [5]. Мерзімді баспасөз беттерінен де зиялы қауымның алаң пікірі кездеседі. Әсіресе 


53 
ауызша  әдеби  тілді  қолданудың  үлгісі  бар  масс-медиа  тілінің  сөз  сазында,  сөз  мәнерінде  табиғи 
заңдылықтарға кереғар келетін «әттеген-айларды» айтпағанның өзінде, қазақтілді қауымның қандайда бір 
ақпаратты  жеткізудегі  сөз  қоры  шектеле  түскен.  Бұл  жайтқа  себепкер  болып  отырған  тілден  тыс 
факторлар  да айқын. Айталық,  «жақсы» сөзінің мақұл, құп, жарайды, дұрыс, бәрекелді, ләббай тәрізді 
синонимдік  қатарлары  сөз  әдебінде,  алынған  ақпаратты  құптау  мағынасында  тым  сирек  қолданылады. 
Қарапайым  түсіндіргенде,  сөз  мәдениеті  ұғымы  тек  сөздерді  дұрыс  қолдану  ғана  емес,  сонымен  қатар 
сөйлеу, жазу барысында әдеби тіл сөздерін қолдануға басымдық бере отырып, тілдің қазына қорындағы 
сөздерді жақсы білу және оларды ситуацияға қарай іріктеп, талғап қолдану дегенге қарай саяды.  
Әрине, жоғарыда келтірілген тілдік фактілердің өзара мәндес сөздер ретінде орналасуы да, қолданысқа 
түсетін жағдаяттары да әртүрлі. Олардың себептері – синонимдердің мағыналық реңктері жақын немесе 
алшақ, интенсивтілік дәрежесі түрліше, экспрессивті-образды реңкі мәнмәтін арқылы ғана анықталатыны 
«Қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» атты еңбекте ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерделенген.  
Синонимдік қатар түзетін тілдік қабаттың  ең көлемдісі, семантикалық-функционалдық жағынан сан 
қырлы, күрделі болып келетін сын есім синонимдердің зерттелуінің маңыздылығын аша түсетін, қазіргі 
ұлт  тілінің  ағымдағы  жағдайына  өзектілігі  жағынан  орайласатын  тағы  да  бірнеше  жайттарды  атауға 
болады.  
Біріншіден,  ұлт  тіліндегі  мектептерде  болсын,  өзгетілді  дәрісханаларда  болсын,  қазақ  тілін  үйретіп-
меңгертуде  тілдің  байлығын,  оралымдылығын  таныту,  насихаттау,  сүйсіндіру  мен  білім  алушының 
ойсанасына  сіңіру  оқыту  әдіснамасының  басты  ұстанымдарының  бірі  болуға  тиіс.  Еңбек  авторының 
осылайша  мүдде  тұтқан  принциптері,  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  теориясы  мен  практикасына 
қатысты қыруар қызметі ғылымда да, қоғамда да өз бағасын алған; дәл қазір тілді оқыту мен меңгертудің 
лингводидактикалық,  әдістемелік-педагогикалық  базасы,  кадрлар  жүйесі  жоғары  деңгейде  қалыптасқан 
десек,  бұл  салада  жаңаша,  коммуникативті  әдістеме  қалыптастырған  ғалымның  елеулі  үлесі  көптеген 
ғылыми еңбектерде мойындалған және практикада дәлелденген. Дей тұрсақ та синонимдердің ғылыми 
жағын қарастырған ғалымның сөз байлығы мен сөз образдылығын оқыту ісінде меңгертуге қандай әдіс-
тәсілдер ұсынатынына тағы бір мәрте назар аудартамыз. 
Тілді оқытуға, үйретуге маманданған адамда ең алдымен лингвистикалық базаның болғаны маңызды. 
Бұған қоса тілдің тарихы мен тіл тағдырына алаңдап қарайтын, тілге деген зор сүйіспеншілігі болатын 
маман  ғана  әдіснамадан  жоғары  біліктілік  таныта  алады.  Сондықтан  да  болар,  ғалымның  «Тілтамыр» 
кітабында  берілген,  тілді  оқытуға  арналған  түрлі  тренинг-жаттығулар,  тренинг-тапсырмалар,  мәтіндер 
сияқты  әдіс-тәсілдерде  сөздің  мағынасы,  контекстуалды  қолданысы,  актив  және  пассив  сөздер 
жинақталады,  олар  үйренушінің  ойөрісіне  дамуына  жетек  болады;  осылайша  қолдану  үйренушінің 
санасындағы ұғыммен байланыс табады; ал бұл – нәтижеге қол жеткізудің ең тиімді жолы екендігі анық 
және оқыту әдістемесіндегі жаңа әдістердің бір түрі [6].  
Екіншіден, сын есім синонимдердің табиғатына, семантикасы мен қолданысына қатысты пікірлердің 
ұлт тілінің ағымдағы жағдайына өзектілігі жағынан орайласатын тағы бір тұсы латынграфикалы әліпбиге 
көшу жолындағы іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты. Қазір жаңа әліпби негізінде сан түрлі типтегі 
жаңаша,  жаңғыртылған  ортологиялық  құралдар  түзу  жұмысы  қарқынды  жүргізілуде.  Жаңаша, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет