Keywords: language training, language units, language exercises, sound harmony, exercise system.
Тіл үйретуде жаттығулардың атқаратын қызметі ерекше. Тілді оқытуда тіл үйренуші, қазақша
тыңдай, жаза, сөйлей білуі қажет. Оқытушы тіл үйренушілерден қазақша сөйлеуді таңдап, орфоэпиялық
ережелерді, дыбыстар артикуляциясын қадағалап, дұрыс түсініп, мәнерлеп оқу, оқығанын түсініп,
мазмұнын ұғынып жеткізе білу, сауатты жазу сияқты дағдыларын қалыптастыру мақсаты қойылады. Бұл
дағдылар жаттығу, тапсырма, мәтін, суретпен жұмыс түрлерін ұйымдастыру көмегімен қалыптасады.
Тілдік тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу әрекеттері де бір-бірімен байланысты. Тілді меңгертуде, әрі оны
дамытуда жаттығу жұмыстарының орны ерекше.
Өзге ұлт өкілдеріне орыс тілін үйретуде дағды мен іскерлікті қалыптастыруды В.П. Успенский
жаттығу жұмыстарын орындатумен байланысты жаттығуларды талдау және құрастыру деп екіге бөледі.
Талдау жаттығулары сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға және тілдік материалдарды бекітуде
жүргізіледі. Ал құрастыру жаттығулары жеке сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер мен мәтіндерді
құрастыруға қолданылатындар деп ұсынылады [1,43 б.].
Жаттығу жұмыстарын жүргізуде ғалым Н.И. Гез орындалатын жаттығу жүйесінің анықтамасын
беріп, тілдік және сөйлеу жаттығуларының түрлерін көрсетеді. Жаттығулар жеңілден ауырға ұстанымы
бойынша және өтілетін тақырыптарымен, қайталаумен байланысты болуын айтады [2,20 б.]. Ғалым
И.В. Рахманов жаттығу жүйесіне қойлатын талаптарды төмендегідей етіп көрсетеді:
1) жаттығу жүйесі меңгерілуге тиіс материалдың көлемін қамтуы тиіс;
2) жаттығулар тұрақты жүргізіліп, тілдік жаттығулар және сөйлеу жаттығулары болып жүргізілуі
керек;
3) жаттығуларды қажетіне қарай түрлендіріп, көрнекіліктерді қажетіне қарай қолдану;
4) жаттығулар сөйлеуге қатысты болуы керек;
5) жаттығулардың талапқа сай қолданылып отыруын ескеру қажет [3,65 б.].
200
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйретуде жаттығулардың маңызы зор екендігімен келісе отырып,
қазақ тілін үйретудің әдістемесін зерттеп, әдіскер-ғалымдар өз үлестерін қосып, толықтыру үстінде. Қазақ
тілін орыс тілді мектепте оқытудың әдістемесін қарастырушы ғалым А.Күзембаева тілдік жаттығуларды
7 түрге бөліп олардың қазақша тілін дамытуға, тіл үйретудің практикалық, қатысымдық бағытталуына
септігін тигізетіндігін айтады [4,172 б.].
Жоғары оқу орындарында қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне пікірлесім арқылы үйретудің әдістемесін
жасаушы ғалым Б.Мешінбаева төмендегідей жаттығу түрлерін ұсынады. Пікірлесуге дайындық және
қатысымдық жаттығулары деп көрсетеді [5].
Әдіскер С.Нұрғали айтылым әрекеті арқылы қазақ тілін мамандыққа байланысты диалогтық,
монологтық сөйлеуге үйрету жүйесін мәтінмен жұмыс және жағдаяттарға негізделген жұмыс түрлерін
ұсынады [6].
Ғалымдар жаттығуларды түрліше топтастырғанымен, мән, мазмұны үндесіп отыратыны байқалады.
Мысалы, тілдік жаттығуларды ғалымдар сөйлесуге дайындайтын жаттығулар, дайындық жаттығулары,
грамматикалық жаттығулар деп түрліше атап жүр. Бірақ олардың бәрінде де бұл жаттығулар тілдік
бірліктерді танытып, оны сөйлеуде қолдануға тіл үйренушіні жаттықтырады. Сондықтан біз осы мақалада
тіл үйренушілерге ұсынылатын жаттығуларға тоқталдық. Олардың әрқайсының өзіндік ерекшеліктері
бар. Жаттығулардың бұлай бөлінуі олардың мақсатына да байланысты. Тілдік жаттығулар тілдік
материалды танытуға, меңгертуге, сөйлеу жаттығулары сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе білуге, сөйлеу
дағдысын қалыптастыруға үйретеді.
Ғылыми деректерге, тәжірибелі оқытушылар пікіріне сүйене отырып, жаттығулардың ішкі
мазмұнына қойылатын талаптарды анықтадық:
Жаттығуларда сөйлеу мақсатының көзделуі;
Жаттығуда сөйлесім түрлерінің толық қамтылуы;
Жаттығуларды орындатудағы қиындықтың ескерілуі;
Жаттығуда дыбыс үндестігін қайталауда толық қамтылуы, онымен байланысты болуы;
Жаттығулардың мазмұны дұрыс, қызықты, түсінікті болуы;
Жаттығулардың тіл үйренушінің өміріне, мамандығына байланысты болуы көзделеді.
Жаттығу түрлерін қолдана отырып, қосымшаларды дыбыс үндестігіне сай сөзге дұрыс жалғау
дағдысын қалыптастыру мақсатында тілдік жаттығулар жүргізіледі. Тілдік жаттығулар дыбыс үндестігі
тақырыбы бойынша алған білімдерін бекітуге, оны дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыруға арналады.
Жаттығу жұмыстары жеңілден басталып, күрделене түседі. Тіл үйренушілер тілдік бірліктерді ауызекі
сөйлеуде, сөйлем құрастыруда орынды қолдануды, меңгеруді жаттығудан бастайды. Дыбыс үндестігіне
арналған жаттығулар тіл үйренушілердің сөзбен қосымшалардың дұрыс байланысуын, оны ауызша,
жазбаша тілде қолдана білу дағдысын қалыптастырады.
Сөйлесу жаттығулары тіл үйренушілерге грамматикалық материалды меңгерту тілдік тұлғамен
байланыста үйрету арқылы дыбыс үндестігін сөйлеуде дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру мақсаты
көзделеді. Тіл дыбыстары акустикалық ерекшелікке қарай дыбыстардың жасалуы, жіктелуі, артикуля-
циясымен байланысты қарастырылады.
Тілдік жаттығулар арқылы тілдің түрлі дыбыстық заңдылықтарымен танысып, дыбыстардың жіктелуін
оңай ажыратумен бірге, орфографиялық, орфоэпиялық ережелерді есінде сақтап, сауатты жазу, оқу дағды-
сын меңгереді. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретуде орфографиялық жаттығу жұмыстарының алатын
орны ерекше. Орфоэпиялық жаттығулар әр сабақта жиі қайталанып жүргізілуі тиіс. Айтылудағы кездесетін
қиындықтарды жеңілдетуге, жоюға байланысты орфоэпиялық жаттығуларды орындау қажет.
Қазақ тілін оқыту, ең алдымен оның дыбыстық ерекшелігін білуіне байланысты. Сабақта тіл
дыбыстарының ескерілуі қажет. Орыс тіліне тән ерекшелігі бар дыбыстар және қазақ тіліне тән, айрықша
дыбыстардың айтылуын, сөздер мен сөйлемдердің интонациясын қадағалау, екпінді дұрыс қою сияқты
қиындықтарды ескере отырып, жаттығуларда мынадай мәселелерге айрықша мән беріледі:
-
дыбыстардың сөз ішінде, сөз арасында айтылуын меңгерту;
-
дыбыс үндестігінің орфографияға қатысты жағын үйрету;
-
дыбыс үндестігінің орфоэпияға қатысты жағын үйрету;
-
сөздің соңғы дыбысының оған қосылатын қосымшаны алдыңғы дыбысына әсеріне назар аударуға
жаттықтыру;
-
түбір сөздің дыбысының дыбыс үндестігіне байланысты өзгеруін салыстыру арқылы үйрету;
-
дыбыс үндестігіне бағынбайтын жағдайлар барын білдіру.
201
Дыбыс үндестігіне ұшырайтын сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыратын жұмыстардың маңызы
зор, олар студенттердің дұрыс сөйлеу нормасын қалыптастырады. Ғылыми түрде сұрыпталынып
алынған сөйлемдер мен мәтіндерді дұрыс оқып, дұрыс айтуға жаттықтыру өте қажет.
Алдымен жаттығуларда қатысымдық бағыт болу көзделеді. Тілді үйретуде қатысымдық бағыт
негізгі орын алу қажет екені әдістеме ілімінде әбден дәлелденгені қазір ешбір күмән туғызбайды.
Жаттығулар студентті белсенді түрде ойлануға мәжбүр ететін болу керек. Мұнда студенттің
шығармашылық қабілеті, мүмкіндігі ескеріледі, сол арқылы ойлауы дамиды. Бұл жаттығулардың
мазмұнына да қатысты. Мазмұнға қойылатын талапты ескеру қажет. Сонда ғана студент сөйлеуге
үйреніп қана қоймай, тілдік бірліктерді де біріктіреді.
Дыбыс үндестігін меңгеру арқылы қазақша сөйлеуге үйрететін жаттығуларды орындату үшін
төмендегідей талаптар қойылады:
1. Жаттығуларды орындауға қажетті тілдік бірліктерді меңгерген болу керек. Дыбыс үндестігі әр
қосымшамен байланысты үнемі еске түсіріліп, қайталануы заңдылық. Ол оқытудың бір кезеңіне ғана
қатысты заңдылық емес. Сондықтан тілдік бірліктердің дыбыстық нұсқаларын қолдауды меңгеруде
студент дыбыс үндестігіне сүйеніп отырады. Олай болса, жаттығулар түрлерін орындау үшін, студентке
тілдік бірліктерді білу және оларды дұрыс таңдап қолдану дағдысы болу қажет.
Ол тілдік жаттығуларда орындалады, ал сөйлеу жаттығуларында жалғастырылады, ал қатысымдық
жаттығуларда дамытылады.
2. Жаттығуларды орындату үшін студенттің оған қатысты сөздік қоры болу қажет. Жаттығу тақыры-
бына сай жеткілікті сөздік қор сөйлеу жаттығуларын орнатуға мүмкіндік береді. Қажетті жаңа сөздер
жаттығуларда беріліп отырады. Бірақ тақырыпқа қатысты негізгі ойға қажетті сөздік қор студентте болуы
керек, оның жаңа сөзбен толықтырылуы – қатысымдық жаттығуларды орындатуда өрбітіледі.
3. Жаттығулар адамның өз ойын тілдік нормаға сай басқаға жеткізуін талап етеді. Ал аяқталған ой
сөйлем арқылы беріледі. Студент ойын басқаға жеткізу үшін сөйлем құрастыра білуі керек. Ол үшін
сөйлем құрайтын мүшелерді, олардың сөйлемдегі орын және бір-бірімен байланысу жолын білу керек.
Бұл мәселелерге тілдік және сөйлеу жаттығулары кезінде студент үйренеді, дағды алады. Сол дағды
қатысымдық бағыттағы жаттығулар кезінде ойланбай қолданылатын дәрежеге келтіріледі.
4. Тілдік жаттығуларда жасалатын дайындықтың бірі – орфоэпиялық норма. Бұл тілдік жаттығу-
ларда дыбыстарды өткен кезде, дыбыс үндестігімен байланысты мәтіндерді оқуда қалыптастырылады.
Сөйлеу жаттығулары әңгімелесім, сөйлесім, пікірлесім ретінде болғандықтан, студент сөйлеу
жаттығуларын орындауда орфоэпиялық норманы меңгеру дағдысына сүйенеді.
5. Тілдік, сөйлеу жаттығулары тек ауызша ғана орындалып қоймайды, жазбаша да орындалады.
Сондықтан мұнда тілдік жаттығуларды меңгерілген орфографиялық белгілі дәрежедегі сауаттылық
болуы қажет. Студент мазмұндама, шығарма, эссе жазғанда жазбаша орындалатын жұмыстарды
орындағанда тілдік жаттығуларда игерілген сауаттылыққа сүйенеді, соны сөйлеу жаттығуларында
дамытады, ал қатысымдық бағыттағы жаттығуларда қалыптастырады.
6. Жаттығулардың тақырыбы алуан түрлі, оның бірсыпырасы тілдік жаттығуларда кездесетіні
белгілі. Сөйлеу жаттығуларында олар өрбітіледі, кеңейтіледі. Сондықтан сөйлеу жаттығуларын
орындатуда түрлі тақырыпта сөйлей алу дағдысының алғашқы адымы тілдік жаттығуларда жасалуы
сөйлеу жаттығуларына дайындық болады. Ал қатысымдық бағыттағы жаттығуларында тақырыптар
кеңейтіліп, дамытылып, еркін, сауатты сөйлеуге үйренеді. Меңгерілген материалдарды нағыз сөйлеу
дағдысын қалыптастыратын қатысымдық бағыттағы жаттығулар түрлері арқылы меңгертіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |