|
Байланысты: 2 Кемтар балалар денесінің психикасы жағынан қалыпты дамуынан ауытқыған балалар. Мұндай
балалардың дамуында елеулі кемістіктер пайда болады. Оларды кемтар балалар немесе кемістігі бар
балалар деп атайды. Кемістік туа немесе жүре пайда болуы мүмкін. Баланың бойында туа пайда
болған кемістіктер алуан себептерге байланысты. Мұндай кемістік түрлері олардың нәсілдік
ерекшіліктерінен болуы да мүмкін. Алайда кемістіктің бұл түрлері сыртқы ортаның жағдайына
тәуелді болып отыратындығын көрсетеді. Туа пайда болатын кемістіктер баланың ана құрсағындағы
ұрығына химиялық, оқыс қимыл қозғалыстар, температураның теріс әсер етуінен немесе ұрықтың
дұрыс қоректенбеуі сияқты түрліше жағдайларға байланысты дәйектейді.
Кеміс балалардың денесі мен психикалық дамуындағы ауытқуларды айырықша ескере отырып, олар
арнайы мектептерде оқып тәрбиеленеді. Кеміс балалардың кемістіктеріне орай/саңырау, нашар
еститін/ керең, соқыр, мылқау, ақыл-ойы кеміс/миақы, миқұла, милау/идиот/ және сөйлеу қабілетін
жоғалтқан балалар болып бірнеше топқа ажыратылады.
Ақыл-ойы мен дене кемістігі бар балалардың түрлі ерекшіліктерін ескеріп, оларды тәрбиелеп-оқыту
істері арнайы мектептерде, жүйелі түрде емдеп отыратын медициналық мекемелер арқылы жүзеге
асырылады. Мұндай мектептер мен мекемелердің алдында қоятын мақсат-міндеттері кеміс
балалардың мүшелерін емдеу арқылы жетілдіріп, бойындағы олқылықтарды оқу-тәрбие істерімен
толықтырып отыруға бағытталған. Сөйтіп, ондай балаларға гуманистік көзқараспен қарап, қоғамның
болашақ азаматтары етіп даярлау мақсаттарын көздейді. Арнайы мектептерді бітірген соң, одан әрі
өз білімдерін көтеріп тиісті мамандықтарды игерулері үшін техникумдар мен кейбір жоғары оқу
орындарына түсіп оқитын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|