Тақырып 10. Тақырыбы: ХV- хvііғғ. Батыс және Шығыс Европа.



бет5/13
Дата14.04.2022
өлшемі68,76 Kb.
#31075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Англияның ерекшелігі ретінде Францияға қарағанда экономи- калық дамудың жылдамдығы жəне ұсақ, орта дворяндардың тез буржуазиялануын көрсетуге болады. Бұл процестер дворяндық негізді жойып, жаңа дворяндар мен буржуазияның саяси одағын дайындады. Бұл одақ Стюарттар династиясы мен феодалдық арис- тократия тағдыры үшін шешуші роль атқарды. Ағылшын абсолю- тизмінің ерекшелігі ретінде парламенттің тұрақты қызметін, жəне оның елдің саяси өмірінде өз маңызын жоғалтпауын көрсетуге болады. Англияның абсолютизмін сипаттағанда, жəне неге бұл елде Франциямен салыстырғанда салықтың орны əлсіз болды, тұрақты əскер неге болмады деген сұрақтарға жауапты Англияның ерекше стратегиялық, аралдық жағдайын себеп ретінде көрсетуге болады. Англиядағы ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлар да абсолютизм генезисінің түрлеріне əсер етті. Олар бұл мəселенің жалпы бірлігінің бір бөлігін құрады.

Ал итальяндық абсолютизмге байланысты, итальян тирания- сын католиктік абсолютизм деп көрсете келе итальян тираниясы абсолютизм мəселесінің органикалық бөлігі бола алмайды. Орта- лық жəне Шығыс Еуропа елдерінің ішіндегі басқарудың абсолют- тік түрінің қалыптасуына сыртқы факторлар əсер еткен мемлекет- тер жеке көрсетіледі. Бұндай елдер мысалында Испанияны көрсе- туге болады. Испанияда экономикалық көріністер, товар-ақша шаруашылығының дамуы көрнекті болды, бірақ капиталистік қатынастардың дамуы Англия мен Францияға қарағанда əлсіз еді. Испан дворяндары əртүрлі баналитеттерді кең пайдаланып, ерекше феодалдық монополиялық корпорацияларды қалыптастырды. ХVІ ғасырдағы жыртқыштық экономика мен кедендік саясат елдің шаруашылық негізін əлсіретіп, капитализм көріністерін тұншық- тырып тастады. Осындай жағдайда Испан дворяндарының маңыз- ды көзі əскери агрессия болды, алғашында араб қаупіне байла- нысты, кейін Еуропаның оңтүстік бөлігіндегі географиялық ашылуларға байланысты. Сондықтан Испан дворяндары əскери- феодалдық каста ретінде сақталып қалды.

Испаниядағы тауар-ақша қатынастарының нашар дамуынан, əскер мен бюрократия ішкі салықтар арқасында өмір сүре алмады.Алғашында Нидерланды қоры арқылы өмір сүргенімен кейіннен испан монархиясының күштеп тонау қызметі прогрессивті элементтерден басым болды.



Өзінің тарихи маңызы тұрғысынан Орталық жəне Шығыс Еуро- па, Австрия, Пруссия, Ресей мемлекеттеріндегі абсолютік басқару формаларының мемлекеттік-құқықтық негізі мен оның генезисіне байланысты мəселелерді маңызды деп есептейді. Австриядағы мемлекеттік орталықтандыру жетістігін кейіннен бұларда қалып- тасқан абсолюттік басқару түрлері бұл елдердегі феодалдық дворяндар мен қаланың немесе буржуазияның бақталастығының дамуымен байланысты болды. Олардың əлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетекші бағыт феодалдық реакция еді. Австрия мен Пруссиядағы абсолюттік құрылымның орнығуын тездеткен сырт- қы факторлар. Оларды – Габсбургтердің орталықтандыру саясаты- ның сəтсіздігі, 30 жылдық соғыстың (1618–1648) Германия үшін сəтсіз аяқталуы Еуропа мемлекеттері жүйесінің эволюциясындағы ортақ бағыттар деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет