Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты



бет9/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі

  1. Бердяев Н.А. Судьба России. Самосознание. - Ростов /н Дону.: Феникс.1997. - 670 с.

  2. Лебедева Н.М. Этническая и кросс культурная психология. М.: Макс-Пресс, 2011.

  3. Чесноков Я.В. Лекции по исторической этнологии. - М.: Гардарика, 1998. - 400с.

  4. Стефаненко Т. Г. Этнопсихология. М., Аспект Пресс, 2004.

  5. Шпет Г.Г. Введение в этническую психологию. - СПб.: Изд. Дом "П.Э.Т".1996.-156 с.

Қосымша

  1. КукушкинВ.С, Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. -Ростов/ на Д.: Феникс, 2000. - 448 с.

  2. Лебедева Н.М. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. - М.: Изд. Дом "Ключ", 1999.-224 с.

  3. Лурье С.В. Историческая этнология. - М.: Аспект Пресс,1997. - 350 с.

  4. Саракуев Э.А., Крысько В.Г. Введение в этнопсихологию. - М: Ин-т. практич. психологии, 1996. - 344 с.

  5. Современная этнопсихология. Хрестоматия. -Мн.: Харвест, 2003. 368 с.



Тақырып 9-10. Қазақстандағы кросс-мәдени психологиялық идеялардың қалыптасуы мен дамуы
Мақсаты: Қазақстандағы этнопсихологиялық идеялардың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдардың ой-пікірлерімен танытыру.
Түйін сөздер: ұлт психологиясы, ұлттық мінез-құлық, ұлттық сана-сезім, халықтық рух
Жоспар:

  1. Әбу-Насыр әл-Фарабидің этнопсихологиялық ерекшеліктері туралы

  2. Ш. Уәлихановтың қазақ этнопсихологиясы дамуына қосқан үлесі

  3. Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің этнопсихологиялық мағынасы

  4. ХХ ғасырдағы кросс-мәдени психологиялық идеялар

Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі


Бүкіл халық ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың, жалпы мінез – құлқы, іс – әрекетінің ішкі астарлары сөз болады.
Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез – құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады.
Этностық психология түрлі ғылымның өкілдері және философтар тарапынан зерттелген. Бірақ бұл мәселелер жекеленген тұстары, әсіресе кейбір этностық топтар мен үлкенді-кішілі ұлттарға тән болған ерекшеліктері жетерлік деңгейде зерттелмегендіктен, бұл сала әлі де болса ғалымдардың назарын өзіне аудармақта.
Одан кейінгі ортағасырлық дәуірде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан Түркістандық ұлы бабаларымыз рухани салада телегей-теңіз мол қазына қалдырған. Бұл қазынаға лайықты үлес қосқандар – Әбу Насыр Фараби, Әбу Райхан Беруни, Ибн Сина, Имам Бухари, ат-Термизи, Ахмет Ясасуи, Дәуіт ат-Түркістани, Мырза Ұлықбек, Әлішер Науаи және басқалары. Данышпан ата-бабаларымыздың ұлы да даңқты аттары халық жадында мәңгі сақталып қалуға лайықты.
Шынында да, олардың мұрасынан бұрынғы дәуірдің ағартушы (мағрипат-пәруар) ойшылдары да, қазіргі заманның қаламгерлері мен ғалымдары да кеңінен пайдаланып келді және бұдан кейін де нәр ала бермек. Осынау ғұлама ғалымдар өмір сүрген дәуірде этнопсихология ғылымы әлі де қалыптаспаған болса да, олардың сан алуан шығармашылығы мен еңбектерінде халықтар психологиясына қатысты, көңілге қонымды ой-пікірлерді көптеп ұшырата аламыз. Солардың кейбіреулеріне тоқтала кетуді жөн деп санаймыз.
Фараби өзінің «Кемеліне келген адамдардың шәһары» шығармасында адамдардағы психологиялық бірлік, яғни адамдар арасындағы белгілі бір байланыстар біріншіден, олардың арасындағы мейір-ынтымаққа негізделеді, оның үстіне олардың жүректерінен ру-тайпалық сезімдер орын алған. Өйткені, олардың бәрі бір әулеттен тараған ғой; екіншіден, адамдар арасындағы психологиялық жақындық олардың мінез-құлқы мен тілінің бірлігімен де қамтамасыз етілген деп жазған.
Берунидің «Үндістан», «Ежелгі халықтардан қалған ескерткіштер», «Минерология» және басқа шығармаларында халықтар психологиясының қалыптасуы мен тілі турасында назар аударарлықтай пікірлер білдірілген. Ол адамдардың «…түзілімі, реңділігі, түрі-түсі және ахлақтарының түрліше болуы тектерінің және сонымен қоса топырақ, су, ауа және жерлердің әр түрлі болуына байланысты», – деп жазды. Осы сарындас пікірлер Ибн Сина тарапынан да («Жүрек дәрілері» кітапшасында) айтылған. Ол жеке адамның бітім-болмысынан көрінетін психологиялық ерекшеліктер мен этностық психологиялық нышандар біте қайнаса пайда болады деп көрсетті.
XIX ғасырда этнопсихологияға қатысты ой айтқандардың ішінен Ш.Уәлихановтың есімін ерекше атау керек болады. Оның «Адай өлкелерінің географиясы», «Ыстықкөлге саяхат» (күнделіктері) және басқа шығармаларында қазақ, қырғыз халықтарының тарихы, этногенезі кеңінен сөз етіледі. Оның пікірінше, қазақ пен қырғыздардың психологиялық типі олардың өзіндік тұрмысы салты мен шаруашылығының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. «Халықтың сәлемдесуі, – деп жазады ол, – біздің байқауымызша, ұлттардың ерекшелігін анық бейнелейді». Мәселен, қазақтарды алсақ, олар бір-бірімен кездескен сәтте: «мал-жан аман ба?», – деп амандасады, бұл мал шаруашылығымен шұғылданған халықтарға тән психологиялық ерекшелік екендігі анық. Уәлиханов қазақ деген елдің этностық қасиеттерін түгендей келіп, жастардың қарттарға деген ізеті мен ілтипатын, жалпы алғанда халықтың қонақжайлылығын атап көрсетеді. Осы ұлттық-этностық ерекшеліктердің өмірде орын алуын ру-тайпалық қатынастарға байланысты деп біледі.
Бұдан тысқары, ойшыл ғалым халықтың ауыз әдебиетіне ден қойды, «халықтың басты белгісі» тіл болып табылатынын қайыра-қайта қадап айтты, Шығыс халықтарының тілдерін салыстыра келіп, басқа-басқа тілдердегі сөзде бейнеленетін бір ойдың мазмұны түрліше болатынын анықтайдыШоқан Уәлиханов халықтың ұлттық психологиясын былай суреттейді: «... қазақ барлық сенім, әдетімен де, ойын-сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларда баяндайтын поэзиялық құны күшті аңыздар, өлең-жырлар жасаумен де, сауыққа құмарлығымен де, соттық шешімдерімен де, халықтық заңның көптеген кодекстерін сақтаумен де, соттың шешімдерімен де, полициялық шаралармен де ең ақылдылардың қатарына жатады».
Ш.Уәлихановтың пікірінше, халықтың ұлттық психологиясын көрсететін белгілердің бірі – сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабылеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады.
Ы.Алтынсарин арнаулы психологиялық еңбектер жазып қалдырмаса да, оның еңбектерінде психология мәселелеріне байланысты деректер бар.
Ы.Алтынсарин өз “Хрестоматиясына” жас өспірімдердің жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруға бағытталған әңгімелерді енгізген. Мысалы, “Бір уыс мақта”, “Асыл шөп” әңгімелерінің психологиялық астары терең. Осындай әңгімелерге “Аурудан аяған күштірек”, “Салақтық” деген әңгімелерін жатқызуға болады. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқы табиғатынан ақынжанды, дарынды халық деген.
Абай Құнанбаев жетінші қара сөзінде былай дейді: «... жас бала ата-анасынан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деген – бұл тән құмарлығы. Екіншісі білсем, көрсем деген – бұл жан
Х.Досмұхамедовтың психология мәселелеріне байланысты пікірлері терең. “Адамның табиғаттағы бір мінезі – ойын-сауық қуып қызықтап кетуі, Ойнамайтын адам жоқ. Күлмеген адам – адам емес. Салтымызға, тұрмысымызға қарай түзелуге елімізде көп ойындар бар. Бұларды менсінбей ұмытып барамыз. Бұл жарамайды. Біздің кейбір ойындарымызға Европа таңданарлық”. Автор ары қарай “Халықтың құлқы, мінезі, ойы – заманындағы әдебиетінен білінеді. Осы әдебиетті тексеріп отырсақ қазақтың өткендегі құлқы, мінезі, заманындағы күйініші, сүйініші, арасында болған түрлі әлеумет қимылдары анық сезіледі”.
Психология саласында өндіре еңбек етіп, артына көп мұра қалдырған ғалым Ж.Аймауытов. Оның “Психология” (1926), “Жан жүйесі және өнер таңдау” (1926) осы саладағы тұңғыш төл туындылар. Автор еңбектерінде психологиялық терминдерді ана тілінде белгілі бір жүйеге келтіреді.
М.Жұмабаев “Педагогика” (1922) еңбегіндегі 17 тараудың 13-ін психологияға арнаған. Сыртқы сезімдерді (қазір түйсіктер деп аталады) көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алтыға бөліп, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиеге байланысты дейді. Әр сезімді психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, оларға анықтама береді, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерге сүйену қажеттігін айтады.
Қазақстандағы этнопсихологиялық зерттеулердің басында қазақ ғалымы, педагог, қоғамдық қайраткер, дипломат Төлеген Тәжібаев (1910-1964) тұрады. Ол советтік Қазақстандағы ең алғашқы ғалым-психолог, Шымкент педтехникумында Ж.Аймауытовтан педагогика мен психологиядан дәріс алған. Ол Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың психологиялық мұраларын зерттеп, «ХІХғ 2-ші жартысында ағарту ісі мен педагогикалық ойлардың дамуы» монографиясын жазады. Алғашқылардың бірі болып ұлттық мінез-құлықты зерттеудің қажеттігін алады.
Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәрбиесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. Халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі имандылық пен адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі. Әрине «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы», «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» дегендей, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері болғандығы белгілі.
«...Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады»
(Мағжан Жұмабаев).
«Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ» (Ғабит Мүсірепов).
«Ұлттың мақтанышы – жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң. Кімде – кім өз ұятын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса – ол адам сөзсіз арамза қаңғыбас» (Бауыржан Момышұлы).
Т.Тәжібаев мол этнографиялық материал жинап, қазақ халқының ақыл-ой ерекшеліктерін атап көрсетеді, халықтың өзгермелі өмір мен тұрмыс салтына бейімділігі, суырып салма ақындығы, әсерленгіш, есте сақтағыш, тіл табысқыш, кісі жатырқамайтын, тапқырлық мінездерін сипаттайды.
Т.Тәжібаев қазақ тілінде психология оқулығын құруға көп еңбек етеді. 1938ж бастап «Халық мұғалімі» журналының беттерінде психологиялық мақалалары жарық көреді. «Жалпы психология» деген оқу құралын жазады. Осы еңбегінде ұлттық психологиялық терминдерді саралап, бір жүйеге келтіреді.
Мәжит Мұқанов (1920-1985) 1953 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Онда қазақ халқының ұлттық психологиясына талдау жасайды. 1980 жылы докторлық диссертация қорғайды. Ол ойлау мен сөйлеудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеп, арнаулы тәжірибелер жүргізеді. Ол оқымаған, сауатсыз адамның есте сақтау қабілеті күшті болатындығын тәжірибе арқылы дәлелдейді. Мысалы, көшпелі қазақ халқында жазудың кеш дамуы суырып салма ақындық қабілеттің, шешендіктің күшті дамуына себебін тигізді. Жиі пайдаланғандықтан ауызекі сөз көп сақталады, оған жұрт барлық ынта-ықыласын салады. Ал адам білгенін қағазға жазып алуға әдеттенгендіктен, бұл есті дамытпайды деген қорытынды жасайды.
Қ.Жарықбаев - Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің профессоры, педагогика, психология ғылымдарының докторы. 1947 жылы Т.Тәжібаев ұйымдастырған ҚҰУ-нің «Логика және психология» бөлімін бітіреді. 50-ге тарта психологиялық оқулықтар мен оқу құралдарын, 800-дей ғылыми мақалалар жазады.
Әл-Фарабиден бастап қазірге дейінгі Қазақстанда этпопедагогикалық және этнопсихологиялық ойлардың дамуын терең зерттеген. 2003ж «Қазақ психологиясының қалыптасуы мен дамуы» туралы докторлық диссертациясын қорғайды. Қазіргі кезде туған республикамызда этнопсихологияның аяқ алысына келетін болсақ, жағдайдың онша мәз емес екендігіне оп-оңай-ақ көз жеткізген болар едік. Этнопсихология мәселелерімен айналысушылар бізде аз. Әсіресе, қазақ тілінде бұл салада тартымды ештеңе бұрын-соңды жарияланған емес. Әйтсе де, ауызды құр шөппен сүрте беруді әдетке айналдырған да жөн бола қоймас. Негізінен орыс тілінде болса да жарық көрген ғылыми-зерттеу еңбектер бізде болды. Н.Жанділдиннің, А.Ф.Дашдамировтың, С.Жүнісовтың, Н.Сәрсенбаевтың, М.Сужиковтың, Ә.Табылдиевтің, С.Дорженовтың тарапынан Қазақстан халықтарының, соның ішінде қазақтардың тұрмысы пайымдалған бірқатар зерттеулер жүргізілгенін жоққа шығаруға болмайды. Бұлардың еңбектерінде этнопсихологиялық құбылыстар кешенінің эволюциясы, тарихи шарттылықтары, олардың ішкі әрекеттесуі мәселелері социологиялық және философиялық-әдіснамалық деңгейде шешімін тауып, жарық көріп жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет