ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет28/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39

Шәкірт: 
- Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады; 
- Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады. 
Тапсырмалар түрі: 
 Өз  шешіміңізді  табыңыз,  алгоритм  құрастырыңыз,  баламасын  табыңыз,  бөліктерден  құраңыз,  жүйелестіріңіз, 
зерттеңіз. 
Мысалдар: 
1.Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу. 
2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi 
жоспарлап, нәтижесiн бақылау). 
3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну. 
VІ. Бағалау. 
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.  
Оқу  материалының  маңызын  анықтау,  ол  туралы  өзіндік  пікір  келтіру,  ойын  білдіру.  Бұл  деңгей  алдыңғы 
категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. 
Шәкірт: 
- Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды; 
- Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады; 
Мысал: 
«Сiздiң  ойыңызша  бұл  дұрыс/бұрыс,  маңызды  ма/емес  пе,  жақтайсыз  ба/  қарсысыз  ба?»  деген  пiкiрталас, 
полемика мен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады. 
Осы  айтылғандар  дәлелді  болу  үшін  8  кластың  геометриясындағы  «Параллелограмм  және  оның  қасиеттері» 
тақырыбын Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабағымды назарларыңызға ұсынайын.  
Білу:  Өткен  тақырып  бойынша  төртбұрыштың  анықтамасы,  оның  элементтері,  ішкі  бұрыштары  туралы  тест 
сұрақтарына жауап береді. 
 Түсіну:  4  топқа  постерге  кез  келген  өлшемде  параллелограмм  салуды  ұсынамын,  сосын  1  топқа  –  Салған 
фигураның қабырғаларын өлшеңіздер. Қандай тұжырымға келдіңіздер? 2 топқа - Салған фигураның бүрыштарын 
өлшеңіздер. Қандай тұжырымға келдіңіздер? 3 топқа - Диагональдарын жүргізіп, өлшеңіздер. Қандай тұжырымға 
келдіңіздер?  
4 топқа – Бір қабырғасына іргелес екі бұрышын өлшеңіздер. 
Нәтижесін дәптердің бетін екіге бөліп, сол жағына жазыңыздар. 
Сонда  әр  топ  параллелограмның  бір-бір  қасиетін  тұжырымдайды.  Әр  топ  басқа  топтың  тұжырымдамасын 
дәптерлеріне жазып алады. 
Талдау: Енді жазылған тұжырымдамалардың оң жағына оған кері сөйлем жазыңыздар деп тапсырма беріп,  5 
минут мүмкіндік беремін. 

141 
 
 Параллелограмның - Дөңес көпбұрыштың - 
 
қарама-қарсы қабырғалары тең қарама-қарсы қабырғалары тең болса 
 
  
  
 қарама-қарсы бұрыштары тең қарама-қарсы бұрыштары тең 
 
диагональдары қиылысып, 
 диагональдары қиылысып, 
 
қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді қиылысу нүктесінде қақ бөлінсе 
 
бір қабырғасына іргелес 2 бір қабырғасына іргелес 2 бұрышының  
бұрышының қосындысы 180 болады қосындысы 180 градус болса 
 
 онда ол параллелограмм болады. 
 
Сол жақтағы сөйлемдер параллелограмның қасиеттері болса, оған сол жақтағы кері сөйлемдер оның белгілері 
болып табылады. 
Қолдану: Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. 
Жинақтау:  Бірнеше  тең  қабырғалы  үшбұрыш  қиындыларынан  және  сіріңке  шилерінен  параллелограмм 
құрастыру. 
Бағалау: « Кез келген төртбұрыш параллелограмм бола ма ?» деген сұраққа жауап беруге 2 минут уақыт беремін. 
Әр қадам бойынша слайдтар көрсетіп отырамын. 
Оқу мен оқыту үдерісіндегі шешімі кезек күттірмейтін «үстірт білім, мән мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана 
жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалып, оны өмірде 
қолдана  алмауы»  [1,10]  сияқты  мәселені  әсіресе,  ҰБТ  кезінде  аталған  әдістермен  «оқушыларға  қалай  оқу 
керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді 
,  сыни  пікір  көзқарастары  жүйелі  дамыған  ,  сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын  оқушы 
қалыптастыруымыз керек» [1, 7] екенін атап көрсете келіп, оқушының өз ойын еркін, өзіндік дәлелдерін нақты 
айтатын,  өзіне  сенімділігі  берік  тұлға  қалыптастыруда  мұғалім  жұмысының  нәтижелі  болуына  осындай  әдіс-
тәсілдердің пайдасы мол екені сөзсіз. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдерінің 
 I сьезіне жолдаған құттықтау сөзі 
 2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей,2012 
3..Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей,2012 
4.
 
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей,2012 
5.Имжарова З.У. және басқалар (2012) Сын тұрғысынан ойлау білім 
үрдісінде, Ақтөбе 
6.
 
 «Физика және математика» әдістемелік журнал, №4, 2010 
7.
 
Интернет сайт bilim idhost.kz 
 
 
КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Дженисова А.Д., 
Көпсалалы «Болашақ» колледжі «Арнайы пәндер» кафедрасының оқытушысы, 
педагогика және психология ғылымдарының магистрі 
 
Адамзат  қоғамының  бүгінгі  даму  қарқыны  дүние  жүзінде  өзара  бағыныштылық  пен  өзара  әсерлесумен 
сипатталады. Экономика мен мәдениетке тән жаһандану үрдістері, қоғамның ақпараттануы білім беру жүйесіне 
де өз әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту саласында жалпы орта білім берудің 
жаңа  сапасына  қол  жеткізуде  мектептегі  оқытудың  мақсатын  және  білім  берудің  жоспарланған  нәтижелерін 
қайта қарауды талап етеді.  
Білім берудің бағыты өз кезегінде білім берудің жаңа моделін және соған сәйкес білімдік технологияларды 
айқындайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында (2005 жыл) «Ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде 
білімділік деңгейімен айқындалады» деп атап өтілген [1]. Жедел дамып отырған технологиялар заманында білім 
берудің басты ұстанымы «өмір бойы білім алу, адамның сапалық кәсіби және ғылыми дайындығы, өз бетінше 
іздене білуі және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігі болуы қажет» [2]. Осыған орай Қазақстан Республикасы білім 
беру  жүйесінің  ұлттық  моделін  қалыптастыру  үшін  білім  беруді  дамытуда  стратегиялық  басымдықтар 
белгіленген.  
Жалпы  орта  білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты  –  Қазақстан Республикасының әлеуметтік, 
экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Жалпы 
орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – жеке және қоғам өміріне қажетті әрі қарай кәсіби білім алуы мен 
жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алуына оқушыға мүмкіндік беру болып табылады [3]. Қазіргі 

142 
 
білім  берудің  мақсаты  білім,  білік,  дағдымен  қаруландыру  ғана  емес,  солардың  негізінде  дербес,  өзгермелі 
қоғамда  лайықты  өмір  сүріп,  жұмыс  жасай  алатын,  әлеуметтік  және  кәсіби  біліктілікке  –  ақпаратты  өзі  іздеп 
тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын 
жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді 
дамытудың тұжырымдамасында, 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім 
берудің  негізгі  міндеті  –  білімдік  шоғырланудан  нәтижеге  бағытталған  құзыреттілік  тұрғыға  көшу  деп 
көрсетілген [2].  
Мектептегі  білім  жаңа  мазмұнмен  байытылып,  оқушының  қабілеттерін  дамыту,  оның  бойында  негізгі 
құзыреттіліктерді  қалыптастыру  міндетін  шешуге  бағытталған.  Оқушының  бейімділіктері  мен  қабілеттерін 
есепке  ала  отырып,  білім  беру  траекториясын  барынша  даралау  мақсатында  жалпы  білім  беретін  мектептің 
жоғары  сатысында  бейіндік  оқыту  енгізілген.  Жалпы  орта  мектепті  бітіруші  оқудың,  мектеп  өмірінің  мәнін 
болашақ еңбек қызметіне дайындық ретінде түсініп, топта қарым-қатынасқа дайын болуы тиіс [3]. Қазіргі әлемдік 
өркениетте  экономикалық  жағдайға  сәйкес білімдік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты  тұлғаның 
құзыретін жалпы дамыту және жеке жағдайда негізгі құзыреттіліктерін дамытудың қажеттілігі айқындалып отыр. 
«Бізге экономикалық және қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа білім беру жүйесі қажет» деп 
Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өтеді [4].   
«Орта  білім  беру  жүйесінің  жаңа  моделі  оқу-тәрбие  процесінде  оқушылардың  құзыреттіліктерін 
қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс» деп жаңа орта білім беру стандартында көрсетілген. Онда жалпы орта 
білім  берудің  мақсаты  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік,  экономикалық  және  саяси  өміріне  белсене 
араласатын  құзыретті,  интеллектуалды  және  рухани  тұлғаның  дамуына  жағдай  жасау  болып  табылады  [3]. 
Осылай  анықталған  білім  беру  мақсаты  педагогтарды  оқу-тәрбие  процесін  құзыреттілік  тұрғысынан 
ұйымдастыруды  талап  етеді.  Мектепте  қолданылатын  білім  беру  технологияларына,  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
нәтижелерін бағалау критерийлеріне, білімнің жаңа сапасына қойылатын талаптар да өзгеруде.  
1992 жылдан бастап ресми түрде «негізгі құзыреттіліктер» ұғымы Еуропа Одағының «Еуропадағы орта 
білім»  жобасында  айтыла  бастады.  В.В.  Сериков,  И.Г.  Агапов,  А.А.  Хуторской  орта  мектепте  құзыреттілік 
тұрғысын  жүзеге  асыру  процесінің  негізгі  бағыттарын  ашады.  Дегенмен  негізгі  құзыреттіліктерге  берілетін 
анықтамалардың  әр  алуандығы,  жан-жақты  іскерліктер  мен  дағдылардың  дидактикалық  көлемінің  жеткілікті 
деңгейде айқындалмауы осы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыратын технологияларды жасау және қолдануда 
алкен кедергі келтіреді. Оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту білімнің берілу тәсіліне тәуелді. Негізгі 
мектептің  білім мазмұнын  анықтауға  және  оны  толық  меңгертуге  деген қажеттіліктер өсіп отырғанмен, оның 
оқушыға  берілу  жолдарына  жете  мән  берілмеген.  Оқушылардың  сапалы  білім  алуы  үшін  негізгі 
құзыреттіліктерді дамытудың әдістемесі жасау талап етіледі. 
Қазіргі  қоғамның  даму  қарқыны  білім  берудің  міндеттерін  қайта  қарауды  талап  етеді.  Тұлғаны 
қалыптастыру, оның шығармашылдық даралығын дамыту, баланың бар мүмкіншілігін ашып, оны жүзеге асыру 
білім беру жүйесінің басты бағыттары. Оны  біз  Қазақстан Республикасының 2015 жылға  дейінгі  білім  беруді 
дамыту тұжырымдамасы жобасынан көре аламыз: «Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны 
фактология  күйінде  қалып  отыр,  пәндік  тәсілге  негізделген  мемлекеттік  стандарттар  моральдық  тұрғыдан 
ескірген. Оқушының даралығына бағдарланған білікті көзқарас жоқ. Мектепте оқу оқушының өмірлік жолын, 
мүдделері  мен  перспективаларын  таңдауына  нақты  дәлелдемелер  бермейді  ....  Орта  білім  берудің  мақсаты  – 
жылдам  өзгеріп  отыратын  дүние  жағдайларында  алынған  терең  білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін 
бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  және  өз  бетінше  дұрыс,  адамгершілік  тұрғысынан 
жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген [2]. 
Қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі білім берудің мазмұнын жетілдіру 
болып  табылады.  Білім  берудің  мазмұны  оқушыларға  тек  белгілі  бір  білім,  іскерлік,  дағдылар  жиынтығын 
меңгертіп  қана  қоймай,  оқушы  тұлғасын  дамытуға,  өмірлік  проблемаларды  өз  бетімен  және  тиімді  шешуге, 
тұлғаның өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап білім, 
тәжірибе  және  қабілеттердің  жиынтығын  меңгертуге  бағытталған.  Білімге  бағытталған  оқытудан  құзыретті, 
тұлғалық-бағдарлы  білім  беруге  көшу  білім  берудің  мазмұнында  экономикалық,  саяси,  хұқықтық,  дене, 
коммуникативтік  мәдениет  компоненттерінің,  сонымен  бірге,  еңбек,  жанұялық  қарым-қатынастар,  салауатты 
өмір салтын ұстану, өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетінің көрініс табуын белгілейді [3].  
Бағдарлы білім берудің орталығы тұлға болып табылады. Осы білім беру парадигмасын жасау үшін тұлға 
ұғымына анықтама беріп, оның құрылымын белгілеу қажет. Бағдарлы білім беруді ұйымдастыру үшін «тұлға» 
ұғымының  мәнін  ашудың  маңызы  мынада:  тұлға,  оның  құрылымы,  қасиеттері,  даму  механизмі  жайындағы 
түсініктер  оқушылардың  коммуникативтік  құзыреттіліктерін  дамытуда  тұлғалық-бағдарлы  ортаны 
ұйымдастыруда аса қажет. Сондықтан «тұлға» ұғымын жан-жақты талдау қажеттілігі туындайды.  
«Тұлға»  ұғымының  этимологиясына  тоқталсақ.  Ағылшынның  тұлға  («personality»)  сөзі  латынның 
«persona» сөзінен шыққан. Бастапқыда бұл сөз ежелгі грек драмасында театр қойылымы үшін киілетін бетпердені 
білдіреді.  Осылайша,  басынан-ақ  «тұлға»  ұғымына  жеке  адамның  белгілі  бір  рольдерді  орындағанда  енетін 
сыртқы, әлеуметтік бейнесі деген мән берілген. Кейін бұлш сөзбен актердің өзі мен оның ролін белгілеген. Рим 
халқында «persona» сөзі міндетті түрде рольдің (әке тұлғасы, патша тұлғасы) белгілі бір әлеуметтік қызметін атап 
көрсетумен  бірге  қолданылған.  Осылайша,  «тұлға»  ұғымының  бастапқы  мағынасы  –  бұл  адамның  белгілі  бір 
әлеуметтік ролі немесе қызметі.  

143 
 
Тұлға  –  психология  және  педагогика  ғылымдарының  іргелі  ұғымдарының  бірі.  «Тұлға»  ұғымының 
психология ғылымындағы көпмәнділігін көрсету мақсатында осы саладағы көрнекті теорияларға шолу жасасақ 
[8;  23-24].  Отандық  және  шетелдік  психология  және  педагогика  ғылымдарында  түрлі  тұлға  теориялары 
қалыптасқан. Олардың әрқайсысы тұлға ұғымын және оның құрылымын түрліше түсіндіреді.  
Іс-әрекеттік  тұлға  теориясы  (С.Л.  Рубинштейн,  А.Н.  Леонтьев,  К.А.  Абульханова-Славская)  тұлғаның 
орталығы,  оның  даму  көзі  –  іс-әрекет,  бұл  субъектінің  қоғаммен  өзара  әрекеттесуінің  күрделі  динамикалық 
жүйесі, оның барысында тұлғаның қасиеттері қалыптасады. Іс-әрекеттік тұрғы аясында тұлғаның 4 компонентті 
моделі  белгіленген.  Тұлғаның  басты  құрамдас  бөліктері:  бағытталуы,  қабілеттер,  мінез-құлық  және  өзін-өзі 
бақылау [5, 6, 7]. 
Шетел психологиясында мына тұлға теориялары кең таралған:  
-
 
психологиялық-динамикалық (З.Фрейд); 
-
 
аналитикалық (К.Юнг); 
-
 
ізгіліктік (К.Роджерс, А.Маслоу); 
-
 
когнитивті (Дж.Келли); 
-
 
іс-әрекеттік (А.Бандура, Дж.Роттер); 
-
 
диспозициялық (Э.Кречмер, Г.Айзенк, Г.Олпорт). 
Мысалы,  Карл  Роджерс  тұлғаны  өзім  ұғымымен  түсіндірген:  ұйымдасқан,  ұзақмерзімді,  субъективті 
қабылдайтын  мән.  Гордон  Олпорт  тұлғаға  мынадай  анықтама  береді:  тұлға  –  бұл  адамның  дүниемен  өзара 
әрекеттесуінің  сипатын  беретін  ішкі  «бірнәрсе».  Ал  Эрик  Эриксон  түсінігінде  индивид  өмір  бойы 
психологиялық-әлеуметтік  дағдарыстар  қатарынан  өтеді,  және  оның  тұлғасы  дағдарыстың  нәтижелік  қызметі 
түрінде көрінеді. Джордж Келли тұлғаны әрбір индивидке тән өмірлік тәжірибені ұғынудың ерекше тәсілі деп 
түсіндірген [8, 9, 10]. 
Батыстың ізгіліктік психологиясына ресейлік және қазақстандық психология үндес болып табылады.  
Біздің  түсінуімізше,  тұлға  –  саналы  түрде  өзінің  бойында,  табиғатта,  әлеуметтік  салада  жаңа  нәрсені 
жасаушы адам. 
«Тұлға»  ұғымы  философия,  психология,  педагогика  ғылымдарында  зерттелуде.  Ұғымды  түсіндіруде 
шетел  психологиясында  бірнеше  тұрғылар  бар:  әлеуметтік-генетикалық,  биологиялық-генетикалық  және 
психогенетикалық.  Әлеуметтік-генетикалық  тұрғы  тұлғаның  ерекшеліктерін  қоғамның  құрылымы, 
әлеуметтенудің  тәсілдері,  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасы  арқылы  түсіндіреді.  Әлеуметтану  теориясына 
сәйкес, адам биологиялық түр ретінде дүниеге келіп, өмірдің әлеуметтік жағдайларының әсерінен тұлға ретінде 
қалыптасады.  Тұлғаның  қалыптасуы  бұнда  білім  мен  дағдыны  меңгеру,  үйренудің  нәтижесі  (Э.  Торндайк,  Б. 
Скиннер және т.б.). Олар тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын адамның сол ортаға бейімделуіне мәжбүр болатын 
ортаның өзінде жинақталған қасиеттері көмегімен түсіндіреді. Биогенетикалық тұрғыда тұлғаның даму негізіне 
ағза жетілуінің биологиялық үрдістері салынған (С. Холл, Э. Кречмер, З. Фрейд және т.б.). Психогенетикалық 
тұрғы  билологиялық  та,  ортаның  мәнін  де  жоққа  шығармайды,  бірақ  жетекші  орынға  шынайы  психикалық 
үрдістердің дамуын шығарады [8]. 
Осылайша, бұл анықтамаларды талдай отырып, тұлғаны сипаттайтын үш мәнді қасиеттерді анықтадық. 
Олар: бағытталу, іс-әрекет және қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы. Аталған үш компоненттермен бірге 
тұлғаның маңызды қасиеті де анықталған: бір тұлғаны басқалардан ерекшелейтін жеке құрылымдар жиынтығы. 
Психологияда бұл қасиеттерді «жекелік, даралық» ұғымымен сипаттайды.  
Психология ғылымында даралықты түсіндіруде төменде келтірілген дәстүрлі анықтамалар бар: 
-
 
тұлға - тұлғалық сапалардың қайталанбас үйлесімділігі; 
-
 
нақты бір адамға тән жалпы тұлғалық қасиеттерге қосымша қасиет; 
-
 
тұлғаның толысқандығын белгілейтін жаңа тұлғалық құрылым. 
Даралықтың тұрақтануы тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру формасында көрінеді.  
Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерді  талдау  барысында  анықтағанымыз,  қазіргі  уақытта  теория 
мен практикада тұлғаны қалыптастырудағы білім берудің үш парадигмасы анықталған: когнитивтік, іс-әрекеттік 
және тұлғалық-бағдарлы. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы  «Бәсекеге 
қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін». 19 наурыз, 2004 
жыл.//Егемен Қазақстан, 2004 жыл. 
2.
 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Білім-Образование, 
№1, 2004. 
3.
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі 
ережелер. – Астана, 2006. 
4.
 
Назарбаев Н. Қазақстан экономикалық,  әлеуметтік және  саяси жедел жаңару  жолында //Егемен Қазақстан, 
2005 ж., 1 наурыз. 
5.
 
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – М., 1999. 
6.
 
Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., Политиздат, 1975. – 296 б. 
7.
 
Абульханова-Славская К.А. Деятельность и психология личности. – М.: Наука, 1980. – 125 б. 
8.
 
Хьел Л. Зиглер Д. Теории личности. – Санкт-Петербург, 1997. – 608 б. 

144 
 
9.
 
Блюм Г. Психоаналитические теории личности. – М., 1996. 
10.
 
Трусов В.П. Современные психологические теории личности. - ЛГУ, 1990. 
 
 
ПРЕПОДАВАТЕЛЬ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ 
 
Досмамбетова А.Т., 
Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий, 
преподаватель русского языка и литературы  
 
«Следующий век будет именно таким,  
какими будут воспитаны для него будущие граждане».  
Я.А.Коменский 
 
Говорят, педагогика – самое тонкое искусство, а учитель – труженик горячего цеха, где куётся ценнейший 
сплав знаний, убеждений, практического действия. 
Вот уже 17 лет отдаю я своё щедрое сердце детям, из них 12 лет являюсь преподавателем русского языка 
и  литературы  Актюбинского  колледжа  транспорта,  коммуникаций  и  новых  технологий.  Суть  моего 
педагогического кредо в трёх заповедях: любовь к детям и безграничная вера в их возможности, непрерывный 
поиск наиболее эффективных способов работы, сотрудничество с детьми и их родителями. 
Главное в моей работе  «гореть, а не тлеть», а иначе не надо работать в колледже. Поиск, инициатива и 
творчество  являются  моими  обязательными  спутниками  на  тернистой  дороге  преподавателя.  Избавляться  от 
устаревших стереотипов, больше спрашивать с себя, трудиться с полной отдачей, пополнять и обновлять свои 
знания – так понимаю требование времени и стараюсь соответствовать этому требованию. 
Обучение  с  помощью  мультимедийного  и  лингафонного  кабинетов  с  использованием  интерактивной 
доски  дают  возможность  мне  организовать  самостоятельные  действия  каждого  учащегося.  Всем  известно 
изречение древнегреческого философа Ксенофонта: «Никто не может ничему научиться у человека, который не 
нравится». Наиболее успешны именно те преподаватели, кто не забыл эту простую истину. Я убеждена в том, 
что подлинное право на учительство – это не диплом о профессиональном образовании, а призвание, главным 
критерием  которого  является  неравнодушие  к  чужим  судьбам,  высокие  человеческие  достоинства, 
определяющие основное педагогической деятельности. 
Преподаватель,  воспитатель  всегда  у  истоков  трудовых  и  духовных  свершений  народа.  В  этом 
притягательность его профессии. Но и преподавателя нужно выучить – сформировать профессиональные умения 
и навыки, отвечающие сегодняшним требованиям педагогической науки и практики, привить высокие идейно-
нравственные качества, готовность идти в ногу со временем. 
Нелегко,  но  крайне  важно  создать  в  каждом  педагогическом  коллективе  благоприятную  нравственную 
атмосферу,  обеспечивающую  тесное  содружество  опытных  и  начинающих  преподавателей,  признание  и 
уважение,  поддержку  и  поощрение  полезных  инициатив  последних,  заботливое  воспитание  молодого 
специалиста.  Доверие  и  требовательность  старших  коллег  и  товарищей,  как  правило,  вызывают  у  молодежи 
прилив  сил  и  энергии,  помогают  полнее  раскрыть  способности,  лучшие  черты  характера.  Много  значат  для 
становления начинающего преподавателя забота и внимание к его судьбе со стороны всего коллектива, старших, 
опытных  преподавателей  в  особенности.  Мало  напутствовать  молодых  хорошими  пожеланиями,  важно  еще 
сделать все, чтобы эти пожелания осуществились. 
Служебный  долг.  Каждая  профессия  имеет  свою  специфику,  каждая  профессия  отличается  своей 
общественной  функцией  и  в  каждом  профессиональном  долге  заложен,  прежде  всего,  долг  общественный. 
Специфика  профессии  педагога  в  постоянном  общении  с  учащимися.  Поэтому  мы  всегда  говорим  о  том,  что 
преподаватель  должен  быть  предельно  внимательным,  чутким,  справедливым  и  добрым.  Педагогическая 
деятельность  требует  также  высокого  оптимизма,  доброго,  хорошего  настроения.  Педагог  призван  сохранять 
душевное равновесие при различных неблагоприятных условиях жизни, быть спокойным и терпеливым. 
«Настоящий преподаватель – это хрустально-прозрачное, чистое стекло, через которое учащийся смотрит 
всю жизнь». Мнения, оценки настоящего преподавателя становятся для учащегося эталоном отношения к людям, 
их поступкам, явлениям действительности. 
Преподаватель обязан постоянно воспитывать в себе культуру чувств, вырабатывать такие качества, как 
доброта, чуткость, мягкость. 
Преподаватель  должен  объективно  оценивать  себя,  свои  способности  и  возможности,  беспристрастно 
подмечать и своевременно исправлять каждый свой недостойный, неэтичный поступок. 
Для развития педагогического такта преподавателю необходимы не только добросердечие, находчивость, 
отзывчивость, вежливость и т.д., но и важен общий культурный уровень, знание психологии. Педагогический 
такт  определяется  умением  преподавателя  находить  в  каждом  конкретном  случае  общения  с  учащимся 
правильный, наиболее эффективный способ воздействия на него. Нередко неосторожно сказанное слово вредит 
делу. 
Значение  слова  многогранно.  Преподавателю  важно  находить  наиболее  эффективные  формы  речевого 
общения с детьми, находить тот тон, который располагает к доверию. Преподаватель, заинтересованный в том, 

145 
 
чтобы  учащиеся  высоко  оценивали  его  достоинства,  будет  стремиться  произвести  на  них  соответствующее 
впечатление. В свою очередь, будучи правильно понятым и высоко оцененным, он постарается точно оценивать 
достоинства  учащихся,  замечать  все  тонкости,  вплоть  до  того,  как  они  причесаны,  как  одеты,  как  выглядят, 
интересоваться семьей, состоянием их здоровья. Безусловно, потребность выглядеть перед учащимися как можно 
лучше  может  выступить  в  качестве  мотива  в  общении  с  ними,  и  это  может  сыграть  существенную  роль  для 
оптимизации общения. 
Бытовые  житейские  неурядицы,  разумеется,  энтузиазма  не  прибавляют,  но  гораздо  больше  горя  нам, 
педагогам, приносит легковесная, поверхностная критика профессиональных качеств. Нам ведь немного нужно 
– всего три «ложки радости» до занятий, чтобы с улыбкой войти в аудиторию, после уроков, чтобы можно было 
спокойно  проанализировать  и  оценить  сделанное  за  день;  и  третья  –  дома,  когда  наедине  с  самим  собой 
преподаватель готовится к завтрашнему дню. Вместе с тем с молодых особый спрос: им строить будущее. 
Меняется жизнь,  меняются  люди, изменилось само время.  Общество прогрессирует, если иметь  в виду 
различные технические ноу-хау.  
Да, в наш век бурного развития высоких технологий педагог, бесспорно, должен обладать рядом знаний и 
умений, необходимость которых продиктована самим временем; должен соответствовать реалиям дня: владеть 
компьютером, мобильно использовать интерактивную доску. 
Да  только,  я  думаю,  это  единственное  отличие  современного  педагога  от  его  предыдущих  коллег. 
Настоящий учитель во все времена обладает теми качествами, которые выделяют сто среди остальных членов 
общества. Ни одна профессия не ставит таких строгих требований относительно моральной чистоты и душевного 
благородства. Преподаватель – пример для подражания, поэтому он должен быть кристально чист. Настоящие 
преподаватели способны зажечь и повести за собой других. 
Наши дети будущее государства. Только счастливые, с чувством собственного достоинства педагоги могут 
воспитать таких же учеников. А для этого, я уверена, нужно поднять престиж преподавательской профессии, это 
–  инвестиции  в  будущее.  Мы  сделаем  всё  от  нас  зависящее,  чтобы  возродить  былую  духовность  общества. 
Возможно, когда-нибудь, кто-нибудь из наших учащихся скажет подобно Александру Македонскому: «Отец дал 
мне жизнь, а учитель – бессмертие». 
Ради этого стоит быть преподавателем. Современным преподавателем! 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет