Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет384/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   548
Байланысты:
2

3. Көркемдік қуат, ақындық шеберлік 

Ақын А. Бақтыгереева туындыларының тақырыптық-идеялық ауқымы қаншалықты ауыр салмақты 

өңгерсе,  құрылымдық-өрнектік  тұрғыдан  да  бай,  қуатты  көрінеді.  Ақын  өлең  сөзге  әрқашан  байыпты 

қарайды. Әр шумақ, әр тармақтың ақсамауына, толыққанды пісіп-жетілуіне ұдайы көңіл бөлетін ақынның 

бірі – А.Бақтыгереева. Киелі өнердің бабын тауып, әбден жетілген кезде ғана ақын туындыларын сыртқа 

шығарады.  Олай  деуіміздің  себебі  осыдан  40-50  жыл  бұрын  жарық  көрген  өлеңдерінің  соңғы  басы-

лымында  да  кейбір  редакциялық  жеңіл  қателердің  түзетілгені  болмаса,  негізінен  бастапқы  қалпынан 

өзгермеген. Бұл дегеніміз – ақын Ақұштаптың қасиетті өнер - өлең әдебіне бей жай қарамайтынын, сөз 

патшасы алдында өзін ұдайы сергек һәм жауапты сезінентінін аңғартса керек-ті.  

Ақын  халық  тілінің  мол  байлығын  өз  шығармашылығында  еркін  пайдаланады.  Төл  әдебиетіміздің 

ауыз екі мұраларындағы қалыпқа түскен дәстүрді сақтай отырып, сұлу да текті сөз сарабынынан өрнекті 

із кестелеу – ақын шеберлігінің бірінші ерекшелігі.  

Екіншіден,  көркем  ойдың  оюлы  да  пішімді,  оқырман  көңіліне  кірбің  түсірмей жағымды  жетуі  ақын 

қолданысындағы  көркедеуіш  құралдарына  байланысты  десек,  бұл  кезекте  ақын  туғызған  троптар  мен 

фигуралар  сынды  бейнелеуіш  құралдарының  алуандығы  көз  қызықтырады.  Поэзияда  жанрдың  жанын 

кіргізіп,  өлеңнің  мазмұндық  мәзірін  дәмдейтін  әдеби  құбылыстың  бірі  һәм  бірегейі  –  эпитет  пен  теңеу. 

Эпитет пен теңеусіз – өлең тумайды, туса да әлсіз, жарымжан, көтерем болар еді. Ұлт тілінің қаймағын 

бұзбай, сөздік қорын еркін игеріп, әу бастағы түпкі нұсқасын сақтай отырып, оған жан бітірген ақын қол-

данысындағы эпитеттердің кейбір үлгісінен мысалдар келтірсек керек-ті: нәзік гүл, бал сусын, қос бұрым, 

тентек құйын, сотқар жел, бойжеткен қыз, сырлас жел, шулы төбелес, тентек мінез, көп ой, жеңіл жел, гүл 

өң, жібек жел, титтей жүрек, белгісіз жүрек, шәйі көйлек, қызыл шашпау, лайықты қамшыгер, тал шарбақ, 

өткір ызғар, сезімтал күй, өр көңіл, тәтті таяқ, қазақ бесік, ақ бесік, сабырлы мейір, тоқ қарын, еркін ғалам, 

салқын мінез, көгілдір көлдер, жыршыл құс, іңкәр жүрек, ақ ұлпа алақандар, қара ниет жан, аңқау жүрек, 

жаз мінез, меңіреу түн, дөрекі нөкер, топас тобыр, асыл мекен, зиялы арна, мазасыз жүрек, жұлдызды әлем, 

ақындық дерт, сұлу жыр, шынар шыбық, шайпау жеңге, өр толқын, жалған ұран, қиғаш қанат, т.б. 

Осы сынды теңеулердің де тізбегі ақында мол көрінеді: әніндей Мұхит бабамның, арудай, аңыздай, 

бұлыңғырлау, ақ алмастай, ең қызық романның беттеріндей, әуеніндей жас дәуренннің, Мәншүктей құмда 

туған,  құшағындай  анамның,  құрдасындай,  жыл  құсындай,  бала  кезімдей,  секілдімін  ақ  шағала,  тортаң-

дайсың ата  жауың  сияқты, армандай ару  қыз,  жұмбақтай  қиын,  көзімнен  бір-бір  ұшқандай,  бір  шарпып 

өткендей, қапыда сусып кеткендей, балалық шағым сияқты, гүлдей ерін, сүйген жардай, туған айдай, жыр 

сүйген, Қырмызыдай, Ақиістей тоқал алған, Мұхит айтқан әндеріндей, қайталанбас дәуреніңдей, ертегінің 

батырындай, өң мен түстей, тай жыққандай, бейне бір тас түйіндей, Қарабурадай арысың т.б.  

Сонымен бірге шығармаға өң беруші құбылыстың бірі метафора десек, Ақұштап қолданысында оның 

да үздік үлгілері кездеседі. Мысалы: шағала – сағыныш, Ақжайығым - ақ бесігім, айбарым; Ақын деген – 

еркелік,  Ай-кеме,  қысқы  Жайық,  маңқиған  дала  мінез,  жеңгелер  -  көк  жаулықтар,  желкілдеген;  өмір-

жұмбақ,  жыр-жұбаныш,  гүл-сәлде,  әйел  –  ол  тіршіліктің  бәйтерегі,  гүл-сезім,  ақ  сазан  үркіп  кеткен 

Жайықтаймын, нарық-қожа, Жұбан - бөрі, өзгелер қояндардай, т.б. 

Жалпылай  алғанда  А.  Бақтыгереева  поэзиясының  көркемдік  қуаты  бай  һәм  ізденіс-шеберлігі  сан 

алуан. 

 



280 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет