дұрыс бөлініп, олар өзара дұрыс ұйымдасуы керек. Себебі сөз ағымындағы мағыналық қатынасты,
олардың қатынасы арқылы берілетін ой желісін студент сезіп отыруы керек. Ал сөз ағымын мүшелеудің
тілдік заңдылықтарын диктор жете меңгеріп, дағдыға айналдырып, сауатты пайдалану керек;
дегеніміз әрбір дауысты және дауыссыз дыбыстарды таза әрі анық айту. Ауызша сөйлеудің кәсіби
шеберлігінің бірінші талабы дауысқа қатысты болып табылады. Диктор дауысының диапазоны кең,
әуенді, әуезі қою, қаттылығы жоғары, құбылуға икемді болып, әрі қанша салмақ түссе де, үзілмей жеңіл
күйін сақтау керек. Бұл үшін дауыстау дағдысын қалыптастырып, дамыту жаттығуларын жасап отыру
керек. Дауыстаудың құлаққы жағымды әрі әсерлі болуы оның диапазоны, регистрі мен икемдігіне
386
Үшіншіден, диктор сөз ағымын дұрыс мүшелеумен қатар интонацияға қатысты білім, біліктілік,
дағдыны қалыптастыру керек. Ол үшін диктор сауатты болуы және ауызша сөздің тілтанымдық
заңдылықтарын, жүйесін, негіздерін жан-жақты меңгерген жөн.
Диктордың сөйленіміндегі сөздердің немесе сөйлемдердің дұрыс, айқын болуы кідіріске де
байланысты. Диктор сөздің стилистикалық рөлін ерекшелеу үшін паузаның негізгі түрлерін ажырату
қажет. Кідірістің кейбір түрлері бейтараптық мағынада жұмсалса, ал кейбір түрлері стилистикалық
бояуы басым болып келеді. Кідірістің қойылу орнымен және ұзақтылығына байланысты кідірістің
сипаты анықталады. Сондықтан интонацияның бұл компонентінің де маңызы ерекше. Сондай-ақ диктор
қазақ тіліндегі сөздің ішіндегі буын ұзақтылығының өзіндік пропорциясы бар екенін ұмытпаған абзал.
Сөйлеу тіліндегі сөйлемдердің мағынасына байланысты интонацияның тұлға арасындағы қарым-
қатынаста алатын орны да ерекше екені белгілі. Интонация сөйлеу тілінде естілуімен қатар жазба тілінде
«оқылады» деп есептеледі. Жазушы шығармасын жазғанда қалай естілетінін, оның қандай интонациямен
айтылатынын біліп, тиісті тыныс белгілерін қойып отыруының себебі сонда болса керек. Сондықтан,
тілдегі интонацияның жазба мәтіндерде көрініс табуы табиғи нәрсе және жазылған мәтін мазмұнына
қарай дұрыстап, мәнерлеп оқу да тек қана оның интонациясына байланысты болады. Егерде мәтіннің
интонациясын өзгертіп, яғни қатар тұрған сөздердің ырғақтық топтасуын, сонымен байланысты паузасын
жылжытса, оның стилистикалық реңкі ғана емес сөздерінің грамматикалық мағынасы да өзгеріп кетуі
мүмкін. Сондықтан, интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасындағы
байланыс өте күрделі және құбылмалы болып келетінін диктор білуі аса маңызды. Сонымен сөйленім
синтезін жасау барысында диктордың интонациялық конструкцияны дұрыс қолдана білуі қатысымдық,
тұлғааралық құзізеттілікті жоғарылатады.
Сөйленім синтезін жасау барысында диктордың мәтінді синтагмалық бөліктерге бөлуі маңызды
болып табылады. Сөйлемдерді синтагмаларға жіктегенде синтагмалық екпін, кідіріс, әуезділік, қарқын
арқылы айрықшаланып тұратын ритмикалық топтар анықталады.
Сөзге түсетін екпін қазақ тілінде үнемі соңғы буынға түседі. Ал синтагмалық екпін, буынға түсетін
екпін емес, ол – сөйлемдегі синтагманың құрамындағы бір сөзге түсетін басым екпін.
Екпіннің бірнеше түрі бар. Оның түрлеріне:
Достарыңызбен бөлісу: