2. Ақ Жайық - Жайық қызы жанарында
Батыс өлкенің адуынды өзені қай заманда да өлең-сөзге қонақ болған. Жайықты жағалай қонған ел-
жұрттың ортақ асыраушысына айналған өзеннің өлең объектесіне айналуы ауыз әдебиеті мұраларынан да
көрініс табады. Жыраулар поэзиясының литмотивіне айналған құтты мекеннің ғұмыр тарихы бүгінгі
әдебиетте прозада Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» роман-трилогиясында сипат тапса, ал поэзияда
А.Бақтыгереева шығармашылығында терең тамыр жайды. Өкен ғасырдың 80-жылдары «Жайық қызы»
жыр жинағын берген ақынның аталған тақырыпты алғаш қаузауы сол кітапқа [8] енген «Жайыққа
оралғанда», «Ақ Жайықтың айдыны», «Сағындым, Жайық», «Өзен», «Шағала» аталған өлеңдерден
бастау алады.
Ермедім саясатқа алып қашқан,
Әділет жолы ауыры анық жастан
Жайықтың бір бағытқа ағатыны
Бойыма мінез болып қалыптасқан
-
деп ақынның өзі жырлағандай Ақ Жайық - қаламгердің бойтұмары, символдық әшекейі. Ақын мінез
байлығын Жайықтан алады, Жайық – Ақұштап қос тұғыры - ақынның тұлғалық мазмұн байлығын
құрайды. Содан да болса керек ақын Жайықты ауызға алмай тұрып, жыр жазбайды. Аталған тақырыпқа
ақын ауық-ауық бір соғып, қайырылып отырады. Ақын жыр жинақтарында Жайық тақырыбына тұтас
өлеңдер мен толғаулар циклі арналады. Мәселен, «Ақ шағала» кітабына «Тасиды Жайық – көктемде»
циклімен он тоғыз өлеңі енсе, «Қайран, қарлығаштар-ай» кітабында алдыңғы туындылар жаңа жырлары-
мен толығып байи түскен. «Жайыққа сәлем де», Жайықтың суы лай-ау», «Жағдайың қалай, Жайығым!»,
«Зиялы арна», «Ақ Жайық, арнаға түс, арындама, «Сабыр, Жайық, сәл кідір, сабаңа түс», «Жайығың
тасып жатыр, Жұбан аға» т.б. өлеңдерде ақын сөз басын Жайығына арнай отырып, қоғамның қым-қуыт
тыныс-тіршілігінен сыр тартады. Әлеуметтік мәселелерді қозғайды. Ақын ел-жұртының атынан сөз алып,
халықтың мұң-зарына араласады. Қай сарында жырласа да ақынның идеялық мұратының тін-өзегінде ой
орамын Жайықпен салыстырып, оның адуынды мінезімен байланыстыра отырып, ой тарқату үдерісі
өлең-жырлар өрімінен жарқ етіп байқалып, қылаң беріп отырады.
Жағдайың қалай, Жайығым,
Көбейіп кетті-ау, уайымың.
Алдыңда туған еліңнің
Жоқ еді-ау сенің айыбың,
Жағдайын қалай, Жайығым! [1, 376 б.]
Немесе:
279
Жайыққа керек мөлдірлік,
Мөлдірге қатер төндірдік.
Бүрсендеп балық сатуға,
Аруларды да көндірдік,
Жайыққа керек мөлдірлік [2, 218 б.]
Жайықсыз – ақын шабыты кемшін соғады. Шығармашылық қайратын да, ізденіс жігерін де жанитын
шар қайрақ – сол Жайық. Жайықсыз – ақын көңілі алаң. Ендеше:
Мен саған барып қайтсам, ісім өніп,
Көрмесем бір құса дерт ішіме өліп,
Сағынсам, ұйқыдан да жиі оянам,
Құмы ыстық жағалауың түсіме еніп [8, 40 б.]
-
деп жырлауы ақынға келер күндер жақсылығының үміті мен шуағын сыйлары анық. Жалпы алғанда
Жайық тақырыбы ақын А.Бақтыгереваның суреткерлік келбетін айқындаушы символдық күш.
Достарыңызбен бөлісу: |