Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты



бет12/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
Та ырып 1 Кросс-м дени психология а кіріспе Ма саты

Мәдени әрекет деп мәдени игіліктерді өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған әлеуметтік шараларды айтады. Мұндай игіліктерді жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде адамның мұқтаждары мен мәдени қажеттіліктері қарастырылады. Олардың қатарына мыналарды жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гуманизмге ынта және басқалары.
Мәдени орта — мәдениет туындыларын туғызатын, тарататын және пайдаланатын белгілі бір аумақта өмір сүретін әлеуметтік топ. Мәдени ортаның жалпы мәдени деңгейі жалпыадамзаттық мәдениет жетістіктерін пайдалану және өздерінің мәдени туындыларын өндіру мүмкіндігіне, топ мүшелерінің материалдық қамтамасыздығына, тіліне, діліне, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. Мәдени орта мәдениеттің коммуникациялық қатынасымен байланысты. Ол заттық-материалдық игіліктермен жабдықталған ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады.
Материалдық мәдениет. Материалдық мәдениет адам өмірінің материалдық аяда қол жеткізген жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. Оған адамның биологиялық өмірін қамтамасыз етуге қажетті игіліктер — азық, киім, баспана, еңбек және қатынас құралдары т.б. жатады.
Материалдық мәдениетке тарихи және мәдени ескерткіштер де кіреді. Республикамыз тарихи ескерткіштерге өте бай.
Бүгінгі күні 18,5 мың тарихи ескерткіш орындары анықталып отыр. Оның ішінде 13,5 мыңы құжаттандырылып, 3,1 мыңнан астамы мемлекеттік қорғауға алынды. 205 республикалық. дәрежедегі ескерткіштер бар.
Олардың ішінде Қорқыт-ата мемориалдық кешені, Орда ескерткіші, Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Ш.Уәлиханов кешені, Жидебай әдеби-мемориалдық корығы, Черкасск қорғаны бар.
Тарихи мәдени заттык мұраның бірі — Түркістандағы тайқазан. Қазанның сыртына араб әріптерімен үш қатар мәтін жазылған, онда Темірдің бұл казанды Қожа Ахметке арнағаны көрсетілген. Жазуда «Адамды сыйла, адамгершілікті әз тұт» деген сөздер бар. Шеберлік пен бейнелеу өнерінің үлгісі ретінде 1935 жылы Санкт-Петербургтегі Эрмитажға қойылған қазан 54 жылдан кейін, 1989 жылы қайта құтты орнына қайтарылды. Алты ғасыр жасаған тайқазанды құйған адамдардың астрономия, математика, физика, химия дан мол хабары болғандығы, металл өңдеу технологиясын жетік білгендігі көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет