Keywords: education sphere, psycholinguistica, language, ethopscychology, model of professional
competence, new paradigm, integration.
Тілді оқыту парадигмасында көптеген ғылымдардың өзара тоғысу нәтижелері оқу үдерісіндегі өзекті
мәселелердің шешімін табумен қатар, білім беру траекториясындағы әлемдік озық нәтижелерге жету
жолдарын қарастыруды міндеттейді. Тіл адамдардың қарым-қатынас және мәдениет тану құралы қызметі
337
атқарумен бірге кәсіби білім беру саласындағы құзыреттілік моделін қалыптастыруда өзіндік орынмен
ерекшелініп, тілдерді меңгертуді тереңнен зерттеуді қажет етеді. Білім алушылардың кәсіби біліктілік
құзыреттілігін арттыруда тілге қызығушылықтарын тудыртып, болашақ мамандығында еркін қолдана
алатындай мәселелерді жан-жақты талдау, оқу үдерісіне енгізуде пәнаралық-синергетикалық әдістердің
кіріктірілуі оқытушылардан шеберлікті талап етеді. Тілді кәсіби бағдарлы оқытуда алыс-жақын көршілес
мемлекеттердің саяси мәселелерімен қатар олардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін жан-жақты
зерттеу болашақ кәсіби қызметкерлерінің тілдік құзыреттілігін қалыптастыруда маңыздылық танытады.
Тіл және психологиямен интеграциялық байланыста қызықты меңгерту мақсатында, әрі тілдерді
оқытудың жүйелік мәселелерін қалыптастыруда бинарлық және полиформалық сабақтарды өткізудің
түрлерін жүйелеуде көптеген ғылым салаларымен қатар психолингвистика ғылымының маңызы
ерекше.Себебі ұлттардың этнопсихологиялық ерешеліктерін, атап айтқанда, тілін, ділін, дінін, әдет-
ғұрпы, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті және т.б. танымдық тұрғыдан қарастыруда психологияның тіл
ғылымымен сабақтастығына айрықша назар аударуды қажет етеді. Тілдің қоғамдағы қызметінің кең
ауқымдылығы адамның психологиялық қабілеттерімен тікелей ұштастырылуы екі ғылым саласын бөліп
қарауға болмайтындығын көрсетеді. Адамның тұлғалық қасиетін анықтайтын психологиялық сезім-
күйдің 500-ден астам түрі ғылымда дәлелденсе, оның әрқайсысы тілде ерекше көрініс алып эмоциялық
көңіл-күі толғанысын жеткізудің басты құралына айналған. Бұл мәселелер психолингвистика
ғылымының тікелей зерттеу нысаны ретінде тілді оқытуда, кәсіби бағдарлы білім беруде көптеген
проблемалық мәселелердің шешімін табуды көздейді.
Психолингвистика (фр. linguistigue – лат. lingua - тіл) – психология мен лингвистиканың аралығындағы
ғылым саласы ұғымын білдіреді. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға
қатысы тұрғысынан зерттейді. [1.23] Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г.Штейнталь (1823-1899)
тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының басты әрі көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше,
тіл білімі адамның жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен
Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық категория, сондай-ақ лексикалық
мағыналардың түрлерін түсіндіруде көрініс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Сессюр
еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеумеітік сипатына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд,
Т.Сибсок, т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын
сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен
(А.Н. Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы
(Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Осы салада кеңес ғалымы профессор
А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ.
60-
жылдарынан бастап қолға алында. Бұл жерде М.М. Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко,
Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші,
бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл
мәселелер "Ойлау мен қарым-қатынас" атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), "сөзбен ойдың
механизмдері" атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвис-
тері (М.М. Мұқанов, Н.М. Құрманбаев, М.К. Қайырбаева, Ш.С. Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен
түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді.
Кәсіби тілді психолингвистикамен интеграциялық байланысты оқытуды бұрынғы необихевиористік
және дескрибтік лингвистикалық көзқарастардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аудартады. Атап
айтқанда, жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі, нақты психологиялық үйлесімділікті грамматикалық
тұрғыдан өзгертудің формалды моделі; сөйлеуді құраудағы грамматикалық құрылымның ойлаудың,
танымның, логиканың желісімен байланысты. Психолингвистиканың негізгі бағыты қазіргі кезде
инженерлік психология, нейро- және патопсихология, шетел тілдерін оқыту міндеттерімен ұштасуда.
Психолингвистика – адамның сөйлеу қабілеті қалыптасуының бірқалыпты өтуін зерттейтін ғылыми
саласы болғандықтан, ойдың сөзге, сөздің ойға толассыз және қайта айналып алмасуын сөйлеудің даму
процесі деп есептейді. [2.78] Кәсіби тілді меғгерту психолингвистиканың қалыптасуына үйрету теория-
сының, сөйлеуді игерудің арнайы шарттары туралы зерттеушілердің еңбектері, бойдағы туа біткен
ақпаратты қабылдау және зерделеу туралы когнитивтік көзқарас тұрғысындағы зерттеулер елеулі үлес
қосты. Қазіргі кезеңде психологиялық тілтану аясында тілді, сөйлеу іс-әрекеті мен ойлауды әр басқа
қырынан қарайтын әртүрлі бағыттар пайда болды. Тіл мәселесіне психологиялық тұрғыдан келу
әлеуметтік лингвистика мен құрылымдық, тілдік таңбатану және математикалық тіл білімі зерттеулерінен
байқалады. Сөйлеу қызметін психофизикалық әрекет айтушының қабілеті ретінде зерттеушілер сөйлеудің
физиологияға негізделетінін мойындайды. Тіпті, олар сөйлеуді айтқан я тыңдаған уақытта ғана адам
ағзасындағы болатын психикамен бірлескен физиологиялық қызмет деп те таниды. Осыдан болар бұл
338
бағыттағылар тілдегі тарихилықты трансформациямен және сөздің сапталуының статикалық күйіндегі
деңгейлік сипатымен алмастырып жіберді. Лингвистикалық психологизм ішінен қазір этнолингвистика-
лық, семантикалық психологизм, психологиялық құрылым, таза психологиялық бағдарларды бағамдауға
болады. Аталған пәннің методологиялық негіздері сөйлеуді «стимул–реакция» қатынасымен талдап,
әрекет теориясы сөйлеу іс-әрекеті сөйлеуші мен қабылдаушының белсенділігіне тікелей қатысты деп
санайды. Бұл көзқарастарда ұтымды тұстар баршылық, алайда санадағы тіл мен сөйлеудің қасиеттерін
түгендеп береді деп айтуға болмайды. Тіл теориясындағы мәліметтерге сүйенсек, қарым-қатынастың
ұлттық-мәдени ерекшелігі аз дегенде екі қырынан көрінуге тиістілігі дәлелденген:
• тіл, ойлау, жады, қатысымдардың бір-бірімен байланысы және адам өміріндегі, тұтастай алғанда,
тілдің алатын орны;
• қатысымның ұлттық ерекшелігі бар үдерістері мен құралдары жағынан. Мұндағы бірінші аспектіні
«Сепир-Уорф» лингвистикалық салыстырмалылық туралы гипотезасы сипаттаса, ал екінші аспектіні
этнопсихология қарастырады. [3.56]
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, әртүрлі халықтың тілі мен сөйлеуіндегі өзгешеліктер
психолингвистика мен этнопсихологияның түйісінде қаралады. Мәселен, норвегтер, шведтер, финдер
сияқты солтүстіктің халықтары оңтүстіктегі испандар мен италияндарға қарағанда дауысын ақырын
шығарып, эмоцияны аз жұмсап сөйлейді. Ал осы испандар мен италияндарға қарағанда грузин, цыган,
түрік, араб сияқты оңтүстіктегі халықтар мен қара нәсілділердің ішіндегі бойлары ұзын болып келетін
этникалық топ өкілдері дауыстарын қатты шығарып сөйлейді екен. Шығыстағы жапондар, үнділер,
вьетнам халқы, қытайлар т.б. ақырын сөйлеседі. «Орыс болып кеткен еврейлерді дауыс ырғағынан
білесің» дейтін әзілде де шындық жоқ емес. Бұл жерде басқа факторлармен бірге географиялық мекен,
климаттың да, өскен ортаның да ықпалы баршылық екені байқалады. Алайда бір географиялық ендікте
өмір сүретіндердің сөйлеуі мен қылығында әртүрлі өзгешеліктер бола береді. Жапон тіл білімінде «тіл
тіршілігі» деп аталатын мектеп бар. Ондағы зерттеулердің мақсаты – тілді адам іс-әрекетімен, психика-
сымен қызметімен байланыстыру. Бұл – тілдік акті мен ауызекі сөйлеуді зерттеу деген сөз. Бұл мектеп
тұжырымдамасының түйінін тезис түрінде ұсынамыз. Тіл қатысым танымның құралы болғандықтан,
соған орай зерттеудің негізгі нысаны интеракт болады. Сөйлем – адамның әлеуметтік дағдылы, әдеттегі
әрекеті. Ол әрекет ой мен сезімді тілдік таңбалар көмегімен бейнелеуден және осы бейнеленгенді
ұғынудан тұрады [4.98].
Сөйлеуге жанама әрекеттер тіл білімінен гөрі этнографияда қарастырылады. Десек те, мұндай
әрекеттер тілге сәулесін я көлеңкесін түсірмей тұрмайды, сондықтан да ол тілмен қосталады, сол себепті
бұл психолингвистиканың бір саласы этнопсихолингвистикада қарастырылады. Этнопсихолингвистикада
белгілі бір мәдениеттің тілдегі көрінісін сипаттайды. Бұл жерде біз әр ұлттың немесе ұлыстың ым-ишара,
қимыл, тұспалдарын еске алып отырмыз. Мұны лингвистикада «тілдің көмекші құралдары» деп атайды.
Шындығында, адамзат тілінің шығуында ым мен қимылдың белсенді рөл атқарғандығы туралы
болжамдар негізсіз емес. Мәселен, Австралиядағы аранда тайпасы 450 түрлі ым мен қимылды нақты зат
немесе құбылысты білдіру үшін ғана емес, жалпы ұғымды түсіндіру үшін де қолданады екен. Үндістердің
тайпааралық қарым-қатынас құралы ым-ишара екенін көпшілік біледі.Тіл тарихындағы еңбектерде
В.Вундт әуелде екі тіл – ым тілі және дыбыс тілі болған деп есептейді. Дыбыс – сезімді, ым-қимыл нақты
затты білдірген. Ым-қимылдың үш түрі болған: нұсқау, бейнелеу, символика. Ымдау, негізінен, тарихи-
әлеуметтік құбылыс. Зерттеулердің түсіндіруінше, сөзбен қосалқы жүретін ым мен қимыл бірте-бірте әр
халықта әр түрлі рөл атқара бастаған. Бізге мәлім мәліметтерге қарағанда, бір сағат сөйлескенде
мексикалықтар 180 рет, француз 120 рет, италиялықтар 80 рет, ал финдер 1 рет қана ым-қимыл жасайды
екен. Сондай-ақ орыстарда қол сермеу әдепсіздікке жатқанмен, басқа халықтардың әдетінде ол кәдімгі
күнделікті ишараның біріне жата беретін жайттар көп. Сол сияқты бір мағына әр халықта әр түрлі ым-
қимылмен беріледі. Мысалы, болгарларда келісуді білдіретін «иә» – бас шайқаумен, ал теріске шығаруды
білдіретін «жоқ» – бас изеумен беріледі, дәл осы мағыналар болгарлармен туыстас орыстарда керісінше:
«иә» – бас изеу, «жоқ» – бас шайқау. Испандар мен португалдар «жоқ» дегенде қолын өзінен ары кері
қарай қозғалтады, ал жапондар мұндайда саусағын шошайтады, ал үндістер білегін бүгіп бетінен иығына
дейін қолын апарады, арабтар басын шалқайтып таңдайын қағады, түріктер иегін шошаң еткізіп, көздерін
сығырайтады да таңдайын қағады (түрікпен туысқан қазақта тіптен басқаша екенін білесіз), малайзия-
лықтар мұндайда көзін төмен түсіреді. [5.63] Міне, осы сияқты құбылыстарды этнографтар салт ретінде
зерттесе, лингвистер қарым - қатынастың тілге көмекші құралдары ретінде ұлттық ерекшелікті ескере
отырып зерттейді. Жеке инсанның қандай да бір ұлттың өкілі екенін ескеретін болсақ, бұл бағыттың
тілдік лексиконға әсерін жоққа шығаруға болмайды.
339
Психолингвистиканың мәдениеттанушылық бағытында мәдениетаралық қарым-қатынасқа да назар
аударылады. Мәдениетаралық қарым-қатынас дегеніміз – әртүрлі ұлт пен ұлыстың өкілдерінің өзара
қатысуы, тілдесуі мәселен, мұндай зерттеулерде бір мәдениет өкілінің басқа мәдениетке негізделіп
түзілген мәтінді ұғуы туралы қаралады. Бұл құбылыс ділдік лексиконға да жат емес. Мұндай мәтіндер
психолингвистикада өзге мәдениеттік мәтіндер дейтін арнайы нысандық санатқа ие. Психолингвистика
әлеуметтік лингвистикамен де шектеседі. Мәселен, белгілі бір әлеуметтік топтың сөйлеуі әлеуметтік
лингвистика мен психолингвистикаға ортақ проблема бола алады. Тілдің шығуы жөнінде психикаға мән
берілген болжамдарда тілдің экспрессивтік қызметі жоғары қойылады да, коммуникативтік қызметі оның
көлеңкесінде қалады, басты мәселе ретінде сөйлеу механизмдерінің пайда болуы психофизикалық
тұрғыдан зерттеледі. Олай болса, инсанның сөз саптауы мен сөз қабылдауы мәселесінде тарихи-
генетикалық, психикалық себептер де бар. Бұл – арнайы зерттеудің үлесінде болғаны жөн. Психолингвис-
тикада бұқаралық ақпараттық коммуникацияның мәселелерін зерттейтін де сала бар. Бұқаралық қарым-
қатынас теориясы радиомәтіндерді қабылдау, теледидар тиімділігі, газет мәтіндерінің ықпалдылығы,
саяси плакат, ұран, жарнамалардың адам санасына әсер етуі т.с.с. мәселелерді қамтиды. Демек, бұл тұста
психика мен сөйлеу (тіл) көмекке келеді. А.А. Леонтьевтің пікірінше, сөйлеу әрекетін зерттеуде тілтану
мен жантанушының еңбегінің үлестік мөлшері мына сипатта: тілтанушы меңгерілетінді, меңгерілгенді
зерттейді. Ал психолог лингвистикалық модельді игеру, қабылдау барысында адам санасында болып
жататын психикалық байланыстар мен үдерістерді зерттейді, қарапайым айтқанда, сөйлеушілер шын
болмыста, өмірде сөйлемді, сөйлеуді қалай құратынын және түсінетінін тексереді. Тілдік лексиконды
зерттеуде осыны тұғырлы әдіс ретінде қарау керек. Жалпы этнопсихология ғылымы кәсіби бағдарлы
оқытуда меңгертудің нәтижелері психолингвистика ғылымымен тікелей ұштасатынын жан-жақты
қарастыру кәсіби мамандарын дайындауда өзекті проблемалардың қарсатыруын қажет етеді. Этнопсихо-
логия - әрбір халықтың рухани әрекетінің (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, дін, т.б.) жемісін
сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдерін, әртүрлі этникалық қауымдас-
тыққа жататын адамдардың психологиялық өзіндік бейнеленуі туралы ғылым болғандықтан, осы
саладағы әрбір кәсіби қызметкердің тілдік-танымдық қабілеттері жоғары деңгейді қамтуы тиіс. Себебі,
этнопсихологияның мақсаты мен міндеттері төмендегідей мәселелерді қарастырады:
•
Психофизиологиялық процестердің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеу;
•
Түрлі этникалық қауымдастықтың мәдени ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған мәдени зерттеу;
•
Отбасы-некелесу мен бала тәрбиесі мәселелерінің этнопсихологиялық аспектілерін зерттеу;
•
Этносаралық, топаралық қатынастардың этникалық мәселелерін зерттеу.
Этнопсихологияның дамуының теориялық міндеттері:
1.
Халықтың этнопсихологиялық ерекшеліктерін құрайтын көздерін негізгі факторларын теориялық
танып білу және меңгеру.
2.
Дербес – тұлғалық және топтық дәрежеде ұлттық сана-сезімнің проблемалар өзектілігі.
3.
Этностың бірізділігі мен жеке тұлғалық топтық дәрежеде құрылу және даму ерекшеліктерін танып
білу.
Негізгі ұлт пен этностар арасындағы келісім дамуының әлеуметтік – психологиялық мәселелерін
теориялық танып білумен ұштасатындықтан білімалушылардың тілдік құзыреттілік модельдерін
қалыптастыруда, этнопсихологияның қолданбалы міндеттері: а) Ұлттық психология негізінде ұлттық
тілді және әртүрлі халықтардың тілін этнопсихологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы танып білу. ә).
Тілдік, әлеуметтік-саяси, ұлттық және ұлтаралық процестердің әрі қарай дамуының психологиялық
болжамдары талданып, меңгертілуі тиіс. Тілдік тұрғыдан қарастырғанда онтогенездік принцип бірлігі –
бірлігі ол сөйлеу, вербальді қарым-қатынас негізінде іске асырылатындықтан болашақ кәсіби маманның
аталған ғылым салаларындағы өзекті мәселелерді танып-біліп, қызмет бабында нақты қолданылу ұтымды
нәтижелерге қолжеткізеді.
Қазіргі заманда қарым-қатынас тілдік әлеуметтік-психологиялық феномен деңгейінде қарастырыла-
ды, адамдар арасындағы күрделі детерминизм (детерминизм – адамның еркі мен мінезінің өзара
байланыстылығының себептерін, себептестігінің заңдылығын зерттейтін ілім) және қалыптасудың жан-
жақты процесі және адамдар арасындағы байланыстың дамуы, ақпарат алмасуды енгізетін, сондай-ақ
қарым-қатынас стратегиясын тудыратын, өзгені қабылдау мен түсінетін процесс. Психологияда адамдар
арасындағы тактильдік (динамикалық) қарым-қатынасты зерттеу қолға алынған (тактильді – дене арқылы
түйсіну, сезіну). Бұл жағдайда әріптестік тактильді қатынасы эмоционалды жақындықты білдіреді.
Тактильді қатынасқа жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы, қарым-қатынас кезінде ара қашықтық әсер
етеді. Тактильді қатынас әр этникалық топта өзінің әртүрлі мағынасына ие. Білім алушыларға
этнопсихологияны меңгертуде төмендегі кестедегі кестеде көрсетілген ұлттық психология этнопсихо-
логияның феномені ретінде қарастырылып, жүзеге асыруды көздейді.
340
Қорыта айтқанда, тілді оқыту парадигмасындағы психолингвистика ғылымының методологиялық
негіздерін жүйелеуде жоғарыда талданған ғалымдардың зерттеу еңбектерінің жаңалықтарын ұтымды
қолдана отырып, кәсіби маман дайындаудағы психолингвистикалық тұжырымдарды оңтайлы қолдану,
оқу үдерісіне жүйелі енгізу мәселелерінде ғылыми-педагогикалық эксперимент кеңістіктерін пәнаралық
сабақтармен бірлестікте бинарлық және полиформалық әдістермен өткізу тиімділік танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |