Тақырып №1 Кіріспе. Пәннің мақсат, міндеті мен зерттеу объектісі


Тақырып №20 Шығыс және Батыс өркениеті



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата07.01.2017
өлшемі2,2 Mb.
#1380
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Тақырып №20 Шығыс және Батыс өркениеті 
ӨРКЕНИЕТ  (лат.  сіvіlіs  –  азаматтық)  –  қоғамның  материалдық  және  рухани 
жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды ―варварлықтар‖ деп өздері 
атаған  басқа  халықтар  мен  мемлекеттерден  айырмашылықтарын  көрсету 
мақсатында  қолданған.  Олардың  түсініктері  бойынша  ―Ө.‖  азаматтық  қоғам, 
қалалық  мәдениет,  заңға  негізделген  басқару  тәртібі  қалыптасқан  рим 
империясының  даму  дәрежесін  білдірген.  Ө.  мәдениет  ұғымымен  тығыз 
байланысты. Ғасырлар бойы қалыптасқан Ө. пен мәдениет ұғымының мағыналарын 
төмендегідей  топтастыруға  болады:  1)  мәдениет  пен  Ө.  бір,  олар  синонимдер 
(И.Гердер,  Э.Тайлор);  2)  Ө.  –  мәдениеттің  ақыры,  оның  ―кәрілік‖  шағы, 
руханилықтың  антиподы  (Ж.Ж.  Руссо,  Ш.Фурье,  О.Шпенглер);  3)  Ө.  –  мәдениеттің 
прогресі,  болашаққа  бой  сермеуі,  қоғамның  парасаттылық  деңгейі  (Вольтер, 
Д.Белл); 4) Ө. – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган); 
5)  Ө.  –  этностар  мен  мемлекеттерге  тән  мәдениеттің  оқшау  түрі  (А.Тойнби,  Н.Я. 
Данилевский, т.б.); 6) Ө. – мәдениеттің тех. даму деңгейі, оның материалдық жағы. 
Ағартушылық дәуірінде Ө. әлеум.-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-
да  Шпенглер  мен  Тойнби  еңбектерінде  бұл  термин  өзіндік  ерекшелігі  бар, 
жергілікті  қауымдастық  мағынасында,  яғни  ―тарихи өркениеттер‖  (Қытай,  Вавилон, 
Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Ө-ті саралаудың 
бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері 
Ө-ке  бір  аймақта  тұратын  халықтардың  тарихи  тағдырластығы,  олардың 
арасындағы  ұзақ  әрі  тығыз  мәдени  байланыс  нәтижесінде  әлеум.  ұйымдасу  мен 
реттелудің  этносаралық  жергілікті  қауымдастығы  деген  анықтама  берілді.  Ө. 
категориясы  мәдени  типтерді  зерттеуде  немесе  мәдени-тарихи  типологияны 
жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Ө. типтерін шығыс және батыс деп бөліп, 
―ғаламдық 
Ө.‖ 
және 
―техногендік 
Ө.‖ 
ұғымдары 
да 
қолданылады. 
Мәдениеттанушылар  Ө-ті  ―мәдениет‖  ұғымымен  салыстыра  қарастырады. 
С.Хантингтонның жіктемесі бойынша, қазіргі әлемде батыстық, латын америкалық, 
православиялық,  исламдық,  конфуцийшілдік,  үнді-буддалық,  қиыр  шығыс  және 
африкалық  секілді  8  суперөркениет  қатар  өмір  сүруде.  Қазіргі  отандық 
мәдениеттану  ғылымында  қазақ  өркениеті  ұғымы  қалыптасты.  Ол  ежелгі  көшпелі 
өркениеттерден  бастау  алып  (сақ,  үйсін,  қаңлы,  ғұн,  ортағасырлық  түркілік  дала 
империялары,  Алтын  Орда,  Ақ  Орда,  т.б.),  кейін  қазақ  хандығы  тұсында 
қалыптасқан,  түркі-соғды,  түркі-араб  синтездері  нәтижесінде  исламдық 
суперөркениеттің  құрамына  енетін  этномәдени  бірлестікті  сипаттау  үшін 
қолданылады  (қ.  Дала  өркениеті).  Қазақ  Ө-і  3  үлкен  өркениеттердің 
(православиялық,  исламдық,  конфуцийлік)  тоғысқан  жерінде  орналасқан.  Оның 
мынадай  өзіндік  белгілері  бар:  а)  көшпелі  өркениеттің  мәдени  негізіне  рулық-
тайпалық  одақ  жатады;  ә)  түркі  тілінде  сөйлеген  тайпалар  ―түркі‖  этнонимі  пайда 
болғаннан талай ғасырлар бұрын қалыптасқан; б) мұсылман дінін түркі тайпалары 
біртіндеп  өз еркімен қабылдаған және бұл үрдіс Шыңғыс хан империясы  тұсында 

баяулағанымен,  түбінде  табысты  аяқталған;  в)  орта  ғасырлардың  соңынан  бастап 
түркі  тайпалары  моңғолдық  этн.  элементтерді  өзіне  сіңіре  бастады;  г)  15  ғ-да 
түркілік  Орт.  Азияда  қазақ  деп  бұрынғы  мемлекетінен  бөлінген  адамдарды  айтты. 
Қазақ  халқының  және  оның  ата-тектерінің  әлемдік  Ө-ке  қосқан  басты 
құндылықтарына  мыналар  жатады:  1)  еуразиялық  көшпелілер  кеңістікті  игеруде 
адамзат тарихындағы бірінші жетістікке жетті; 2) көшпелілер шөл мен шөлейттерді 
үйлесімді  игере алды; 3) еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары (А.Вебер) 
қызметін  атқарды,  олардағы  миграц.  процестер  жаңа  өркениеттердің 
қалыптасуының  себебі  болды  (Үнді,  Иран,  Ғұн  мемлекеті,  Араб  Халифаты,  т.б.);  4) 
Ұлы Жібек жолы және басқа да мәдени байланыс жүйелері арқылы түркілер батыс 
пен шығыстың арасында дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер 
болды; 5) қазақтың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, киіз үй, 
күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты артефактілерін алғашқылардың бірі 
болып енгізді; 6) түркілердің әмбебап дүниетанымдық жүйесі – тәңіршілдік адамдық 
ынтымақтастық  пен  келісімділіктің  маңызды  формасы  болды;  7)  ―адам  бол!‖ 
ұстанымы,  әлемді  жарық  дүние  деп  түсіну,  адамның  көңіл-күйіне  мән  беру, 
ғарышпен  және  адамдармен  үйлесімділікте  болу,  жасы  үлкендер  мен  баланы 
қастерлеу  сияқты  қазақтың  дәстүрлі  әдеп  жүйесінің  құндылықтары  қазіргі 
руханиятта  ерекше  орын  алады.  Қазіргі  қазақ  Ө-і  алдында  ұлттық  архетиптерді 
сақтай отырып, оларды қазіргі әлемдік  Ө. құндылықтарымен  үйлесімді ету міндеті 
тұр.  
Т. Ғабитов 
  
Тақырып №21 Адамзат өркениетінің қозғаушы күші. Жаһандану 
Адамзат өркениетіндегі ғаламдық проблемалар және оны шешудің жолдары 
ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны игеріп ӛнеркәсіпті 
елдерде ӛмір сүретін миллиондаған адамдардың тіршілігінің ӛзгеруіне және оларды жаңа 
экономикалық жүйеге біріктіруге алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми 
байланыстарының аясы кеңейіп, әлемдік ғылыми біртұтастық пайда болды. Осы 
қалыптасқан әлемдік ғылыми біртұтастық, бүкіл дүниежүзілік экономикалық бірігудің 
алғы бастамасы болды. Бұл үдерістің кӛріністерінің бірі ретінде алдыңғы қатарлы 
дамыған елдерде және әртүрлі континенттердегі ұлтаралық бірлестіктерде бірыңғай 
ұйымдастырушылық мәдениетінің түрлерімен жұмыс жүргізе бастады. 
Табиғатқа техногендік қатынас – рухани қанағаттану құралы ретінде емес, қайта 
ӛндірістік қажеттіліктерге тікелей бағытталуы ХХ ғ. бірінші жартысындағы еуропалық 
мәдениет дамуының басты кӛрінісі болды. 
Ғылымға озық технологиялық табыстары мен жетістігіне сүйенген дүниежүзілік 
ӛнеркәсіптің қарқынды дамуы, адамға әлемді сезінудің оптимистік түрі, табиғатты 
игерудегі қабылеті мен мүмкіндіктерінің мол екендігіне сенімі артып, соған тән 

сипаттардың туындауына қызмет етті. Адам ӛз болмысының ғаламат ғарыштылығын 
сезінді. Бірақ ХХ ғ., европалық мәдениетке біртіндеп енген техногендік ӛркениет ӛзімен 
бірге адамзат қоғамына жағымсыз дағдарысын да ала келді. 
Бүгінгі күні әлемдік мәдениеттің тағдырына екі кӛзқарас – оптимистік және писсимистік 
пікірлер қалыптасқан. Алғашқыларының сендіруінше әлемдік мәдениет дұрыс жолмен 
даму үстінде, келешекті ғылым мен техниканың дамуы, ақпараттық құралдардың жетілуі 
рационалды ұйымдасқан экономиканың ӛсуімен байланыстырып, батыс мәдениетінің 
архиптік құндылықтары батыстық ӛмір сүру тәртібі ең дұрысы деп есептеледі. Сонымен 
бірге, ХХ ғ. басында антропоцентризмнің дағдарысы да басталды деуге болады. Орыстың 
ойшыл-философтары (Н.А.Бердяев, Е.Н.Тругецкой, С.Л.Франк т.б.) айтуынша 
индивидуализм, қоғамның атомдануы, ӛмір талғамының тоқтаусыз ӛсуі, соған сай жоғары 
технологияға негізделген ӛнеркәсіптің қарқынды дамуы, тұрғылықты халық саны мен 
тұтынушы қажеттіліктің шексіз ӛсуі, рухани ӛмірдің бәсеңдеп, сенімсіздіктің пайда болуы 
– адам ӛмірінің сипатын, оның стилін ӛзгертіп,  табиғат ырғағынан айырып, 
индустриалды-капиталистік жүйенің қалыптасуына алып келді. 
Ал, мәдениеттер арасындағы кӛзқарастың ӛзгеруі, әртүрлі сәйкессіздіктің туындауы, 
Ф.Ницше айтқандай, «барлық құндылықтарды қайта бағалау» қайта қарауға тура келіп, ол 
қазір ӛте тұрпайы түрде жүзеге асуда.  
Машиналар мен техниканың қарқынды дамуы және олардың адамзатқа билігі тарихта екі 
дүниежүзілік соғыстың болуын, әлеуметтік капитализмнің ерекше дамып, ашаршылық 
пен құлақ естімеген ауруларды, атомдық қатерді, күрделі экологиялық  және 
антропологиялық дағдарыстарды, адамгершілік пен моралдық жалпы руханилықтың 
дағдарысын тудырды. Қазіргі заманғы кӛптеген ойшылдар М.Хайдеггер, К.Ясперс, 
Л.Мэмфорд және т.б. мәдениет пен ӛркениеттің дағдарысын озық техника мен жоғары 
технологияны орынсыз қолданумен байланыстырады. 
Ресейлік ғалым В.А.Лекторскийдің пікірінше «Дамудың біржақты технологиялық, 
технократтық ізбен сипатталатын қазіргі мәдени ахуалда толыққанды гуманитарлы білімі 
жоқ адам тұлға ретінде жеткіліксіз және сыңаржақты болып табылады. Ал ең бастысы ол 
– догматты болады» деп кӛрсетті. 
XX ғасырдың басында антропоцентризм – адамның дүниедегі ерекше орны, адамның 
табиғатқа, қоршаған ортаға үстемдігін орнату жайлы ілімнің іске асуында дағдарысты 
құбылыстар айқындала түсті. Қайта ӛрлеу дәуірінде басталып, ӛз заманында қоғамдық 
дамудың ең негізгі мақсаттарының бірі болып саналған бұл кӛзқарас, біздің заманымызда 
адамзат әлеміне ӛзге орынсыз зиянды жағдайларды қоса тудырды деуге болады. Адам 
қоғамда  әрі жасампаз жасаушы, әрі талқандаушы ролін атқарып отыр. 

Антропоцентризм қағидаларына ойланбай жүгіну болашақта адам мен дүние арасындағы 
дағдарысты шиеленістіріп, тіпті жалпы адамзат әлемінің жойылып кетуіне қатер тӛнді. 
Бұрынғы гуманизм жетістіктерінің дағдарысқа, күйзеліске ұшырағандығын айта келіп 
Н.А.Бердяев адам мен қоршаған орта арасына қарама-қарсылық антропоцентризм 
кӛзқарасына адамның табиғатқа үстемдік орнатуындағы менменшіл, озбырлық 
қасиеттеріне алып келгенін атап кӛрсеткен. Адамдардың барлық мәселелерді шешуде 
алдымен мәдени, рухани құндылықтар тұруын ойлауға тиіс екендігіне мән береді. 
Ал адам мен қоғам  арасындағы шиеленіс идеясын дәлелдеп, толығырақ анализ жасаған 
неофрейдизм бағытының негізін қалаған Э.Фромм ӛзінің психоанализ түсініктмесінде 
қазіргі адамның жағымсыз агрессиялық  қасиеттерін – қирату, талқандау іс-әрекеттерін 
кӛрсетіп, олардың ӛз ӛмірін құрбандыққа шалу сияқты және басқа да жат қылықтарға 
мінездеме берген. Адамзат тарихындағы ӛткен кезеңдерге қарағанда ХХ ғасырда осы 
жағдайлар бұқаралық құбылысқа айналды. Қазіргі адамның «күнәсі» ӛте кӛп, айтайық, 
адам табиғатқа дұшпан, қоршаған ортаға зорлық-зомбылық, руханиятсыздық, кең 
масштабты әскери қақтығыстар т.б. жатқызады. 
Бұдан құтылу үшін Э.Фромм адам ӛмірінің мән мағынасы, моральдық және этикалық 
нормаларына сүйеніп, адам қалай ӛмір сүру керек, ол үшін не істеуі керек деген 
мәселелерге тоқталып, әрбір адам оны ӛзінің ішкі қасиеттерінен іздеуді және оны 
дамытуды ұсынады. Адамның гуманистік бағыттағы шекті мүмкіндіктерін дамытуға 
шынайы ӛмір сүрудің әдіс-тәсілдерін игеруге ықпал жасау қажеттігіне мән береді. 
Осы заманда, қазіргі адам табиғи адамзаттан айтарлықтай ӛзгеріске ұшырады деуге 
болады. Бұл ӛзгерістер оның тек әлеуметтік мінездемесіне ғана емес, биологиялық 
сапасына да әсер берді. Қазіргі адамдағы осындай ӛзгерістер ӛмірдегі заңды процестерге 
байланысты, ол постиндустриалды ӛркениетінің басталуына (ғылыми-технологиялық 
қоғам) соған сәйкес ноосфералық мәдениеттің қалыптасуына әкеп саяды. 
Ғылыми-техникалық прогресстің адамның ой-ӛрісіне тигізетін ықпалы және әсері ӛте 
жоғары. Техникалық машиналар мен ӛндіріс технологиясының қарқынды дамуының 
нәтижесінде ақырындап «табиғи» (биосфералы) адам ӛзгере бастады. Алғашқыда 
эволюциялық табиғи дамуда мыңдаған жыл адамға қолайлы орта болғандығы белгілі. 
Қазір жағдай басқаша. Енді баяу ӛтетін табиғи уақыттың орнына, динамикалық әлеуметтік 
ӛмір келді. Техника ӛсті, ӛнеркәсіп дамыды. Халық үлкен қалаларға шоғырлана бастады. 
Осының салдарынан адамның тұратын табиғи ортасы міндетті түрде жасанды ортаға жол 
бере бастады. Адамзат тарихында техникалық дәуір басталды. Н.А.Бердяев ӛзінің «Адам 
және машина» атты жазбасында осы дәуірді мәдениеттің тоза бастауы, ӛйткені 
материалдық зат адамнан жоғары тұрады деген болатын. Дүниені техникализациялау 
дегеніміз ол тіршілікке аяушылық жоқ дегенді білдіреді, ӛйткені ол – адам баласына жат 

құбылыс. Н.А.Бердяевтың айтуынша,  техникалық дүние ӛзінің белгілі бір жоғары даму 
сатысында, ӛзін жасаған адамға қарсы шығады да оған ешқашан бағынбайды деген 
болатын. Оның ойынша техника тән мен рухты және әртүрлі тарихи кезеңдерді айырып, 
бір-біріне қарама-қарсы қоятындығында. Ол адамға ӛлшеусіз құдіретті күш сезімін беріп, 
оны сыртқы дүниені экспансиялауға итермелейді. Осы тұста адамның табиғаты және 
рухани ӛмірі, кӛңіл-күйі зақымданады деп кӛрсеткен болатын. 
Осы ӛмірдегі қазіргі адамның болмысын сипаттай келе неміс философы К.Ясперс жазған 
«индустриалға дейінгі» техникалық дәуірге дейін адам ӛзін аспан-кӛк және жермен 
біргемін деген сезімде болғандығын айтқан. Бұл – қайталанбас ӛмір, «табиғи» адамның 
дүниесі. Ал қазіргі жағдайда біртұтас ортаның экологиялық ӛзгеріске ұшырауы 
нәтижесінде адам бұрынғы ӛз табиғи тамырларын жоғалтқандай әлсізденеді. Осы 
жағдайдан қалай шығуға болады? Ясперстің пікірінше, бұл – қазіргі жағдайдағы 
адамзаттың негізгі мәселесі. Ясперстің айтуынша, «табиғи емес» адам дүниесіндегі  
«ноосфералық» адам ӛз ӛмірінің иесі емес. Ол табиғатқа рақымсыз алып механизмнің бір 
бӛлшегі болып табылады. Адам техногендік қоғамның бір бӛлшегі ретінде әртүрлі 
қызметтерге, жаңа техникалық  мамандықтар қызметіне ұсақтанған, бірақ іскерлік қабілеті 
бар және ереже бойынша іс-әрекет жасауға ұмтылатын жан. Оның ӛмірін бұқара және 
құдыретті мемлекеттік аппарат билеп (қадағалап), еркін таптап, оның ӛмір сүру 
еркіндігінен айырады, бұл құбылыстың бағытын ӛзгертуге шамасы болмайды деген 
қорытындыға келеді. 
Ол жаңа қалыптасқан техногендік әлем табиғи адамды дағдарысқа әкеледі. Ғалымдардың 
зерттеуі барысында, қазіргі адамның ӛзі техникалық құрылым немесе машинаға 
ұқсастығын айтады. Ӛзінің іс-әрекеттерінде, ӛмір салтындағы әрекетін ӛзі сезінбей, 
техногендік ортаның қолдану іс әрекет аясының даму заңдылықтарының қисынын ӛзінің 
ойына келтіреді, соның ықпалында болады. Технологиялық адам ең жоғарғы махаббат 
сезімі, қайғыру және басқа адам сезімдерінің жоқтығымен белгіленеді, олардың орнына 
робот - техника жасайтындай күнделікті орындайтын жұмыстарға бӛлінеді. Роботқа ұқсас 
адам бағдарлама бойынша немесе басқа адамның еркі бойынша жұмыс істейді. Оның 
рухани ӛмірінің орнына автоматикалық реакция келіп, оның кӛзқарасы техноцизм, ал 
мақсаты жасанды комфорт, ӛмірі жасанды организмге ұқсас болады. Техника ӛрісі 
адамды, оның негізгі табиғи қызметі еркін еңбектен, белсенді әрекет пен адамдар 
арасындағы ӛзара рухани қарым-қатынасынан айырады. Адамдардың ой-пікірлері 
біртіндеп техникалық машиналардың ойлау деңгейімен ауысып жатқанын байқайды. 
Э.Фромм ӛзінің «Революция үміті» атты кітабында біздің уақытымызда безіп жүрген елес 
туралы жазып кеткен. Бұл – бүтін механизациаланған қоғамның елесі. Оның мақсаты – 
материалдық игіліктерді және соңғы ғылыми-техникалық жаңалыққа негізделген 
ӛнеркәсіп ӛндіріс жүйесін ашу және оны компьютерлік басқару мен бақылау. Бұны 
«қалыптасуы мен дамуында» - деп пайымдайды ғалым, адам – материалды, жеткілікті 

және ӛзіне ӛте риза, дегенмен де, ол инертті, ӛмірсіз (ӛмірі жоқ) және адами сезімнен 
түпкілікті түгел жұрдай етіп, жаппай біртіндеп машинаға айналатындығына кӛңіл бӛледі. 
Техногендік қоғамның жеңісінен кейін, ойланушы тұлға «қаза» болып, енді ол бастапқы 
табиғи «биосфералық» тұлға бола алмайды. Осы тұста сана-сезімдері психологиялық және 
т.б. техникалық құралдармен бақылауға алынуы да мүмкін. Қоғамдық пікір болса, 
тармақталған бұқаралық ақпарат құралдарының кӛмегі арқылы манипуляцияға түседі. 
Болашақ қоғамның ең қауіпті белгілерінің бірі – адам сана-сезімінің бақылауға алынуы. 
Ол кӛркем әдебиеттерде жазушы-фантасттардың пікірінде болашақты болжау ретінде 
кӛрініс тапты. Э.Фромм:«бәріміз жігерсізбіз, қазіргі адам ӛз-ӛзіне бақылауын жоғалтқан, 
оның орнына ойлау, сана-сезім қызметтерін электронды машиналар жасауда. Ондай 
адамда ӛндіріс пен тұтынудан басқа мақсаты, мүдде, арманы жоқ» деп кӛрсетеді. 
Адамның осындай озық технологиялардың құлы болып қалуы, адам біржолата, бірыңғай 
материалдық игіліктерді кӛп ӛндіруге және соған қажетті жаңа техника мен технологияны 
игеруге кірісті деп пайымдайды ғалым. Қорытындылай келе, адам ӛзімен де қоршаған 
ӛмірмен де байланысын жоғалтқан. Діннің гумандық қағидаларынан да жұрдай болып, 
ӛзінің терең эмоционалды сезімдерінен айрылады. Ӛзі жасаған техникалық машина, 
құдіретті күшке айналып, адамның ӛзін сана-сезімін басқара бастады, осының салдары 
адамгершіліксіз, гуманизацияланбаған  қоғам пайда болды деген писсимистик қорытынды 
жасайды. Э.Фромм жеке мәселе ретінде техниканың адамның әлеуметтік мінезіне тигізер 
әсерін де атап ӛткен. Оның ойынша, техника әлемге, адамға, «некрофилия» құбылыстарды 
жасанды заттарға деген құштарлығының артуы (автомобиль, компьютер, ұялы телефон 
басқа да соңғы үлгідегі техникалық аппараттар) ХХ ғасырда адамдардың жаңа түрін пайда 
етеді. 
Қазіргі адам – бұл нарықтық адам. Бұл адамға, Э.Фроммның ойынша, барша дүние сауда-
саттық объектісіне айналған. Барлығы саудаға түседі, сатылатын тек қана материалдық 
заттар емес, адамның ӛзі де, оның табиғи күш-жігері, шымырлығы, білімі, іскерлігі, пікірі, 
сезімі тіпті күлкісі де сауда есебінде болады. Ӛзге адам, басқа адамға байлыққа, билікке 
жету үшін немесе басқа бір мақсатқа жету құралы ретінде қабылданады. 
Дүние ӛзгерісте, сонымен қатар адамның ӛзі де ӛзгерген. Қазір ол бұрынғы табиғи ортада 
емес, жасанды орта техногендік әлемде ӛмір сүреді. Сондықтан да ол адам табиғи емес, 
«ноосфералық» жасанды адам бұл ортада біртіндеп тоза береді. Бұл әлеуметтік ӛмірде 
әлсіз адам. Ол ӛзін бұл ортада жау ортасына түскендей сезінеді, сондықтан, ол – 
жалғызбасты адам. Сонымен қатар, ол түсініп сезіне ме, оған байланыссыз бәрімізге 
ортақ  планетарлық қауымдастықтың бір бӛлшегі ретінде қалыптасуда, ендеше ол – әлем  
азаматы. Қазіргі адам ӛзінің іс-әрекеттерінің қисыны арқылы, стихиялы, ӛзі жасаған 
мәнді, ӛзекті проблемалардың ортасында жүр. Бұл проблема барлық әлеуметтік ӛмірде 
тұратын жандарға ортақ. Осы айтқандардың барлығы адамзаттың ғаламдық проблемалары 
деп айта аламыз. 

Осындай зерттеулердің негізінде келешектегі ғаламдық дамудың маңызды бағыттары 
ретінде мыналарды атап кӛрсетуге болады: мал шаруашылығы мен егін шаруашлығын 
арттырудың дәстүрлі  емес жолдарын тауып, комплексті жүргізу арқылы 
ауылшаруашылық ӛндірісін қарқынды дамыту; энергетикалық қуаттың жаңа тиімді 
кӛздерін (термоядролық, жел, су, күн сәулесінен алынатын басқа) іздестіру мен оны игеру
әлемдік мұхиттың шикізат ресурстық әлеуетін тиімді ысырапсыз меңгеру; ғаламдық 
экологиялық проблемалардың міндетті түрде шешілуін реттеп, адамзат ӛмір сүруінің 
табиғи жағдайын жақсарту; бүгінгі күнде адам ӛмірі мен денсаулығына айтарлықтай зиян 
келтіретін қауіпті аурулар қатарын жеңу; базасында кӛптеген құнды заттарды алуға 
болатын ғарыштың бейбіт индустриалды ӛндірісін меңгеріп, интернет, ғаламтор жүйелі 
байланыстың сан түрін қарқынды дамыту және т.б.; қоғамды компьютерлік техниканың, 
коммуникацияның барлық құралдарының қарқынды дамуы негізінде электрондық 
ақпараттандыру, ақпараттарды принципті түрде жаңа тәсілдермен жеткізу, сақтау және 
қалпына келтіру мәселелеріне кӛңіл бӛлу; қазіргі қоғамның қажеттерін қамтамасыз ету. 
Ол келешек ұрпақтың несібесі есебінен болмауын ескеруіміз қажет. 
Осыған орай ғылыми-техникалық ӛрлеудің ғаламдық мәселелерді шешудегі күшейіп келе 
жатқан орны мен ролін баса айтуға болады. Ғылым мен техниканың дамуын адам 
мүддесіне сай бағыттау біздің ӛркениетімізге қауіпі бар жалпы планетарлық сипаттағы 
шиеленісулерді шешуге деген ұмтылыстың ізгіліктік векторын анықтайды және олардың 
тиімді шешімінің әдіснамалық бағдары болып есептеледі. 
Ғаламдық мәселелерді шешу міндетті түрде адамзат дамуының тұрақты әрі тиімді жолын 
іздеп табуға байланысты, ал бұл Қазақстан үшін де ӛте маңызды. Осы орайда Қазақстан 
Республикасының бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен 
құрастырылған, футурологиялық мәні бар «Қазақстан – 2030» стратегиясын ерекше атап 
кеткен орынды. Мұнда адамзат болашағына байланысты жүргізіліп жатқан 
философиялық, социологиялық, саясаттанулық, экономикалық, ғылымтанушылық және 
т.с.с. кешенді зерттеулер тәжіриебесі ескеріліп, еліміз дамуының отыз жылдан астам 
мерзімдік бағдарламасының негізі қамтылып, басты-басты жеті ұзақ мерзімді 
басымдылықтары анықталып, соларды іске асырудың  жолдары кӛрсетілген. Президент 
ӛзінің жыл сайынғы жолдауларында осы стратегияның іске асуын қадағалап, оны 
нақтыландырып, еліміздің алға басуының әр кезіне сай мәселелерді кӛтеріп, нақты 
мақсаттар мен міндеттерді атап, оларды шешудің озық амалдарын, соның ішінде, әсіресе 
ғылым мен білімнің, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игерудің, халқымыздың 
интеллектуалдық ұлт болып ӛсуінің, елу ең дамыған бәсекеге қабілетті елдер қатарына 
енудің, жедел индустриалды-инновациялық дамудың қажеттіліктерін  негіздеп дабыл 
қағуда. Қазақстанның тәуелсіздік жағдайындағы 20 жылдық дамуы осы стратегияның 
дұрыстығын, Президентінің кӛреген саясатының арқасында еліміздің гүлденіп, қарыштап 
алға басуының, ең ӛркениетті дамыған елдердің қатарына еркін қосылуымыздың айғағы 

болып отырғаны шындық. Әманда осылай жүзіміз ашық болып, бейбітшілік пен келісімді 
ӛмір салты нығайып, халқымыздың бірлігі артып, рухани жетілу жолында еліміздің 
биіктен кӛріне беретіндігіне сенім мол. 
Адамзаттың ғаламдық мәселелерінің шешу жолдарын табу үшін алдымен оның ӛзара 
тұтас байланыста бірлікте болатын адамзат қоғамдастығының дүниежүзілік проблемалар 
толқынының ӛткірлігін кеңдігін ұғынып түсініп алуды қажет етеді. Ол үшін жаңа саяси 
ойлау қажет. Бұл дегеніміз барша мемлекеттер және халықтар проблемалары ортақ бір 
планетарлық экипаждың (ұжымның мүшесі) ретінде сезіну. Адамзаттың техногендік 
заманда аман сау әрі қарай ӛмір сүруі, саясат пен халықаралық қатынастарда зорлық-
зомбылықты болдырмауға, ядролық қарусыз дүниені құруға және жалпыадамзаттық 
мәдени құндылықтарды мойындап, олардың әлеуметтік және ұлттық мүдделерін ең биік 
бірінші орынға қоюды қажет етеді. 
Ғаламдық мәселелерді шешу міндетті түрде адамзат дамуының тұрақты әрі тиімді жолын 
іздеп табу. Табиғатты интенсивті игерілуі, экономикалық-әлеуметтік қызметті арттыру, 
экологиялық, демографиялық процестерге және космосты игеру мәселелері адамзаттың ой 
парасатының қатаң бақылауында болуы қажет. Қазіргі адамдардың қажеттіліктерін 
қамтамасыз ету және оны қанағаттандыру, келешек ұрпақтың несібесінің есебінен 
болмауы керек. 
Бұл Қазақстан үшін ӛте маңызды. Ӛйткені Қазақстан Республикасы жаңа индустриалды-
инновациялық қоғамдық қатынастарға және құндылықтар жүйесіне енді қадам жасауда. 
Ғылыми бағытталған нарықты қажет етеді. Мемлекет ӛз ұлтын, халқын сақтап қалатын 
және биосфералық (табиғатты, қоршаған ортаны қорғау) қызметін  атқара алатын ғылыми 
жетістікке сүйенген нарықтық, әлеуметтік мемлекет қажет. Қоғамның құрып кетпей аман 
қалуының ең қажетті шарты ғаламдық мәселелердің шешу жолдарын табуда әлем 
мойындаған сапалы жолды «жаңа гуманизм» қалыптастыру, адам санасында тӛңкеріс 
жасалу қажет. Бұл дегеніміз адамның құндылық жүйесі мен  ұстанымдарын, адамдардың 
психологиясы мен кӛзқарастарын, олардың менменшілдіктен арылып, сыртқы дүниеге 
және бір-біріне деген гумандық қарым-қатынастарын ретке келтіру болып есептеледі. 
Адамзат қоғамының тұтастығын ескеріп, адамға ӛзінің таусылмайтын келіспеушіліктен 
тойымсыз тәбетін шектеп, табиғатты ретсіз бұзып, талқандау арқылы бағындыру 
психологиясынан бас тартудың уақыты келді. Оның орнына басқа проблемаларға, 
айтайық, салауатты рухани жағына кӛңіл бӛлген жӛн. Барша тіршілік формасындағы 
ӛмірді табиғи ӛз қалпында сақтауға тырысу, қамқорлық жасау.  
Дағдарысты құбылыстардан шығу жолы ретінде адам мен табиғаттың ара қатынасының 
алшақтығын жойып,  қайта жақындату туралы гумандық және этикалық идеялар 
ұсынылады. Шындығында, біздің ойымызша, біртұтас адамзат қоғамында табиғатпен 
есептесуіміз, санасуымыз қажет. Жалпы болмыспен, әлемдегі ӛзге де кӛршілерімізбен, 

жермен, ауамен, сумен, ағаштармен олардың болмыстағы орнын, ӛзінділігі мен 
субъективтілігін ескере отырып қатынас жасауымыз керек. Қазіргі кездері белең алып 
отырған жасылдар қозғалысы, экологиялық қозғалыстар эзотериялық ӛмір салты, 
педагогикалық және психологиялық эксперименттер қарапайым тамақтану, мәдени дем 
алу, шынығу, медитацияның әр түрлі формалары және т.б. болашақ әлемдік ӛркениеттің 
не оның баламасының нышандарына мән беру болып табылады.  
Қазір адамзаттың аман-сау қалу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік мол. Осы ӛзіндік 
рухани және практикалық тәжірибені табиғи ортаға икемдеп, адам мен әлемнің үндестігін 
табу;  жаңа ӛмірге жаңа ғасыр дамуына сәйкес адамзат парасаттылығының  күш жігерін 
тиімді тіршілік формаларын жұмсау, жоғары мәдениетті, жаңалыққа құштар, әлемнің 
тұтастығын, қоғамның даму бағытын түсінетін, ғылымды, озық техника мен 
технологияны игерген, білімді, салауатты ӛмір салты мен рухани гумандық кӛзқарасы мол 
жаңа адам тәрбиелеп шығару. 
Ғылыми білімдер ӛмірде іске асса ғана олардың практикалық мәні, ӛмірде маңызы 
болады. Ғылыми теория жаңалығы практикада әбден тексерілген білімнің іске асыру 
тәсілін, яғни ӛркениетті қоғамның материалдық және рухани қажеттілігін анықтап, 
ӛндірісте ғылыми-техникалық танымды тиімді қолданудың негізін жасайды. Ғылыми-
техникалық таным дамуының қайнар кӛзі адамның ӛндірістік қызметінің ӛзгерістерінде, 
қоғамның әлеуметтік қажеттілігіне байланысты. Осы жағдайды зерттей отырып 
объектісін, танымдық мақсаттарын анықтап, жаңа терең күрделі теорияларды игеруге 
мүмкіндік жасалады. Адамзат қоғамының ғылыми теория мен практиканың бұл 
диалектикалық бірлігі бірін-бірі толықтырып, ғылыми-техникалық танымның түпкі 
мақсаты табиғаттың тылсым күштерін ашып, қоғамға, адам игілігіне ізгілікті (гуманды) 
қызмет жасату болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет