жас баланың тәніндей деп те толықтырылған. Қауырсындай жеп-жеңіл әрі атластай жылтылдаған денені
айтқанда нәрестенің балғын денесі көз алдымызға келеді. Салыстырудың сәтті шыққандығы сондай
сезімді селт еткізеді.
Теңеу туралы айтқанда салыстыру үшін қандай нәрсе алынып отырса, соған көбірек мән беріледі.
Асылында, мәселе тек онда ғана емес. Сол салыстыру арқылы сипатталып отырған құбылыс, нәрсе қандай,
оның нендей ерекшелігі көрсетіліп отыр және екі нәрсені теңестірудің өзінен қандай мағына туып, ой
аңғарылады – міне алдымен осылар толық ескерілуге тиіс [2]. Жоғарыда талдап отырған мысалда да белгілі
бір ой аңғарылып тұрғанын көреміз. Ал деректі заттың белгісі дерексіз ұғым арқылы сипатталғанда,
олардың екеуінің де салыстырылып отырған сапа қасиеттері айқындала түсетінін аңғарамыз. Тіпті теңеудің
образы болып тұрған дерексіз ұғымның сипаты деректінің сапа белгісіндей көрініс беріп, нақты бейнеге
айналып кететіндей. Мысалы, «О, Құдірет, сонда шал ғұмыр бойы іздеп өткен, қиялында немесе түсінде
ғана ұшырасып келген сұлумен дәл өстіп майы таусылған шамшырақтай өлеусіреген, өз-өзін қамшылай-
қамшылай өкпесі өшіп, болдырған кезінде, қу тірліктің қызығынан жерініп, өлімнің жан тербетер тыныш-
тығын көксей бастаған бойкүйез шағында қайтадан жолығысқаны ма?!» [12,98]. Суретші шалдың бойкүйез
шағы – өлеусіреген шамшырақпен салыстыра сипатталған. Бойкүйез шақ – дерексіз, ал шамшырақ –
деректі. Теңеудің негізі болып тұрған шамшырақ сөзі тура мағынасында зат атауын білдіреді. Мысалы,
шамның шырағы жанады, өшеді, т.б. Сондай-ақ ауыспалы мағынада сөнбес шамшырақ, шырағың сөнбесін
сияқты тіркестерде жұмсалып, ұлттық танымдық мән үстейді. Теңеудің суреттілігі, бейнелілігі арқылы
көркем бейне толығы түсіп, терең сезінуге мүмкіндік береді.
-
дай/-дей; -тай/-тей жұрнағы арқылы есімше тұлғалы етістіктен жасалған теңеулер көңіл-күйді,
психологиялық ахуалды білдірумен бірге, белгілі бір қимыл-әрекетті екінші бір жағынан салыстыра
суреттеп те тұрады. Мысалы, «Күзетші жігіт қол шамын ала салып, жын қаққандай жүгіріп,..» [5,19],
«Алтын жалатқандай ұшында жылт-жылт етіп ұшқын ойнаған қайқы кірпігін қылқаламмен кескіндеу
мүмкін бе?!» [5,93]. Бірінші мысалда теңеудің образы – жын қаққандай тұрақты компаративі ақылға
қонбайтын оғаш қылық жасауды білдіреді. Күзетшінің есі шығып жүгіріп келе жатқанын жын қағумен
салыстырған. Халықтың таным-түсінігінде жын қаққан адам есінен адасып, ерсі қылықтар жасап,
мәңгіріп қалатын болған. Жазушы күзетші шалдың дәл солай не істерін білмей сасқалақтап жүгіріп келе
жатқанын нанымды теңеумен бере алған, эмоционалды-экспрессивтік бояуы да айқын. Екінші мысалда
автор сұлулықтың символы іспеттес қайқы кірпікті алтын жалатқандай жылтылдаған деп әсерлі
салыстырған. Сұлулықты, әсіресе суретші сұлуының қайқы кірпігін суреттеу мүмкін еместігін, сол сәттің
аса маңыздылығын, салмақты да жауаптылығын аңғартады. Бұл жерде қимыл-әрекеттің сыртқы амалын
ғана білдіріп қоймай лирикалық қаһарманның ішкі сезім-күйінен де хабар береді.
Яғни -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағының теңеу жасау мүмкіндіктерін Т.Ахметжан өз шығармаларында
кеңінен пайдаланғанын көреміз.
Суреткер шығармаларында теңеу жасаудың қолданылған екінші бір синтетикалық тұлға -ша/-ше
жұрнағы. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты оқулықта -ша/-ше жұрнағының үстеу жасауда
кеңінен қолданылатынын айта келіп, шақтық және теңдестіру, салғастыру ұғымы бар сөз жасайтынын
айтады. [13,333]. Түркологиялық әдебиеттерде -ша/-ше жұрнағының шығу төркіні мезгілдік ұғымды
білдіретін шақ сөзімен байланыстырылады. Бірақ -ша/-ше жұрнағымен жасалған сөздердің барлығында
бірдей мезгілдік ұғым бола бермейді. Ғалым Ф.А. Ганиев -ша/-ше жұрнағын омонимдік қатардағы екі
тұлға деп қарауды ұсынады да, шығу төркінін шақтық мәндегі сөзбен қатар осындай, сондай мәніндегі
шақ сөзімен байланыстырады [14,196]. Қазақ тіліндегі -ша/-ше жұрнағы салыстыру мағынасын білдіруде
-
дай/-дей жұрнағымен синонимдес болады. Т.Ахметжан шығармаларында -дай/-дей жұрнағындай өте
жиі қолданылмағанымен де, -ша/-ше жұрнағы жалғану арқылы жасалған теңеулердің небір әсем түрлерін
кездестіреміз. Мысалы, «Бұйрықты бұлжытпай орындауға дағдыланған офицерлер қызға қарай мысықша
атылды» [5,31]; «Бақыт құшағына бөленген жас әнші қошамет пен құрметке әбден масайып, аяғы жерге
бірде тисе, бірде тимей, көңіліне қанат біткендей желпініп, жан-жағына ақия күле қарап, қарша бораған
сұрақтарға қысқа-қысқа жауап қатып, соңынан шуылдай ерген тобырдың қолпаштауымен келіп, қара
114
«Волганың» есігін ашты...» [5,39]. Бұл сөйлемдерде теңеулер -ша/-ше жұрнағының қатысумен жасалған.
Алғашқы мысалда мысықша теңеу образы атылу қимылының амалдық сынын білдірген. Мысықша атылу
қазақ тілінде тұрақты теңеу ретінде қимылдың тездігін, қарқынын, көз ілеспес жылдамдығын көрсетеді.
Екінші мысалда сұрақтардың көптігін қардың борап соққан кезіне салыстырады. Қыста соққан күшті жел
моп-момақан, жеп-жеңіл, көзді қарықтыратын қарды аспанға көтеріп, борап соғады. Боран сөзі содан
қалыптасқан-ды. Қимылдың қарқындылығын, күштілігін білдіру семасы борау етістігінен көрінеді.
Теңеудің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына сияқты, секілді, тәрізді, сынды, т.б. септеуліктер
бейне көмекші сөзі қатысады.
Т.Ахметжан шығармаларында секілді септеулігі теңеу жасауда біршама жиі қолданылады. Мысалы,
«Мінез-құлқы да, сөзі де, іс-әрекеті де менттен гөрі дін қызметкеріне көбірек келетін секілді» [12,49],
«Тумысыңнан ұста екенсің ғой сен деген! Мына мен секілді... Мен де әнші боп туғам» [12,52], «Мен Сіз
секілді атақты әнші болуды армандаймын» [12,56], «Біз екеуміз қосылмас қос өзен секілдіміз ғой» [12,58].
Келтірілген мысалдардың барлығында теңеу секілді септеулігінің қатысуымен жасалған. Бірінші
мысалда ментті дін қызметкеріне ұқсату арқылы менттің мінез-құлқын, іс-әрекетін елестетеміз. Екінші
мысалда екеуміз жіктелген жинақтық сан есім қос өзенмен салыстырылған. Сол арқылы қатар ағып
жатқан екі өзеннің қосылмайтыны секілді екуінің де қосылмайтынын білеміз.
Т.Ахметжан шығармаларында теңеу жасауға қатысатын септеуліктің бірі – сынды. Сынды септеулігі
секілді, тәрізді септеуліктерімен синонимдес болып келеді. Мысалы, «Иірімге батып бара жатқан
шарасыз жанның жанталаса тал қармағаны сынды аянышты көрініс» [12,45]. «...тітіркеністен гөрі
беймәлім сапарға тәуекел ғып бел буған жанның бойын билеген үрейден арылуға іштей бекініп, жігерін
қайрауы сынды толқуы ма, қалай; іле-шала осы қылығынан өзі қысылып, тез қимылдап көрпе астына
кірді» [12,36]. Берілген мысалда теңеудің сипатталушы заты – шарасыз жан, образы – жанталаса тал
қармау, көрсеткіші – сынды, белгісі – көрініс, анығырақ айтқанда – тектен текке қиналу.
Т.Ахметжан шығармаларында тәрізді септеулігі сирек те болса, теңеу жасауда ұшырасып қалады.
Мысалы, «Осының бәрі түсі тәрізді» [12,92]. Мысалдағы тәрізді септеулігі тәуелдік тұлғалы зат есімге
тіркесіп теңеу жасап тұр.
Қаламгер синтаксистік тәсіл арқылы теңеулік құрылымдарды да кеңінен пайдаланған. Аналитикалық
тәсілде септеуліктер мен көмекші сөздер арқылы жасалса, синтаксистік тәсілде теңеу жасауға толық
мағыналы сөздер қатысады. Бұған тең, теңеу, теңдес, сыңай таныту сияқты лексикалық мағыналарында
ұқсату, салыстыру ұғымы бар тілдік бірліктер жатады. Мысалы, «Сізге теңдес адам таппай тамсанып
отырғандары» [12,63]. Тең сын есіміне -дес жұрнағының жалғануы арқылы жасалған теңдес туынды сын
есімі де теңеу жасаушы көрсеткіш ретінде басты қызмет атқарып тұр. «Кешігіп, француз әтірінің исі
бұрқырап келсе де өтірік сезбеген сыңай танытатын едім» [12,108]. Сыңай таныту етістігі арқылы субъект
сезбеген адам кейпіне еніп, ұқсау етістігімен синонимдес қызмет атқарып тұр.
Теңеу жасауға кейде екі тәсіл бірдей қатысады. Т.Ахметжан тілінде аралас тәсіл арқылы жасалған
теңеулер де кездеседі. Көбінесе сияқты септеулігі мен -дай/-дей жұрнағының қатысуы арқылы жасалады.
Мысалы, «Төр басындағы тербелмелі креслода ұйқылы-ояу мүлгіп отырған шалды екеуі де мүлде
ұмытқандай; оларға шалдың бар-жоғы бірдей сияқты» [12,78]. «Бағанағы ынтығудың, қауға тиген оттай
лапылдаудың барлығы алдамшы, бір сәттік құмарлық сияқты көрінді, сұлудың денесі де ешқандай
мақпал, жібек, торғын емес, өзінікі сияқты кәдімгі дене» [12,89]. Берілген мысалдарда теңеудің образын
жасауға сияқты септеулігі мен -дай/-дей тұлғасы қатар қызмет атқарып тұр. Яғни аналитика-синтетика-
лық тәсіл арқылы жасалған. Жазушы шығармаларында аралас тәсілдің басқа түрлері де кездеседі.
Мысалы, «Кеше ғана «Жұлдызың» жоқта бірі көзге іліп, бірі іле бермейтін сыбайластарың енді сені
көктен түсе қалғандай басқаша қабылдап, түймедейіңді түйедей етуге тырысады» [12,101]. Теңеу жасауға
–
ша жұрнағы мен –дай/-дей жұрнақтары бірдей қатысқан. Яғни теңеулердің араласып, күрделеніп келуі
заттың, құбылыстың жан-жақты мәнін ашуға мүмкіндік береді.
Теңеулердің лексика-грамматикалық сипатының сан алуандығын Т.Ахметжан шығармаларынан
толығымен көруге болады.
Тілдегі теңеулер ұрпақтан ұрпаққа ауысып, мағыналық-формалық жағынан үнемі даму үстіндегі
жалпыхалықтық лексика-фразеологиялық қазына. Теңеуді қолданушы субьектілер өз сөзінің мағыналы
әрі әсерлі болуын көздейді. Тілдегі теңеулерді лингвокогнитивтік және адамтану парадигмасы аясында
зерттеуде тілдік тұлғаның рухани дүниетанымдық әлемінен хабардар болуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |