Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет385/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   548
Байланысты:
2

Қорытынды 

Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі А. Бақтыгереева шығармаларының тақырыптық-идеялық, 

мазмұндық ерекшеліктерін айқындайтын бірнеше белгілер бар.  

Біріншіден,  ақын  қай  тақырыпты  қозғаса  да  нысандық  материалды  өмірдің  өзінен  алады  да,  өзі 

белсенді мүшесі болып табылатын қоғамның күн тәртібіндегі әлеуметтік мәселелерге белсене араласады. 

Екіншіден, ақынның лирикалық кейіпкерлері күнделікті өмірдің өтінде жүрген, өмірдің ащысы мен 

тұщысын қатар тартқан замандастарымыз. Олардың басындағы қуанышты күндер мен бақытты сәттерді, 

азапты түндер мен мұң-қайғыны ақын өз оқырмандарына жеткізуді ақындық борышы санайды. 

Үшіншіден, ақын туындылары шағын мөлтекті сюжетке құрылып, өз оқушыларын нақты оқиғалар 

ортасына  апарып,  жақсыдан  үйренуге,  жаманнан  жиренуге  насихаттайды,  яки  жеке  адам  тәрбиесіне 

араласып, жас ұрпақ бойына сөз өнерінің эстетикалық тәлімін сіңіреді. 

Түйіп  айтқанда  жоғарыда  сарапталған  ерекшеліктер  А. Бақтыгерееваның  ақындық  шеберлігін, 

шығармаларының көркемдік әлемін және азаматтық ажарын танытатын басты белгілер болып табылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет