Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет283/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   548
Keywords: innovation, methods, education, creative work, new learning, program. 

 

Білім  беруге    жаңаша    қарау  адамзаттың  ғасырлар бойы  жастарды  оқыту  мен  тәрбиелеу  әдістерін 



үздіксіз жетілдіруі арқасында мүмкін болып отырғаны белгілі. Оқытуды жетілдіру үшін Я.А. Коменский 

бірінші рет көрнекі оқыту қағидасын ендірді және бұл қағидасын «Сезімдік заттар әлемі» (Мир чувствен-

ных  вещей)  атты  иллюстративті  оқулығында  жүзеге  асырды.  Ол  физика,  механика,  жаратылыстану-



193 

тарихи ғылымдар, биология бөлмелерін, мектеп алдындағы жер  телімін қамтыған  пансофистік   мектепті  

құрды.  Бұл іс  жүзінде  инновациялық  қоршаған  ортаны  құру, ортатану  тұрғысынан келу, сондай-ақ  

студенттерге  эстетикалық,  эмоционалдық ықпал  етуді  жүзеге  асырудың  алғышарты  болды. Бұл идея 

инновациялық педагогикада білім  алушының  инновациялық  ойлауын  қалыптастыратын  оқу үрдісін 

ұйымдастырудың мағына құрушы жүйесі ретінде жүзеге асырылды. 

Инновациялық  білім  берудің  мәнін  бір  сөзбен  былай  сипаттауға    болады:  «Өткенді  ығыстырып 

шығармау, бірақ болашақты құру». Өзінің озық  үлгілерінде ол үнемі  ескіріп отыратын білімдерді  беруге 

емес,  сондай-ақ    қажеттілікке  қарай  білімдерді  өз  бетінше  игеруге  мүмкіндік  беретін    базалық  білікті-

ліктерді игеруге бағытталған.  Міне, сондықтан да  мұндай білім  беру  дәстүрлі білім берумен салыстар-

ғанда, тәжірибемен анағұрлым тығыз байланыста болуы  тиіс. Біздің  өркениетіміздегі ақпараттар  көлемі 

әрбір  бес жылда еселене түседі. Сондықтан білімдерді игеруден басқа жаңа  ақпараттарды алуға, өңдеуге 

және  пайдалануға  септігі  тиетін  техниканы  игеру  де  маңызды.  Бұл  жағдайда  білім  алушылар  білімді 

инновациялық білім беру  бағдарламалары  шеңберіндегі  қабілеттер арқылы  меңгереді» [1]. 

Адамдардың ойлау стилін зерттеуші психологтар зерттелушілердің  80%-ы консервативті стилімен 

сипатталатынын, ал қалған 20%-ы ғана белгілі бір деңгейде жаңалыққа, жаңа көзқарастарға бағдарлан-

ғанын  атап  көрсетеді.    Профессор  М.Кувшинова  әлемде  адамдардың  4-5  пайызы  ғана  инновациялық 

ойлауға  ие  екенін айтады.  

ЖОО-да алынған білімдер  адамға  өмір  бойы,  кейде  бүкіл еңбек еткен  жылдарында қызмет етсе, ал 

ақпараттық  төңкеріс  ғасырында  алынған    білімді  үнемі  жаңартып  отыру  керек.  Оған  ең    алдымен    өз  

білімін  жетілдіру  арқылы  ғана  қол  жеткізуге  болады, ал бұл адамнан танымдық белсенділік пен  өз 

бетінділікті талап  етеді».  

Инновациялық оқыту үрдісіндегі  ойлаудың атқаратын рөлін түсіндіру   барысында мынадай сұрақ 

туындайды:  Инновациялық  ойлауда  ескі  білімдердің  алатын  орны  қандай?  Егер  білімді  тек  ойлау  

әрекетінің  нәтижесі   деп түсінсек, онда  олар педагогикалық ғылымның зерттеу пәні болып табылады. 

Сонымен бірге, психологияда  «білім»  ұғымы көбіне бір  мезгілде  ойлау нәтижесін (ақиқаттың  бейне-

ленуі), сонымен қатар оны  алу үрдісін (ойлау әрекеті) де бейнелейді. Іс-әрекет қағидасына сәйкес білім 

әрекеттен  тыс өмір сүре алмайды, оның құрылымына кіреді. Сондықтан «бұл ұғым тұрмыстың бейне-

ленуі және ойлау операциясының құралы да болып табылады». Демек, білім сапасына қатысты  қазіргі  

күнгі парадигма  ойлау түрлерінің даму үрдісін есепке  алмай  тұра  алмайды [2]. 

Ойлаудың  мазмұндық құраушысы ретінде  ұғымдар  алынады, ал  ақыл- әрекеті оның  операциялық  

құраушысы болып табылады. Сонымен  бірге,   олар өзара тығыз байланысты. Жоғары мектепте білім 

беру барысында  білімді  игеру мәселесі  екінші  орынға  кетіп,   ал  бірінші  орынға белгілі бір ойлау 

операцияларын жүзеге асыру үрдісінің тиімділігі шыққан жағдайда мамандардың кәсіби дайындығының 

нәтижелілігі  мен  көшбасшыны    қалыптастыру  мүмкін  болмақ.  Және,  керісінше,  ойлау  операцияларын   

қалыптастыру  лайықты  оқу-материалдық  базамен  және  жаңашыл-педагогтар    қатарымен  анықталатын 

мазмұндық материалдың қазіргі күнгі деңгейінде ғана  мүмкін.  Ұсынылып отырған  ұстанымға  қарсы 

ойлау  нәтижесін ойлау  үрдісінен  бөліп  қарастыратын  пікірлер  де  бар. Дегенмен,  ойлау  нәтижесі  де, 

сонымен  бірге,  ойлау  үрдісінің  өзі  де  психологиялық  зерттеулердің    нысаны    бола  алады,  бірақ    екі 

жағдайда  да  олар  ажырамас тұтастық ретінде  қарастырылуы  тиіс. Дегенмен, бұлай  ой топшылауда  

ойлау құралы ретінде  пайдаланылған ұғымдарды жеке адам игерген білімдермен теңестіруге   болмайды. 

Осылайша, педагогика ғылымы  сапалы оқытуды  қалыптастыру  механизмін қарастырады, ал бұл  білім 

алушының ойлау  әрекетінің дамуын бірінші орынға  қояды.  

Инновация – бұл таным  және  қандай  да  ментальдық үлгілерді  тәжірибеге ендіру барысында пайда 

болған  жаңалық.  Жаңаның  пайда  болуы  көбіне  тек  сыртқы  фактормен  ғана  емес,  сондай-ақ  ішкі, 

когнитивті  факторлармен  анықталады.  Педагогика  ғылымдарының  кандидаты  Л.А.  Холодкова  иннова-

циялық ойлауға философиялық тұрғыдан анықтама  береді, бірақ біз үшін жұмыстағы  «инновациялық 

ойлау»    анықтамасының  педагогикалық  тұрғыдан  қарастырғандағы  мағыналық  мазмұны  маңызды.  Ол 

былай деп жазады: «Инновациялық ойлау – адамзат танымының, қоғамдық қатынастарда пайда болған 

қарама-қайшылықтарды  ұғыну,  жаңаның  адамдар  сұраныстары  мен  қызығушылықтарына  сәйкестігін 

немесе сәйкес еместігін  түйсіне отырып қайшылықтарды шығармашылықпен шешу үрдісінің жоғарғы  

сатысы» [3]. 

Инновациялық оқытудың мақсатына жетудегі, тұлғаны жалпы дамытудағы, оның кәсіби дайынды-

ғындағы  жетекші  фактор  болып  табылатын  оқыту  үрдісінде  тұлғаның  белсенділігін  арттыру  мәселесі  

оқытудың маңызды элементтерін (мазмұны, түрлері, әдістері) жан-жақты  түсіндіруді, сондай-ақ, білімнің 

түсініктілігіне дидактикалық, психологиялық жағдайлар  жасауды  талап  етеді. 




194 

Сондықтан  ойлау  және  практикалық  әрекеттерге  шақыратын белсенді оқыту әдістерін  пайдалану 

адамның  маңызды  интеллектуалдық сапаларын дамытуға мүмкіндік береді.  Ал бұл сапалар өз кезегінде  

білім алушылардың бұдан әрі білімді игерудегі және алынған білімді тәжірибеде пайдалану белсенділік-

терін қамтамасыз етеді [4]. 

 

Біздің инновациялық тәсіл оқытушылардың  жоғары сапалық  деңгейіне  арқа сүйейді,  яғни  олар  



тек  пікірлес  болып қана қоймай, сонымен  бірге инновациялық оқыту  мен  инновациялық тәрбиеден 

тұратын инновациялық білім берудің мәндік мазмұнын терең түсінулері  тиіс. 

Инновациялық  дәріс  –  дәріс  мазмұнына  инновацияны  ендіруді  бейнелейтін  ұғым.  Педагогикалық 

тәжірибеде оқу дәрістерінің инновациялық түрінің алуан түрі бар: дәріс-әңгіме (семинар), дәріс-интервью, 

дәріс-кеңес,  дәріс-видеотренинг, проблемалық дәріс  және  т.б.  

Интерактивтілік оқыту үрдісінде студенттерге сабаққа белсенді араласуға  (сұрақтар  қою,  күрделі  

бөлімдер бойынша дәл және қолжетімді түсініктер алу) мүмкіндік  береді, ал  мультимедия-технологияны  

пайдалану студенттер назарын материал мазмұнына едәуір белсендіреді және жаңа  тақырыпқа қызығу-

шылықтарын  арттырады.  Сонымен  бірге,  оның  оқу    үрдісіндегі  рөлі  өзгереді.  Оқытушы  назарын  оқу 

материалының едәуір күрделі бөліктеріне аударып, дәрісті оқу уақытын тиімді пайдаланады. Осылайша, 

оқу  үрдісінде  бір  мезгілде педагог  пен компьютерді  пайдалану   оқыту  үрдісін  белсендіруге  мүмкін-

дік  береді. Оқытылып  отырған пәнге  студенттердің қызығушылықтарын және оқу үрдісінің тиімділігін  

арттырады. Ал бұл  өз  кезегінде  білім  беру сапасын   жақсартады. 

Инновациялық ойындар кешенді міндеттерді  шешуге мүмкіндік береді: жаңа білімді игеру, кәсіби 

пәндерді оқыту барысында алынған білімдерді бекіту, шығармашылық қабілеттерді дамыту, кәсіби білік-

тіліктерді қалыптастыру, оқу материалын түрлі бағытта оқып-үйрену. Бұл едәуір көп  еңбекті қажет ететін 

оқытудың  тиімді  түрі.  Өткізілген  ойынның  маңызды    қорытындысы  студенттердің  алған  практикалық 

біліктіліктері болып табылады. 

Біз инновациялық оқу үрдісін ұйымдастыру мен педагогикалық  қамтамасыз етудің кейбір иннова-

циялық технологияларына тоқталдық. Студентті инновациялық дамыту – үздіксіз,  динамикалы, оқыту-

шыдан ұдайы ой еңбегін талап ететін үрдіс. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір білім алушы-

ның өз бетімен оқып-үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай 

алуына,  сөйлеу  мәдениетінің  өсуіне  ықпал  етеді,  білім  сапасын  арттырады.  Оқыту  технологияларын 

сабақта  қолдану  олардың  білім  сапасын  арттырып  қана  қоймайды,  олардың  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптасуына әсерін тигізеді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет