words.
Сөйлем әрбір ұғым атауы сөздерден құралып, оған адамның сан алуан іс-әрекеті қосылып, тиянақты
ойды білдіретіндіктен оның түрлері де өте мол. Олар, яғни сөйлемдер түрі ғалымдар тарапынан тиянақты
зерттеліп, әлі де жалғасын тауып келеді. Десек те, қарым-қатынаста тілдің, ұғымның, сөздің пайда болуы
жайлы зерттеулерден гөрі ең соңғы сатысы сөйлемдер жайлы зерттеулер қай тілде (туркология, қазақ тілі,
Сөз-сөйлемнін әр сөз таптарынан жасалуы әр түрлі. Кез келген сөйлемнің негізгі материалы – сөз
таптары. Сонда зат есім, сын есім, сан есім, етістік, устеу, еліктеуіш сөздер туралы айтқанда олардан
Осылардан басқа шылау, одағай, модаль сөздер де сөз таптары. Бұлар – сөз-сөйлемнің дінгегі. Енді
осылардын мағынасына тоқталсақ. Жеке гұрғанда өзінің толық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі бола
алмайтын, негізгі басқа сөздердің қатарында жұмсалып, оларға түрлі қосымша мағына үстейтін көмекші
Сөйлеушініқөзін қоршаған ақиқат болмысқа деген өзіндік көзқарасын білдіретін: мүмкін, бәлкім, нәйеті,
әрине, әлбетте, тәуекел, мақұл, ие немесе ия, жоқ, қайдам, әрине, шамасы, ләйім, тегі, т.б. сөздер модаль
30
сөздер болады. Мамандар бұл сөздерді тек морфологияда қарап, олардың сөйлемдегі орнын емес, сөз
таптық қасиетін ғана сөз етіп келді.
Сөз-сөйлемдердін жасалуына қатысты мына фактіге де назар аударуға тура келеді.
Е.М. Галкина-Федорук сөз-сөйлемдер өзінше толық мағынасы жоқ шылаулар мен одағайлардан
болады [6, 141 б.] десе, Е.С. Скобликова сөз-сөйлемдер одағай, модаль сөздер және шылаулардан
(конечно, может быть, едва ли), сыпайылық сөздерден және атау септігіндегі эмоцияны білдіретін зат
есімнен де жасалады дейді [7 , 115 б.].
В.В. Бабайцева: "Словами-предложениями называются структурно-нерасчлененые высказывания,
выраженные, частицами, модальными словами и ' междометиями" [4 , 281 б.] деп келтіреді. Ал
Г.Қ. Темірбекова "Сөз-сөйлем дегеніміз - семантикалық жағынан сөйлемнің негізгі мазмұнына қосымша
мән үстейтін, грамматикалық жағынан сөйлемге мүше болмайтын және түсіндіруге келмейтін бір сөзден
тұратын, өз алдына дербес контекссіз қолданылмайтын, айтылған ойға байланысты әр түрлі пікірді білді-
ретін, өзі үстейтін мағыналық ренктерді интонация арқылы беретін, коммуникаіивтік қызмет атқаратын,
бір құрамды сөйлемдерден басқа өз алдына тұрған үшінші категориядағы сөйлем" [1, 19б.]. Әрине бұл
жерде автор бүкіл сөз-сөйлемнің қасиетін өте жақсы көрсеткен. Бірақ бір сөйлемнің басындағы барлық
ерекшелік нақты ережеге келе бермейтіні анық. Сондықтан сөз-сөйлемнің басқа да ерекшеліктері
жеткілікті. Осы ереженің бірінші сөйлемін автор: "Сөз-сөйлем – семантикалық жағынан сөйлемнің негізгі
мазмұнына қосымша мән үстейтін..." – деп бастаған. Біздінше, сөз-сөйлем өз алдына сөйлем болған соң
қай сөйлемге қосымша мән беруі керек екені ойлантады.
Сонымен сөз-сөйлем бір ғана сөзден құралып, дербес мағынасы жоқ сөз таптарынан екпін арқылы
жасалған ерекше сөйлем түрі екендігін негізге алып, одағай, модаль сөздер, шылаулар сөз сөйлем бола
алады.
Академик В.В. Виноградов 1950 жылдардыңөзінде "Кроме слова, образуещего предложение, в состав
слов предложений могут входить только модальные слова или усилительные и ограничительные частицы
(конечно, почти и другие)" [2, 80 б.] деп, онын жасалу жолын көрсетті. Бұл пікір бойынша сөйлемді
құрайтын негізгі сөздер сияқты модаль сөздер, одағай, шылаулар да сөйлем құрайтындығын айтқан. Енді
автордың бұл пікірі осы кезде толық айқындалып, осы сөз таптарының негізінде мүшеленбейтін сөйлем
немесе сөз-сөйлем дүниеге келеді. Осы сөйлем түрінің сөйлем қатарына қосылуына байланысты енді
сөйлем құруға қатысты сөз таптарыныңда аясы кенейді. Олар: Зат есім,Үстеу, Сын есім, Одағай, Есімдік,
Еліктеуіш сөз, Етістік, Модаль сөздер, Шылау.
Осы аталған әрбір сөз табынын сөйлемде белгілі бір синтаксис морфологияда оқшау сөздер болғаны-
мен, сөз-сөйлем болғанда олар сол қалпында тұрып сөйлемдік дәрежеге ие.
Сөз-сөйлемнің монолог, диалог түрінде қолданылу ерекшеліктері де әр түрлі. Өйткені мүшеленбейтін
немесе сөз-сөйлем туралы жазғандардың бәрінде де көбіне бұл сөйлем түрлері диалогта және монологта
кездесетінін баса айтады.
Шынында, бұл сөйлем түрлерін негізінен диалогта, онан кейін монолог түріндегі сөйлемдерде кез-
дестіруге болады. Осы кезге дейінгі жиналған мысалдардың бәрі де негізінен диалог арқылы көрініс
тапты. Диалогты сөйлемдер өзінің қысқа түрде келуімен ерекшеленеді және кей жағдайда көбіне сұрақ-
жауап түрінде көп кездеседі. Диалогқа құрылған сөйлемдерде мимика, әр түрлі қимыл (бас шұлғу, бас
изеу, қол шапалақтау, т.б.) әрекет байқалып қалады. Диалогты сөйлемдер әдеби тілде де, ауызекі сөйлеу
тілінде де мол кездеседі. Ал монологты сөйлемдер ауызекі сөзде аз да, әдеби тілде мол кездеседі. Өйткені
авторлық көзқарас коп жерде монолог арқылы беріледі. Ал диалог кейіпкерлер тілі болғандықтан, өмірде
де, көркем шығармаларда да жеткілікті.
Егер диалогтағы сөйлемдер өте қысқа түрде жүзеге асса, монологта өзіндік күрделірек түрімен
ерекшеленеді. Егер сөйлем күрделірек болған сайын онын грамматикалық жағы да күрделене түседі. Сөз-
сөйлемдер көбіне диалогтық және монологтық қалыпта ірі прозалық шығармалардың өн бойында мол
кездесетіндігі анық. Мысалы: Дәл осы қалпында көрсе анасы:
"Жетіскен екенсін, сорлы. Ол заманда, бәл заман келіншегімен бір атқа мінгескенді кімненкөрдің?"
деп ұрысар еді. Ол кісі жоқ. Рахат (Т. Нурмағанбетов). Бұл жерде монологта келген. Диалогта келуі:
–
Ертен жиналыста мені қолдаймысын?
–
Жоқ!("Жұлдыз").
М.З. Закиев сөз-сөйлемнің сөйлемдегі орнын басқа авторлардан ерекше көрсетуге тырысқан. Онда
автор: "Выражение предикативности в одном члене" деген тақырыппен сөйлем түрлерін етістікті бір
қурамды сөйлемдер, есімді бір құрамды сөйлемдер және сөз-сөйлем түрінде берген.
31
Дегенмен, сөз-сөйлем де – сөйлем. Бірақ олар сөйлем болғанымен, онын басқа сөйлемдермен ара-
қатынасы да ойландырады. Негізінде, біздінше, сөз-сөйлем – сөйлем ішіндегі сөйлем. Оған М.З. Закиевтін
мына мысалдары дәлел:
эйә - да, әлбеттэ - разумеется,
эһә - ага, табигий - естественно,
шулай - так, бэлки - вероятно,
э-э - да, шулай микэн - так ли,
юк - нет , булмас - едва ли,
ярар - ладно ну - ну,
ярый - ладно сон - ну
Бұл топтағы сөз-сөйлемдер өз бетінше қолданылмайды. Олар басқа сөйлемдермен бірлікте ғана жұм-
салады. Олар мақұлдауды, теріске шығаруды, келісу, келіспеу мағыналарын беретін сөз-сөйлемдер.
Қолдағы материалдар негізінде бұл фактіні қазақ тіліндегі сөз-сөйлемдермен былай көрсетуге болады:
–
Жазғы демалысқа келмегені де содан көрінеді. Августын жиырмасында деп жазыпты. Бүгін
жиырмасы ғой.
–
А-а? (Қ.Мухаметқалиев).
Осы жердегі сөз-сөйлем былай қарағанда жеке тұрды дегенмен, алдынғы сөйлемге жауап ретінде сол
сөйлеммен бірлікте ғана жұмсалып тұр. Егер алдынғы сөйлем болмаса, А-а? деп айтпаған болар едік.
Екеуміз қос қолдап тарттық.
–
Әуп-пә! Онын жұмсақ беті тіпті тақалып...ерніме жақындады.
–
Әуп-п-әә!
Ол тіпті санқылдап сөйледі:
–
Тсс.ақырындап...
–
Несіне ақырындаймын.
–
Сен өзің қызық қыз екенсін.
–
А-а-ау-ап! Ол адам айтқысыз дүлей күшпен машинаның бір жағын көтере бастады (К.Сегізбаев).
Міне, осы сөз-сөйлем тек мәтін ішінде ғана жеке сөйлемдік мәнге ие болып тұр.Сөз-сөйлем сөйлем түр-
лерінің ішінде ен соңғы зерттелуіне қарамастан тұлғалық, мағыналық ерекшелігіне сай ең бірінші сөйлем.
Достарыңызбен бөлісу: