Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет335/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   548
Байланысты:
2

Тірек сөздер: заманауи парадигма,  инновациялық технология, меңгерту.  

 

Аннотация:

 

В  статье  рассказывается  о  уровневых  обучениях  казахского  языка  по  методике 



Оразбаевой Фаузии Шамсиевны.  

Ключевые слова: 

современная парадигма, инновационные технологии, обучение. 



 

Annotation: 

The article describes the level learning of the Kazakh language according to the methodology of 

Orazbaeva Fauziya Shamsievna 

Keywords: 

modern paradigm, innovative technologies, training.  



 

Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында айқанындай  «Болашақта өркениетті дамыған 

елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда 50 елдің қатарына жеткізетін, 

терезесін тең ететін-білім. Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандарт-

қа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру   өте  қажет  »деп  атап  көрсеткеніндей,  инновациялық  әдіс-тәсілдерді 

кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. 

Болашақтың бүгінгіденде нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде 

ғана.  Қай  елдің  болмасын  өсіп  өркендеуін  ,өркениетті  дүниеде  өзіндік  орын  алу  оның  ұлттық  білім 

жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезде білім беру саласын ,қамтудың әр түрлі 

техникалық  құралдарын  пайдаланусыз  елестету  мүмкін  емес.  Сондықтанда  ,уақыт  талабына  сай  білім 

мазмұнын жаңарту –бүгінгі күннің басты міндеті. Еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына 

білім  беру  мен  тәрбиелеу  бағытында  сан     алуан  жұмыстар  жүргізілуде.  Қазіргі  таңда  қоғам  алдында 

қойылып  отырған  басты  міндеттердің  ең  бір  өзектісі  –бүкіл  білім  жүйесін  түбегейлі  жаңартып, 

дүниежүзілік  деңгейге  сәйкес  келетін  жастарға  сапалы  білім  беруге  жағдай  жасайтын  және  олардың 

үйлесімді дамуына ,жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі әдістеме жасау. 

Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты-білімнің жаңа үлгісін жасап,белгілі бір көлемдегі білім мен 

білік дағдыларын меңгерту,оқу материалын қаншалықты меңгергенін  бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс-

тәсілдерін іздестіру ,жаңа техналогияларды сабақта тиімді пайдалана білу. 

Мен  осы  тұста  Оразбаева  Фаузия  Шәмсиқызының  қазақ  тілін  деңгейлеп  оқыту  тәжірибесін  өз 

сабағыма тиімді пайдаланып жүрмін деп айтқым келеді. 

Ф.Ш. Оразбаева 

– 

 



300 ден аса ағылыми-әдістемелік еңбектің авторы, соның ішінде, монографиялар, 

оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқу құралдары, сөздіктер, мемлекеттік стандарттар мен 

типтік бағдарламалар, мақалалар мен баяндамалар.

 

Ол  келесідей  ғылыми  жобалардың  авторы:  «Қазақ  тілі  салаларының  коммуникативті  байланысқа 



негізделген ғылыми негіздері», «Тілтану: қазақ және түрік тілдерінің лексикасы», «Лингвистер мен әде-

биетшілер  туралы  энциклопедия»,  «  Үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  қазақ  тілі  салаларының  теориялық 

және әдістемелік негіздерін дифференциялау – адам ресурстарын дамыту кепілі», «Филологтарға тіл мен 

әдебиетті  оқытудың  ғылыми-инновациялық  әдістемесі»,  «Қазақ  әліпбиі  мен  латын  харпінің  ғылыми-

лингвистикалық негіздері», «Маман әзірлеуде тілдің үш тұғырлығын қалыптастыру әдісі мен технология-

сы» (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)»». Ұлы дала елі» идеясына негізделген қазақ тілін деңгейлік оқыту-

дың инновациясы атты мақаласын оқи отырып сабақ беру барысына көптеген тиімді әдіс-тәсілдер алдым.

 

Онда  былай  деп  жазылған:  «Қазақ  тілін  деңгейлік  оқытудың  өзектілігі  тілдік  сұраныстың  басым 



бағыттарын  айқындаудан,  мемлекеттік  тілдің  әлеуметтік  рөлін  арттырудан,  ұлттық,  жалпыадамзаттық 

және  мемлекеттік  құндылықтарды  игеруден,  білім  мен  тәрбиенің  жаңа  парадигмаларын  әдістемемен 

ұштастырудан  көрінеді.  Деңгейлік  оқытудың  мақсаты  –  қазақ  тілін  жоғары  деңгейде  меңгертуге  негіз-

делген, бір-бірімен сабақтас, жүйелі, коммуникацияға құрылған білім мазмұны арқылы мемлекеттік тілде 

өз ойын ауызша және жазбаша түрде жетік, түсінікті, дұрыс жеткізе алатын, түрлі өмірлік жағдаяттарда 

тілдік қатынасқа еркін түсе алатын дара тұлға тәрбиелеу». Сонымен, қазақ тілін деңгейлік оқыту дегеніміз 

– 

білім  алушының  қазақ  тілінде  сөйлеу  деңгейін  анықтай  отырып,  әркімнің  сұранысы  мен  тілді  білу 



деңгейіне сәйкес қазақ тілін коммуникативтік-танымдық тұрғыдан меңгерту. 

Жоғарыда қарастырылған дамыту, дамыта оқыту туралы ғалымдардың ой-тұжырымдары қорытын-

дыласақ, дамыта оқыту білім беру барысында бала психикасының жаңа деңгейге, жаңа сапалық деңгейге 



236 

көтерілуі, баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оқушының еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, 

шешім қабылдауға дағдыландыру дегенге келіп саяды. 

Дамыта  оқыту  технологиясы  –  оқыту  мақсаттары  мен  міндеттері,  әдіс-тәсілдері  баланың  даму 

заңдылықтарына сәйкестендірілген оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы: 

оқушыны жан-жақты дамытуға; 

• 

мәселелік жағдайларды шешуге; 



• 

оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға; 

• 

танымдық қызығушылықтарын арттыруға; 



• 

өзіндік жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Кез келген ізденіс, зерттеу жұмысы кезінде проблема туындай бермейді. Мысалы, оқушы оқытушы-

ның  берген  тарсырмасын  өз  бетімен  орындауы,  сол  сияқты  ғылыми  зерттеу  жұмыстарына  белсене 

қатысып, оған материал сұрыптауы да мүмкін. Бірақ ол одан ешқандай мәселелер түйінін шешрейді. Бұл 

да оқытудың белсенді түрі блдады, өйткені оқытушы берген білімді оқушылар қабылдап және оны өмірде 

іске  асырады.  Ол  проблемалық  оқыту  белсенділігі  бола  алмайды.  Проблемалық  оқыту  белсенділігі 

оқушылардың  өз  бетінше  шығармашылық  жолмен  ой-өрістерін  дамыту,  білімдерін  жетілдіру  болып 

табылады.  Оқушылардың  ой-өрісін  шығармашылық  жолмен  белсендіру  танымдық  қызығушылықты 

қалыптастыратын  проблемалық  жағдайлардың  туындауымен  байланысты.  Проблемалық  жағдай 

дегеніміз - өзіне күрделі әрі қиын қандай да бір тапсырмаларды шешуге қажетті мәліметтерді оқушының 

өзінің  іздеп  табуы.  М.А.  Матюшкин  сөзімен  алсақ,  проблемалық  жағдай  дегеніміз  «особый  вид 

умственного  взаимодействия  объекта  и  субъекта,  характеризующийся  таким  психическим  состоянием 

субъекта  (учащегося)  при  решении  им  задач,  который  требует  обнаружения  (открытия  или  усвоения) 

новых, ранее субъекту неизвестных знаний или способов деятельности» [5]. 

Білім берудегі ақпараттық  - коммуникациялық техналогиялардың тиімділігі келешек ұрпақтың жан-

жақты  білім  алуына,  іскерлігі  мен  шығармашылығын  еркін  дамытуға  жол  ашатын  педагогикалық  - 

психалогиялық жағдай жасауында. 

Интерактивті  әдіспен  сабақ  өткізу  кезінде  оқытушы  кеңесші,  серіктес  рөлін  атқарады.  Ал  топ 

белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау,толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. 

Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау . 

Интерактивті  әдістердің  мәні  –  әрбір  оқушының  оқушылармен  өзара  белсенді  байланыста  болып, 

мұғаліммен  бірлесе  отырып,  компьютермен  жұмыс  жасап,  оқу-танымдық  нәтижеге  жетуі.  Бұл  әдістер 

оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден бір әсер етеді. 

Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алулары тиіс: мақсатты нақты 

белгілеу,  мұғалім  оқушылардың  топпен  жасалатын  жұмыстарының  мәнін,  ережесін  түсініп,  топпен 

жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болу керек. 

Заман  талабына  сай  технологияларды  қолдану  арқылы,  түрлері  өзгеріп  отырады.  Бірақ  басты 

технологияларды тиімді жүйелі қолдану керек . 

Сабақты  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  қолданып  ,түрлендіріп  өткізу  оқушыларымыздың  білімге,  оқып  –

үйренуге  құштарлығын  арттыратыны  анық.  Ұстаз  қандай  әдіс-тәсілді  қолданса  да,  мақсат  біреу  –  ол 

оқушыларға  тиянақты   да  сапалы  білім  беру.  «Алдыңа  ұлы  мақсат  қойсаң,  ұлылыққа  жетесің»  деп 

данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ қана 

алдымызда  тұрған  көптеген  қиыншылықтардан  қиналмай   өтеміз  деген  ойдамын.  Әлемдік  білім  беру 

кеңістігінің  талаптарына  сай  болатын,  ең  алдымен  ұлттық  жаңа  әдістемелердің  бүр  жаруына,  оның 

өркендеп, тереңге тамыр жайып жас өскіннің алып бәйтеректей қатайып, нығаятынына нық сенемін. 

Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы, 

Әлемдік  деңгейге  сай  жаңарған  әдістемемен  оқытуды  меңгеру  үшін  мұғалеммен  жоғары  құзырлықты 

ұйымдастырушылықты  қабілеттілікті,  оқушыларды  қазіргі  қоғамның  түбегейлі  өзгерістеріне  лайық 

бейімдеу,  оларды  зерттеушілік  дағдыларын  дамыту  бағыты  талап  етіледі.  Қазіргі  кезеңде  республика-

мызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне 

енуге  бағыталуда.  Білім  беру  саласында  оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологияларын  практикада 

 

меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес .Ал жаңа технологияны меңгеру оқытушы-



ның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, руханги, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің 

қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына 

көмектеседі. 

Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер 

мен біздер тек болашақ  буынды ғана емес, жалпыазаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін 

,жаны да тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»  деген  еді.  Ұстаздық 

қызметті  ерекше  ұлықтаған  халқымыз  өзінің  ең  қымбаттысын  –  балаларын  оқытып,  тәрбиелеуде  бізге 

мұғалімдерге  тапсырған. Сондықтан  кездесетін  қиындықтарға  қарамастан  білім  беру  сапасын  арттыру, 

баланы жеке тұлға ретінде алып қарап тәрбиелеу-мұғалімдер қауымының міндеті. 



237 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет