Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет519/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   515   516   517   518   519   520   521   522   ...   548
Байланысты:
2

Keywords: communicative competence, communicative activity, language communication, indirect 

communication, direct communication, educational process, conversational skills, skills development, 

dialogue, novelty. 

 

Қазіргі  мектептегі  білім  берудің  негізгі  мақсаты  -  оқушының  жеке  басының  жан-жақты 



дамуы, оның әлеуметтік бейімделуі, болашақ кәсіби қызмет саласында дағдыларын жетік пайдалана 

алуы. Жеке тұлғаның әлеуметтенуінің, интеллектуалды және эмоционалды дамуының қажетті шарты 

– 

жалпы және коммуникативті мәдениетті арттыру. Мемлекеттік  бірыңғай білім беру стандарттары 



оқушылардың  коммуникативті  құзіреттілігін  дамытуға  –  адамның  коммуникативтік  жағдайға  тап 

болғанда  белгілі  бір  не  болмаса  өзге  де  коммуникативті  міндеттерді  шешетін  тілдік  құралдарды 

жетілдіруіне  ерекше  көңіл  бөледі.  Тілді  қарым-қатынас  құралы  ретінде  пайдалану  сөйлеушіден 

ескеруі керек көптеген ережелер мен нормаларды білуді талап етеді. Белгісіз не нақты жағдайларға 




401 

байланысты  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестеріне  берілетін  мән  қандай  –  мұның  бәрі  коммуникативтік 

құзіреттілікпен реттеледі. 

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде:  «Құзырлық» сөзіне мынадай 

анықтама  берілген:  «құзыр  (компетенция)  –  жалпы  алғанда  қайсыбір  тапсырманы  орындауға 

қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» [1]. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, 

танымы мол, тәжірибелі»,- деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген 

тұлға  сәйкесінше  білім  мен  біліктілікпен  сусындап,  өз  саласының  тиімді  әрекет  ете  алатын 

майталманы болады.  

Жалпы  алғанда    коммуникативті  құзіреттілік  -  қарым-қатынастың  күрделі  құрылымымен 

анықталады. Ол – әртүрлі әлеуметтік топтардағы адамдармен қарым-қатынас жасау үшін өзінің ана 

тілі  мен  өзге  тілдерді  меңгеруге,  өмірлік  жағдаяттарды  шешу  мақсатында  әртүрлі  коммуникация 

нышандарын  қолдана  білуге  үйрететін  құрылым.  Коммуникативті  құзіреттілік  –  лингвистикалық, 

мәдени,  психологиялық  және  әлеуметтік  білімдерді  синтездеуге  негізделген  келесі  коммуникативті 

дағдылардың жиынтығы: 

басқа  адамдармен  қарым-қатынас  құру  мүмкіндігі  -  жұпта,  шағын  топта  диалог 



жүргізу,  позициялардың  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  ескеру,  ортақ  өнім  немесе  нәтиже 

алу үшін серіктестермен өзара әрекеттесу; 

ғылым,  өнер,  математика,  шет  тілдерінің  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын 



түсіну, қарым-қатынас құралы ретінде тілді білу; 

уақытқа  бағдарлану,  өткен  мен  қазіргі  фактілер  мен  оқиғаларды  дәуір,  уақыт  және 



басқа оқиғалармен байланыстыра білу, трендтер туралы болжам жасау; 

шағын топтың, сыныптың, мектептің өмір салтын сақтау және өзгерту; 



өзіндік бағалауға сәйкес әр түрлі лауазымдар мен рөлдерді иелену, басқа адамдардың 

позициясы мен рөлдерін түсіну. 

Бұл  дағдыларды  қалыптастыру  коммуникативті-белсенді  оқыту  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Тілдік  қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас 

жасауы.  Ал  тілдесім  –  сөйлесім  әрекетінің  барлық  түрлерін  қамтитын  ерекше  құбылыс.  Ол  тілдік 

қатынастың  ең  маңызды  көрсеткіші  бола  келіп,  оқылым,  жазылым,  айтылым,  тыңдалымның  іс 

жүзінде  қолданылуына  мүмкіндік  жасайды.  Тілдесім  арқылы  оқу,  жазу,  тыңдау,  сөйлеуге  үйрету 

жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады. Мұнда пікір алмасу ауызша түрде де, жазбаша 

түрде  де  іске  асып,  белгілі  бір  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасқа,  яғни  коммуникацияға 

мүмкіндік туғызады [2, 43-44].  

Тілдесім Ф.Ш. Оразбаеваның еңбегі бойынша, үш түрлі жолмен жүзеге асады: 

1. 

Информациялық – оймен, идеямен, көңіл-күймен, әр түрлі хабарлармен алмасу; 



2. 

Ықпалдық – тілдесушілердің бір-біріне әсері, өзара әсершілдкітің болуы; 

3. 

Қабылдамалық – адам мен адамның түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы [3,239-240]. 



Оқушыларға  үйретілетін  тілдесім  әрекетінің  мазмұны  қай  мәселені  қамтымасын,  болашақта 

өмірлік  жағдаяттарда  қажетке  жарайтындай  не  болмаса  коммуникативті  мәселелердің  төңірегінен 

табылатындай болуы шарт.  

 

Оқыту, үйретуге қатысты тілдесім екі түрлі болады: 



1. 

Тікелей  тілдесім  –  адамдарды  бір-бірімен  көзбе-көз,  ауызба-ауыз,  бірін-бірі  тікелей  көру 

арқылы тілдесуі; оқытушы мен оқушының тікелей көзбе-көз қарым-қатынасы [2,133].  

Тікелей тілдесім сөйлесім әрекетінің оқылым түрінде көптеп қолданылады. Оқылған мәтінді 

дұрыс  қабылдау  үшін  мынадай  іскерліктер  мен  дағдыларды  игеру  қажет:  сөздер  жиынтығын 

мүшелерге  бөлу  (сөздер,  тіркестер,  фразалар)  және  олардың  маңызын  анықтай  білу,  бейтаныс 

бөлшектердің маңызын анықтау, мәтіннің тақырыбы, жалпы мазмұны жайында бірінші сөздерінен-ақ 

болжалдай білу, мәтіннің тірек сөздерін ойында сақтап қалу, оның мазмұнын іштей талдап, сыртқа 

айтуға даяр болу. Оқушылардың ауызекі тілін дамытуда көркем шығарма мәтінін мәнерлеп оқудың 

алатын орны айрықша, себебі байыбына тек мәнерлеп оқу арқылы ғана бара алады. Сонымен бірге 

көркем туынды туралы тұжырым жасап, талғамын танытады.  

Тілдесімдегі  басты  жаттығу  жұмыстарының  бірі  –  мазмұндау.    Мазмұндау  дағдысын 

қалыптастыру үш кезеңде жүреді: теориялық дайындық жүргізу, сөйлеуге дайындау және ауызекі не 

жазбаша мазмұндау. Мазмұндауыдың мынадай түрлері мен  әдіс-тәсілдері бар:  сұраққа жауап беру, 

диалог  түзу,  мәтінді  толық  мазмұндату,  мәтіннің  формасын  өзгертіп  мазмұндау,  сурет  бойынша 

мазмұндау, диалогқа құрылған мәтінді мазмұндау, аяқталмаған мәтінді толықтырып мазмұндау және 

т.б. Ауызша мазмұндауға үйретуде сұрақ-жауап үлгісін көрсету, мәтін талдау, бақылау, салыстыру, 



402 

индукциялық,  дедукциялық,  көрнекілік  (суреттер,  бейнефильмдер,  т.б.)  әдіс-тәсілдерін  пайдалануға 

болады [4,17-18].  Және тілдесімнің  ең оңтайлы да тиімдісі  «сұрақ-жауап әдісі» – сабақ барысында 

оқушылардың ынтасын арттырады әрі қызығушылығын оятады. Әрбір жаңа сабақты бастамас бұрын 

жаңа тақырыпқа байланысты кіріспе сұрақ жауап дайындалады. Сұрақтардың деңгейі мен күрделілігі 

тақырыпқа не болмаса жас ерекшеліктеріне сай дайындалып отырылады. 

Егер  оқуышылардың  тілдесім  әрекетін  жүргізу  барысында  сөйлесім  дағдылары  дұрыс 

қалыптаспаған  жағдайда  төмендегі  жұмыстарды  жүзеге  асыруға  болады:  оқушыларды  сөз  не  сөз 

тіркестерін  орфоэпиялық  нормаға  сәйкестендіріп  айтқызу,  есту  мен  көру  тіркестерін  жетілдіру, 

фонетикалық  жаттығу  жұмыстарын  жүргізу,  бақылау  қабілеттерін  арттыру  жұмыстарын  жүргізу, 

т.с.с.  

Тікелей  тілдесім  үш  түрлі  қалыппен  орындалады:  жұптық,  топтық  және  ұжымдық.  Топтық 

жұмыста  мұғалім  тарапынан  нақты  нұсқау  беріледі.  Оларға  шешетін  проблемалық  тақырып 

ұсынылады. Әрқайсысы өз ойын ортаға салып, ортақ бір шешімге келеді, артынан спикерлері микро-

сабақ өткізіп, өз тобының соңғы шешімін шығарады.  

Жұптық  жұмыстар  –  оқуышлардың  сөйлеуін  дамытудың  өнімді  жолы.  Осы  іс-әрекеттің 

барлығында  оқушылар  бір-бірімен  үздіксіз  тілдік  қатынаста  болады.  Белгілі  тәртіп,  нақты  мақсат 

оқушыларды жүйелі жұмысқа жұмылдырады. Моделі төмендегідей: 

Сұрақ – тыңдау – сөйлесу – талдау – келісу – қорытындылау. 

Ұжымдық  жұмыстар  түрленідіріліп  беріледі:  диалог  жүргізу,  интервью-сұхбат, 

монолог-талдау, модельмен жұмыс және оның үлгісі.  

Тіл  оқытуда  және  үйретуде  диалогтың  маңызы  ерекше.  Сабақта  диалог  жүргізуге 

арналған  тірек  схеманы  пайдалану  барысында  оқушылар  білімдерін  тереңдетіп,  жалпы  ой-

өрістерін дамытып қана қоймай, сонымен қатар коммуникативтік іскерліктері мен дағдылары 

жетіледі.  Әр  сабақта  тақырыпқа  байланысты  диалог  түрлерін  өзгертіп  отыруға  болады. 

Мұндай  сабақ  түрі  –  оқушыларды  ауызша  сөйлеуге  үйретудің  қызықты,  әрі  тиімді  түрі.  

Диалогпен  жұмыс  жасау  орын  алатын  болса,  онда  мынадай  жанр  түрлерімен  жұмыс 

жүргізілуі  тиіс:  күнделікті-тұрмыстық  диалог  –  көргені  мен  естігені  бойынша,  ауызша-

ғылыми, ресми іс диалогі – әңгімелер, пікірталастар және диспуттар.  

Мысалы,  «сұрақ-жауапқа  құрылған  хат»  диалогтік  ойыны.   Итальян  жазушысы 

Дж.Родаридің  басшылығымен  ойлап  табылған  ойын.  Ойынның  шарты:  6  оқушыға  6  түрлі 

сұрақ таратылады, сол сұрақтарға оқушылар жазбаша түрде жауап береді. Бірақ сұрақтар кез-

келген  саладан  бола  бермейді,  белгілі  бір  қалыпқа  түскен  сұрақтар  алынады.  Әр  оқушы 

жолдастарына қандай сұрақ берілгенін білсе де, олардың қандай жауап жазғанын білмеуі тиіс. 

Әйтпесе  ойын  шарты  да,  қызығы  да  бұзылады.  Жаттығу  аяқталғаннан  кейін  мұғалім  әр 

оқушының жауабын біріктіріп, тұтас мәтін құрайды да, балаларға дауыстап оқып береді. Сол 

кезде әрі қызғылықты, әрі күлкілі оқиға шығуы мүмкін.  

Оқу  үдерісін  осындай  жолмен  құрған  кезде  тіл  үйренушілер  бір-бірімен  белсенді  қарым-

қатынас жасайды, топ ішінде әркім өзін-өзі көрсетуге тырысады және әркімнің жеке жетістіктеріне 

басқалардың жетістіктері тікелей әсер етеді. 

2. 

Жанама  тілдесім  –  тіл  үйренуші  мен  тіл  үйретушінің  бірін-бірі  көрмей-ақ,  берілген 



тапсырмаларды  орындап,  қажетті  жұмыстарды  атқару  арқылы  қарым-қатынаста  болуы.  Мұнда 

адамдар  тікелей  сөлйеспейді,  аралық  амал-құралдар  арқылы  жанама  тілдік  қатынаста  болады. 

Жанама тілдесім жазылым мен тыңдалымға қатысты жиі пайдаланылады [2,134].  

  

Тыңдап түсіну жаттығуларын орындау нәтижесінде дайындық кезінде оқушыларды мынадай 



икемділктері  қалыптасады:  а)  тыңдап  отырған  хабардағы  таныс  емес  құбылыстарды  анықтау,  бір-

бірінен ажырату, түсіну; ә) дыбыстық бейнелерді мағынамен ұштастыру; б) сөзжасам тәсіліне сүйене 

отырып,  таныс  емес  сөздің  мағынасын анықтау;  в)  түрлі  лексикалық  бірліктер  мен  грамматикалық 

нұсқалардың контекстегі мағыналарын анықтау; ғ) синоним, антоним, көп мағыналық құбылыстарды 

танып, олардың мағыналарын ашу.   

Сөйлеу  жаттығулары  мынадай  шарттарға  сәйкес  болуы  тиіс:  а)  мәтін  мазмұнында  тәрбиелі 

мән  болуы    және  ол  балалардың  жас  ерекшелігін  ескеруі  міндетті;  ә)  мәтін  мазмұны  қызықты  әрі 

назар аудартарлық болуы шарт; б) логикалық жүйе, жатық тіл, әдеби қалып боуы керек және т.б.  

Тыңдап  түсінуді  дамытатын  жаттығулар  диалогті  тыңдап-түсіну  икемділігін  дамытатын 

жаттығулар,  монологті  тыңдап-түсінуге  байланысты  сөйлеуді  дамыту  жаттығулар  –  осы 

жаттығуларды  орындау  нәтижесінде  оқушылардың  тыңдау  мен  түсіну  қабілеті  жетілуі  арқылы 

сөйлеу әрекеті дамып, одан әрі байланыстырылып тілдесім әрекеті жақсара түседі [4,14-15].  




403 

Жазбаша тілдесімнің ерекшеліктері:  

1. 

Сөйлемнің құрылысына ерекше назар аудару. 



2. 

Сөздерді таңдап қолдану. 

3. 

Ойды асықпай, ойланып-толғанып, жоспарлап, жүйелеп жеткізу. 



4. 

Тыныс белгілерін дұрыс қою [2,134].  

Жағдаяттық  немесе  барынша  уәждемелі  оқу  жағдаятында  оқу  үдерісін  рөлдік  түрде 

ұйымдастыруды ұстанған жөн. Кез-келген жастағы тіл үйренуші қызығатын жағдаяттар мен 

қарым-қатынас проблемалары негізінде материалды сұрыптау және ұйымдастыру принципті 

маңызды  нәрсе  болып  табылады.    Бәрінен  бұрын  жаттығулар  шынайы  қарым-қатынас 

тудыруға  бағытталуы  тиіс.  Нағыз  қарым-қатынас  сипаттау,  мазмұндау,  бір  жақты  монолог 

түріндегі айтылымда емес, топ мүшелері түгелдей қатысқан интерактивті полилогқа құрылған 

тілдесім кезінде жүзеге асады.  

Осы  орайда,  «рөлдік  ойындар»  сабақ  үдерісін  жандандырып,  тілдесім  әрекетін 

тездетуге  септігін  тигізер  бірден-бір  тиімді  тәсіл  жайлы  атап  өтуге  болады.  Рөлдік 

ойындардың  басты  қызметі  –  шынайы,  дайындықсыз  сөйлеуге  қажетті  ахуалды  туғызу. 

Коммуникативті  жағдайға  түсушілер  сөйлеу  жағдаятына  ене  отырып,  тілді  қатынас  құралы 

ретінде  пайдалануға  ұмтылады.  Ойынды  өткізу  үшін  оқушылардың  психологиялық 

дайындығын  қалыптастыру  –  маңызды  компонент.  Оқушылар  жағдаятты  толығымен 

қабылдап,  өздерін  еркін  сезінуі  тиіс.  Сыни  тұрғыда  ойлап,  ми  қабаттарын  қозғау  арқылы 

ақпаратты  анағұрлым  шапшаң  қабылдау  процесі  жүреді,  артынша  тілдік  бірліктерді  есіне 

сақтау қалыптасады. Бәрінен бұрын сабақтың әр түрлі құрылымында көрініс табатын сөйлеу 

жағдаятының  жаңашылдығы  (қарым-қатынас  пәнінің,   талқыланатын  мәселенің,  сөйлесетін 

серіктестің, қарым-қатынас шарттары және т.б алмасып отыруы).  

Қорытындылай  келе,  коммуникативтік  құзіреттілікті  қалыптастыруда  тілдесім 

әрекетінің  алар  орны  зор  деуге  болады.  Тілдік  коммуникация    -  жай  ғана  қарым-қатынас 

дегеннен  гөрі  тамыры  тереңге  кеткен,  өмірде  өзіндік  орны  бар,  адамдық  қатынастың  түп 

қазығы.Тілдесім арқылы адамдар білетін ақпарат-деректермен алмасады, олар тілді меңгеріп 

қана қоймайды, сонымен  қатар өмірлік тәжірибелерді, дағдыларды, жақсы іс-әрекеттерді де 

бір-бірінен үйренеді. Тіл үйренушілерді рухани қарым-қатынасқа жетелейді, тілдесу арқылы 

олар  ой  бөліседі,  пікір  алмасады.  Осыдан  болар  коммуникативті  құзыреттіліктің  жетілу 

мәселесі  заман  талабы  болып  отыр.  Сондықтан  оқушыларымыз  жаңа  заман  талабына  сай 

білімді,  жан-жақты,  өзіндік  ой-пікірін  жеткізе  алатын,  кез  келген  адаммен  тілдік  қарым-

қатынасқа  еркін  түсе  алатын,  коммуникабельді,  мәдениетті,  өмірге  икемделген  тұлға  болуы 

үшін оның бойында осы біліктілікті қалыптастыруымыз қажет.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   515   516   517   518   519   520   521   522   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет