ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет20/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39

 
 
ЕЛІМІЗДІҢ КЕЛЕШЕК ҰРПАҚТАРЫН ҰЛТТЫҚ, ХАЛЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ 
 
Қойшыбаева Г.Қ., 
Хромтау қаласы, № 5 «Ақбота» МДҰ МКҚК дене шынықтыру нұсқаушысы 
 
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана 
елімізді  әлемнің  өркениетті  мемлекеттерінің  қатарына  қоса  алдық.  25  жыл  ішінде  тәуелсіз  Қазақ  елін 
қалыптастырып,  нарықтың  қиын  өткелектерінен  аман  өткізіп  келеміз.  Осы  кезеңде  Қазақстанды  дүние 
дидарындағы  ең  мықты  мемлекеттер  танитындай,  сыйлайтындай  деңгейге  жеткізген  тұңғыш  Нұрсұлтан 
Назарбаевтай  көреген  саясаткердің  ерен  еңбегін  дәл  бүгін  және  әрқашанда  айтып  өтеміз.  
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды 
қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Еліміздің келешек ұрпақтарын 
ұлттық, халықтық тұрғыда тәрбиелеу жолдары туралы өз тәжірибемді ортаға салғым келіп отыр.  
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің тақырыбы: «Тәуелсіздік ел тірегі».  
Мақсаты:  Тәуелсіздік  алған  еліміздің  келешек  ұрпақтарын  ұлттық,  халықтық  тұрғыда  тәрбиелеу.  Бала 
бойына ойын арқылы халқымыздың салт-дәстүрінің озық үлгілерін дарыту, ой-өрісін, ақыл-ойын, сөздік қорын 
дамыту.  
Керекті құралдар: Тақия, орамал, аттар атрибуты, асықтар т.б. 
Күй ойналып тұрады.  
-Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! 
Уа, ағайын, туысқан, 
Пайда болмас тұрыстан. 
 Басты көтер, белді жаз, 
Көтер еңсе сайыстан!-дей отырып, бүгін бізге ұлттық ойын түрлерін, халқымыздың салт-дәстүрінің озық 
үлгілерін көрсететін топ балаларын ортаға шақырамыз. 
Д/н: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! 
Сіздердің құрметтеріңізге « Хор». 
 Д/н: Он алтыншы желтоқсан.  
 Тәуелсіздік алған күн 
 Ерекше боп мәңгілік 
 Ел жадында қалған күн 
 Мерекеге шығады 
 Бүкіл халық біліп қой. 
 Отандастар ұғады, 
 Тәуелсіздік – ұлы той. 
Д/н: - Балалар бүгін біз не үшін жиналып отырмыз? 
Б/р: - Ұлттық ойындар ойнау үшін. 
Д: - Алда бізде қандай мереке келе жатыр 
Б/р: - Тәуелсіздік мейрамы. 
Д: - Тәуелсіздік елді кім басқарып отыр, біздің президентіміз кім? 
Б/р: - Н.Ә. Назарбаев. 
Д: - Біз қай мемлекетте тұрамыз? 
Біздің Республикамыз қалай аталады? 
Б: - Қазақстан 
Д/н: - Біз кімдерміз? 
Б/р: - Тәуелсіздік ұландары. 
Олай болса балалар, біз бүгінгі ойындарымызды бастаймыз. 
1.Тасымал. 
2.Қыз қуу. 
3.Сақина. 
4.Тақия тастамақ. 
5.Ат жарыс. 
6.Арқан тартыс. 
Сіздердің құрметтеріңізге Көңілді би. 
 Достық жеңді. 
Тыныс алу жаттығуы. 

100 
 
Барлық балалармен жұмыс:  
Д/н:Біз қандаймыз? 
Балалар: Шұғылалы таңдаймыз 
 Күлімдеген күндейміз 
 Еш уайымды білмейміз. 
2 кезең. 
Ересек топтар ойын ойнайды, басқа топтар шешеді. 
1.
 
«Тауық күрес».  
2.
 
«Көкпар». 
3.
 
«Соқыр теке» санамақ айту. 
Келесі кезекте сіздердің құрметтеріңізге би «Достық» 
Д/н: Ұлттық ойындарды ойнау арқылы бала өз халықтарының  
мәдениетін, салт-дәстүрін танып біледі, адамгершілік – патриоттық  
рухты өз бойына сіңіріп өседі. 
 Бірлігі мен ынтымағы халықтың 
 Көгімізде жарқырайды жарық күн 
 Ырыс, дәулет, бақыты үшін халықтың 
 Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн, - деп  
Бүгінгі ойындарымызды аяқтаймыз.  
Би: «Қара жорға». 
Тәрбиешілерге, балаларға рахмет айтамыз. 
Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері 
тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні 
теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын 
жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.  
 Қазақпын, еңселі елмін егеменді,  
 Кеңейттім кең әлемге керегемді.  
 Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар  
 Таныды тепе - тең деп тереземді. 
 
 
 
ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
Г.Ә.Қазиева, Г.А. Алиева, 
С. Бәйішев атындағы АУ колледжінің оқытушылары 
 
Елдегі  білім  беру  жүйесінің  соңғы  жылдардағы  дамуы  мемлекеттік  саясатта  басым  бағыттардың  бірі 
болды. 
Қоғамдағы  оң  өзгерістер  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  тәрбие  жүйесінде  өз  көрінісін  тауып  отыр. 
Гумандық  мұраттар  принципі,  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  идеялары  іске  асырылуда. 
Қазақстандық  патриотизм,  азаматтылық,  руханилық  ұғымдарының  саяси  және  адамгершілік  мәнін,  гуманды-
бағдарланған, әлеуметтік-белсенді, үйлесімді-дамыған тұлға қалыптасуын пайымдау процесі басталды. Жалпы 
қазақстандық  менталитет,  мәдени,  ұлттық-тарихи  дәстүрлерді  ескере  отыра,  ұлттың  интеллектуалды,  рухани 
және шығармашылық әлеуетін жаңарту үшін жағдай жасалуда. 
Президент Н.Назарбаев “Қалың елім – Қазағым” жинағында «Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы 
елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды» 
және “Біз қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге-дәстүрін, әдет-ғұрпын, 
елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін 
нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау” деп жазған 
еді. 
 Қазақстан  –  көп  ұлтты  мемлекет.  Демек,  жас  ұрпақтың  бойында  ұлттық  патриотизммен  бірге  қа-
зақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекше маңызға ие.  
 Қазақстанның әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірліктің туын жоғары көтере білсе – 
патриотизмнің негізі сол болмақ. Елбасы өзінің “Тарих толқынында” кітабында: “Ұлттық бірліксіз патриотизм 
деген  жансыз  бірдеңе  ғана  болып  қалады”,  –  деп  ұлттық  бірлікке  ерекше  мән  береді.  Бірлік  пен  татулықтың 
маңызына халқымыз да бейжай қарамаған. “Бірлік болмай, тірлік болмас”, “Төртеу түгел болса, төбедегі келер, 
алтау ала болса, ауыздағы кетер”, “Ынтымақсыз – ел оңбас” деп, жас ұрпақтың санасына сіңіріп отырған. 
Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, 
өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, 
мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.  
  
 Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет  – 
осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру.  

101 
 
  
Қазақстанды Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты 
шарттарының  ой-пікірі  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Қазақстан-  2030»  Жолдауында  «біздің  балаларымыз  бен 
немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі 
күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.  
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту 
міндеттері  барған  сайын  күрделеніп  бара  жатыр.  Басты  міндеттің  бірі:  орта  мектепті  бітірген  оқушы  өмірге 
белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, 
оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар 
оқушылар  мектеп  қабырғасында  жүріп  –ақ  әлемдік  құрылым  қалыптасуының  негізгі  ғылыми  ұстанымдарын, 
ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.  
  
Оқушылардың  патриоттық  сезімін  арттыру  мақсатын  көздеген  тәрбие  сағаттарында  әр  түрлі  жаңа 
әдістемелік технологияларды қолданып өткізу тиімді.  
  
Интерактивті  тақтаны  қолдана  отырып  ,  оқушыларды  жай  тыңдаушы  ғана  емес,  сол  тәрбие  сағатын 
өткізуге үлесін қостырып, ал ол үшін қосымша материалдар оқып, іздеп, оны жолдастарына жеткізе білуге баулу, 
өз еңбегінің үлесі бар екенін сезіндіру мақсаттары тәрбие жұмыстарында көптеп орын алды. Сол себепті тәрбие 
сағаттарында  оқушылар  жай  тыңдаушы  ғана  болмай,  белсенділік  қабілеттерін  ,  ізденімпаздық  қабілеттерін 
арттыра алады.  
  
«Қазақстандағы  экологиялық проблемалар: оны  шешудің  жолдары»,  «Қазақстан экономикасының  даму 
барысы  қай  сатыда  ?»  тақырыбында  өткен  тәрбие  сағаттарын,  «Ауыл  экономикаы  қалай  дамуда?» 
тақырыбындағы пікірсайыс өткізуге оқушылар белсене атсалысты.  
  
«Патриотизм  дегеніміз  -  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығының  қоғамдық–
мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын  сезіну,  ал  мемлекетті  нығайту  дегеніміз-жеке  адамды 
күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның 
өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді». 
«Желтоқсан  лебі»  тақырыбындағы  тәрбие  сағаты  оқушылардың  жас  ерекшелігіне  қарай  баяндама 
тыңдалып, диафильм көрсетіліп, сөзжарыс түрінде өтті. 
«Табиғат,  адам,  қоғам.  Олардың  байланысы»  тақырыбындағы  тәрбие  сағаты  да  патриоттық  тәрбиемен 
байланысты болды. 
  
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси 
көзқарасы,  т.б.  қарамастан,  әрбір  қазақстандық  өзі  өмір  сүріп,  күн  көріп  отырған  мемлекетін-«Отаным»  деп 
тануы,  оның  негізін  салып  отырған  қазақ  ұлтына  сыйластық,оның  заңдарында  бас  ию,  рәміздеріне  құрмет, 
жетістігіне  сүйсініп,  мақтану,  кемшіліктерін  болдырмаудың  жолын  қарастыру  қазақстандық  патриотизмнің 
белгілері .  
  
Туған  халқымыздың  өткен  тарихына  көз  жіберсек,  отансүйгіштіктің  керемет  үлгілерін  көреміз.  Бүгінгі 
күні егеменді ел болып,  қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі  ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің 
арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық 
көтерілісін алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге 
тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай 
көптеген  тарихи  тәжірибелерден,  сол  кездегі  отбасы  тәрбиесіндегі  отансүйгіштік  сезімнің  қалыптасуына 
отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.  
Қорыта  айтқанда,  оқушылармен  осы  жоғарыда  баяндалғандай  тағы  да  басқа  әдістерді  қолдана  отырып, 
оқушының көкейіне осындай іс - әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат 
отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
9.
 
Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: 2012ж 
10.
 
 Жұмаханов А. Оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі жайында. Қазақстан мектебі. 2014ж 
11.
 
Айтақов Ә. Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу.- Алматы.2010ж 
 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
Курпишева В.Т., 
№33 "Нұрсәт" мектепке дейінгі білім орталығы Ақтөбе  
 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке 
дейінгі  жүйесінен  жоғарғы  оқу  орындарына  дейінгі  орталықтарда  барлық  ұйымдарда  көкейкесті  болып 
табылады.  Балаларды  Отанды,  туған  жерді,  өзінің  халқын  сүюге  тәрбиелеу  –мұғалімнің  аса  маңызды,  аса 
жауапты  да  қадірменді  парызы"  -  деген  еді  .  Әр  дәуірдің  тарихи  кезеңдерінде  Отансүйгіштікке  тәрбиелеудің 
өзіндік  мүдделері  болады.  Ол  ең  алдымен,  "ұлтжандылық",  отансүйгіштік",  "  патриотизм",  ұғымдары  сол 
заманның  ақиқаты  –  наным  –  сенімінен  туындайды.  Еліміз  егемендік  алғаннан  бері  жас  ұрпақ  тәрбиесінің 
темірқазығы – қазақстандық патриотизм болды. "Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса 
туған жаңа сөз. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің 

102 
 
туған  Отаны  және  бұдан  былай  да  мәңгі  тұрақтап  қалар  мекені  болмақ.  Сондықтан  олардың  әрқайсысы 
Қазақстанды ата – жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек 
етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып келеді. Ол болашақ 
Қазақстан  азаматтарын  тәрбиелеумен  тығыз  байланысты.  Қазақстандық  патриотизм  –  Отан  –  анаға  деген 
сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл – парасатты ел игілігіне 
жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін құрметтей білу 
де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.[1:14] 
Соңғы уақытта мектепке дейінгі білім жүйесінде айқын өзгерістер орын алуда. Балаларды тәрбиелеу мен 
білім мазмұны жаңартылып жатыр, көптеген бағдарламалар пайда болуда. Сонымен қатар мәселенің өзектілігі, 
қоғамның қазіргі заманда адами тәрбиесі. 
Адами  тәрбиенің  маңызды  бөлігі  ол  баланың  өзінің  мәдениетіне  бет  алуы  болып  табылады,  өйткені 
баланың  тұлға  ретінде  толық  ашылуы  тек  оның  өз  халқының  мәдениетіне  қосылуы  арқылы  мүмкін  болады. 
Балалардың  Отандық  мұраға  бойұсынуы,  сыйластықты,  өзі  тұратын  жері  үшін  мақтанышты  тәрбиелейді. 
Кішкентай бала үшін Отан туған үйінен, өзі және отбасы тұрып жатқан көшеден басталады, отбасында болашақ 
өз елінің азаматы «өсіп» келе жатыр.  
Сонымен,  балалардың  адами-патриоттық  тәрбиесі  –  мектепке  дейінгі  білім  мекемесінің  негізгі  міндеті 
болып келеді. Ал оның негізгі шарты ата-аналармен, отбасымен тығыз байланысы болып табылады. 
К.Д.Ушинский өз педагогикасында балалардың адами құндылықтарының қалыптасуына көп көңіл бөлген. 
Оның ойынша, адами тәрбие, балалардың ойлау және еңбек ету тәрбиесімен тыңыз байланыста болу керек.  
Патриоттық сезімді қалыптастыру үшін балаларға Отан жайлы бастапқы білім беру керек, біздің еліміз, 
халқымыз, әдет, тарих, мәдениет туралы тіректі хабар беру керек. 
Мектепке дейінгі жастағы балалардың адами-патриотттық міндеттері: 
1. баланың өзінің отбасына, үйіне, бала-бақшасына, көшесіне, қаласына деген сүйіспеншілік пен бауыр 
басып кетуге тәрбиелеу;  
2. табиғат пен бүкіл тірі жанға ұқыпты қатынасты қалыптастыру; 
3. еңбекке деген сыйластықты тәрбиелеу; 
4. халық салтына және кәсіптікке қызығушылығын тудыру; 
5. адам құқығы жайлы қарапайым білімдерді қалыптастыру; 
6. Қазақстан қалалары жайлы хабарын кеңейту; 
7. балаларды мемлекет рәміздерімен таныстыру (елтаңба, ту, әнұран); 
8. мемлекет жетістіктері үшін жауапкершілік пен абырой сезімдерін дамыту; 
9.өзара сыйлау, басқа ұлттарға олардың салттарына деген сыйластықты қалыптастыру болып табылады. 
Осы  міндеттер  балалармен  жұмыстың  бүкіл  түрлерінде  шешіледі:  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде, 
ойындарда, еңбекте, үйде – баланың тек қана патриоттық сезімін ғана емес, сонымен қатар оның ересектермен 
және құрдастарымен өзара қатынастарын қалыптастырады. 
Мектепке  дейінгі жастағы балаларды туған қаласымен  таныстыру оңай міндет емес, өйткені кішкентай 
балаға үлкен қаланың құрылысын, оның құрылу тарихын, әсемді жерлерін елестету қиын. Осы жұмыс дәйекті 
түрде  жүргізіледі,  ең  жақын  орналасқаннан-  таныстан  (отбасы,  балабақша,  микроаудан),  ең  қиынына  –  қала, 
мемлекет екеніне бағыттау керек. 
Балаларға ұсынылатын мәліметтер әр жаста әр түрлі болады. Төрт жастағы бала өзінің тұрғылықты жерін 
және балабақшаның орналасқан көшесін білуі керек. Жастары үлкен балалардың көңілдерін жақын орналасқан 
нысандарға бөлу керек: мектеп, кинотеатр, пошта, дәріханаға және т.б., олардың қызметтері жайлы және осының 
барлығы адамдардың ыңғайлы өмір сүрулері үшін салынғандарын айтып өту. 
Сонымен қатар, адами-патриоттық тәрбиенің осы кезеңінде өз туған қаласының тарихы, көркем жерлері, 
ескерткіштері, сонымен қатар көшелер мен алаңдар жайлы білімдерін тексеру арқылы отбасылық өткізулер мен 
конкурстар өткізілуі мүмкін.  
Адами-патриоттық  тәрбиеде  ересектердің  үлгісінің  үлкен  маңызы  бар,  әсіресе  жақын  адамдардың. 
Отбасындағы  үлкен адамдардың  (аталардың  және  апалардың, Ұлы  Отан соғысының қатысушылары, олардың 
майдандағы  және  еңбектегі  ерліктері)  айқын  дәлелдеріне  сүйеніп  балаларға  осындай  маңызды  ұғымдарды 
дағдыландыру, олар «Отан алдыңдағы парыз», «Отанға деген сүйіспеншілік», «жауға деген өшпеңділік», «еңбек 
ерлігі» және т.б. керек.Балаға біздің жеңісіміз, Отанға деген махаббатымыздан, біздің Отанымызды сүйетінімізді, 
адам бақыты үшін өзінің өмірлерін бергендерін, Отан өзінің батырларын құрметтейтінін, олардың аттары қала, 
көше,  алаң  атауларында  мәңгілікке  қалатындығын,  олардың  құрметіне  ескерткіштер  тұрғызылғандығын 
түсіндіру керек.. 
Балабақша  балаларының сұрақтары көп болып келеді: «Неге зейінді және сыйлы  болу қажет?»; «Біздің 
Отанымыз қандай?»; «Неге елімізді қорғауымыз қажет?» — осы сияқты сұрақтарға олар ұйымдастырылған оқу 
қызметі барысында жауап ала алады. Мектепке дейінгі жастағы бала өзін қоршаған ортаның әсемдігіне, өзінің 
отбасына  деген  сыйластық  сезімі  туындаған  жағдайда,  оның  өз  Отанына  деген  сүйіспеншілік  сезімі,яғни 
патриоттық тәрбие қалыптаса бастайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың патриотизм сезімін тәрбиелеу – 
күрделі және ұзақ үрдіс.Баланың тұлға ретінде дамуына жақындарына, балабақшаға, туған қаласына және еліне 
деген сүйіспеншілігі үлкен роль атқарады. Мектепке дейінгі мекемеде патриотизм сезімдерін тәрбиелеуде басым 
бағыттың  бірі,ол  экологиялық  білім  беру  болып  табылады.Балаларды  өз  елімен,  ұлттық,  тарихи 
мәдениетімен,табиғатымен таныстырғанда, олардың өз Отанының патриоты және азаматы болатындай мінездері 

103 
 
қалыптаса бастайды. Адамның балалық шағында алған әдемі табиғаты, елінің тарихы туралы әсері көбіне өмір 
бойы  есінде қалады екен.  Шындығында,  біздің еліміз қандай болса  да,  адам өзінің туған,өсіп  –  өнген  жеріне, 
көшесіне,  алғаш  рет  ағаш  еккен  ауласына  деген  сүйіспеншілігін  өз  Отанына  деген  сезімімен 
байланыстырады.Балаларды  өз  туған  қаласымен  таныстыру  біздің  ойымызша  өте  қажетті  жұмыс,өйткені  ол 
танымдық, рухани – адамгершілік,табиғатты қорғау қызметін атқарады. Балабақша баласына «өзінің кішкентай 
Отаны»  туралы  көп  қызықты  мәлімет  беруге  болады  (қаланың  тарихи  және  қазіргі  кейпі,  сәулетті 
жерлері,ескерткіштер туралы). Тәрбиеші өзі өз қаласының, өз Отанының тарихын білетін болса ғана, мектепке 
дейінгі жастағы балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу өз нәтижесін береді.  
  Отанды  сүю  -  бабалардан  мирас  болған  ұлы  мұраны  қадірлеу,  оны  көздің  қарашығындай  сақтау,  өз 
үлесіңді  қосып,  дамыту  және  кейінгі  ұрпаққа  аманат  етіп,  табыстау  деген  сөз.  Барша  қазақстандықтардың 
жұмысының түпкі мәні - осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын 
Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз 
мемлекеттігіміздің  тамыры  сияқты  көне  тарихтан  бастау  алатынын  көрсетеді.  Жалпыұлттық  идеяны  өміршең 
ететін - Елдің бірлігі.[1:34] 
  Ауызбіршілік  қашқан,  алауыздық  тасқан  жерде  ешқашан  да  жалпыұлттық  идеялар  жүзеге  асқан  емес. 
Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – татулық,бірлік, берекесі» деген еді. 
Тарихы,  тілі,  діні,  салт-дәстүрі  ғасырдан-ғасырға  ұласып,  ата-бабаларымыздың  мұра  етіп  қалдырған 
жерін,байлығын бүгінгі күні «Мәңгілік ЕЛ» болашақ ұрпақтары жалғастырады және ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп 
қалдырады деп кәміл сенеміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауы 
2.
 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» Жолдауы 
3.
 
Ж.Қасымбаев. "Қазақстан тарихы очерктер"  
 
 
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Курмалова Асель Агисовна, 
Ақтөбе қаласы, №20 мектеп- лицейінің оқу – тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, 
бастауыш сынып мұғалімі 
 
Тәрбие — қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның 
негізгі өлшемі өмірге  қажетті тұлғаныңжағымды қасиеттерін  дамыту  болып табылады. Оқушылардың сапалы 
тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа 
бағытталған іс-әрекетіне байланысты. 
 Тәрбиенің негізгі міндеті  — қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-
қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру. 
Педагогика  ғылымында  баланы  тәрбиелеуде  бірнеше  бағытты  басшылыққа  алады,  олар:  қазақстандық 
патриотизм  мен  азаматтық  тәрбие,рухани-адамгершілік,  салауатты  өмір  салты,  экологиялық,  экономикалық, 
эстетикалық және отбасылық мәдениет. 
 Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің 
мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып 
табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты 
да  қадірменді  парызы"-деген  еді.  Әр  дәуірдің  тарихи  кезеңдерінде  Отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  өзіндік 
мүдделері  болады.  Ол  ең  алдымен,  "ұлтжандылық",  отансүйгіштік",  "  патриотизм",  ұғымдары  сол  заманның 
ақиқаты  -  наным  -  сенімінен  туындайды.  Еліміз  егемендік  алғаннан  бері  жас  ұрпақ  тәрбиесінің  темірқазығы-
қазақстандық патриотизм болды.  
«Патриотизм»–  гректің сөзі. Оның қазақшасы  –  жерлес, отандас  дегенді білдіреді,  яғни Отанын,  ұлтын 
сүю,  түптамырын,  тарихын  тану.  Қазiргi  кезде  еліміздің  егемендiгi  мен  бейбiтшiлiгiн  сақтауда  тұлғаның 
патриоттық  құндылықтарын  дамыту  арқылы  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыруға  үлкен  мән  берiлiп 
отырғандығы  Қазақстан  Республикасы  Конституциясында,  «Бiлiм  туралы»  Заңында,  Мемлекеттiк  «Бiлiм» 
бағдарламасында,  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  республика  халқына  жолдауларында,  мәдени-
этникалық білім беру тұжырымдамаларында, «Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында», ғылыми-
зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде айқын аңғарылады. 
"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-
әлеуметтік  ахуалдың  ерекшелігін  көрсетеді.  Елімізде  жүзден  аса  ұлттар  мен  ұлыстардың  өкілі  өмір  сүруде. 
Қазақстан  олардың  көпшілігінің  туған  отаны  және  бұдан  былай  да  мәңгі  тұрақтап  қалар  мекені  болмақ. 
Сондықтан  олардың  әрқайсысы  Қазақстанды  ата-жұртым  деп  танып,  оның  тәуелсіздігін  қорғауға  және 
материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде 
жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. 
Олай болса, патриотизм — қоғамдық сананың бір формасы, ол тарихи және топтық категория бола отырып 
қоғам  дамуымен  бірге  дамып  жаңа  мағынаға,  мазмұнға  толықтырылып  отырады.  Патриотизм  —  әлеуметтік 

104 
 
тарихи  қалыптасқан  сезім.  Ол  Отанға  деген  сүйіспеншілік  сезім,  олай  болса  ол  Отанға  қызмет  көрсетуден 
басталады. Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, 
рухани байлыққа ең алдымен — тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл — қазақ болуымыз үшін, дін 
— адам болуымыз үшін, салт-дәстүр —ұлт болуымыз үшін қажет.  
Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын 
психологиялық , саяси -әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен 
мәдениетіне,  ұлттық  құндылықтарына  жеке  қатынасын  ,  өзіндік  бағасын  түйсінуін,  қуаттап  қолдауын 
пайымдайтын  сезім  көрсеткіші  болып  табылады.  Осыған  орай  Н.Ә.Назарбаев,  -  патриотизмді  "әр  этностың 
ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.  
Егемен ел атанып, тәуелсіздіктің арайлы ақтаңы атқан күннен бастап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, 
мемлекетшілдікке, ұлтжандыққа баулу ісі күн тәртібіне шығарылды. Кең байтақ қазақ даласын пана еткен тілі 
басқа болса да тілегі бір, түрі басқа болса да жүрегі барша халықтың бойына қазақстандық патриотизмді дарыту 
өте-мөте  маңызды  дүние.  Бүгінде  бұл  мәселе  барлық  қоғамдық,  мемлекеттік,  саяси,  мәдени-рухани 
тақырыптардың  өзегіне  айналуда.  Патриотизмнің  негізгі  мағынасы  әр  азаматтың  ұлтын,  Отанын  сүюден 
туындайды.  
Қазақ  халқының  ұлылығы  басым  тұғыр  тағылымы  аясында  ұлды  ұлық  ұлығымен,  қызды  сан  қырлы 
қылықтылығымен  рухты  етіп  тәрбиелеу  –  бүкіл  халқымыздың,  қоғамымыздың  түпкілікті  міндеті.  Елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың  2030  жылға  арналған  стратегиялық  бағдарламасында  «Біз  өзіміздің  болашағымызды, 
балаларымыздың  болашағын  қандай  күйде  көргіміз  келеді,  осыны  айқындап  алатын  уақыт  жетті»  деп 
көрсетілген.  Ендеше,  болашағымыз  білікті,  отансүйгіштік  қасиетті  қанына  сіңірген  қабілетті  болуы  үшін  ат 
салысайық. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет