Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты


Кросс-мәдени зерттеудің негізгі әдістері



бет16/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Кросс-мәдени зерттеудің негізгі әдістері:
Бақылау – адамдардың өмірі мен қызметіне араласпай, олардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін жүйелі, мақсатты байқау.
Басқа халықтарды бақылағанда, сол елге барғандағы алғашқы күндердегі бақылау аса маңызды. Өйткені бастапқыда адам ерекшеліктерді анық байқайды, кейін үйренгеннен кейін кейбір өзгешеліктерді қабылдамайды.
Қазіргі заманғы кросс-мәдени психологияда эксперименттік зерттеулер үлкен орын алады. Кросс-мәдени психологиядағы эксперимент - бұл белгілі бір этностық ерекшеліктерді зерттеу үшін жағдайлар жасалатын әдіс, содан кейін адамдардың өмірінің, мінез-құлқының және белсенділігінің түрлі аспектілеріне әсер етуі байқалады және тіркеледі. Эксперименттердің үш негізгі түрі бар: зертханалық, далалық, табиғи.
Лабораториялық экспериментте зерттеуші нәтижеге әсер ететін сыртқы факторларды есепке алмайды. Сыртқы факторға шу, ыстық, суық жатады. Лабораториялық экспериментті алғаш рет 1933 ж. АҚШта А. Катц пен У.Брейли қолданған. Олар 84 жеке мінездің тізімін жасаған. Зерттеуге қатысушылар олардың арасынан американдық, ағылшын, қытай, неміс, италияндық, еврей, негр, түрік, және жапондықтарға тән мінезді таңдаған. Бұрын сол ұлттың өкілімен таныс болмаса да, респонденттердің жауабындағы сәйкестік өте жоғары болған.
Ұқсас эксперименттер Қазақстанда, Азербайжанда, Ленинград, Нальчик, Улан-Удэ, Элиста қалаларында да жүргізілген. Олар әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері бар екенін көрсетеді.
Далалық экспериментте зерттеуші өзіне керек ситуацияны туғызып, адамдардың өзін сол ситуацияда қалай ұстайтынын бақылайды. Мысалы түстердің ассоциациясы әр ұлтта әр түрлі. Айналадағы заттармен салыстырғанда, сары түс орыстар үшін – одуванчик, украиндықтарда – күнбағыс, француздарда - алтын, жұмыртқаның сарысы, американдық, қазақ, қырғыз – сары май, өзбектер – тары. Сары түсті рекциямен салыстырғанда, орыс, беларус, поляк, француздарда – сатқындық, айырылысу, немістерде – жек көру, қызғаныш, алдау, поляктарда – ашу, ыза, американдықтарда – қорқақтық, орыстарда – қауіп, қатер.
Табиғи экспериментте зерттеуші қатысушылардың іс-әрекетін басқара алмайды. Зерттеу нақты өмірлік жағдайда өтеді. Алғаш рет табиғи экспериментті американдық ғалым Лапьер жүргізген. Ол 1934 ж. қытайлық отбасымен АҚШ-ты аралап, олармен бірге 67 қонақ үйде тоқтап, 184 ресторанда тамақтанған. Алты айдан кейін сол қонақ үйлердің иелеріне 250 хат жазып, олардан қытайлықтарды қалай қабылдайтынын сұраған. Жауаптың 92 % қарсы болған. Нақты әрекет пен болжамның арасындағы бұндай сәйкессіздік «Лапьер парадоксы» деген атау алды.
Артынан басқа әдістемелер де жасалды. Белгілі бір ұлтқа деген қатынасты анықтау үшін 1972 ж. американдық ғалым Р.Бохнер мынадай әдістеме ойлап табады: Бір күнде ір түрлі газеттерге «Балалары жоқ жас отбасы пәтер жалдайды» деген екі хабарландыру береді, тек ұлттары мен телефон номерлері ғана басқа. Хабарландыру бойынша телефон шалғандардың саны тіркеледі. Қай хабарландыруға көп хабарласса, сол ұлтқа деген қатынас та жақсы.
«Жоғалған заттар әдістемесі» деген зерттеу де шетелде кеңінен қолданылады. Адамдар көп жиналатын жерлерге адресі толық жазылған конверттер тасталады. Конвертті тауып алған адамның іс-әрекетіне қарай, ұлтқа деген қатынас анықталады.
Кросс-мәдени психология саласындағы алғашқы ауқымды жұмыстардың бірі Герт Хофстэденің (Hofstede) IBM компаниясы үшін жүргізген зерттеуі болды, ол үшін әртүрлі елдердегі 116 мың қызметкерге сауалнама жүргізілді. Хофстеде бағалау үшін 5 параметр пайдаланылды: даралық - коллективизм; биліктен алшақтық (бәріне қатысты шешімдерді қабылдауға қатысу дәрежесі); белгісіздікті қабылдамау; маскулиндік—фемининдік (еркектік–әйелдік) (нәтижеге жетуге бағытталуы); қысқа мерзімді-ұзақ мерзімді болашаққа бағдарлау. Зерттеуші ұлттық мәдениеттер ұйымға өз қызметкерлеріне басшылық ететін құндылықтар арқылы ықпал ететіндігін көрсетті. Зерттеу нәтижесін Хофстэде - «Мәдениеттің салдары» (1980) «Последствия культуры» және «Ел елдері мен үш аймақтағы ұлттық мәдениеттерді өлшеу» (1983) («Измерения национальных культур в пятидесяти странах и трёх регионах») екі еңбегінде жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет