Ключевые слова: региональная программа, трехъязычие, обучение языку, казахский язык,
методика.
Annotation: In section telling about trilingualism development Regional programme in EKR in 2016-2016
years. Analysis of situation and specific recommendation for Kazakh language teachers on perfection Kazakh
language teaching method.
Keywords: Kazakh language, trilingualism, regional programme, recommendations, method.
Қазақстан қоғамындағы болып жатқан экономикалық және саяси жаңғыртудың ең маңызды
қырының бірі -тіл саласындағы саясат. Елбасы көп ұлтты қазақстандық қоғамға көптілділікті дамытудың
маңыздылығы мен мәнділігі туралы үнемі айтуда: «Қазақстан жоғары білімді ел ретінде әлемге танымал
болуға тиіс. Ол үшін қазақстан халқы үш тілді меңгеруі қажет: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі -
142
халықаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға табысты бірігу тілі. Бүгінгі таңда,
біздің еліміз әлемдік кеңістікке талпыныспен кіру кезеңінде, бірнеше тілді меңгерген адам ғана нағыз
білімді адам болып саналады» [1]. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін тұлғаның функциональдық жеке
қасиеттері: белсенділік, шығармашылықпен ойлау қабілеттілігі, ерекше шешімдерді таба білу, кәсіби
жолын таңдай білу икемділігі, өмір бойы оқуға даярлығы қалыптасуы тиіс. Аталған дағдылардың бәрі
мектеп жағдайында қалыптасады. Сондықтан тіл мамандарына үлкен жүк артылады, Ахмет Байтұрсынов
айтып кеткендей: «Мұғалім қандай болса, мектеп hәм сондай болады».
Өкінішке орай , Облыстық білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының мамандары өткізген
мониторинг оқу орыс тілінде жүретін жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін
оқытуда көптеген проблемаларды айқындады:
-
Оқу жоспарларында бірізділіктің болмауы;
- балабақша – мектеп – жоғары оқу орындары – арасында қазақ тілін оқытуда сабақтастықтың
жоқтығы;
- мектеп оқушыларына арналған қазақ тілі оқулықтарының сапасының төмендігі;
- оқулықтарда берілген мәтіндердің оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бейімделмегендігі;
- қазақ әдебиеті пәнінің көп жағдайда орыс тілді мектептерде орыс тілінде жүргізілуі;
- және ең негізгісі – қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби шеберлік деңгейінің төмендігі.
Аталған кемшіліктерді болдырмау және де аймақта мектеп оқушыларына үштілді меңгерту
мақсатында Облыс әкімі Д.К. Ахметовтың тапсырмасымен облыс орталығында осыдан бірнеше жыл
бұрын көптілділікті дамытуға арналған Аймақтық бағдарлама жасау үшін жұмыс тобы құрылған
болатын. Бұл топтың негізгі мақсаты
–
тек бағдарлама жасау ғана емес, сонымен қатар оны жүзеге
асыратын механизмдерді де қарастыру. Жұмыс тобына облысымызға танымал тілші ғалымдар, қаланың
жетекші мектептерінің қазақ тілі мұғалімдері, қалалық білім беру басқармасының қызметкерлері кірді.
Ең алдымен біз оқу орыс тілінде жүргізілетін облыс, қала мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдерімен
онлайн режимінде сауалнама өткіздік. Сауалнама нәтижелері мұғалімдердің қолданып жүрген қазақ тілі
оқулықтарына көңілдері толмайтынын, оқу-әдістемелік құралдар, электронды ресурстардың аздығын,
инновациялық әдістемелердің жоқтығын көрсетті. Сондықтан жұмыс тобы келесі кезеңде қаланың
жаңашыл педагогтары мен жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін жұмысқа тарта отырып,
оқулықтарға қосымша ретінде оқу-әдістемелік кешен дайындауға кірісті. Аталмыш Аймақтық бағдарлама
мен оқу-әдістемелік кешен бірнеше сараптамалардан өтіп, оң бағаланды.
Бағдарламаны әзірлеу барысында көптеген жұмыстар атқарылды:
-
қазақ тілі мұғалімдерінің біліктіліктерін тексеру мақсатында сауалнама өткізілді:
-
қазақ тілінен бірыңғай оқулықтар белгіленді;
-
оқу үрдісінің сапасын арттыру мақсатында оқулықтарға бірыңғай оқу-әдістемелік кешен
дайындалды және т. б.
Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру аймақтағы білім беру ұйымдарында көптілділікті енгізу
бойынша қызметтің жалпы үйлестіруін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды.
Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2019 жылға қарай төмендегідей нәтижелерге қол
жеткізу мүмкіндігі туды:
-
тілдік пәндер мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі арттырылды;
-
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен бірыңғай оқу-әдістемелік кешендер енгізілді;
-
сөйлеу әрекетінің төрт деңгейі бойынша (А1, А2, В1) мектеп оқушыларының тілдік құзіреттіліктері
қалыптастырылды;
-
әр түрлі пән салалары бойынша (география, физика, биология және т.б.) көптілділік білім беру
қамтамасыз етілді;
-
мектеп оқушыларына шетелдік жоғары оқу орындарында білімдерін ары қарай жалғастыру үшін
ағылшын тілі бойынша халықаралық емтихандарды тапсыруға мүмкіндік туады;
-
мектеп түлектерінің бәсекеге қабілеттіліктері арттырылады.
Қазақ тілін меңгертудің ең негізгі мақсаты
–
оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын
арттыру болып табылатындықтан, біз бағдарлама жазу барысында алдымызға төмендегідей міндеттер
қойдық:
-
ақпаратпен қазақ тілінде жұмыс істеу;
-
ақпаратты түсіне алу;
-
сөйлеу әрекетінің 4 түрі арқылы ақпаратты мемлекеттік тілде қолдана алу;
143
-
қазақ тілінен бірыңғай лексикалық минимумды және жиі қолданылатын лексикалық бірліктерді
анықтау;
-
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында қолданыста бар оқу
материалдарын сұрыптау.
Сонымен қатар, қазақ тілінен оқушылардың тілді функционалдық сауаттылық деңгейінде меңгеруін
қамтамасыз ету:
2015-
2016 оқу жылы – А1 деңгейі 9-11 сынып оқушылары;
2016-
2017 оқу жылы – А1 деңгейі 5-8 сынып оқушылары,
А 2 деңгейі 9-11 сынып оқушылары (бастайды);
2017-2018
оқу жылы – А 1 деңгейі 3-4 сынып оқушылары
А 2 деңгейі 7-9 сынып оқушылары (бастайды), 10-11 сынып оқушылары
(жалғастырады).
2018 жылға қарай 4-11 сынып оқушылары А1, А2 деңгейінде қазақ тілін(тұрмыстық сөйлеу тілі)
меңгереді. Келесі жылдары В1 деңгейін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.
- Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін ең алдымен мұғалімдердің кәсіби шебер-
ліктерін арттыру қажет, сондықтан бағдарламада бұл мәселеге көп көңіл бөлінген.Атап айтсақ, қазақ тілі
мен әдебиеті мұғалімдерінің білімі екі рет тексерілді: тілді меңгеру деңгейі КАЗТЕСТ жүйесі арқылы, ал
кәсіби құзіреттіліктері – Астана қаласындағы Назарбаев интеллектуалды мектебі даындаған тест арқылы.
Өкінішке орай , тест қорытындылары әлі де алда көп жұмыс тұрғанын көрсетті . Сондықтан жұмыс
тобының алдына жаңа міндеттер қойылды.
- Ең алдымен, қандай оқулық жоғарыда айтылған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туғыза алады?
деген сұраққа жауап іздедік. Ол үшін республика көлемінде әр түрлі баспалардан жарық көрген орыс
тілді мектептерге арналған оқулықтарға экспертиза жасалды. Жұмыс тобының ұйғаруымен әдіскер -
ғалым , педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш. Оразбаеваның басшылығымен шығарылған
оқу- әдістемелік кешендер тиімді деп танылды. Содан бері ШҚО бойынша орыс тілді мектептер
аталмыш құралдармен қазақ тілін оқытып, оң нәтиже беруде. Ф. Ш.: Оразбаева және тағы басқа авторлар
Өскемен қаласына келіп, бірнеше рет мұғалімдермен кездесіп, оқулықтарды тиімді қолданудың әдіс -
тәсілдерін мұғалімдерге меңгертті.
Ендігі кезекте мектеп мұғалімдерінің функционалдық сауаттылықтарын арттыру жұмыстары тұрды.
Ол үшін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері тілді меңгеру деңгейлеріне қарай курстардан өтті.
Сондай-ақ мұғалімдердің теориялық және лингвистикалық деңгейлерін жоғарылату үшін шеберлік
сыныптар, түрлі тренингтерден де өтті. Өкінішке орай, көптеген мұғалімдер өз бетімен білім алу
мәселесімен шұғылданбайды немесе орыс тілді мектеп оқушыларымен жұмыс істеп, білгендерін
жоғалтып алған сияқты.
Және де мектеп бітірушілер қазақ тілінен тест емес , ауызша емтихан тапсыруға тиіс. Қазақ тілінің әр
сабағы ашық сабақ деген пікір де оң нәтиже берері сөзсіз.
Ал енді әдістемеге келер болсақ, мұнда да шешімін таппай жатқан мәселелер баршылық. Қазақ тілі
мұғалімдерінің міндеті – оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту болып табылады. Ал осы
міндетке қалай жетуге болады ? Біріншіден, қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияларды, тілді
екінші тіл ретінде оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдерді тиімді қолдану. Бір- ақ мысал келтірейік:
мектеп мұғалімдері көбінесе диалогты тек сұрақ -жауап әдісі ретінде қолданады. Ал негізінде диалогты
коммуникациялық акт деп қарастырған жөн, себебі ғалымдар диалогтық лебізді тыңдаушы мен
сөйлеушінің рөлі алмастырылып отырылатын коммуникативтік акт ретінде қарастырады.
Диалогтық сөйлеу дегеніміз – қарым-қатынасқа түсетін екі не одан да көп адамдардың бір бірімен
сөйлесуі [2, с.6]. Оның коммуникативтік ерекшеліктеріне төмендегілер жатады:
1.
Екі адамның бірі белгілі бір мәліметке мұқтаж, ал екінші адам сол ақпаратқа ие болғандықтан,
екеуі бір бірімен тілдік қатынасқа түседі.
2.
Серіктес адамдар бір-бірімен өздерінің пікірлері, алған әсерлері, ішкі қобалжулары туралы тілдік
қатынас жасайды.
3.
Адамдар белгілі бір мәселелерді, дауды шешу немесе қарама- қайшылықтарды жою және т.б.
жағдай туғанда тілдік қатынасқа түседі. [3, с.6]
Диалог қатынас шеңберінде жүзеге асатын болғандықтан, диалогтік лебіз бір жағынан коммуника-
циялық байланыстың басы мен аяғына ұқсаса, екінші жағынан монологтық кірістірулерімен ерекше-
ленеді. Сондықтан ғалымдар диалогтық лебізді тыңдаушы мен сөйлеушінің рөлі алмастырылып
отыратын коммуникативті акт ретінде қарастырады.
144
Диалог жалғасу үшін бірінші айтқан сөз аса маңызды болып табылады, себебі ол бастапқы сөйлеуші
және тақырыпты ұсынушы. Ал серіктес адамның сөзі тақырыппен үндесуі керек, алайда оның не
айтатынын алдын ала болжау қиын.
Күнделікті диалогтық қарым-қатынаста серіктестердің әрқайсысы кезекпен-кезек жетелеуші және
жауап беруші рөл атқарады.
Диалогке эмоциональдық, экспрессивтік және жөпелемдік қасиет тән.
Диалогтік лебіз барысында қарым- қатынасқа түсушілердің әрқайсысы төмендегідей психологиялық
тұрғыдағы міндеттерді шешеді:
-
қайталанбас үшін диалогке түсушімен болған алдыңғы әңгімесінің мазмұнын есте сақтау;
-
өзінің және әңгімелесушінің айтқанын есіне сақтау;
-
дер кезінде өзінің пікірін айту (қарым-қатынас мәдениетін бұзбай)
-
өз айтқандарының дұрыс тілдік формада болуын қадағалау;
-
әңгімелесуші қолданған паралингвистикалық құралдардан да (мимика, жест) ақпарат ала білу.
Диалогтық лебіздің негізгі психологиялық ерекшеліктеріне оның жағдайлылығы жатады, сондықтан
оның мазмұны сол жағдайға байланысты ғана түсінікті болады.
Бүгінгі таңда кез келген оқытушы өз пәні саласындағы аялы білімді меңгеріп қана қоймай , сонымен
қатар жаһандану үрдісіндегі инновациялық технологияларды, әлемдік деңгейдегі әдіснамаларды, қазіргі
замандағы оқушылардың білімді қабылдау ерекшеліктерін, информатика мен компьютерлік бағдарлама-
лардың мүмкіндіктерін толығымен меңгеруі тиіс. Сонда ғана олар Елбасымыз айтып кеткен биіктерден
көріне алады. Бұл, әсіресе, қазақ тілі оқытушыларына қатысты деп ойлаймыз, себебі талантты жастар өз
ойларын мемлекеттік тілде дұрыс жеткізе алуға, тілдік қатынасқа түсе білуге, шебер де шешен сөйлеу
дағдыларын меңгергенде ғана мақсаттарына жете алады.
Осы ретте қазақ тілі мұғалімдерінің өзінде де лингвистикалық құзыреттіліктің болғаны дұрыс деп
есептейміз. Лингвистикалық құзіреттілік дегеніміз- қазақ тіл біліміндегі негізгі тілдік категориялардан
хабардар болу, тіл білімі саласындағы жаңалықтарды үнемі қадағалап отыру, тілді меңгертудің озық
технологияларымен таныс болу және т.б.
Осыған орай тіл мамандары үнемі ізденісте болып, өз бетімен білімдерін жинақтап, қайталап,
толықтырып отырғаны жөн деген ойдамыз. Оған жету үшін:
-
әр түрлі жанрдағы мәтіндерді құрастыра және талдай алу;
-
коммуникативтік интенция мен қарым-қатынас жағдаятына сәйкес тілдік бірліктерді оңтайлы
қолдана алу;
-
жазбаша не ауызша мәтіндердегі ақпараттардың негізгі мәні мен мазмұнын нақтылай алу;
-
стиль түрлерін ажырата алу, әртүрлі стильге қатысты эссе жаза білу не мәтін құрастыра алу;
-
ғылыми - кәсіби ақпараттарды жүйелеу және пайымдай алу;
Міне, осындай іс-шаралар, біздің ойымызша, облысымызда аталмыш Аймақтық үштілділік
бағдарламаның орындалуына және оның толыққанды жүзеге асырылуына себін тигізері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |