76
құлын мүшесіне сұқтана қараудан қысылғандай жанарын тайдырып әкетті де, еріксіз ақжаймаға көз
тоқтатты.
3) Сұлулық – жалаңаш қыз. Суретші сұлуға жалбарына қарады. Сұлу көрпені серпе ашып, орнынан
тұрды. Тал бойына бір міні жоқ келісті мүсінін тік ұстап, сәндене басып айна алдына барды. Өзінің жа-
лаңаш тәніне сурешінің сұқтана қарап жатқанына еш қымсынбады. (Осындағы сұлудың жалаңаш болуы
қазақы қалыпқа, дұрысқа келмей тұрса да, оны жазушы өз идеясын іске асыру үшін жазуға мәжбүр болады).
4) Сұлулық – адалдық. Суретші сұлудың құлын мүшесіне сұқтана қараудан қысылғандай жанарын
тайдырып әкетті де, еріксіз ақжаймаға көз тоқтатты. О, тоба, қарғыс атқыр ақжаймада дақ жоқ!
Япыр-ау, бұл қалай болғаны! Сұлудың әлгі жүрегіне жебедей қадалған екі ұштылау сөзі ақиқатқа
айналғаны ма? Шынымен де сұлудың... Жо-жоқ, мүмкін емес! Мұның бәрі өңі емес, түсі... Дақ тимеген
қардай аппақ ақ жаймаға ұзақ тесілуге дәті жетпеген.
5) Сұлулық – қызығу мен қызғаныш. Өзегін күйдірген өртті толқын лықсып ауызына кептелді.
«Аһ!» десе ішінен лап етіп жалын атардай. Көз алдына дөңгеленіп жас келгенін сезбей қалды. Орнынан
ұшып тұрып, айна алдында таранып тұрған сұлу сайқалдың бетінен шапалақпен осып-осып өткісі
келді. Ащы-ащы сөздер айтып тілдегісі келді. Шыдамады-ай қайтсін, жастықты құшқан күйі төсекке
сұлқ құлады. Өкіре жылағысы келген, бірақ дауысы шықпады. Қай-қай иттен өш аларын білмеген
албырт жас өкініштің өткір тырнағы жүрегін бүрген сайын қос жұдырығымен жастықты тоқпақ-
тай берді...» [«Сұлу мен суретші», 95-96 б.].
Сондай-ақ, категория деген ұғым өз ықпалын тигізеді. Категория – адам ойының танымдық түрі. Э.Н.
Оразалиева бұл туралы: «Ол – адам тәжірибесін жалпылауға, жіктеуге мүмкіндік беретін ерекше ұғым.
Бүгінгі күні танымдық категория негізгі ерекшеліктеріне қоса, жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз етіліп,
адамның когнитивті әрекетімен, яғни әр түрлі заттарды белгілі бір қасиеттеріне орай жіктеу, топтау
негіздерімен, материя мен оның қимыл-әрекеттерін сипаттар көп қырлы формаларды объективті түрде
кластарға, топтарға біріктіру мүмкіндіктерімен сабақтаса дамып келеді», – деп ойын сабақтайды [3, 270].
Деректі, дерексіз, жанды, жансыз зат есімдердің түпкі негізінде осы категоризациялау үдерісі жатыр.
Ақын көзқарасындағы ең басты когнитивті бірлік – концептосфера. Жалпы, бүгінде, когнитологтар бұл
терминмен ақынның жалпы шығармашылығы мен дүниетанымын таңбалап жүр де, жеке тілдік
тұлғаларды қарастырған зерттеулерді осы сөзбен ауыстырып жүр.
Бұл терминді алғаш қолданған академик Д.С. Лихачев болатын. Когнитивті тіл білімінде бұл
терминмен қатар, концептілік жүйе термині де қолданылады. З.Д. Попова, И.А. Стернин: «Концепто-
сфера – бұл халықтың концептілерінің жиынтығы, ойлаудың ақпараттық базасы», – деп анықтайды
[4, 36]. Ал Р.И. Павиленистің тұжырымынша: «Концептілік жүйе – индивидтің ақиқат, бейақиқат дүние
туралы (ой, пікір, білім) ақпараттарының өзара үздіксіз ұласқан конструктілік жүйесі», – деп танылады
[5, 280]. Ғаламның когнитивті бейнесі және әртүрлі түрлері концептосфера бойынша ұғынылады, жалпы,
тілдік ұғым туралы санадағы ақпараттар концептілік жүйеде дұрысталады. Сол себепті, В.Знаков: «Тану
(ұғыну) әрекеті – индивидтің бұрын қабылдаған және жаңадан таныған ақпараттары арқылы дүниенің
мәнін түсіну», – ұғынады [6, 22 б.]. З.Д. Попова, И.А. Стернин, алдымен, ғаламның тікелей бейнесі және
тікелей емес бейнесін көрсетіп, одан ғаламның когнитивті бейнесі, одан ғаламның тілдік бейнесі
туындайды деп көрсетеді. Олардың жазуынша, ғаламның когнитивті бейнесі негізінде адам санасында
ғаламның тілдік бейнесі жасалады. Олар: «ғаламның когнитивті бейнесі» – адамның немесе халықтың
когнитивті санасында құрылған сезу мүшелері арқылы шындық болмыстың бейнеленуінің нәтижесі
болатын шындық болмыстың менталды бейнесі. Ғаламның когнитивті бейнесі – бұл мәдениетпен
берілген сананың концептосферасы мен стереотиптерінің жиынтығы», – деп анықтайды [4, 52]. Мысалы,
ақында ол мына бір когнитивті метафорадан көрінеді деуге болады: «Ағарып атқан таңды ақ төсекте аһ
ұрып қарсы алған суретшіні сұлу уатқан жоқ. Ақжаймаға сүзіліп тұрып көз алды бұлдырағанын,
жанарынан ытқып жас шыққанын көрді. Сол күйі бетін басып жылдам ваннаға кіріп кетті. Содан
жігіт киініп бөлмеден шығып кеткенше шықпай қойды. Жігіт те сұлумен қоштасқысы келмей, тұлан
тұтқан ашу мен ызаға булығып атып шықты бөлмеден» [«Сұлу мен суретші», 95-96 б.].
Жалпы алғанда, адам әлемді өз ана тілі арқылы таниды да, сол негізде ұлттық мінезді бойына қабыл-
дай бастайды. Бұның негізінде «ғаламның ұлттық бейнесі» жатса керек, сондықтан «ғаламның тілдік
бейнесі» бала санасында қалыптасқанда «ғаламның ұлттық бейнесі» бірге қабысып қалыптасады.
Кезінде Э.Сепир, Б.Уорф ұсынған болжамда адамдар әлемді өздерінің ана тілінің призмасы арқылы
қабылдап, көретіні айтылған еді. В.А. Маслова: «Ғалам бейнесі кеңістік, уақыт, сан, этикалық және тағы
басқа параметрлер арқылы көрінеді. Оның қалыптасуына тіл, дәстүр, табиғат және ландшафт, тәрбие, оқу
және тағы басқа әлеуметтік факторлар өз әсерін тигізеді. «Ғаламның тілдік бейнесі» ғаламның ұлттық бей-
несін бейнелейді және әртүрлі тілдік деңгейлердегі тілдік құралдарда көрінуі мүмкін», – деп жазады [7, 65].