Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет497/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   548
Байланысты:
2

сөз екпіні; 

логикалық екпін; 

 

фразалық  немесе  синтагмалық  екпін  жатады.  Екпіннің  осы  бөлінісін  алғаш  А.Н.  Кононов 

«Грамматика современного узбекского языка» деген еңбегінде [4] ұсынғаны белгілі.  

Әртүрлі  тілдердегі  синтагмалық  екпін  және  интонация  арқылы  сөйлемдердің  мағыналық  топтарға 

бөлінуі  әртүрлі жүреді. Айталық, татар тіліндегі сөйлемнің синтагмалық бөлінісін қарастырған М.Закиев 

түркі тілдеріндегі синтагмалық екпіннің соңғы сөзге түсетінін ескертеді. Екпіннің түсуіне қарай тілдердің 

әуезбен  айтылатындығы  я  болмаса,  қарқынмен  дыбысталатындығы,  белгілі  фонетикалық  амал  түріне 

ыңғайлы  келуі  анықталады.  Айталық,  француз  тілінің  екпіні  динамикалы,  әуезді,  квантативті  екпінге 

жатады деп көрсеткен.  

Өзге екпін түрлерінен синтагмалық екпіннің айырмасы бар, тіпті ерекше зор деуге болады, өйткені 

синтагмалық екпін сөйлемнің мағынасын өзгерте алады. 

Фразалық екпін өзі түскен сөздің мағынасын күшейтіп, сөйлемдегі айтылатын ойды ұстайтын негізгі 

мәнін өзіне тартып, сөйлемнің мәнін өзінің бойына жинақтайды. Бұл ерекшелік тек түркі тілдеріне ғана 

емес, славян тілдеріне де тән екенін ғалымдар атап өткен [5]. Мысалы: 

Бала кино көрді деген сөйлемді алайық. 

Бала  кино  көрді.  Екпін  бала  сөзіне  түсіп  тұр,  назар  балаға  ауған,  сөйлемнің  негізгі  жеткізбек 

ақпараты киноны өзге емес (әкесінің, шешесінің, апасының, т.б. емес) тек баланның көргенін жеткізуде.  



Бала  киноны  көрді.  Екпін  екінші  сөзге  көшкенде  баланың  басқаны  емес  киноны  (теледидарды, 

адамды, т.б. емес) көргенін жеткізеді.  



Бала  киноны  көрді.  Екпінді  3-сөзге  ауыстыру  арқылы  баланың  басқа  іс-әркет  жасамай  (естіді, 

жылады,  тұрды,  отырды,  т.б.),  көріп  отырғанын  екпін  түсіру  арқылы  жеткізуге,  хабарлауға  болады. 

Сөйлем синтагмаға жіктелгенде оның құрамындағы бір сөз ғана  екпінді бола алады. Екпін қатарынан екі 

сөзге түспейді [5].  

Фразалық  я  болмаса  синтагмалық  екпіннің    тондық  өзгерісіне  байланысты  әртүрлі  варианттары 

болады:  



алдыңғы екпін,  

артқы екпін;  

алдыңғы синтагма екпіні, 

артқы синтагма екпіні.   

Қазақ тіл білімінде синтагма мәселесіне тоқталған ғалымдардың бірі –  З.Базарбаева. Ол екпін мен 

синтагма  байланысы  туралы  былай  деп  жазды:  «Сөйлеу  тіліндегі  синтаксистік  құрылымдардың 



387 

аяқталған-аяқталмағаны  олардың кідіріс арқылы бөлінулері, ол құрылымдардың интонациясының әуені, 

қарқыны, ұзақтылығы, тағы басқа компоненттері олардың мазмұнымен тығыз байланысты. Синтаксистік 

құрылым  мен  интонацияның  тығыз  байланыстылығын  дәлелдейтін  сөйлеу  тіліндегі  ең  шағын  үзінді  – 

синтагма» [3]. 

 

Мәтіннің сөйлемдері мен синтагмаларын бір-бірінен айырып, бөліп алу және  олардың басын қосу 



проблемасына тоқталған зерттеуші жалпы тіл білімінде  соңғы кездердегі сөйлеу тілінде функционалды 

мазмұнға  ие  болатын  ең  маңызды  шағын  өлшем  фраза  емес,  синтагма  деп  есептеле  бастағанына 

тоқталып,  оның    себебін  синтагманың  синтаксистегі  әмбебаптық  құбылыс  болуымен  түсіндіреді.  «Қай 

тілде  болса  да  синтагма    сөйлеу  тіліндегі  мазмұны,  олардың  бір-бірімен  логикалық  қатынасы  және 

сөйлеушінің  ол қатынастарды пайымдап, тұжырымдауымен байланысты дараланады. Сол семантикалық-

синтаксистік шағын үзікті  жалпы тіл білімінде синтагма дейтіні белгілі», – дейді  [5].  

Зерттеушінің  еңбегінде  синтаксистік  мазмұн  термині  жиі  аталады  және  оны  сөздің  синтагма 

аясында  интонациялық  формаға  ие  болуымен  ұштастырады.  Өйткені,  оның  айтуынша,  «интонациялық 

формаға  ие  болған  әр  синтагма  пауза  арқылы  бөлінеді  де,  бәрі  қосылып  бір  сөйлемде  күрделі 

интонациялық  контурды  сызады.  Егер  сөйлемде  сөз  тіркестерінің  синтаксистік  мазмұны  жеткілікті 

болмаса,  олар  синтагма  бола  алмайды»  [12].  Солай  деп  отырып,  синтаксистік  мазмұнды,  «біздің 

түсінігімізде бір деммен айтылатын сөйлеу кезіндегі мағыналы бөлшек» деп, синтагманың тынысқа және 

мағынаға тәуелділігін баса айтады.  

Синтагмаға  байланысты  зерттеулерде  синтагманың  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем,  мәтін  құрамында 

кездесетіні айтылса, З.Базарбаева «көлемі шағын жай сөйлемдердегі сөз тіркестері өзіне тән интонацияға 

ие  болып,  синтагма  құрай  алмайды»  дегенді  айтады.  Мағынаны  интонацияға  бағындырып,  мағынаны 

интонациядан  туындайтын  құбылыс  түрінде  талдайды.  Өйткені  зерттеуші  пайымдауынша,  жай 

сөйлемдер  бір  ғана  интонациямен  айтылады,  кідіріссіз  айтылады,    сондықтан  оларды  синтагмаларға 

жіктеуге  болмайды.  «Егер  де  бұл  сөйлемдердегі  сөздерге,  оларға байланысты сөздер қосып, сөйлемнің 

құрылымын  кеңейтсек,  бұл  құрылымға  қосылған  сөздер  өз  мазмұнын  да  қосатын  болғандықтан, 

сөйлемдегі  синтаксистік  мазмұнның  саны  көбейіп,  жеке  синтагмаға  айналады  да,  өздеріне  тән 

интонациямен айтылады», – дейді аталған еңбегінде [3].  

Синтагмалық  екпін  мен  тонның  байланысын  мысал  арқылы  көрсетуге  болады:  Ол  қалаға  барған  / 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет