Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет18/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   548
 

 

Аннотация: В статье рассматривается текстообразующие функции указательных местоимений. Их 

применение в анафорическом и эпифорическом направлении и доказывется примерами. 

 

Ключевые слова: местоимения, уазательные местоимения, анафора, эпифора. 

 

 Annotation: The article deals with the text-forming functions of demonstrative pronouns. Their application 

in anaphoric and epiphoric direction is proved by examples. 



Keywords: pronouns, demonstrative pronouns, anaphora, epiphora. 

 

Есімдікті тізбекті байланыс – сөйлеу стилінің көпшілігінде қолданылатын кең тараған байланыс түрі. 



Есімдіктің  әртүрлі  мағыналық  топтары  сөйлем  арасын  байланыстыра  алады.  Солардың  ішінде  сілтеу 

есімдіктерінің қызметі ерекше.  

Сілтеу есімдіктеріне тән сөздердің  негізгі  лексикалық мағыналары аралық қатынастарды  көрсету 

болып табылады. Сол  себепті  сілтеу есімдіктері  әрқашан сөйлеушіге не сөйлемдегі субъектіге субстан-

циялар мен құбылыстардың әр алуан  жақын не алыстық сияқты аралық қатынастарын білдіріп отырады.  

Мәтіннің құрылымдық бірлігін қалыптастыруда сілтеу есімдіктері, шылаулар, үстеулер үлкен қызмет 

атқарады. Сілтеу есімдіктері анафоралық, яғни бұрынғы зат пен құбылысты оқырманға сілтейді [1,123]. 



11 

Барлық өзге жауаптар үшін де шыныммен, барыммен жауап беруге әзірмін дейтін сапарым осы, не 

көрсем  де  тәуекел,  өкінбей  кететін  жолға  жүрем…  Маған  жеке  ат-арба  әзірлеңдер!  –  деді  де 

Әбіштермен бірге жөнелетін болды (М.Әуезов). Мысалдағы құрмалас сөйлем құрамындағы осы есімдігі 

әрі сөйлем арасын, әрі мәтін арасын байланыстырушылық қызмет атқарып тұр. 

 

Өлең жолдарынан мысал келтіріп кетейік: 



 

 

Қарсы келсең, басыңды кесіп алды



 

Ұнаса, арамнан да ішіп алды. 

 

Жанның бәрін бір өзі құлданбақшы, 



 

«Мен де – Құдай» демеген несі қалды. 

 

 

Жігіттер, анау ойдың түбі жаман, 



 

Ондай жолға кірген жан шықпайды аман. 

 

Кім біледі, Тәңірінің өзіне аян – 



 

 

Оларға  өлгеннен  соң  қандай  заман.  (Шәкәрім.  Жуандар).  Бұл  жерде  анау  сілтеу  есімдігі  өзінің 



алдындағы шумақтың арасын байланыстыру  мақсатында қолданылған.  

Сілтеу  есімдіктерінің  аралық  қатынастарды  білдіру  жағынан  ішінара  жақын-алысырақ,  алыс-

жақынырақ сияқты  қарама-қарсы мағыналарда  қолданылатын сөздер   болып  бірнеше   жікке  бөлінеді. 

Сілтеу есімдіктерінің  бұл аралық қатынастарды білдірудегі  мағыналық жіктері әрқашан бір есімдік пен 

екінші  бір  есімдікті  салыстыра  қолдануда,  қарама-қарсы  ұғымдардағы  сөздердің  мағыналық  айырым-

дарын салыстыра көрсету амалы арқылы ғана айқын көріне алады. Сонда ол амал, біріншіден,  мағына-

лық жіктерін  қарама-қарсы қойып салыстыруға келетін “жақын” және “алысырақ”  деген аралық ұғымды 

білдіре алатын сілтеу  есімдіктерінің  арасында болады [2, 484]. Мысалы:  1.Анау 



бір топ қыздың  ішінде 

Тоғжан  да  отыр  екен  (М.Әуезов).  2.Мынау  жағалай  отырған  қыз-келіншек  Абайдан  көзін  алмайды 

(

М.Әуезов). 1-сөйлемдегі анау есімдігі алысырақ жердегі затты, құбылысты нұсқаса, 2-сөйлемдегі мынау 



есімдігі жақын аралықтағы затты нұсқау үшін жұмсалған. Немесе мына сөйлемге назар аударып көрейік. 

Жұрттың бәрі  көшіп, сонау  Көкшетауға  барып ұлы дүбір  мереке жасады ғой (М.Әуезов). Сонау есім-

дігі қашықтағы  заттарды  нұсқай  көрсететіні айқын көрініп тұр. Сөйлемдерді байланыстыру үшін белгілі 

тілдік  құралдарға  есімдіктердің  жататындығына  «Складывается  впечатление,  что  внепредложенческие 

отсылочные функции указательных местоимений применяются чаще, чем внепредложенческая функция 

прямонаправленности» [3, 227] деген көзқарас та дәлел бола алады. 

Сілтеу есімдіктері кез келген бірыңғай немесе әр қилы субстанциялар мен құбылыстардың  ішінен 

белгілі  біреуін  даралап  бөліп  алып,  соған    тыңдаушының  көңілін    аудару  мақсатымен  қолданылады. 

Мысалы: Айтқандай  сол  жаңағы үш жігіт  Құнанбайдың  мал айдатқан адамдары екен (М.Әуезов). 

Олардың бұл  белгілі  бір  субстантивті  не құбылысты  бөліп  алып,  соған  тыңдаушының көңілін аудару  

қызметі  болса,  екінші  жағынан,  сілтеу  есімдіктерінің  қолданылу  ретіне  қарай  контексте  белгілі  бір  

нақтылы мағыналарға ие болу қасиеттерімен  ұштасып  жатады.  Ол  мағыналық  нақтылық өз  тарапынан  

сілтеу  есімдіктерінің  қандай  сөз таптарының  орнына  қолданылады  деген  мәселені қамтиды [2, 485].  

Сілтеу есімдігінің мағыналары өзінен бұрынғы сөйлем арқылы айқындалады. Сілтеу есімдіктері  арқы-

лы нұсқай айтылатын  заттар мен  құбылыстар  сөйлеу  кезеңінен  бұрын айтылған,  алдын ала ескертілген 

нәрселер болады да, олар сөйлеуші мен тыңдаушыға сол алғы ескертулерден таныс болып отырады. 

 

Жай сөйлемдерді құрмаластыруда сілтеу есімдіктерінің қызметі айрықша. Бұл есімдік жай сөйлем-



дерді  бір-бірімен  байланыстыра  отырып,  сол  сөйлемдердің,  яғни  құрмалас  сөйлем  сыңарларының  ара-

сында түсіндірмелі мағыналық қатынас жасайды. Басқаша айтқанда, сол, сонша, соншалық, соншама, осы 

т.с.с. сөздер келесі сыңардағы айтылатын құбылысқа, ойға сілтейді де, осы сөздердің мән-мазмұны сол 

келесі сөйлемдерде анықталады  [4, 44-45]. Мысалы: 1. – Е, не бұйрық? 2.Немене тағы: ел көшті, жау 



жетті деп шетіңнен? – деді де, қабағын түйіп, Қамысбайға ашумен қарады. 3.Бірақ қырыс атшабар 

қайысқан жоқ. 4.– Бұйрық сол, үй тігесіңдер (М.Әуезов). Соңғы сөйлемдегі сол сөзі келесі компоненттегі 

ойға сілтеу жасап тұр. 

Төмендегі мысалға назар аударып көрейік. 

Бұл  қорлыққа  шыдағанша  өлген  артық!  –  дегенде,  Бөкенші,  Борсақтың  тағы  бірнеше  жас 

жігіттері аттарын тебініп, ілгері шыға берісті. 

– 

Жер ашуы – жан ашуы!… 

– 

Бұдан арғы амандық садағам!… 

– 

Қашанғы шыдаймыз? 



12 

– 

Қорқа-қорқа тапқаның осы ғой! 

– 

Бұға-бұға болдыңдар ғой осы!… 

– 

Етекбасты ғып өлтірдіңдер ғой осы, сендер-ақ!… деп бәрі де Сүйіндік, Сүгірге қадалды.  

Сүйіндік  бұл  сөздерді  өз  басына  тиген  қамшыдай  сезіп,  қатты  ширықты  (М.Әуезов).  Бұл 

контекстегі  жас  жігіттердің  айтқан  сөздерінің  орнына  соңғы  сөйлемдегі    бұл  сілтеу  есімдігі  (яғни  бұл 

сөздерді  …)  жұмсалған.  Сонда  бұл  есімдігі  сол  шоғырда  айтылған  сөйлемдердің  орнында  қолданыс 

тапқан. Осыдан аңғаратынымыз: көбінесе сілтеу есімдіктері бірнеше сөйлемдердің немесе бір абзацтағы 

ойдың орнына қолданылуы. 

З.Ш.  Ерназарова  «Сөйлеу  тілі  синтаксисінің  прагмалингвистикалық  аспектісі»  деген  еңбегінде: 

«

Дейксистер  сөз  мағынасын  қолданыс  үстінде  жаңа  мәнмен  байытады.  Оны  «сілтеме  мән» деп  атауға 



болады.  Сілтеме  мән  (дейксистік)  деп  сөйлеу  жағдаятында  денотаттың  жақтық  кеңістік,  мезгілдік  бағ-

дарын  белгілейтін  сөз  мағынасының  прагматикалық  қабатын  ұғынамыз.  Сөздердің  прагматикалық 

мәнінің сілтеме түрі сөйлеу әрекеті үстінде қолданысқа түседі. Дейксистік элементтерге 1) жіктеу есімдігі, 

2)  сілтеу  есімдігі,  3)  үстеу,  4)  етістіктің  семантикасындағы  дейксистер  жатады»  [5,53]  десе,                             

Ж.Т. Қайшығұлова: «Дейксис алдында айтылып кеткен адамды, затты, құбылысты іздей бастайды. Іздеу-

дің жылдамдығы мен қорытындысы түрлі факторға байланысты,  бір тәсілі – идентификациялау. Иденти-

фикация  қазақ  тілінде,  әдетте,  1-сөйлемде  беріледі.  Абзацтағы  1-сөйлем  негізгі  ойды  білдірсе,  қалған 

сөйлемдер  сол  ойды  дамытады,  қорытады.  Абзацтың  басында  айтылған  ой,  құбылысты  дейксистер 

арқылы беріп отырады. Яғни оларсыз мәтін түзу мүмкін емес. Дейксистің қызметін атқарушылардың ең 

негізгісі есімдік болып табылады» [6, 27],  дейді. Байқап отырғанымыздай, осы пікірден есімдіктердің 

мәтінтүзудегі қызметінің ерекше екендігі аңғарылады. 

Сілтеу  есімдігінің  сөйлемдегі  ойды  тиянақсыз,  контекске  тәуелді  етуінің  және  аяқталған  сөйлемді 

байланыстырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұлар анафоралық та, эпифоралық та бағытты нұсқай алады 

[7, 47].  



1. 

Сүйіндік  пен  Сүгірді,  Жексенді  қосып  алған  осы  топ  дәл  осы  күн  түсте  Шыңғыстағы  Бөжей 

аулына келді. 2.Оның қыстауы Тоқпамбет дейтін қалың шалғынды, мол тоғайлы, ең бір құйқалы қыстау 

еді.  3.Бөжей  өз  атасы  Кеңгірбайдан  ата  қоныс  есебінде  мұра  қып  қалған  жері  осы  (М.Әуезов).                         

2-

сөйлемдегі  Тоқпамбет  дейтін  қалың  шалғынды,  мол  тоғайлы,  ең  бір  құйқалы  қыстау  еді  деген  сөз 



тіркестерінің орнына анафоралық бағытты, яғни өзінен кейінгі ойды сілтеп тұрған   осы есімдігі.  

Төмендегі мысалдан эпифоралық бағытты байқаймыз.  



1. 

Байдалының  жауабы  сол.  2.  Екі  иттің  бауыр  сыртынан  дүрені  соғып-соғып,  Майбасарға  қып-

қызыл жоса қып қайтар, - деді!… 3. Ал!…Тұр бәлем! – деп кеп, Қараша Қамысбайдың басына өзі мініп 

алып,  құйрығы  мен  жонынан  шықпырта  берді.  4. Жұмағұлды  Үркімбай  мен  өзге  жігіттер  де  сондай 

сабады (М.Әуезов). 1-сөйлемдегі сол  баяндауышы өзінен кейінгі сөйлемдердің орнына қолданылған.  

Cілтеу есімдіктерінің жеке етістік сөздер орнына қолданылу дағдысы кездеспейді. Бірақ сілтеу есім-

діктері түгел бір сөйлемнің және ондағы берілген әр қилы ойлардың, іс-әрекеттердің орнына қолданыл-

ғанда,  ондағы  ауыстырылып  алмасатын  мағыналардың  жетекші  мәні  сол  етістік  сөздердің  бойына 

топталады [2, 486]. Бұл пікірді мысалдар арқылы дәлелдеуге болады. 1. Сол-ақ екен, бар Бөкенші, Борсақ 

тегіс:  “Ой  бауырымдап”  Жексеннің  артынан  шаба-шаба  жөнелісті.  2.  Сүйіндік  те  солармен  кетті.               

3. 

Байсал мен Құнанбай бұл арада енді тұра алмай, үндемей томсарған күйлерінде сырт айналып кетіп 

еді. 4. Құнанбай өз ішінен: “жаңағы сөзді оңат айттым-ау, қап!” – деді. 5. Бірақ Байсалға сыр берген 

жоқ. 6. Қайта Бөкеншінің мына мінезіне сылтау іздеп, өзінше соны таптым деді (М.Әуезов). Күрделі 

тұтастықтағы  соңғы  сөйлемдегі  мына  есімдігі  түгелдей  бір  ойдың  орнына,  әрі  анафоралық  позицияда 

қолданылған.  Немесе:  1. 

Алшынбай  белгілі  би  Тіленшінің  баласы,  одан  арғы  атасы  –  Қазыбек  би.                    

2. 

Осының бәріне қарағанда Абайдың қалыңдығы Ділдә тіпті  бір үлкен, асқақ жердің қызы тәрізденеді. 

3. 

Сол қалыңдықтың қалың малы да осал болмаған болу керек. 4. Үйткені Құнанбай аулынан Қарқаралы-

ға қарай шығатын  топ-топ жылқы, түйе, көбінше, осы Алшынбай аулына барушы еді. 5. Жалғыз ғана 

құдалық па, жоқ басқа да ілік пе, әйтеуір Алшынбай, Құнанбай әбден айқасқан, ішек-қарын араласқан 

дейтін  жақындардың  өздері.  6.  Майбасар,  Жақыптардың  Алшынбай  аты  аталғанда  аял  қылмай 

жөнелетін себебі осы (М.Әуезов). Күрделі синтаксистік тұтастықта  соңғы сөйлемдегі осы сілтеу есімдігі 

алдыңғы  тұтас  ойдың  орнына  қолданылып,  Майбасар,  Жақыптардың  Алшынбай  аты  аталғанда  аял 

қылмай жөнелетін себебі не екенін түсіндіру үшін берілген. 

Жоғарыда  айтып  кеткендей,  сілтеу  есімдігі  эпифоралық  та  позицияда  жұмсалады.  1.  Бақанастың 



суық бетке  әзірленіп жүрген елінің бүгін күні  бойғы аузындағы сөзі осы болды. 2.”Арыздасып жатыр 

дейді!  Байсал,  Байдалы,  Түсіптер  жыласып  арыздасыпты  дейді!”,  “Науқасының    бетінен  ағайын 

шошиды дейді!”, “Жазым боп кете ме қайтеді?” – деседі (М.Әуезов). Синтаксистік күрделі бірліктегі 


13 

осы эпифоралық сілтеу есімдігі өзінен кейінгі сөйлемдерде қандай сөздер айтылғандығын көрсетіп тұр. 

Бұдан  эпифоралық  есімдіктердің  де  мәтін  байланыстырудағы  қызметі  айырықша  екендігі  байқалады.                 



1. 

Жұмабай  көк  құнанды  зорға  тоқтатып  алған  соң,  Абай  Сағитты  маңайлатпай  қуып  жіберіп,  сол 

бәледен  Жұмабайды  да,  құнанды  да  өзі  құтқарып  шыққан.  2. Бұлар  Қазіреттің  қорасына  кіріп,  асау 

құнанды ат қораға байлағанда, қазірет өзі  көріп сыйлық екенін іші біліп, үн қатпаған болатын (М.Ә.). 

Бұл  жерде бұлар сілтеу есімдігі 1-сөйлемдегі Абай мен Сағит сөздерінің орнына қолданылған.  



1. 

Жұрт жапыр-жұпыр атқа  мінді. 2. Ырғызбай  жігіттері қаруларын қолға алған. 3. Өзге  де  ел 

тегіс қару алды. 4. Бұл уақытта жел қатайып, күн суытып, таңертеңгі қиыршық қар енді бетке  сабап, 

қалыңдап түсіп тұр (М.Әуезов). Келтірілген үзіндідегі бұл уақытта  деген тіркесте бұл сілтеу есімдігі 

өзінен бұрынғы сөйлемдегі ойларға қатысты болып, кейінгі сөйлемде бұл есімдігімен қоса қайталанып, 

оны нақтылау үшін қолданылған. Қабыса байланысқан сілтеу есімдіктері тілімізде өте жиі кездеседі. 

 

Мағжанның“Бояулы суыр” өлеңінің басындағы: 



 

 

Бiр суыр адасыпты оттап жүрiп, 



 

Кез болды бiр ауылға көп қаңғырып. 

 

Ит қуалап тыққан соң иесiз үйге, 



 

Бояу толы шелекке кеттi кiрiп,   

 

деген бірінші шумақтағы бір суыр сөзінің орнына өлеңнің ең соңғы (он бесінші) шумағындағы бұл сілтеу 



есімдігі  ойды  аяқтап  тұрғандығы,  әрі  шумақтардың  арасын  байланыстыруға  атсалысып  тұрғандығы 

байқалады: 

 

 

Жiгiттер, бұл суырды қылма мазақ, 



 

Осыдан естiлерiң болады аз-ақ. 

 

Бояуды да бағым деп күн өткiзiп, 



 

Қол жетпеске ұмтылған көп қой қазақ. (М.Жұмабаев). 

 

Дейксистердің контекспен мағыналық байланысы да әр қилы болып отырады. Олар өзінен бұрын не 



соң айтылатын сөйлемдегі сөздермен тікелей мағыналық байланыста болады да, мәтін бірліктерін (мәтін 

ішіндегі сөйлемдерді) байланыстырады. Дейксистер өзіне дейін аталған, болып кеткен белгілі бір затты, 

сан-сапаны,  құбылысты,  іс-әрекеттерді  көрсетіп,  сілтеп  отыратын  тілдік  құралдар  болып  табылады. 

Тұтастай  алғанда,  мәтіннің  ақпараттылық  мәнін  күшейтеді  [8,32]  деген  көзқарасты  біз  де  жоғарыда 

келтірілген мысалдардан байқадық. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет