Түйін сөздер: мәдениет, тұлға, әмбебап және мәдени ерекшеліктер, жеке қасиеттер.
Жоспар: А.Кардинер және оның "негізгі тұлғалық құрылымдар" тұжырымдамасы.
Р.Линтонның "Модальды тұлға тұжырымдамасы".
Тұлға мәдениет контекстінде.
Тұлғаның әлеумет типтік мінез-құлық ұғымы (А.Г. Асмолов).
Тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің этнопсихологиялық мотивациясы.
Әмбебап және этностық тұлғалық бітістер.
Тұлғалық бітістердің салыстырмалы-мәдени "etic" және "еmіс" зерттеулері.
ХХ ғасырдың басында, тұлғаны зерттейтін психологиялық антропология деп аталған пәнаралық ғылым қалыптасады. Осы ғылыми пәннің аумағында тұлға туралы психоаналитикалық тұжырымдамалар қалыптасты:
тұлғаның мәдени шарттары (Фрейд, Э Эриксона, Е. Фромм)
құрылымдық (Ф.Боас, К.Леви-Стросс)
когнитивтік (Ж.Пиаже, М.Коуол)
АҚШ-ғы этнопсихологияның бастауында Ф.Боас (1858-1942) орналасқан, Ол В.Вундттың идеяларын Америка жеріне ауыстырды. Колумбия университетінде Боаста көптеген танымал америвандық этнологтар оқыды, бірақ оның шәкірттерінің еңбектерінде Вундттың идеяларынан тек адамның ішкі әлемі мен мәдениет арасындағы байланысты анықтауға деген ұмтылыс қана қалды. Алайда олар өздерінің зерттеулерінде психологиялық концепцияны қолданудан бас тартпады және олар З.Фрейдтің классикалық психоанализіне, кейін К.Юнг, Э.Фромм, К.Хорни, А.Маслоудың идеяларына ерекше назар аударды. Нәтижесінде мәдени антропология мен психология арасындағы кеңістікті толтырған «Мәдениет және тұлға» теориясы пайда болды.
«Мәдениет және тұлға» теориясының негізгі ерекшеліктерін осылайша анықтайтын С.А.Токаревпен келісуге болады: а) индивидуалды психологияға оралу; б) «тұлға» түсінігін тұтастың құрылымын анықтайтын алғашқы бірлік ретінде өңдеу; в) тұлғаның қалыптасу үрдісіне ерекше қызығушылық; г) жыныстық сфераға ерекше назар.
«Мәдениет және тұлға» теориясын өңдеу бастамасы ХХғ. 20 жылдарының аяғы мен 30 жылдардың басына сәйкес келеді. 1932ж. Ф.Боастың шәкірті Р.Бенедикттің (1887-1948) «Конфигурация культур» атты танымал мақаласы шықты. Мұнда ол мәдениеттер арасындағы фундаменталды айырмашылықтары туралы жаңа идеяны ұсынды.
Мәдениеттер типологиясын құруда Бенедикт Ф.Ницшенің аполлондық және дионистік мәдениет типтері туралы идеяларын пайдаланды. Пуэбло үндістерін длалық зерттеу нәтижесінде оларды аполлондық типке – логикалық, біржақты-интеллктуалды - жатқызуға мүмкіндік берді. Мұндай мәдениеттің өкілдерін сипаттайтын негізгі бағдары ретінде шиеліністен қашуды жатқызады. Пуэбло бәрінен де артық сабырлылық пен теңдестікті бағалайды, олардың өмірінің барлық жақтары ритуалданған, ал идеалы – «орташа жолға» берілгендік және ашу немесе қызғаныш секілді қатты эмоциялардан бас тарту. Олар тұлғааралық қарым-қатынасты бұзатын жеке қайсарлықтың көріністері мен күш көрсетуден бас тартуға тырысады. Сондықтан, балаларда тәуелсіздік пен өзінөзі тұжырымдау емес, ең алдымен қоғам алдында жауапкершілік және бірлестікке ұмтылысты тәрбиелейді.
Пуэблоның көршілері прерия және мексика үндістерінің мәдениетін Бенедикт құтырғандық пен экстазды көрсететін дионистік мәдениет ретінде суреттеді. Олар адамдарға қалыптасқан жағдайды бұзуға мүмкіндік беретін кез-келген тәсілдерді жоғары бағалайды, мысалы, ішімдік немесе есірткіден туындайтын транс арқылы, немесе жалғыздықтан, өзін-өзі қорлаудан туындаған өзін-өзі экзальтациялау арқылы. Бұл мәдениетте жоғары беделге өзі қатал, күресте қиындықты жек көретін, қуаныш пен қайғыда ұстамсыз болатын адамдар ие.
Зерттеуші сонымен қатар басқа да мәдениеттің конфигурацияларын суреттеді. Мысалы, Меланезиядағы доби мәдениетін параноидалды деп атады, өйткені бұл тайпаның мүшелері әрдайым дау-жанжал мен күдікте тіршілік етеді.
Өзінің ерте еңбектерінде Бенедикт мәдениет пен тұлғаны теңестіреді және мәдениет бұл қоғам тұлғасы деп тұжырымдайды.
Кейін американдық зерттеуші индивидуалды психологияның басымдығынан бас тартады, индивид, мәдениет және қоғам бір-бірімен өте тығыз байланысты және бір-біріне әсер етеді деп көрсетеді. Ол психологиялық, әлеуметтік және мәдениді айыра алмайды және сол үшін «Мәдениет және тұлға» теориясын ұстанушылар тарапынан сынға ұшырайды. Сонымен қатар, пуэбло үндістері мен прерий үндістеріндегідей бағдарлы доминанта байқалмайтын мәдениеттерді зерттеген ғалымдар Бенедикттің концепциясын қолдануда үлкен қиындықтарға ұшырады. Теорияның кейінгі дамуы мәдениет типологиясын құрумен байланысты болмады, ол мәдениет пен тұлғаның өзара әсері қалайша жүзеге асатынын анықтау жолымен дамыды.
Тұлға мен мәдениет арасындағы өзара байланысты ашумен психологиялық антропология айналысқан болатын. Олар «Мәдениет және тұлға» ғылыми мектебіне жатады. М.Мид және олардың әріптестерінің, психоаналитик А.Кардинер мен анропологтар Р.Линтон мен К.Дюбуаның зерттеулері «базалық тұлға» және «модальды тұлға» деген ұғымдардың пайда болуына әкелген мәдениет пен тұлғаның өзара байланысын зерттеудің жаңа жолдарын іздестіруге түрткі болады.
Берілген бағыт бойынша, әрбір халықтың тұлғаның өзіндік базалық құрылымы болады және бұл әлеуметтану арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі әрі бұл белгілі мөлшерде сол халықтың тағдырын анықтайды. Осы бағыттың өкілдері санаастында пайда болған және әлеуметтенудің алғашқы кезеңінде қиындықтардан туындаған тұлғаішілік дау-жанжалдарға ерекше қызығушылық танытты. Бұл ең алдымен, әлеуметтенудің екінші кезеңінен өтудегі қиындықтар туғызады және психологиялық қорғаныс механизмдерін, негізінен проекция механизмін қалыптастырады.
Кардинер базалық тұлға түсінігін енгізе отырып, оны осы мәдениетті құратын негізгі тұлғалық құрылым ретінде анықтайды. Оның анықтауы бойынша, базалық тұлға – бұл «..талдау техникасы, қауіпсіздік жүйесі (яғни, өмір стилі және бұл арқылы адам қорғаныс, сыйластық, қолдауға ие болады), сәйкестілікті ынталандыратын сезімдер және жоғарыға деген қатынас».
Полинезия және Шеткі Солтүстіктің абориген халықтарының арасында жүргізілген көптеген эмпирикалық зерттеулер алынған мәліметтердің психоаналитикалық интерпретациясын құрады. Осылай, А.Кардинер зуни халқының мәдениетін талдай келе, мынадай қорытынды жасады. Бұл тайпаның бейбітшілік мінезі жергілікті қоғамның әлеуметтік құрылымында қалыптасқан күшті ұят сезіміне негізделген. Бұл ұят сезімі өте қатаң отбасы тәрбиесінің нәтижесі болып табылады, яғни бұл баланың ата-анасының көңіл-күйіне түгелдей тәуелді бола отырып, кішкене әрекеттері үшін жазаланған кезде. Балада есейе келе жаза алдындағы қорқыныш социумда өзінің жеке сәтсіздіктері алдындағы қорқынышқа ауысады және бұл өзінің әлеуметтік қабылданбайтын әрекеттері үшін болатын ұят сезімімен бірге жүреді. Осы уақытқа дейін ганнибалдылықты сақтап келген тайпалардың мәдениеті А.Кардинерде Эдип-комплекс әрекеті тұрғысынан талданады.
Кейіннен «тұлғаның базалық құрылымы» термині «модальдық тұлға» деген эмпирикалық ұғымымен толықтырылады. Бұл бағыт индивидуалды мәліметтерді және болжамдардың, яғни зерттеудің ең негізгі мәнді объектісі – бұл осы мәденитте көп кездесетін тұлға типі деген болжамды жүйелі жинақтауға негізделген. «Модальдық тұлға» мәдениет пен тұлға арасындағы қатынасты түсіндіру үшін «тұлғаның базалық құрылымы» алдында екі үлкен артықшылығы бар:
қоғамның барлық немесе көпшілік мүшелері бір тұлғалық құрылымға ие болмайды.
«модальдық тұлғаны» зерттеуде алынған бақылаулар, биграфиялық мәліметтер және тест нәтиіжелері тәуелсіз түрде жинақталады және көбіне жарияланады және бұл статистикалық талдау мен нәтижелердің дұрыстығын жоғары көтереді.
Бұл бағытта негізінен проективті тестілер қолданылады: Роршах тестісі, аяқталмаған сөйлем әдістемесі, тематикалық апперцепция тестісі (ТАТ). Бір автордың айтуы бойынша, 1940ж. Аяғынан 50-ж. Басына дейін Роршах тестісі психологиялық антрпологияның қызықты «ермегі» болды. Олар бұл жазу білмейтін халықтармен жұмыста ерекше тиімді болады деп сенді. Бірақ, бұл үйлеспеді, өйткені оның нәтижелерінің классикалық интерпретациясы европалық және америкалық психикалық аурулар үшін өзгермелі болуы мүмкін еді. Бұл мысалы, үндістерді зерттеуде алынған мәліметтерді талдағанда қиындық туғызады. Көбіне, Г.Мюррейдің тесті жиі қолданылды.
ХХ ғасырдың аяғында 40-шы жылдардан бері «модальды тұлға» тұжырымдамасы негізінде американдық психологияда ұлттық сипаттағы зерттеу қарқынды басталды. Мәдени-антропологиялық зерттеулер шеңберінде ұлттық сипатты зерттеуге бірнеше теориялық және әдіснамалық тәсілдер бір мезгілде ұсынылды. Кейінірек, бұл тәсіл екі басты бағытқа топтастырылды: адамға бағытталған және мәдени-орталықтандырылған.