Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет249/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   548
Байланысты:
2

 Keywords: formal logic, reasoning, working with the text, didactic principles, functional grammar. 

 

Техникалық  жоғары  оқу  орындарының  студенттері  күнделікті  сабақ  барысында  немесе  пікірталас 



өткізгенде мәтінді мазмұндауға, оқиғаларды, құбылыстарды түсіндіруге, қорытындылар жасауға немесе 

оларды  теріске  шығаруға,  сендіруге  тура  келеді.  Сол  себепті  ол  дұрыс  ойлап,  өз  сөзін  қисынды  және 

жүйелі түрде жеткізе білуі керек.  

Өз  ойын  дұрыс  жеткізу  үшін  «формальды  логиканың»  негізгі  заңдарын  білу  және  сақтау  өте 

маңызды.  

Логикалық заңдылықтардың өзіндік мәні бар. Ол адамдардың еркі мен тілегіне тәуелсіз кез келген 

танымдық  үдерісте  әрекет  етеді.  Онда  адамдардың  қоғамдық  өндірістік  қызметінің  көп  ғасырлық 

тәжірибесі  арқылы  анықтап  белгіленген.  Логика  заңдылықтары  шынайы  әлемнің  заңды  үдерістері  мен 

құбылыстарын көрсетеді. Бұл заңдылықтардың мәні неде және ол қалай көрініс табады? 

Логиканың  бірінші  заңы  –  тепе-теңдік  заңы  –  былайша  тұжырымдалады:  «Әрбір  ой  айтылған 

пайымдау  үдерісінде  орнықты,  мазмұнды  болу  керек»  [1;  265].  Бұл,  яғни,  пайымдау  үстінде  бір  ойды 



171 

екінші оймен ауыстыруға болмайды деген сөз.  Бірақ әрбір нақты пайымдауда ой өзгеріссіз қалу керек. 

Тепе-теңдік заңы кез келген пайымдауда ойдың анық болуын талап етеді.   

Біздің  тәжірибемізде,  өкінішке  орай,  логиканың  тепе-теңдік  заңдылығын  сақтамау  студенттер 

арасында  ара-тұра  кездесіп  отырады.  Оның  бір  себебі,  мемлекеттік  тілді  білмегендіктен  материалды 

толық,  дұрыс  игермеу  болса,  екінші  себебі  –  немқұрайдылық.  Ол,  әсіресе,  «қазақша  сөйлей  аламын, 

сондықтан әйтеуір бір нәрсе айта салармын» деген ойдан туындап жатады.  Бұл нені көрсетеді және кім 

кінәлі?  Біздің  ойымызша,  алдымен  мектеп  қабырғасында  білім  берген  ұстаздардың  кемшілігі  дер  едік. 

Өйткені  көп жағдайда байқағанымыздай, студенттер мәтінді мазмұндап бергенді білгенмен,  оны қалай 

жеткізді,  оған  мән  беріп  жатпайды.  Егер  мазмұндау  түріне  байланысты  ескерту  жасалса,  оны  өзіне 

тағылған  қатал  айыптау  түріндегі  үкім  деп  қабылдап  жататындар  кездеседі.  Сол  себепті  осы  арада 

мазмұндаудың түрлерін тағы да бір рет еске түсіре кеткеннің артығы жоқ қой дейміз. Олар: мәтінге жуық 

мазмұндау, мәтінді бірінші немесе үшінші жақта мазмұндау, мәтінді толықтырып мазмұндау, өз сөзімен 

мазмұндау, қосымша мәліметтер арқылы мазмұндау, бөліктерге бөліп мазмұндау, қысқартып мазмұндау 

т.б.    Бұл  үшін  мәтінмен  жұмыс  түрлерін  ұстаздардың  өзі  жеткілікті  дәрежеде  игергені  жөн.  Мәтінмен 

жұмыс хабарды түсіну дәрежесіне қарай әртүрлі мақсатты көздейді: 

1. Мазмұнды толық түсіну. 

2. Ең басты ойды түсіну. 

3. Бөлшектеп түсіну. Ақпаратты өз қажетіне қарай нақтылап түсіну. 

Мәтіннің  мазмұнын  толық  түсіну  оның  құрамында  таныс  емес  күрделі  лексика  мен  тіркестер 

болмауын қажет етеді. Мұнда мәтіннің мағынасы оқушыға тұтас ұғынықты болып, студент оны бүтіндей 

сөйлеу үдерісінде қолданады. Мәтінді толық түсіну үшін арнайы тапсырмалар беріледі, ол тұтас оқылады, 

бақылау жүргізіледі, жіберген қателер түзетіліп отырады.  

Мәтіндегі негізгі ойды түсіну кезінде студент кейбір білмейтін сөздерге (таныс емес сөздер 2%-тен 

аспауы керек) көңіл аудармай-ақ, онда айтылуға тиісті ең маңызды ойды меңгеруге тырысады. Үйренуші 

мәтінді тыңдап отырып, оның не туралы екенін есте сақтап қалады. 

Тыңдалым  мәтініндегі  басты  айтылар  ойды  толықтыру  үшін  берілген  жекелеген  деректерді 

нақтылап,  талдап  түсіну  –  бөлшектеп  түсіну  деп  аталады.  Мұндағы  әрбір  жеке  ақпаратты  студент 

қажетіне сай пайдаланып, сөйлесім әрекетінде қолданады, жаттайды, жазып алады т.б. 

Тыңдалым  үдерісінде  оқытылатын  мәтін  мазмұны  мен  композициялық  құрылым  жағынан  жүйелі, 

тұтас түрде ұсынылуы қажет. 

Мазмұндық ерекшелігіне қарай: 

а) берілген тақырып оқушыға таныс материалдан жинақталғаны жөн;  

ә) ойдың логикалық жүйесі сақталып отыру керек; 

б) мәтінге қатысты орындалатын жұмыстар нақтылы, анық болып беріледі; 

в) көмекші материалдар, көрнекіліктер қатар қолданылады; 

г)  негізгі  ой  түйінделіп,  оның  төңірегіндегі  қосымша,  қосалқы  ойлар  соған  қатысты  жүйелі  түрде 

баяндалады. 

Сол сияқты тыңдалым нәтижелі болу үшін, акустикалық ережелерді дұрыс меңгерту де қажет: 

а) сөйлемнің фонетикалық норманы сақтап айтылуы; 

ә) сөз бен дауыстың ырғағы; 

б) екпін мен дауыс ырғағын дұрыс қою; 

в) сөйлем мен сөйлем арасындағы үзіліс. 

Мәтінді жан-жақты меңгеру үшін берілетін тапсырмалар бірнеше түрге жіктеледі: 

1. Мәтіннің мазмұнын түсінуге арналған тапсырмалар; 

2. Мәтіннен алынған ақпаратты шығармашылық ізденістермен толықтыруға арналған тапсырмалар; 

3. Мәтіндегі алынған хабарларды адамдармен қарым-қатынаста, сөйлесуде қолдана білуге арналған 

тапсырмалар  [2;  38].  Яғни  тыңдалым  үдерісінде  білім  алушылар  оған  қойылатын  барлық  талаптарды 

орындауы тиіс. Мысалы, «оқушы граамматикалық құрылымдардың, тіркестердің, сөздердің формаларын 

есту  арқылы  ажырата  білуі  және  түсінуі  керек;  өткен  материалдың  барлығын  есте  сақтауы  және  ұғуы 

қажет; оқушы пленкаға жазылған сөздерді бірден түсініп, аударуы қажет; сөйлеушінің ойын нақты, тез 

меңгеріп түсінуі керек; мәтінде белгісіз сөздер кездессе де, оның жалпы мазмұны мен мағынасын ұғуға 

тырысу керек» [3; 550].  

Логиканың келесі заңы - қарама-қайшылық. Ол былай түсіндіріледі: «Бір нәрсе туралы бір уақытта, 

бір  нәрсеге  қатысты  алынған  екі  қарама-қарсы  пікір    бірдей  шындық  болуы  мүмкін  емес».  Қарама-

қайшылық заңы екі қарама-қарсы пікірді тек белгілі бір жағдайларда ғана бірдей, бір уақытта шындық 

деп есептеуге тыйым салады. Бұл қандай шарттар? Бәрінен бұрын, сөз бір ғана нәрсе жайында болу керек. 



172 

Айтылатын сөз бір ғана уақытқа қатысты болу керек. Соңында пікірді бекітуде де, теріске шығаруда да 

зат бір нәрсеге ғана қатысты қарастырылуы керек. Бұл нені білдіреді? Мысал келтірейік. Жауынды күн. 

Сізге баяндама жасауға дайындалу керек, ал сіздің достарыңыз қаланың сыртына серуендеуге жиналып 

жатыр.  Сіз  және  сіздің  достарыңыз  ауа  райын  әртүрлі  тұрғыдан  бағалай  бастайсыз.  Сізге  бұл  жайлы 

болса,  достарыңызға  қолайсыз  көрінеді.  Бұл  жағдайда  екі  пайымдау  да  әртүрлі  позициядан  бағалан-

ғандықтан, дұрыс болып есептеледі.  

Қарама-қайшылық  заңы  біздің  санамыздағы  шындықты  шынайы  қарама-қайшылықтармен  жоққа 

шығармайды. Сондықтан қарама-қайшылықтың екі түрін тани білу керек: табиғаттағы және қоғамдағы, 

пайымдаудағы  қарама-қайшылық.  Бірінші  қарама-қайшылық  шынайы  өмірдегі  заттар  мен  құбылыс-

тардың ішкі  даму көздеріне  қызмет  етеді. Логикалық қарама-қайшылық – дұрыс  ойлау нормаларының 

бұзылу салдарынан туындайды. Формальды логика, шынайы қарама-қайшылықтарды жоққа шығармай-

ақ, қарама-қарсы құбылыстарды қарама-қайшылықсыз, логикалық тұрғыдан дұрыс ойлауды талап етеді.  

Бұл  заңдылықты  білу  бізге  қоғам  өміріндегі  деректерді,  оқиғаларды,  құбылыстарды,  үдерістерді 

бағалауда екі ойлылықтан қашып, жүйелі ойлауды, баяндауды талап етеді [1; 278]. 

Логикалық  қарама-қайшылықты,  әсіресе,  жұрт  алдында  сөйлегенде  жібермеу  керек.  Бір  мәселе 

туралы  қарама-қайшылықты  пікір  айтып  тұрған  сөйлеуші  тыңдаушыларын  сендіре  алмасы  анық. 

Мысалы, бір студент бір шығарманың қаһарманы туралы «жарылған басымен аман-сау жерде жатты» деп 

қызыға баяндаса, әрине, әңгімелеудің қисынсыздығы ашық көрінер еді. 

Егер  әңгімелеу  барысында  логикалық  қарама-қайшылық  байқалса,  оған  сол  сәтте  барлығының 

назарын  аударып,  қателікті  түзеткен  жөн.  Диалог  кезінде  немесе  пікірталас  кезінде,  мазмұндау  бары-

сында  осы  заңдылықтарға  баса  назар  аударған  жөн.  Әйтпесе,  логикалық  тұрғыдан  алғанда,  қарама-

қайшылықты пікір айтылып, сөз бұрмаланады. Әділ шешім шығаруға, пікір айтуға кедергі болады.  

Дұрыс  ойлау  анық,  жүйелі,  қарама-қайшылықты  ғана  емес,  сондай-ақ  дәлелді,  негізделген  болу 

керек. Яғни, «Әрбір дұрыс ой шынайылығы дәлелденген басқа ойларға негізделу керек». Бұл заң әйгілі 

неміс  ойшылы  Лейбницпен  тұжырымдалған.  Ол  бұны  мынадай  ұстаным  түрінде  келтіреді:  «Барлық 

өмірде бар нәрселердің өз тіршілігі үшін жеткілікті негіздемесі бар».  

Табиғатта  және  қоғам  өмірінде  барлық  нәрсе  өзара  байланысты  және  өзара  шарттастықта  болады. 

Философиядағы заңдылықтардың бәрі де осыған саяды.  

Жеткілікті  негіздемені  қажет  ететін  заңдылық  мақұлдаулар  мен  қорытындылардың  боссөзділігін 

көтермейді. Ол біздің ойымызды шынайы түрде жарыққа шығаруымызды талап етеді.  

Айтылатын  сөздің  негіздемесі  болуы  сөйлеушілерге  қойылатын  маңызды  талаптардың  бірі.  Ал  ең 

үлкен кемшіліктердің бірі болып сөйлеушілердің дәлелдемесіз пайымдаулар жасауы болып табылады.  

Қарастырылған негізгі  формальды-логикалық  заңдылықтар  –  бұл  дұрыс  ойлау  заңдылықтары.  Бұл 

заңдылықтардың талаптарын қысқаша былай айтуға болады: дұрыс пайымдау анық, нақты, дәл, жүйелі, 

қарама-қайшылықсыз, негіздемесі бар, дәлелді болу керек. Логикалық заңдылықтарды білу және саналы 

түрде пайдалану ойлауды тәртіпке келтіреді, сөйлеу мәдениетін көтереді, пікірталасты, кез келген ойды 

жеткізуді дәйекті және тиімді, әсерлі етеді, қателіктерден сақтандырады.  

Тәуелсіз қазақ елінің соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен 

халықаралық  байланысының  нығаюы,  әлемдік  қауымдастықтағы  беделінің  артуы,  біліктілік  деңгейі 

әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды даярлаудың 

қажеттігін туғызып отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – олардың 

мемлекеттік  тілді  толық  меңгеруі  мен  оны  тәжірибе  жүзінде  қолдана  алуы.  Осы  мақсаттарға  жетуде 

ЖОО-дағы қазақ тілінің қолданыс аясының кеңейіп, мемлекеттік тілді өмірлік қажеттілікке айналдыру 

мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  бұйрығымен  бекітіліп,  қолда-

нысқа  енгізілген типтік  оқу бағдарламасында тіл үйренушінің  қарым-қатынасқа түсу салаларын ескере 

отырып,  сөйлеу  әрекетінің  4  қағидаты  (тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым)  тіл  бірліктерінің 

қолданыстағы  қызметіне  сай  анықталады.  Тіл  бірліктерінің  қолданыстағы  қызметі,  белгілі  бір  мағына 

түрлерін жеткізу функционалдық грамматика арқылы жүзеге асады [4; 15]. 

Біздің  ойымызша,  бұл  әрекеттердің  бастысы  студенттің  оқудың  басты  стратегияларын  меңгеруі 

қажет. Бұл – оқи білу, оқығанды түсіне білу, алынған ақпаратты өмір бойы пайдалана алу. Оқу стратегия-

сы  мәтіннің  мазмұнын  толыққанды  меңгеру  үшін  түрлі  әрекеттер  мен  амалдарды  қажет  етеді.  Оған 

жоспар  құру, амалды  орындау  бағдарламасы, яғни, алынған ақпаратты талдау және синтездеу,  оған өз 

көзқарасын  білдіру.  Сонымен  қатар  студент  әртүрлі  тілдік  амалдарды  қолдану  тәртібін  де  тиянақты, 

сауатты  меңгергені  жөн.  Тілдік  амалдарға  әртүрлі  мазмұндағы  хабарлар  мен  жайттарды,  оқиғаларды 

білдіру үшін, сөйлеуде не жазуда қолданылатын тіл құралдары жатады. Оған сөзжасам, тіл бірліктері, сөз 

тіркестері, сөйлем құрау ережелері, интонация, сөздердің орын тәртібі т.б. тілдік категориялар кіреді.  



173 

Студенттің оқу, ойлау, сөйлеу т.б. тілдік дағдыларын дамыту мақсатында өзіндік жұмыс түрлері де 

ерекше қызмет атқарады. Өзіндік жұмыс студенттің өз біліміне деген жауапкершілігін арттырып, оны өз 

білімінің  траекториясын  анықтауға  және  қолданатын  білім  әдістерін  таңдауға  баулиды.  Сөйтіп  оның 

еркін  әрекет  жасау  дағдысын  қалыптастырады.  Оқу  үдерісіндегі  студенттің  өзіндік  жұмысы  жеңілден 

күрделіге ұстанымы бойынша деңгейлеп берілгені жөн. Алғашқы сатыда, репродуктивті деңгейде, дайын 

тапсырманы  орындау,  кестені  толтыру  сияқты  тапсырмалар  беріліп,  студенттің  танымдық  қызметі 

танысып білумен, ой қорытумен, еске сақтаумен көрінеді. Мұндағы мақсат – білімді бекіту, әдеттер мен 

дағдыларды  қалыптастыру.  Екінші  –  өзіндік  жұмыстың  реконструктивті  сатысы.  Мұнда  іс-әрекеттің 

жүзеге  асырылуында  қайта  құру  амалдары  жүгізіледі.  Яғни,  жоспар  құру,  тезис  құрастыру,  аннотация 

жазу.  Үшінші  сатыда  студенттер  семестрлік  жұмыстың  шығармашылық  түрімен  шұғылданады.  Бұл 

студенттен  шешімі  қиын  мәселелерді  талдауды  талап  етіп,  жаңа  ақпарат  алуды  көздейді.  Студент 

өздігінен  тапсырмаларды  таңдап  алып,  оны  шешудің  жолдарын  (оқу-зерттеу  тапсырмалары,  курстық 

және дипломдық жұмыстар) қарастырады. 

Қорыта айтқанда, дұрыс ойлау, пайымдау заңдылықтарын үнемі назарда ұстаған жағдайда студент-

тердің де берілген тапсырмаларды ғылыми негізде меңгеріп, іс жүзінде қолдана алатынына күмән жоқ. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет