ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – ЖАҢА КӨЗҚАРАС
Есеева Т.Н.
Ақтөбе қаласы Новый орта мектеп-лицейінің
бастауыш класс мұғалімі
tamara.eseeva@mail.ru
Түйіндеме: Мақалада орта білім беру мазмұнына деген жаңаша көзқарастар туралы айтылған.
Енгізілген жаңа бағдарлама, жаңартылған білім берудің маңыздылығы жөніндегі мәселелер атап
көрсетілген. Бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен
жауапкершілік міндеттелгені нақты. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында
табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Еліміздің
бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді,
интеллектуалдық деңгейі жоғары өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастыру мектептің және
мұғалімнің бірден-бір міндеті. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Білім ордасының алтын
бесігі, қайнар бұлағы ол – мектеп. Мектептің жүрегінің дүрсілі, тынысы ол – мұғалім екендігі, мұғалімге
жүктелген жұмыстың, талаптың үлкен міндет екендігі баса айтылған. Қорыта айтқанда, жаңа бағдарлама-
ның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында
алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек.
Тірек сөздер:
технология,
білім беру,
мұғалім, әдіс, процесс,
мектеп
.
Достарыңызбен бөлісу: |