Keywords: disabled, abnormal, congenital, deaf, blind.
Қазіргі қоғам талабына сай әр салаларда қазақ тілін студенттерге кәсіби мамандығына қарай баули
оқыту кеңінен сұранысқа ие болуда. Себебі, бүгінгі студент – ертеңгі маманның алдында жаңа міндет –
кәсіби лексиканы меңгеруді қажет етері айдан анық аксиома екені белгілі. Осындай талаптарды іске
асыру барысында жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту ісінде жаңа міндеттер туындайды. Бұл
мәселені кәсіби қазақ тілінде дұрыс сөйлей білетін, жоғары білімді мамандарды даярлау және олардың
сөздік қорын кәсіби лексикамен дамытумен байланыстыруға болады. Осындай дағдыларды қалыптас-
тыруда студенттердің сөздік қорын, кәсіби лексикасын дамыту ісі жақсы нәтиже берері сөзсіз. Бұл қазақ
тілін мамандыққа сай оқытуды жақсартуды қажет етеді. Кәсіби жоғары деңгеймен қоса, жоғары оқу
орнын бітірген маман өз бетінше шешім қабылдауда дербестік көрсете білетін, жауапкершілік сезімі
жоғары, сыни ойлай алатын, кез келген жағдайға бейім, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Өйткені кез келген
маманның кәсіби дайындығының сапасы оның игерген білімімен ғана емес, оның өз бетімен мәселе
қойып, оны шеше алатын іскерлігімен айқындалады.
Мақалада дефектология мамандығына арналған кәсіби мәтіндер арқылы терминдерді меңгеруту
айтылған. Тіл дамытудағы ең тиімді әдістердің бірі – мәтін бойынша жұмыс істеу. Сондықтан мәтіндер
күнделікті тұрмыста қолданылатын, мамандық бойынша, төменгі және орта топ студенттеріне арналған
мәтіндер болып топтастырылады. Студенттерді кәсіби мамандыққа бейімдей оқытудың нәтижесіне қарай
құрастырылған ең жиі қолданылатын терминдермен жұмыс түрлері, дефектолог мамандығында оқитын
студенттердің тілді талапқа сай игеру мүмкіндігін, тілге деген қызығушылығын, ынта-ықыласын
арттырады. Қазақ тілін үйретуде студенттердің өздік жұмысын ұйымдастырудың басты факторының бірі
ретінде тапсырмалар жүйесін қарастыруға болады. Тапсырмалар қатысымдық әрекеттердің (айтылым,
тыдалым, оқылым, жазылым, тілдесім) түрлеріне байланысты іріктеледі. СӨЖ-ге ұсынылатын
тапсырмаларды орындауда іскерлік ойын жүргізу, кейс, презентация жасау, дискуссияларды жүргізу,
дөңгелек үстелдерді өткізу, бейнефильмдер көрсету әдістері газет-журналдардан алынған материалды
түрлі тәсілдермен ресімдеу (конспект, реферат, аңдатпа жазу және т.б), өзінің идеяларын қорғау, ұсыну,
баяндама жасау, түрлі мәселелер бойынша мәліметтер дайындау, негізгіден жанама, қосымша материал-
365
ды бөліп алу, иллюстрация, сызба, кестелер бойынша мәтін құрастыру, өзінің мысалдарын келтіру,
қосымша пікір дайындау, қорытындылауға қатысу, экскурсиялар жасау, реферат сұрақтарын немесе
тапсырмаға қатысты сұрақтар дайындау, әңгімелесу, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтып беру немесе
қойылған сұрақтарға жауап беру, жоспар құру, т.б. біліктер мен дағдыларды қалыптастырады.
Тілші-ғалым Б.Қасым мамандыққа қатысты тілді меңгертуде мынандай талаптарды ескеру қажет деп
есептейді:
•
студенттерді кәсіби мамандығы бойынша тілдесуге үйрету;
•
мамандыққа байланысты тілдік қатынасқа түсу үшін әртүрлі жағдаяттар құру арқылы тілдік
қатынастың қажеттілігін түсіндіру;
•
дұрыс сөйлеу қатысымының түрлерін үйрету. [1, 17]
Терминдермен жұмыс жасауда термин сөздердің аударылу және жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлу
қажет. Жаңа сөздерді өткен грамматикамен байланыстырып түрлендіру, олармен сөз тіркестерін жасау,
сөйлемдер құрастыру сияқты жұмыс түрлері жаңадан үйренген атауларды есте сақтауға көп көмегін
тигізеді. Тіл үйренушілерге терминдерді меңгерту үшін ең алдымен сөздік жұмысын дұрыс ұйымдас-
тыра білу керек. Сөздіктермен жұмыс негізінен, белгілі бір мамандыққа байланысты аударма және
түсіндірме сөздіктер көмегімен іске асатыны белгілі. Сондықтан әрбір сабақта сөздік жұмысын дұрыс
пайдалануға тырысамыз. Таныс емес сөздердің мағынасын жан-жақты ашып, әр сөзге нақтылы талдау
жасатып, ол сөздің стильдік мүмкіндігін тиімді пайдаланып отырамыз. Белгілі бір терминді сөздік
арқылы меңгерту үшін ең алдымен, тіл үйренушінің өзіне берілген сөзді сөздіктен іздетіп, таптыру қажет;
екіншіден, оны тақтаға жаздыртып, дұрыс айтуға машықтандыру қажет; үшіншіден, жаңа терминнің
ұғымын кең ашу үшін оларды қатыстыра отырып, сөз тіркесін жасату, сөйлем құрату, ол сөздердің
контекстегі мағынасын ашу қажет; төртіншіден, жаңа сөздерді тірек сөз ретінде пайдаланып, мәтін,
диалог, әңгіме, құрастыру қажет. Тіл үйретуде сөздік жұмысын орнықты жүргізу - тіл үйренушінің тілін
ұстартып, ойлау, сөйлеу дәрежесін жетілдіре түседі. Сөз мағынасын ашуда төмендегідей әдіс-тәсілдер
қолданамыз:
-
терминдердің қазақша баламасын ең адымен өздеріне аударту, кейін сөздіктегі нұсқасы-
мен салыстыру;
-
салыстыру арқылы ұқсас белгілерді тапқызу;
-
сөзді контекске енгізу;
-
синоним сөздермен ауыстыру;
-
антонимдер тапқызу;
-
сөзге құрылымдық талдау жасату;
-
түсіндірме немесе терминологиялық сөздіктерден қаратып, мағынасын ашу [2, 50]. Мұндай әдіс-
тәсілдерді дұрыс қолданатын болсақ, мамандыққа қатысты терминдерді тиімді меңгерте аламыз. Әр
терминді өз орнына дұрыс қолдана алатын, өз ойын дұрыс жеткізе алатын білімді маман даярлау үшін
тіл дамыту жұмыстарын жүргіземіз. Тіл дамыту жұмыстарының барлық түрі лексикалық материал
негізінде тіл үйренушілерге мәтіннің мазмұнын игеру барысында жүзеге асады. Мәтін-негізгі құрал.
Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге байланыс-
ты. Мәтінмен жұмыс түрлерін терминдерді меңгерту жолдарымен үйлестіре беру үшін:
-
лексикалық тақырыпқа құрылған қазақша мәтіннен алынған жеке термин сөздердің мағынасын ашу;
-
мерзімді басылым беттерінен алынған материалдың орысша мәтінін аударту, термин баламасына
мән беруін қадағалау;
-
өзара мағыналас бірнеше тірек сөз-терминдерді ұсынып, шағын мәтін құрастыру;
-
мәтін ішіндегі түсінуге қиын сөздерден сөздік жұмысын жүргізу;
-
мәтін ішіндегі термин сөздерді алып тастап, мазмұнына сәйкес толықтыру талап етіледі. Тіл
үйренушілердің тілді білу деңгейіне қарай қазақ тілін оқыту екі топқа (бастауыш және жалғастырушы)
бөлінеді. Бастауыш топта кәсіби сөздермен, сөз тіркестерімен, оңтайландырылып алынған мамандыққа
қатысты мәтіндермен жұмыс жүргізілсе, ал жалғастырушы топта орыс мектебін бітіргендері болмаса, өз
ана тілін біршама меңгерген, сөйлеу тілі қалыптасқан қазақ балалары оқиды. Сондықтан оларға көбінесе
мамандықтарына байланысты тақырыптармен сабақтастыра, күрделенген кәсіби мәтіндермен жұмыс
жүргізіледі. Кәсіби мәтіндер студенттерді мамандық тілін меңгертуде ерекше қызмет атқарады. Сабақ
барысында кәсіби мәтінмен жұмыс істеу тіл үйренушінің кәсіби сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, тілге
деген қызығушылығының артуына, кәсіби лексиканы меңгеруіне игі әсерін тигізеді. Кәсіби мәтіндер
негізінде студент мамандығы туралы білімін жетілдіреді, өзінің келешекте атқаратын жұмыстары туралы
пайдалы, өте қажетті ақпараттар алады, кәсіби танымдары кеңейеді, сонымен қатар кәсібіне сай сабақта
алған білімдерін болашақ қызметінде пайдалана алады.
Кәсіби мәтіндер – мамандыққа қатысты лексикалық минимумдарды қамтитын, белгілі бір маман-
дықты игеру үшін қажет кәсіби білім беретін күрделі қатысымдық бірлік. Әр сала бойынша білім алатын
студенттер өздерінің таңдаған мамандықтарына қатысты мәтіндермен жұмыс істеу кезеңінде терминдерді
366
өте жақсы қабылдайды және олармен қызыға жұмыс істейді. Осыған орай қазақ тілі сабағында көбінесе
мамандығына қатысты кәсіби мәтіндермен жұмыс жүргізіледі. Кәсіби мәтінмен жұмыс жүргізудің
мақсаты – студенттің мәтінді практика жүзінде игеруін жүзеге асырып, байланыстырып сөйлеу дағдысын
қалыптастыруға икемдеу. Кәсіби мәтіндер–мазмұндық, тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленіп,
пәрменді лексика нормасына құрылған, мамандыққа қажетті ақпаратқа толы, кәсіби терминдері мол,
студенттердің білім деңгейіне сай болуы шарт. Қазақ тілі сабағын студенттің мамандықтарына қатыс-
тыра, тығыз байланыстыра оқыту студенттердің өз мамандығы жайлы мағлұматын кеңейтіп, кәсіптік
ынтасын арттырады, әрі пәнге қызығушылығын күшейтеді. Қазақ тілін мамандықтарына орай оқыту –
ғылым тілімен, оның терминдерімен тығыз байланысты. Сондықтан да тіл үйренушілердің маман-
дықтарына қатысты арнаулы мәтіндер арқылы кәсіби лексиканы өз саласының терминдері мен
мамандар тілінде жиі қолданылатын оралымдарды білу керектігі көзделеді. Мәтінмен жұмыс жасау
барысында лексика-грамматикалық тапсырмалар жүйелі болу керек. Мамандықтарына байланысты
мәтіндерді іріктеп алған соң, сол мәтінді меңгертуде тек жалаң сөздер тізбегін беріп, оларды көшірумен
я болмаса жаттаумен шектелуге болмайды. Сондықтан қай мамандықтың болмасын мамандығына
байланысты терминді түсіндіруде сол саланың маманымен ақылдаса отырып, ой бөлісіп, оның
глоссарийін жасау қажет. Өйткені белгілі бір ғылымды зерттеуші сол ғылымдағы ғылыми ұғымдарды
ғылыми терминдер арқылы жүйелеп, түсіндіріп береді. Оның қыр-сырын айқындайды. Терминдерді
қазақша түсіндіруде оның этимологиясына үңіліп, граматикалық құрылысына тоқталады. Себебі қазақ
тілінде кейбір сөздер бірнеше мағына беруі мүмкін. Мұндай жағдайлар мәтінмен жұмыс істеу барысында
көптеп кездеседі. Мысал ретінде, «Кемтар балалар» атты мәтінмен жұмыс түрлерін ұсынамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |