Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет286/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   548
 

Аннотация: Автор в статье делится своим опытом, мнениями по интегрированным урокам. В статье 

делается вывод, что на интегрированных занятиях учебные материалы анализируются комплексно, что 

тема полностью впитывается в сознание. 

Ключевые  слова:  интегрированное  обучение,  интерактивный  метод,  компетенция,  групповая 

работа, межгрупповая работа, метод вопрос-ответ, дискуссия, активная лексика, пассивная лексика. 



 

Annotation:  The author in the article shares his experience, opinions on integrated lessons. The article 

concludes that the integrated training materials are analyzed comprehensively, that the topic is fully absorbed into 

the consciousness. 

Keywords: integrated learning, interactive method, competence, group work, intergroup work, question-

answer method, discussion, active vocabulary, passive vocabulary. 

 

Қазіргі кезде «мүлде бір-біріне қатысы жоқ» пәндерді кіріктіріп өткізу дәстүрі кең етек алып келеді. 



Әдетте, бұл әдіс, музыка, хореография, бейнелеу т.с.с. шығармашылық пәндерге тән деп танылып келді. 

Алайда кейінгі кезде сан түрлі пәндерді кіріктіріп өткізу тәжірибелері күн санап көбейе түсуде. Аталған 

әдісті тіл үйрену сабақтарында да қолдануға болатындығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Тіпті кез келген тілді 

шет тілі ретінде оқытуда кіріктіруге болатын пәндердің қатары аз емес екеніне көз жеткіздік. Тіл үйрену де-

геніңіз, белгілі бір халықтың күнделікті өмір-тіршілігінен бастап, бүкіл тарихы, салт-санасы, өнері, ділі, діні, 

рухани және материалдық мәдениеті туралы ақпараттар ағыны астасып келетін күрделі процесс дер едік.  

Кіріктірілген  сабақтарда  білім  алушы  дүние,  қоршаған  орта,  түрлі  құбылыстар,  өмір  шындығы 

туралы білімдерді бөліп, жармай, тұтас меңгеруге мүмкіндік алады. Мұндай сабақтар білім алушылардың 

қызығушылығының  артып,  өз  бетінше  белсенді  әрекет  етуіне  ықпал  етеді.  Ойлау  қабілеттері  дамиды, 

белгілі бір тақырыпты түрлі  салалар аясында, әр қырынан саралау, талдау, қорытынды жасауға дағды-

ланады. Сол әрекеттер арқылы олардың тілдік құзіреттіліктері де дамиды.  

Кіріктірілген сабақтарда бірнеше пәндер қамтылатындықтан, ондай сабақтар түрлі әрекеттерге толы 

болады  да,  білім  алушыдан  жоғары  белсенділікті  талап  етеді.  Сол  арқылы  білім  алушының  танымдық 

қызығушылығы артып, қиял, ой, елес, жады дамиды. Тіл байлығы артады. 

Аталған  әдістің  тағы  бір  артықшылығы,  мұндай  сабақтарда  білім  алушы  өзін  еркін  сезініп,  өз 

мүмкіншіліктері мен қабілеттерін барынша ашып көрсетуге мүмкіндік болады. Сонымен қоса, тек оқушы 

ғана емес, ұстаздар да өздерінің білімі мен біліктіліктерін шығармашылық тұрғыда көрсете алады. 

Осы  тұрғыдан  келгенде  кіріктірілген  сабақта  интербелсенді  (жоғары  белсенділікті  дамыту)  әдіс, 

оздыра оқыту әдісі, сұрақ-жауап, пікірталас, топтық жұмыс, топ аралық жұмыс т.с.с. әдістерді қолдану 

тиімді деп ойлаймын. 

Сабақта пайдалану үшін алдын-ала техникалық құралдарды сайлап алдым (интерактивті тақта, слайд-

тар, сонымен қоса, бейне-файлдарды тыңдау үшін колонка қосу. Белсенді үлестірме материалдар (АРМ). 

Мен  ашық  сабағымның  тақырыбын  «Мінез  және  келбет.  Адами  қасиеттер»  деп  алдым.  Сабақты 

дәстүрлі емес, кіріктірілген (психология, өзін-өзі тану) сабақ түрінде өткіздім.  

Адам  өмірі  қатынасқан  адамдарымен,  тәрбие  алу  жағдайларымен  ерекшеленеді.  Сонымен  қатар 

даралық дамудың табиғи алғышарттары да әр түрлі. Сондықтан, әр адамда тек өзіне ғана тән, қайталанбас 

мінез  бітістері  мен  сапаларының  бірлігі  қалыптасады.  Алайда,  мінез  даралық  ерекшелік  көрсеткіші 

болуымен  қоса,  басқа  адамдармен  ортақ  қырларымен  танымал.  Ұқсас  жағдайларда,  бір  ортада  өмір 

сүретін адамдар үшін типтік мінез бітістері тән. Мәселен, бұрынырақта еліміздегі адамдарға нұсқаумен 



196 

жүру, енжарлық, тәртіптілік тән болса, қазірде өз бетінше әрекет ете алатын, тәуелсіз, бастамашыл адам-

дар жиі кезігеді. Осыған қоса, қоғамның әр мүшесі басқа нақты бір топтың мүшесі болып табылады, ол: 

отбасы, оқу тобы, өндіріс ұжымы, түрліше ресми емес топтар. Олардың әрқайсы адамның мінезінде өзін-

дік рең қалдырады. Мінездің мәні – даралық және типтік ерекшеліктердің бірлігінде. Кез-келген қатынас 

мінез қалыптастырушы болмайды, тек өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты, 

материалды  және  рухани  қажеттіліктермен  байланыстылары  ғана.  Ең  алдымен  бұл  қоғамға,  басқа 

адамдарға, еңбекке, өзіне, заттарға қатынасы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет