Тақырып : Отбасы педагогикасы пәні және оның міндеттері. Отбасы педагогикасы пәнінің зерттеу пәні, объектісі. Отбасының адам өміріндегі алатын орны



бет3/41
Дата02.06.2023
өлшемі246,26 Kb.
#98332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Òà?ûðûï Îòáàñû ïåäàãîãèêàñû ï?í³ æ?íå îíû? ì³íäåòòåð³. Îòáàñû

Әдебиеттер:
1.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика 3 басылым. -Алматы 2004.- 212-215б.
2.Ж. Әбиев. С. Бабаев. А. Құдиярова. Педагогика. Дарын-Алматы, 2004. -112б.
3.Т.А Куликова Семейная педагогика и домашнее воспитание.М.-1999..
4.“Ақылдың кені” , Алматы “Қазақстан”. 1991.- 104-105 бет.
5.Баймұқанова М.Т Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс:Оқу құралы.-Астана, 2005.-180 бет.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Отбасынтану пәнінің зерттеу объектісі, пәні не?
2. . Отбасы және неке деген түсініктердің айырмашылығы неде?
3. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық тәрбиеден айырмашылығы неде?
4. Отбасы тәрбиесінің ерекшелігі қандай?
Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:
Отбасының пайда болуы биологиялық және ... себептерге байланысты.
Некеге тұрудың пайда болуы ... байланысты.
Неке - тарихи жағдайларға байланысты еркек пен әйел арасында жыныстық қатынасты реттеуге бағытталған, отбасын ... ... біріккен еркек пен әйелдің еркін одағы .
Отбасы тәрбиесі ... балаға тәрбиелік ықпал ету жолдары.
Тақырып:ОТБАСЫ ТАРИХЫ.
1.Алғашқы қауымдық құрылыстағы қатынас түрі.
2.Жұп отбасының өмірге келуі.
3.Отбасының дамуы қоғам дамуымен тығыз байланыста болуы.
4.Қазіргі кездегі отбасындағы проблемалар.
Әдебиеттер:
1. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы –Алматы:Қайнар.1996.-288 б.
2.Куликова Т.А.Семейная педагогика и домашнее воспитание:Учебник для студ. сред. и высш. пед .учеб. заведений-М.:1999.-232 с.
3. Баймұқанова М.Т.Отбасымен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс: Оқу құралы.-Астана, 2005.-180 б.
Кез-келген халықтың жаңа буын жас өркені – шаңырақ көтеріп, отбасын құрудан басталатындығы табиғи шындық. Халқымыз осынау бір аса жауапты кезеңді тіршіліктің ішкі мәнімен тереңдете түсіп: «адам ұрпағымен мың жасайды», - деп тұжырымдаған екен. Сөз жоқ, бұл тұжырымда өміршең ұрпақ жайында айтылып отырғандығы күмән тудырмаса керек.
Отбасы- әлеуметтік институттардың ішінде ең ежелгісі. Отбасының табиғаты мен мәнін анықтауға ғалымдар түрлі тұрғыдан қарастырды.
Отбасы – қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Ежелгі грек философы Платонның «Мұрат тұтатын мемлекет» деген жобаларында қоғамды нығайту мақсатында әйелдердің, балалар мен мүліктердің бәріне ортақ болуын ұсынды. Оның пікірінше отбасы дегеніміз - өзгермейтін бастапқы қоғамдық ұяшық: отбасылардың бірігуі нәтижесінде мемлекет пайда болады деген пікір айтқан.
Ал Аристотель болса «Жанұя –адамдардың қарым – қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі», - деп санады.
Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо: «Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам – бұл отбасы. Сонымен, отбасы – бұл, керек болса, саяси қоғамдардың бейнесі, үкімет - әке тәрізді, халық – балалары іспеттес», - деп жазды. Антика, орта ғасыр философтары отбасылық қарым – қатынастан қоғамдық қарым – қатынас шығады деп түсіндірді, отбасының ерекше әлеуметтік институт ретінде сипаттамасына емес, мемлекетке деген көзқарастары басым болды.
Қоғамдық экономикалық формациясының қайсысы болмасын әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған.
Қазіргі XXI ғасырдағы қазақ отбасының негізгі міндеті – қоғамдық, топтық және жеке қажеттілікті қанағаттандыру. Бұл ғасырда тәуелсіз болып атанған Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік ұясы болғандықтан, отбасы бірнеше маңызды талаптарды орындауды мойнына алады. Сондай-ақ, отбасының әрбір мүшелерінің ортақ мүддесін басты міндет етеді.
Патриархалды отбасы алғашында ежелгі гректер отбасында, соңынан римдік отбасы түрінде қалыптасты. Римше отбасы – familia, «семья рабов – құлдар отбасы» деген мағынаға ие. Сондықтан болар, гендерлік саясатты насихаттаушылар арасында отбасын басқарушы әкеден басқасы (әйел.
жағдайы) құл ретінде саналды деген түсінік болған. Алайда оны басқашада түсінуге болады. Адам баласы өздерін жаратушының құлымыз деп түсінгендіктен де осындай атауды лайық көруі мүмкін. Сондықтан да бұл атау отбасының патриархалды немесе матриархалды екендігіне қатысты емес деген пікір қосуға болады.
Отбасының туындауы мен дамуы туралы ғылыми тұрғыда диалектикалық материалистік көзқарасты негіздеп берген Ф.Энгельс.
Неке мен отбасына деген тарихи көзқарасты бекітудің басында «Ана құқығы» деген еңбектің авторы , швейцар ғалымы И. Баховен тұр.
Америка этнографы Л. Морган « Көне қоғам» атты еңбегінде алғашқы қауымдық құрылыста отбасы түрлерінің даму жолын бүкіл әлемге материалдық тұрғыда түсіндіріп, топты некеге негізделгенін мәлімдейді.. Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен бірі жыныстық қатынаста бола берген. Ұрпақ бір-біріне аға-қарындас бола тұра некелес болған. «Алғашкы заманда,- дейді К.Маркс,-қарындасы ағасының әйелі болған, мұның өзі әдептілікке жататын болған... . К.Маркс: «Отбасы қоғамның дамуына байланысты дамуы керек және қоғамның өзгеруіне қарай өзгеруі керек», -деп атап өтті.
Ретсіз жыныстық қатынас - экзогамия деп аталған,кейін оған тыйым салынған ( табу) .
Қауымдық қоғамдағы өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлініп шығуына байланысты қауымдық жеке меншік орнына жеке меншіктің пайда болуы моногамиялық отбасының пайда болуына себеп болды. Моногамиялық отбасы варварлық дәуірдің соңғы кезеңінде басталды да, оның жұпты некеге айналып, цивилизация дәуірінің басында еркектер үстемдігінің орнауымен байланысты болды. Некелесу не ажырасу тек еркектер үлесіне тиді. Ф.Энгельстің айтуы бойынша, топтық неке жабайылық дәуірге тән болса, жұпты отбасы варварлық, ал моногамиялық отбасы цивилизация дәуіріне тән болған. Х1Х ғасырдың ортасына дейін адамдардың санасында неке мен отбасына деген діни пікір басым болды.
Х1Х мен ХХ ғасырдың аралығында негізінен дара шағын отбасы үстем болған. Дара шағын отбасында үлкен патриархал отбасылардың сипаттары сақталып келген.
Үлкен патриархал отбасы Орта Азия мен Қазақстанда қашан пайда болған туралы А.Ю.Якубовский, А.Н.Бернштан, Н.А. Кисляковскидің еңбектерінен көруге болады. Ол туралы этнограф С.М. Абрамзон еңбек жазды. Ү.П. О. қалдығы ХХ ғасырдың аяғына дейн созылды.
Отбасы жеке тұлғаның әлеуметтік бағдар алуында басты рөл атқаратынын Ю.В. Сычев «Микросреда и личность» деген еңбегінде атап өткен.
Жеке тұлғаның әлеуметтену барысында отбасындағы әдеттердің, дәстүрлердің, ғұрыптардың мәнін зерттегендер қазақстандық философтар Қ.Нұрланова,Ж.К.Қаракөзова ,Р.М. Мұстафина, .М.Ш.Хасанова т.б.
Шығыстағы халықтардың тарихында моногамдық отбасымен қатар көп әйел алу салты болған ол полигиния деп аталған, көп рет некелесу -полигамия,ал үнді-тибеттік халықтарында әйелдің көп күйеуге шығуы – полиандрия деп аталған. Қазақтарда жеңге алу және балдыз алу салттары болған ,олар левират және сорорат деп аталған.
Қазіргі заманның отбасына әлеуметтік талдау жасағандар Н.А.Аитов, У.Ауталипова, У. Бекжанов, К.Г.Габдуллина, З.Ж. Жаназарова және т.б.
Қазіргі кезде шағын кішігірім нуклеарлық отбасылар кең тараған. Өкінішке қарай, толық емес отбасылардың саны да көбейіп келеді. Негізінде тең құқықты эгалитарлы отбасыларының болуымен сипатталады.
Қоғамдағы проблемалар экономиканың тұрақсыздығы, денсаулық сақтау, білім берудегі дағдарыстар көптеген отбасының тұрмыс деңгейінің төмендеуіне әсерін тигізіп отыр. Тұтыну тауарларының бағасы күрт өскендіктен, отбасылардың көп бөлігі нашар тұрмыс кешуде. Психологиялық ахуалы нашар, тұлғааралық қарым - қатынасқа түспейтін, балаларын ұрып - соғатын отбасылардың саны өсуде. Тұрғындардың көбі кедейліктің күйін кешуде, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларының әлсіреуі баланың қоғамдағы орнын анықтауға, жұмыссыздық деңгейінің артуы - әлеуметтік-экономикалық потенциалының төмендеуіне әсер етеді. Көптеген отбасыларға балаларды тәрбиелеп, жетілдіру үшін уақыт пен қаражат жетіспейді.
Шындығында, бұл күнде өркениеттен жаһандануға бет бұрған тұста кез – келген қазақ отбасының әлеуметтік – мәртебелік қызметі белсенділік танытуда. Себебі, нарықтық экономика талабына сай отбасы өзінің әрбір мүшесінің қоғамда әлеуметтік жағдайының төмен болмауын қатты қадағалайды. Кейде отбасының барлық мүмкіндігін шектей отырып, осыған күш салады. Отбасында бала санының көбеюінен гөрі олардың сапасына көңіл көбірек бөлінеді. Оларға білім беру мен тәрбиелеуде, әлуметтендіруде өмірдегі мәртебелік бейнесінің жоғары болуына басымдылық береді. Мықты маман болуы, әлуметтік жағдайының жақсы болуы, қоғамның белсенді мүшесі болуы - әлеуметтік – мәртебелік қызметтің басты мақсаты.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Отбасы-неке қатынастарының дамуына тыйым салу қалай әсер етті?
2. Еркекпен әйелдің қатынастарын реттеу динамикасы қалай өтті?
3. Полигамдық қатынастардың қандай түрлері бар?
4. Қоғаммен отбасының даму арасында байланыс қандай?
Қажетті жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:
Жұптық некенің пайда болуына әсер етті....
Америка этнографы Л. Морган « Көне қоғам» атты еңбегінде алғашқы қауымдық құрылыста отбасы түрілерінің даму жолын бүкіл әлемге ... тұрғыда түсіндіріп, ... некеге негізделгенін мәлімдеді.
Үлкен патриархал отбасы ол.... Қазіргі кезде кең тараған отбасы ол...
Қазақ отбасы тарихында көп әйел алу салты болған ол .... деп аталған.
Көп рет некелесу ол....
Ал бір әйелдің бірнеше күйеуге шығуы ол.... деп аталған.
Қазақтарда жеңге алу және балдыз алу салттары болған ,олар ... және ... деп аталған. Қазақстанда отбасы тарихын зерттеген....


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет