198
Балаларға сатып алу парақшасы, ақша (10-нан 1000-ға дейінгі шартты бірлік) таратылып берілді. Бір
купюраны 1 рет қана қолдану керектігі ескертілді.
Аукционның соңында:
-
Балалар, кім қандай лот алды?
................
-
Сіздерге сұрақ: аукцион тақырыбын қандай мақсатпен «Өмір құндылықтары» деп алды
ойлайсыздар?
.....................
-
Өйткені, адамның өмірі өз қолында. Біздің мінез-құлқымыз біздің өмірімізді айқындайтын, белгілі
бір бағытқа бағыттайтын тұсбағар (компас) секілді. Әркімнің таңдап сатып алған лоты арқылы олардың
мінез құлқын анықтауға болады.
АУКЦИОНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
Адам өмір бойы өзін-өзі тану, құндылықтарды пайымдау, жақсы қасиеттерді өз бойына дарыту
арқылы кемелденуге талпынады.
Халқымыз:
“Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын,
Жаманның жамандығын айт-құты қашсын” – дейді.
Адам жаман-жақсыны ажырата біліп, жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді
бойына дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алады.
Аукционның соңында сатып алу парақшалары толтырылды. Бұл парақшалардағы сатып алынған
құндылықтарды талдау балалардың қызығушылықтары мен мінез-құлқындағы ерекшеліктерін анықтауға,
балалармен болашақта жұмыс істеу бағдарын айқындауда қажетті ақпараттарды жинауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: